Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн бекiту туралы

Қаулысы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасы 2000 жылғы 25 қараша N 428 ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері", 2001 ж. N 2, ст.307) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 қаңтар N 1351 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
                              ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                                Қазақстан Республикасының

Ұлттық банкі басқармасы 2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысымен бекітілген


          Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң
           арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi
          деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген
             түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында
                 корреспонденттiк қатынастар орнату
                            ережесi

                   1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне K990409_ , "Ақша төлемi және аударымы туралы" Z980237_ V980711_ Қазақстан Республикасының Заңына және соларға сай қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Z952155_ басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының (бұдан әрi - банктiк емес ұйымдар) теңгемен корреспонденттiк есепшот ашу V990754_ , жүргiзу және жабу ерекшелiктерiн, сондай-ақ банктер мен банктiк емес ұйымдардың төлемдер айналымы бойынша лимитiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) резидент емес банк - Қазақстан Республикасынан тыс жерге орналасқан және өзi тұрған жердегi мемлекеттiң заңдарына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыратын банк;
      2) корреспонденттiк қатынастар - банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банктiк емес ұйымдар арасындағы шарттық қатынастар, соған сәйкес олардың бiрi (бұдан әрi - Корреспондент) екiншiсiне (бұдан әрi - Респондент) корреспонденттiк есепшот шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген банк қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында корреспонденттiк есепшот ашады.
      3. Осы Ереженiң банктер мен банктiк емес ұйымдардың Ұлттық Банкпен белгiленген корреспонденттiк қатынастарына қатысы жоқ.
      4. Осы Ереженiң банктер мен банктiк емес ұйымдардың резидент емес банктермен белгiленген корреспонденттiк қатынастарына қатысы жоқ.
      Банктер мен банктiк емес ұйымдардың резидент емес банктермен корреспонденттiк қатынастары олардың арасындағы тиiстi шарттармен және банк тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналымының рәсiмдерiмен реттелiп отырады.
      5. Банктер мен банктiк емес ұйымдардың корреспонденттiк есепшоттарын ашу және жүргiзу құқығы корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге Ұлттық Банктiң лицензиясы бар банктер мен банктiк емес ұйымдарда ғана болады.
      6. Банктерге корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу лицензиясы Қазақстан Республикасының заңдарына, сонымен бiрге Ұлттық Банктiң банктердi лицензиялау мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiледi.
      7. Банктiк емес ұйымдарға корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу лицензиясы Ұлттық Банктiң банктiк емес ұйымдарды лицензиялау мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес берiледi.

              2-тарау. Корреспонденттiк есепшоттар ашу тәртiбi

      8. Респондент Корреспондент таңдаған кезде Корреспонденттiң қаржы жағдайына талдау жасайды және өзiнiң уәкiлеттi органының шешiмi негізiнде корреспонденттiк есепшот ашады.
      9. Корреспондент Респондентке корреспонденттiк есепшотты өздерiнiң арасында жасалған корреспонденттiк есепшот шарты негiзiнде ашады.
      10. Корреспонденттiк есепшот шартында мыналар болуға тиiс:
      1) шарттың мәнi;
      2) салық төлеушiнiң - Респонденттiң салық қызметi органы берген құжатында көрсетiлген салық тiркеу номерi;
      3) Корреспонденттiң қызмет көрсету талаптары және ақы төлеу тәртiбi;
      4) Респонденттiң ақшасын жұмсау тәртiбi;
      5) төлем құжаттарын беру тәртiбi және ақша төлемi және/немесе аударымы туралы ақпарат алмасу тәсiлдерi;
      6) Корреспонденттiң Респондентке тоқсан сайын қаржылық есептi, сонымен бiрге бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есептi, ақша қозғалысы туралы есептi және қажет болған жағдайда қаржылық есептiң басқа да нысандарын ұсыну тәртiбi, солардың негiзiнде Респондент кредит пен өтiмдiлiк тәуекелдерiн бақылау және төмендету мақсатында қаржы жағдайына талдау жасайды;
      7) корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге Ұлттық Банк берген лицензияны қайтарып алу туралы уақтылы хабарламағаны үшiн Корреспонденттiң жауапкершiлiгi;
      8) шарттың қолданылу мерзiмi және оны бұзу тәртiбi;
      9) дауларды шешу тәртiбi;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар.
      11. Респондент корреспонденттiк есепшот ашу үшiн Корреспондентке Ұлттық Банктiң банктiк есепшоттар ашу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:
      1) корреспонденттiк есепшот ашу жөнiндегi өтiнiштi;
      2) банктер үшiн - банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      3) банктiк емес ұйымдар үшiн - аударым операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей белгiленген болса, Респондент Корреспондентке қосымша құжаттар ұсынуға мiндеттi.

           3-тарау. Корреспонденттiк есепшоттар жүргiзуге
                      қойылатын жалпы талаптар

      12. Респондент өзiнiң корреспонденттiк есепшоты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн және корреспонденттiк есепшот шартына сәйкес операциялар жасауға құқылы.
      13. Корреспондент Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша банк операцияларын Корреспонденттiң уәкiлеттi органы бекiткен корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу туралы iшкi ережелерге сәйкес жүзеге асырады. Корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу туралы iшкi ережелерде мыналар болуға тиiс:
      1) Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру тәртiбi;
      2) Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын төлем құжаттарының түрлерi;
      3) төлем құжаттарын электронды тәсiлмен жiберген кезде электронды хабарлау форматтары;
      4) Респондентке оның корреспонденттiк есепшоты бойынша көшiрмелер және Корреспонденттiң банктiк қызмет көрсету және Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн уақтылы орындауына бақылау жасаудың басқа да нысандарын ұсыну тәртiбi;
      5) Респонденттiң корреспонденттiк есепшотындағы ақша қалдығына сыйақы есептеу тәртiбi (егер мұндай есептеу жүргiзiлетiн болса);
      6) Респонденттiң корреспонденттiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн комиссия алу тәртiбi;
      7) Корреспонденттiң қалауы бойынша басқа да талаптар.
      14. Төлем құжаттарын ресімдеу түрлері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
      15. Корреспондент операциялық күн аяқталғаннан кейін Респонденттің корреспонденттік есепшоты бойынша ақша қозғалысы туралы көшірме жасайды және олардың арасында жасалған шартта белгіленген тәртіппен, тәсілдермен және мерзімде оны Респондентке береді.
      16. Респондент Корреспонденттен алынатын көшірмелер бойынша жасалған төлемдер сомасының, бенефициар деректемелерінің және ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының жүргізілу мерзімінің дұрыс көрсетілуіне бақылау жасайды.
      17. Корреспондент тарапынан да, Респондент тарапынан да корреспонденттiк есепшот бойынша операцияларды тексеру нәтижесiнде анықталған алшақтықтардың бәрi олардың арасында жасалған шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.

            4-тарау. Корреспонденттiк есепшоттарды жабу тәртiбi

      18. Корреспонденттiк есепшот:
      1) егер заңдарда немесе шартта басқаша көзделмесе, Респонденттiң өтiнiшi бойынша;
      2) корреспонденттiк есепшот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;
      3) Корреспонденттен Ұлттық Банктiң корреспонденттiк есепшот ашуға және жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
      4) егер Респондент банк болса, одан Ұлттық Банктiң банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
      5) егер Респондент банктiк емес ұйым болса, одан Ұлттық Банктiң аударым операцияларын жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
      6) заңдарда және/немесе корреспонденттiк есепшот шартында көзделген басқа да жағдайларда жабылады.
      19. Корреспондент таратылған жағдайда Респонденттiң Корреспондентке қоятын талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қанағаттандырылады.
      20. Корреспонденттен немесе Респонденттен корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге немесе Респондентке корреспонденттiк есепшотты жабуға берілген лицензиялар қайтарылып алынған жағдайда, өздерiнiң арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес Корреспондент Респондент көрсеткен есепшотқа ақша аударуға мiндеттi.

             5-тарау. Респодент төлемдерінiң айналымы
                  бойынша лимит есептеу тәртiбi

      21. Респондент ағымдағы айда басқа банктерде немесе банктiк емес ұйымдарда ашылған корреспонденттiк есепшот арқылы Ұлттық Банк белгiлеген лимиттен аспайтын көлемде төлемдер жасайды.
      Бұл лимит "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның төлем жүйесi арқылы Респонденттiң өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын шығыс төлемдерiнiң жалпы

көлемiнiң проценттiк арақатынасы бойынша есептеледi.
     22. Респондент Ұлттық Банкке есеп берiлген айдан кейiнгi айдың 10-нан 
кешiктiрмей басқа банктерде және банктiк емес ұйымдарда ашылған 
корреспонденттiк есепшот арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны мен 
көлемi туралы мәлiметтер беруге мiндеттi (N 1 қосымша).
     23. Ұлттық Банк белгiлеген төлемдер көлемiнiң лимитi артып кеткен 
жағдайда, Респондент Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап 
бередi.
     
                      6-тарау. Қорытынды ережелер
     
     24. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
     
     
     Төраға

     


                                                Қазақстан Республикасының

Ұлттық банкі басқармасы 2000 жылғы 25 қараша N 428 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корроспенденттiк қатынастар орнату ережесiне N 1 қосымша


                     жылдың __________ айында

         басқа банктер мен банктiк емес ұйымдарда ашылған
        корреспонденттiк есепшоттар арқылы жүзеге асырылған
               төлемдердiң саны мен көлемi туралы
                         мәлiметтер
     ______________________________________________________________________
     Респон.  Корреспон.   Төлемдердiң көлемi       Төлемдердiң саны
     денттiң   денттiң         (мың теңге)
     атауы     атауы     __________________________________________________
                          Дт бойынша  Кт бойынша    Алынғаны   Жiберiлгенi 
                            айналым     айналым
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     
     
     Бірінші басшының аты-жөні ______________
                                (қолы)
     
     Бас бухгалтердің аты-жөні ______________
                                 (қолы)




     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.