Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 қаңтарда N 1351 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі басқармасы
2000 жылғы 25 қарашадағы
N 428 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң
арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi
деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында
корреспонденттiк қатынастар орнату
ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне   , "Ақша төлемi және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  және соларға сай қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының (бұдан әрi - банктiк емес ұйымдар) теңгемен корреспонденттiк есепшот ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерiн, сондай-ақ банктер мен банктiк емес ұйымдардың төлемдер айналымы бойынша лимитiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) резидент емес банк - Қазақстан Республикасынан тыс жерге орналасқан және өзi тұрған жердегi мемлекеттiң заңдарына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыратын банк;
      2) корреспонденттік қатынастар - банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдар арасындағы корреспонденттік есепшот шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында олардың арасында корреспонденттік шоттарды ашу кезінде пайда болатын шарттық қатынастар;
      3) контрагент - жасалған корреспонденттік есепшот шартына сәйкес әрiптес болып табылатын банк және/немесе банктік емес ұйым;
      4) Респондент - басқа банкте және/немесе банктiк емес ұйымда шот ашқан банк және/немесе банктiк емес ұйым (ностро-шот);
      5) Корреспондент - басқа банк және/немесе банктiк емес ұйым үшiн өзінде шот ашқан банк және/немесе банктік емес ұйым (лоро-шот).
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен .

      3. Осы Ереженiң банктер мен банктiк емес ұйымдардың Ұлттық Банкпен белгiленген корреспонденттiк қатынастарына қатысы жоқ.

      4. Осы Ереженiң банктер мен банктiк емес ұйымдардың резидент емес банктермен белгiленген корреспонденттiк қатынастарына қатысы жоқ.
      Банктер мен банктiк емес ұйымдардың резидент емес банктермен корреспонденттiк қатынастары олардың арасындағы тиiстi шарттармен және банк тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналымының рәсiмдерiмен реттелiп отырады.

      5. Банктер мен банктiк емес ұйымдардың корреспонденттiк есепшоттарын ашу және жүргiзу құқығы корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге Ұлттық Банктiң лицензиясы бар банктер мен банктiк емес ұйымдарда ғана болады.

      6. Банктерге корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу лицензиясы Қазақстан Республикасының заңдарына, сонымен бiрге Ұлттық Банктiң банктердi лицензиялау мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiледi.

      7. Банктiк емес ұйымдарға корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу лицензиясы Ұлттық Банктiң банктiк емес ұйымдарды лицензиялау мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес берiледi.

2-тарау. Корреспонденттiк есепшоттар ашу тәртiбi

      8. Респондент Корреспондент таңдаған кезде Корреспонденттiң қаржы жағдайына талдау жасайды және өзiнiң уәкiлеттi органының шешiмi негізiнде корреспонденттiк есепшот ашады.

      9. Корреспондент Респондентке корреспонденттiк есепшотты өздерiнiң арасында жасалған корреспонденттiк есепшот шарты негiзiнде ашады.

      10. Корреспонденттiк есепшот шартында мыналар болуға тиiс:
      1) шарттың мәнi;
      2) салық төлеушiнiң - Респонденттiң салық қызметi органы берген құжатында көрсетiлген салық тiркеу номерi;
      3) Корреспонденттiң қызмет көрсету талаптары және ақы төлеу тәртiбi;
      4) Респонденттiң ақшасын жұмсау тәртiбi;
      5) төлем құжаттарын беру тәртiбi және ақша төлемi және/немесе аударымы туралы ақпарат алмасу тәсiлдерi;
      6) Корреспонденттiң Респондентке тоқсан сайын қаржылық есептi, сонымен бiрге бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есептi, ақша қозғалысы туралы есептi және қажет болған жағдайда қаржылық есептiң басқа да нысандарын ұсыну тәртiбi, солардың негiзiнде Респондент кредит пен өтiмдiлiк тәуекелдерiн бақылау және төмендету мақсатында қаржы жағдайына талдау жасайды;
      7) корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге Ұлттық Банк берген лицензияны қайтарып алу туралы уақтылы хабарламағаны үшiн Корреспонденттiң жауапкершiлiгi;
      8) шарттың қолданылу мерзiмi және оны бұзу тәртiбi;
      9) дауларды шешу тәртiбi;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар.

      11. Респондент корреспонденттiк есепшот ашу үшiн Корреспондентке Ұлттық Банктiң банктiк есепшоттар ашу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:
      1) корреспонденттiк есепшот ашу жөнiндегi өтiнiштi;
      2) банктер үшiн - банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      3) банктiк емес ұйымдар үшiн - аударым операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей белгiленген болса, Респондент Корреспондентке қосымша құжаттар ұсынуға мiндеттi.

      11-1. Респондент корреспонденттiк шотты ашқаннан кейiн бес жұмыс күнi өткеннен кейін Ұлттық Банкке 1-қосымшаға сәйкес хабарлама ұсынады
      Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен .

3-тарау. Корреспонденттiк есепшоттар жүргiзуге
қойылатын жалпы талаптар

      12. Респондент өзiнiң корреспонденттiк есепшоты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн және корреспонденттiк есепшот шартына сәйкес операциялар жасауға құқылы.

      13. Корреспондент Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша банк операцияларын корреспонденттік шот шартына, сондай-ақ Корреспонденттiң уәкiлеттi органы бекiткен корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу туралы iшкi ережелерге сәйкес жүзеге асырады. Корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу туралы iшкi ережелерде мыналар болуға тиiс:
      1) Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру тәртiбi;
      2) Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын төлем құжаттарының түрлерi;
      3) төлем құжаттарын электронды тәсiлмен жiберген кезде электронды хабарлау форматтары;
      4) Респондентке оның корреспонденттiк есепшоты бойынша көшiрмелер және Корреспонденттiң банктiк қызмет көрсету және Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн уақтылы орындауына бақылау жасаудың басқа да нысандарын ұсыну тәртiбi;
      5) Респонденттiң корреспонденттiк есепшотындағы ақша қалдығына сыйақы есептеу тәртiбi (егер мұндай есептеу жүргiзiлетiн болса);
      6) Респонденттiң корреспонденттiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн комиссия алу тәртiбi;
      7) Корреспонденттiң қалауы бойынша басқа да талаптар.
      Ескерту: 13-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен .

      14. Төлем құжаттарын ресімдеу түрлері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

      15. Корреспондент операциялық күн аяқталғаннан кейін Респонденттің корреспонденттік есепшоты бойынша ақша қозғалысы туралы көшірме жасайды және олардың арасында жасалған шартта белгіленген тәртіппен, тәсілдермен және мерзімде оны Респондентке береді.

      16. Респондент Корреспонденттен алынатын көшірмелер бойынша жасалған төлемдер сомасының, бенефициар деректемелерінің және ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының жүргізілу мерзімінің дұрыс көрсетілуіне бақылау жасайды.

      17. Корреспондент тарапынан да, Респондент тарапынан да корреспонденттiк есепшот бойынша операцияларды тексеру нәтижесiнде анықталған алшақтықтардың бәрi олардың арасында жасалған шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.

4-тарау. Корреспонденттiк есепшоттарды жабу тәртiбi

      18. Корреспонденттiк есепшот:
      1) егер заңдарда немесе шартта басқаша көзделмесе, Респонденттiң өтiнiшi бойынша;
      2) корреспонденттiк есепшот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;
      3) Корреспонденттен Ұлттық Банктiң корреспонденттiк есепшот ашуға және жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
      4) егер Респондент банк болса, одан Ұлттық Банктiң банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
      5) егер Респондент банктiк емес ұйым болса, одан Ұлттық Банктiң аударым операцияларын жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
      6) заңдарда және/немесе корреспонденттiк есепшот шартында көзделген басқа да жағдайларда жабылады.

      19. Корреспондент таратылған жағдайда Респонденттiң Корреспондентке қоятын талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қанағаттандырылады.

      20. Корреспонденттен немесе Респонденттен корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге немесе Респондентке корреспонденттiк есепшотты жабуға берілген лицензиялар қайтарылып алынған жағдайда, өздерiнiң арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес Корреспондент Респондент көрсеткен есепшотқа ақша аударуға мiндеттi.

5-тарау. Банктердің және/немесе банктік емес ұйымдардың корреспонденттiк шоттары бойынша төлемдер лимитін есептеу тәртiбi

      Ескерту: 5-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен .

      21. Банк және/немесе банктік емес ұйым өздерінiң және олардың клиенттерiнің бастамасымен ағымдағы айда жасалған төлемдердi Ұлттық Банк белгілеген лимиттен аспайтын көлемде корреспонденттік шот арқылы жүзеге асырады.
      Банк және/немесе банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық, жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрi - Орталық) төлем жүйесі арқылы өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жіберілген төлемнің жалпы көлемінің проценттік қатынасына есептеледі. Орталық арқылы жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемнiң жалпы көлемiне Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы  жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемдерiнiң көлемi және Орталықтың клиринг палатасының клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк таза позиция сомасын шегерiп тастағандағы Орталықтың клиринг палатасы арқылы жүзеге асырылған төлемдер кiредi.

      22. Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспондеттiк шоттан Респонденттiң және оның клиенттерiнiң пайдасына Респонденттiң Ұлттық Банкте ашылған корреспондеттiк шотына ағымдағы айда Орталықтың төлем жүйесi арқылы келiп түскен ақша сомасы лимит шығысына кiрмейдi. Осы корреспонденттiк шот Респонденттiң клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана ашылған және осы корреспонденттiк шоттағы ақша қалдығы операциялық күн аяғында Орталықтың төлем жүйесi арқылы жойылған жағдайда ғана Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспондеттiк шотына қолма-қол ақша жинау бойынша операцияларға лимит қолданылмайды. Бiр банктегi немесе банктiк емес ұйымдағы лоро және ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есептеу бойынша операциялар жүргiзген кезде жасалған төлемдер сомасы лимит шығысына кiрмейдi.

      23. Банк және/немесе банктiк емес ұйым осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес өздерi корреспонденттiк шоттар арқылы алған және жiберген төлемдердiң саны және көлемi туралы мәлiметтердi есептiден кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей Ұлттық Банкке ұсынады, осының негiзiнде лимит шығысы есептеледi. Банк және/немесе банктiк емес ұйым өз клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана корреспонденттiк шот ашқан кезде 2-қосымшаға қоса осы корреспонденттiк шот арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны және көлемi туралы осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес күн сайынғы ақша қозғалысын және операциялық күн соңындағы қалдықты көрсететiн мәлiметтердi есептiден кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей Ұлттық Банкке ұсынады.

       24. Ұлттық Банк белгiлеген төлемдер көлемiнiң лимитiнен асып кеткен банк және/немесе банктiк емес ұйым Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      25. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.   

      Төраға

Қазақстан Республикасының     
 екiншi деңгейдегi банктерiнiң   
 арасында, сондай-ақ        
Қазақстан Республикасының     
 екiншi деңгейдегi банктерi мен  
 банк операцияларының жекелеген  
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының
арасында корреспонденттiк қатынастар
 орнату ережесiне        
 1-қосымша           

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен .

Корреспонденттiк шот ашу туралы хабарлама

Банктiң және/немесе банктiк емес ұйымның (Респонденттiң) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      Банк контрагентiнiң және/немесе банктiк емес ұйымның (Корреспонденттiң) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Есеп айырысу тәртiбi

1. Төлемдер жасау:
__ Hoc Tpo-шотқа
__ Лоро-шотқа
ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

2. Шот:
__ клиент төлемдерiн жасау
__ банктiк төлемдер жасау
__ карточкалар бойынша есеп айырысу
__ Респонденттiң клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн
__ басқа төлемдер үшiн (нұсқасы көрсетiлсiн) ______________________
__________________________________________________________________
ашылды.

3. Операциялық күн соңындағы қалдық:
__ нөлге тең
__ қалдықтың төмендетiлмейтiн деңгейi шартта көзделген
__ қалдықтың шарттың талаптарына қатысты емес, өзгермелi деңгейi

Корреспонденттiк шот ашылған күн 20__ жылғы "___" ______

Басшы        _______________   __________________
                (аты-жөнi)             қолы
Бас бухгалтер _______________   __________________
                 (аты-жөнi)             қолы

Қазақстан Республикасының     
 екiншi деңгейдегi банктерiнiң   
 арасында, сондай-ақ        
Қазақстан Республикасының     
 екiншi деңгейдегi банктерi мен  
 банк операцияларының жекелеген  
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының
арасында корреспонденттiк қатынастар
 орнату ережесiне        
 2-қосымша          

      Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен .

Банктiң немесе банктiк емес ұйымның банктiк бiрегейлендiру коды (бұдан әрi - ББК) _____________________________

Банктiң немесе банктiк емес ұйымның атауы ______________________

_______________ жылдың _______________ айындағы
корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылатын
төлемдердiң саны және көлемi туралы мәлiмет

___________________________________________________________________
Банктiң|Контр.|Шотты белгiлеу  |Төлемдердің көлемі|Төлемдердің саны
немесе |агент.| (ностро/Лоро)  |   (теңгемен)     |  (бірліктермен)
банктiк| тің  |___________________________________________________
 емес  | ББК  | Төлем | Төлем  |Алынған.|Жiберiл. |Алынған.|Жiберiл.
ұйымның|      |алынған|жiберiл.| дары   |гендерi  | дары   |гендерi
  ББК  |      |  шот  |ген шот |        |         |        |
___________________________________________________________________
   1      2       3      4         5        6        7        8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Басшы         _________________ (аты-жөнi)

Бас бухгалтер _________________ (аты-жөнi)

Орындаушы     _________________ (аты-жөнi)  телефоны _________

    Корреспонденттiк шоттар арқылы жүзуге асырылған төлемдердiң саны және көлемi туралы мәлiметтердi толтыру жөнiндегi ереже

      Корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны және көлемi туралы мәлiметтер мынадай ақпарат кiретiн 8 бағаннан тұрады:
      1-баған - Банктiң немесе банктiк емес ұйымның ББК. Мәлiметтер берген банктiң немесе банктiк емес ұйымның банктiк бiрегейлендiру коды;
      2-баған - Контрагенттiң ББК-ы. Мәлiметтер берген банктiң немесе банктiк емес ұйымның контрагентiнiң банктiк бiрегейлендiру коды;
      3-баған - төлем алынған шот. Есеп берген банк немесе банктiк емес ұйым төлемдер алған корреспонденттiк шоттың белгiсi қойылады. "Hocтpo" немесе "лоро" белгiлерi қойылады;
      4-баған - төлем жiберiлген шот. Есеп берген банк немесе банктiк емес ұйым төлемдердi жiберген корреспонденттiк шоттың белгiсi қойылады. "Ностро" немесе "лоро" белгiлерi қойылады;
      5-баған - алынғандар. Контрагенттерден (және/немесе олардың клиенттерiне) банк немесе банктiк емес ұйым алған төлемдердiң сомасы қойылады. Сондай-ақ Корреспондент осы бағанда Респонденттiң үшiншi тұлғалардан Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспонденттiк шотына ақша енгiзу жөнiндегi нұсқауы бойынша жасалған төлемдердiң сомасын қояды. Респондент Корреспондентте Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана  корреспонденттiк шот ашқан және операциялық күннiң соңында Орталықтың төлем жүйесi арқылы осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылған жағдайда Корреспондент қолма-қол ақша жинау бойынша соманы қоймайды. Операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылмаған жағдайда Корреспондент қолма-қол ақша жинау бойынша соманы қояды. Респонденттiң Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттiк шотынан Респонденттiң Корреспонденте ашылған корреспонденттiк шотына Орталықтың төлем жүйесi арқылы аударылған ақша сомасын Респондент те, Корреспондент те қоймайды. Бiр банкте немесе банктiк емес ұйымда лоро немесе ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есепке алу жөнiндегi операциялар жүргiзiлген кезде банк және/немесе банктiк емес ұйым төлемдердiң сомасын қоймайды;
      6-баған - жiберiлгендер. Контрагенттердiң (және/немесе олардың клиенттерiнiң) пайдасына банк немесе банктiк емес ұйым жiберген төлемдердiң сомасы қойылады. Сондай-ақ Респондент осы бағанда Респонденттiң үшiншi тұлғалардан Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспонденттiк шотына ақша енгiзу жөнiндегi нұсқауы бойынша жасалған төлемдердiң сомасын қояды. Респондент Корреспондентте Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана корреспонденттік шот ашқан және операциялық күннiң соңында Орталықтың төлем жүйесi арқылы осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылған жағдайда Респондент қолма-қол ақша жинау бойынша соманы қоймайды. Операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылмаған жағдайда Респондент қолма-қол ақша жинау бойынша соманы қояды. Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспонденттiк шотынан Респонденттiң Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттiк шотына Орталықтың төлем жүйесi арқылы аударылған ақша сомасын Респондент те, Корреспондент те қоймайды. Бiр банкте немесе банктiк емес ұйымда лоро немесе ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есепке алу жөнiндегi операциялар жүргiзiлген кезде банк және/немесе банктiк емес ұйым төлемдердiң сомасын қоймайды;
      7-баған - алынғандар. Контрагенттерден (және/немесе олардың клиенттерiне) банк немесе банктiк емес ұйым алған төлемдердiң саны қойылады. Сондай-ақ Корреспондент осы бағанда Респонденттiң үшiншi тұлғалардан Респонденттiң Корреспондентте ашылған корреспонденттiк шотына ақша енгiзу жөнiндегi нұсқауы бойынша жасалған төлемдердiң санын қояды. Корреспондентте Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана корреспонденттiк шот ашқан және операциялық күннiң соңында Орталықтың төлем жүйесi арқылы осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылған жағдайда Корреспондент қолма-қол ақша жинау бойынша төлемдердiң санын қоймайды. Операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шотта ақша қалдығы жойылмаған жағдайда Корреспондент қолма-қол ақша жинау бойынша төлемдердiң санын қояды. Респонденттiң Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттiк шотынан Респонденттiң Корреспонденте ашылған корреспонденттiк шотына Орталықтың төлем жүйесi арқылы ақша аударуға арналған төлемдердiң санын Респондент те, Корреспондент те қоймайды. Бiр банкте немесе банктiк емес ұйымда лоро немесе ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есепке алу жөнiндегi операциялар жүргiзiлген кезде банк және/немесе банктiк емес ұйым төлемдердiң санын қоймайды;
      8-баған - жiберiлгендер. Контрагенттердiң (және/немесе олардың клиенттерiнiң) пайдасына банк немесе банктiк емес ұйым жiберген төлемдердiң саны қойылады. Сондай-ақ Респондент осы бағанға Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотына үшiншi тұлғаның атынан ақша есептеу жөнiндегi Респонденттiң нұсқауы бойынша жүргiзiлген төлемдердiң санын қояды. Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақшаларды жинау үшiн және Орталықтың төлем жүйесi арқылы операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шоттағы ақша қалдығын жою үшiн ғана Респондент Корреспондентте корреспонденттiк шот ашқан жағдайда, Респондент қолма-қол ақша жинау жөнiндегi төлемдер санын қоймайды. Егер операциялық күннiң соңында осы корреспонденттiк шоттағы ақша қалдығы жойылмаса, онда Респондент қолма-қол ақша жинау жөнiндегi төлемдер санын қояды. Орталықтың төлем жүйесi арқылы Ұлттық Банкте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотына, корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотынан ақша аударуға жiберiлген төлемдер санын Респондент те, Корреспондент те қоймайды. Бiр банктегi немесе банктiк емес ұйымдағы лоро және ностро корреспонденттiк шоттары бойынша өзара талаптарды есептеу бойынша операцияларды жүргiзу кезiнде төлемдердiң санын банк және/немесе банктiк емес ұйым қоймайды.

Қазақстан Республикасының     
 екiншi деңгейдегi банктерiнiң   
 арасында, сондай-ақ        
Қазақстан Республикасының     
 екiншi деңгейдегi банктерi мен  
 банк операцияларының жекелеген  
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының
арасында корреспонденттiк қатынастар
 орнату ережесiне        
3-қосымша           

      Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен .

Банктiң немесе банктiк емес ұйымның ББК-ы ____________________

Банктiң немесе банктiк емес ұйымның атауы ____________________

_________  жылдың ____________ айында Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана ашылған корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны мен көлемi туралы мәлiметтер

___________________________________________________________________
Респон.|Кoppec. |Күні|Төлемдердің көлемі| Төлемдердің    |Операция.
 дент. |пондент.|    |   (теңгемен)     | (бірлікпен)    | лық күн
 тің   | тің    |    |__________________________________ |соңындағы
ББК-ы  |ББК-ы   |    |Алынған.|Жiберiл. |Алынған.|Жiберiл.ақша қал.
       |        |    | дары   |гендерi  | дары   |гендерi| дығының
       |        |    |        |         |        |       | сомасы
       |        |    |        |         |        |       |(теңгемен)
____________________________________________________________________
   1       2       3      4        5        6        7        8
____________________________________________________________________

Басшы         _________________ (аты-жөнi)

Бас бухгалтер _________________ (аты-жөнi)

Орындаушы     _________________ (аты-жөнi)  телефоны _________

Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана ашылған корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны мен көлемi туралы мәлiметтердi толтыру жөнiндегi ереже

      Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана ашылған корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдердiң саны мен көлемi туралы мәлiметтер мынадай ақпарат енетiн 8 бағаннан тұрады:
      1-баған - Респонденттiң ББК-ы. Өз клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн Корреспондентте корреспонденттiк шот ашқан Респонденттiң және ақпарат берушiлердiң бiрегейлендiру коды қойылады;
      2-баған - Корреспонденттiң ББК-ы. Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн шот ашқан Корреспонденттiң бiрегейлендiру коды қойылады;
      3-баған - күнi. Есептi кезеңнiң екi таңбаны бiлдiретiн күнi қойылады;
      4-баған - алынғандар. Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотынан алынған ақша сомасы қойылады;
      5-баған - жiберiлгендер. Ұлттық Банкте ашылған Респонденттiң шотына Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотынан Орталық арқылы жiберiлген ақша сомасы қойылады;
      6-баған - алынғандар. Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотына алынған төлемдердiң саны қойылады;
      7-баған - жiберiлгендер. Ұлттық Банкте ашылған Респонденттiң шотына Респондент клиенттерiнiң пайдасына қолма-қол ақша жинау үшiн ғана Корреспондентте ашылған Респонденттiң корреспонденттiк шотынан Орталық арқылы жiберiлген төлемдер саны қойылады;
      8-баған - операциялық күн соңындағы ақша қалдығының сомасы. Операциялық күн соңындағы корреспонденттiк шоттағы ақша қалдығының сомасы қойылады (операциялық күн соңындағы ақша қалдығын жойған кезде "0" мәнi қойылады).