Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 қаңтарда N 1351 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.  

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі басқармасы 
2000 жылғы 25 қарашадағы 
N 428 қаулысымен бекітілген

Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында
корреспонденттiк қатынастар орнату
ережесi

      Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне , "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы", " Ақша төлемі және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының соларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Осы Ережеде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) теңгемен корреспонденттік шоттар ашу, жүргізу және жабу ерекшеліктері, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдардың ақша төлемдері мен аударымдарының көлеміне белгіленген лимитті есептеу тәртібі белгіленеді.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 
      1) резидент емес банк - Қазақстан Республикасынан тыс жерге орналасқан және өзi тұрған жердегi мемлекеттiң заңдарына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыратын банк; 
      2) корреспонденттік қатынастар - банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдар арасындағы корреспонденттік есепшот шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында олардың арасында корреспонденттік шоттарды ашу кезінде пайда болатын шарттық қатынастар;
      3) контрагент - жасалған корреспонденттік есепшот шартына сәйкес әрiптес болып табылатын банк және/немесе банктік емес ұйым;
      4) Респондент - басқа банкте және/немесе банктiк емес ұйымда шот ашқан банк және/немесе банктiк емес ұйым (ностро-шот);
      5) Корреспондент - басқа банк және/немесе банктiк емес ұйым үшiн өзінде шот ашқан банк және/немесе банктік емес ұйым (лоро-шот).
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен.

      3. Осы Ереженiң банктер мен банктiк емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк) белгiленген корреспонденттiк қатынастарына қатысы жоқ.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

      4. Осы Ереженiң банктер мен банктiк емес ұйымдардың резидент емес банктермен белгiленген корреспонденттiк қатынастарына қатысы жоқ.
      Банктер мен банктiк емес ұйымдардың резидент емес банктермен корреспонденттiк қатынастары олардың арасындағы тиiстi шарттармен және банк тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналымының рәсiмдерiмен реттелiп отырады.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде басқаша белгіленбесе, банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізу құқығы корреспонденттік шоттар ашуға және жүргізуге қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдарда ғана болады.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен

      6. Банктерге және банктік емес ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу лицензиясы берiледi.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен

      7. <*> 
      Ескерту: 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

2-тарау. Корреспонденттiк есепшоттар ашу тәртiбi

        8. Респондент Корреспондент таңдаған кезде Корреспонденттiң қаржы жағдайына талдау жасайды және өзiнiң уәкiлеттi органының шешiмi негізiнде корреспонденттiк есепшот ашады. 

      9. Корреспондент Респондентке корреспонденттiк есепшотты өздерiнiң арасында жасалған корреспонденттiк есепшот шарты негiзiнде ашады.

      10. Корреспонденттiк есепшот шартында мыналар болуға тиiс: 
      1) шарттың мәнi; 
      2) салық төлеушінің - Респонденттің салық қызметі органы берген құжатында көрсетілген тіркеу нөмірі;
      3) Корреспонденттiң қызмет көрсету талаптары және ақы төлеу тәртiбi; 
      4) Респонденттiң ақшасын жұмсау тәртiбi; 
      5) төлем құжаттарын беру тәртiбi және ақша төлемi және/немесе аударымы туралы ақпарат алмасу тәсiлдерi; 
      6) Корреспонденттiң Респондентке тоқсан сайын қаржылық есептi, сонымен бiрге бухгалтерлiк балансты, пайда мен зиян туралы есептi, ақша қаражаты қозғалысы туралы есептi және қажет болған жағдайда қаржылық есептiң басқа да нысандарын ұсыну тәртiбi, солардың негiзiнде Респондент кредит пен өтiмдiлiк тәуекелдерiн бақылау және төмендету мақсатында қаржы жағдайына талдау жасайды; 
      7) корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге берген лицензияны қайтарып алу туралы уақтылы хабарламағаны үшiн Корреспонденттiң жауапкершiлiгi; 
      8) шарттың қолданылу мерзiмi және оны бұзу тәртiбi; 
      9) дауларды шешу тәртiбi; 
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004.06.22 N 99; 2005.12.29 N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2007.06.25 N 64; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      11. Респондент корреспонденттiк есепшот ашу үшiн Корреспондентке Ұлттық Банктiң банктiк есепшоттар ашу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды: 
      1) корреспонденттiк есепшот ашу жөнiндегi өтiнiштi; 
      2) банктер үшiн - банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн; 
      3) кредиттік серіктестіктерді қоспағанда банктiк емес ұйымдар үшiн - аударым операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. 
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей белгiленген болса, Респондент Корреспондентке қосымша құжаттар ұсынуға мiндеттi.
      Ескерту: 11-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 64 қаулысымен .

      11-1. Респондент корреспонденттiк шотты ашқаннан кейiн бес жұмыс күнi өткеннен кейін Ұлттық Банкке 1-қосымшаға сәйкес хабарлама ұсынады 
      Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен.

3-тарау. Корреспонденттiк есепшоттар жүргiзуге
қойылатын жалпы талаптар

      12. Респондент өзiнiң корреспонденттiк есепшоты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн және корреспонденттiк есепшот шартына сәйкес операциялар жасауға құқылы. 

      13. Корреспондент Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша банк операцияларын корреспонденттік шот шартына, сондай-ақ Корреспонденттiң уәкiлеттi органы бекiткен корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу туралы iшкi ережелерге сәйкес жүзеге асырады. Корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу туралы iшкi ережелерде мыналар болуға тиiс:
      1) Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру тәртiбi; 
      2) Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын төлем құжаттарының түрлерi; 
      3) төлем құжаттарын электронды тәсiлмен жiберген кезде электронды хабарлау форматтары; 
      4) Респондентке оның корреспонденттiк есепшоты бойынша көшiрмелер және Корреспонденттiң банктiк қызмет көрсету және Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн уақтылы орындауына бақылау жасаудың басқа да нысандарын ұсыну тәртiбi; 
      5) Респонденттiң корреспонденттiк есепшотындағы ақша қалдығына сыйақы есептеу тәртiбi (егер мұндай есептеу жүргiзiлетiн болса); 
      6) Респонденттiң корреспонденттiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн комиссия алу тәртiбi; 
      7) Корреспонденттiң қалауы бойынша басқа да талаптар.
      Ескерту: 13-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен

      14. Төлем құжаттарын ресімдеу түрлері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді. 

      15. Корреспондент операциялық күн аяқталғаннан кейін Респонденттің корреспонденттік есепшоты бойынша ақша қозғалысы туралы көшірме жасайды және олардың арасында жасалған шартта белгіленген тәртіппен, тәсілдермен және мерзімде оны Респондентке береді. 

      16. Респондент Корреспонденттен алынатын көшірмелер бойынша жасалған төлемдер сомасының, бенефициар деректемелерінің және ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының жүргізілу мерзімінің дұрыс көрсетілуіне бақылау жасайды. 

      17. Корреспондент тарапынан да, Респондент тарапынан да корреспонденттiк есепшот бойынша операцияларды тексеру нәтижесiнде анықталған алшақтықтардың бәрi олардың арасында жасалған шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.

      17-1. Банкті консервациялау режимін белгілеу кезінде банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) консервациялау режимі енгізілген күннен бастап келесі операция күнінен кешіктірмей осы банктің басқа банктерде ашылған барлық корреспонденттік шоттарынан осы банктің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотына ақша аудару туралы бұйрық/өкім шығарады. Банктің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотын жүргізу тәртібі консервациялау режимі кезінде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту: 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 177 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

4-тарау. Корреспонденттiк есепшоттарды жабу тәртiбi

        18. Корреспонденттiк есепшот: 
      1) егер заңдарда немесе шартта басқаша көзделмесе, Респонденттiң өтiнiшi бойынша; 
      2) корреспонденттiк есепшот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде; 
      3) Корреспонденттен корреспонденттiк есепшот ашуға және жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде; 
      4) егер Респондент банк болса, одан банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде; 
      5) егер Респондент банктiк емес ұйым болса, одан аударым операцияларын жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде; 
      6) заңдарда және/немесе корреспонденттiк есепшот шартында көзделген басқа да жағдайларда жабылады.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

      19. Корреспондент таратылған жағдайда Респонденттiң Корреспондентке қоятын талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қанағаттандырылады. 

      20. Корреспонденттен немесе Респонденттен корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге немесе Респондентке корреспонденттiк есепшотты жабуға берілген лицензиялар қайтарылып алынған жағдайда, өздерiнiң арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес Корреспондент Респондент көрсеткен есепшотқа ақша аударуға мiндеттi. 

      20-1. Респондент корреспонденттік шот жабылғаннан кейін бес жұмыс күні өткен соң осы шоттың жабылған күнін көрсете отырып, Ұлттық Банкке хат жібереді.
      Ескерту: 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

5-тарау. Банктердің және/немесе банктік емес ұйымдардың
корреспонденттiк шоттары бойынша төлемдер
лимитін есептеу тәртiбi

      Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен.

      21. Банк және/немесе банктік емес ұйым осы Ереженің 22-тармағында көзделген операцияларды қоспағанда, банктің немесе банктік емес ұйымның және олардың клиенттерінің операциялары бойынша корреспонденттік шоттар арқылы Ұлттық Банк белгілеген лимиттен аспайтын көлемде ақша төлемдері мен аударымдарын ағымдағы айда жүзеге асырады.
      Банк және/немесе банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық, жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрi - Орталық) төлем жүйелері арқылы өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жіберілген төлемнің жалпы көлемінің проценттік қатынасына есептеледі. Орталық арқылы жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемнiң жалпы көлемiне Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы  жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемдерiнiң көлемi және Орталықтың клиринг палатасының клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк таза позиция сомасын шегерiп тастағандағы Орталықтың клиринг палатасы арқылы жүзеге асырылған төлемдер кiредi. 
      Ескерту. 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен, 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 177 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      21-1. Лимитті орындау жөніндегі талап Орталықтың төлем жүйелерінің пайдаланушылары болып табылмайтын банктік емес ұйымдарға қолданылмайды.
      Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.
      22. Лимиттің шығысына операциялардың мынадай түрлері бойынша ақша төлемдері мен аударымдарының көлемі кірмейді:
      Орталықтың төлем жүйелері арқылы корреспонденттік шотқа/корреспонденттік шоттан қаражат аудару;
      бір банкте немесе банктік емес ұйымда лоро және ностро корреспонденттік шоттары жөніндегі өзара талаптардың есебі бойынша операциялар;
      банктер және банктік емес ұйымдар «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Орталық депозитарий) ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асыратын биржалық мәмілелер бойынша операциялар.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004.06.22 N 99; 2005.12.29 N 177 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2010.03.29  N 15Қаулыларымен.
      23. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.09.27 № 78 (2011.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      23-1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.09.27 № 78 (2011.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       24. Ұлттық Банк белгiлеген төлемдер көлемiнiң лимитiнен асып кеткен банк және/немесе банктiк емес ұйым Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      25. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

       Төраға

                                  Банктердің арасында, сондай-ақ 
                                    Қазақстан Республикасының
                                  екiншi деңгейдегi банктерi мен
                                  банк операцияларының жекелеген
                               түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының
                               арасында корреспонденттiк қатынастар
                                         орнату ережесiне
                                            2-қосымша

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен, 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

          Корреспонденттiк шот ашу туралы хабарлама

Банктiң және/немесе банктiк емес ұйымның (Респонденттiң) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      Банк контрагентiнiң және/немесе банктiк емес ұйымның 
(Корреспонденттiң) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

                    Есеп айырысу тәртiбi

1. Ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу:
__ Hoc Tpo-шотқа
__ Лоро-шотқа
ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

2. Шот:
__ клиент төлемдерiн жасау
__ банктiк басқа ақша төлемдері мен аударымдары жасау
__ карточкалар бойынша есеп айырысу
__ Банктің қолма-қол ақшамен операциялары (ақша есептеу/алу)
__ басқа ақша төлемдері мен аударымдары үшiн (нұсқасы көрсетiлсiн) _________________________________________________________ашылды.

3. Операциялық күн соңындағы қалдық:
__ нөлге тең
__ қалдықтың төмендетiлмейтiн деңгейi шартта көзделген
__ қалдықтың шарттың талаптарына қатысты емес, өзгермелi деңгейi

Корреспонденттiк шот ашылған күн 20__ жылғы "___" ______

Басшы        _______________   __________________
                (аты-жөнi)             қолы
Бас бухгалтер _______________   __________________
                 (аты-жөнi)             қолы

                                  Банктердің арасында, сондай-ақ 
                                    Қазақстан Республикасының
                                  екiншi деңгейдегi банктерi мен
                                  банк операцияларының жекелеген
                               түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының
                               арасында корреспонденттiк қатынастар
                                         орнату ережесiне
                                            2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен,  2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен, 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 177 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      Банктiң немесе банктiк емес ұйымның банктiк бiрегейлендiру
коды (бұдан әрi - ББК) _____________________________

   Банктiң немесе банктiк емес ұйымның атауы ______________________

        ____ ____ _____ бастап __ ____ _____ ______  аралығындағы
        жыл  күні  айы          жыл    күні   айы               
        корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылатын
        басқа ақша төлемдері мен аударымдарының саны және
                      көлемi туралы мәлiмет

Банктiң
немесе
банктiк
емес
ұйымның
ББК 

Контр.
агент.
тің
ББК 

Күні

Шотты белгiлеу 
(ностро/Лоро)

Ақша төлем.
дердің және/
немесе аударым.
дарының көлемі (теңге.
мен). 

Ақша төлем.
дердің және/
немесе аударым.
дарының саны (бірліктермен)  




Ақша төлемі
және/
немесе
ауда.
рымы
алын.
ған шот

Ақша 
төлемі
және/
немесе
ауда.
рымы жібер.
ілген шот

Аынған.
дары

Жібер.
ілген.
дері

Алын.
ған.
дары

Жібер.
ілген.
дері

1

2-1

3

4

5

6

7

8

Басшы         _________________ (аты-жөнi)

Бас бухгалтер _________________ (аты-жөнi)

Орындаушы     _________________ (аты-жөнi)  телефоны _________

     Корреспонденттiк шоттар арқылы жүзуге асырылған  ақша  төлемдерінің және аударымдарының саны және көлемi туралы мәлiметтердi толтыру жөнiндегi ереже

      Ескерту: Ережеге өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен, 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 177 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      Корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдерінің және аударымдарының саны және көлемi туралы мәлiметтер мынадай ақпарат кiретiн 8 бағаннан тұрады:
      1-баған - Банктiң немесе банктiк емес ұйымның ББК. Мәлiметтер берген банктiң немесе банктiк емес ұйымның банктiк бiрегейлендiру коды;
      2-баған - Контрагенттiң ББК-ы. Мәлiметтер берген банктiң немесе банктiк емес ұйымның контрагентiнiң банктiк бiрегейлендiру коды;
      2-1-баған - күні. "Күні айы жылы" форматында операция күнінің күні қойылады.
      3-баған - ақша төлемі және аударымы алынған шот. Есеп берген банк немесе банктiк емес ұйым ақша төлемдері және аударымдары алған корреспонденттiк шоттың белгiсi қойылады. "Hocтpo" немесе "лоро" белгiлерi қойылады;
      4-баған - ақша төлемі және аударымы жiберiлген шот. Есеп берген банк немесе банктiк емес ұйым ақша төлемдері және аударымдарды жiберген корреспонденттiк шоттың белгiсi қойылады. "Ностро" немесе "лоро" белгiлерi қойылады;
      5-баған - алынған ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының көлемі (теңгемен). Корреспонденттік шот арқылы алынған ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының сомасы қойылады. Корреспондент осы бағанға сондай-ақ Респонденттің корреспонденттік шотқа есептеген/корреспонденттік шоттан алған қолма-қол ақшасының сомасын қояды;
      6-баған - жіберілген ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының көлемі (теңгемен). Корреспонденттік шот арқылы жіберілген ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының сомасы қойылады. Респонденттің өзі осы бағанға сондай-ақ корреспонденттік шотқа есептеген/корреспонденттік шоттан алған қолма-қол ақшасының сомасын қояды;
      7-баған - алынған ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының саны (бірліктермен). Корреспонденттік шот арқылы алынған ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының саны қойылады. Корреспондент осы бағанға сондай-ақ Респонденттің корреспонденттік шотқа есептеген/корреспонденттік шоттан алған ақша аударымдарының санын қояды;
      8-баған - жіберілген ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының саны (бірліктермен). Корреспонденттік шот арқылы жіберілген ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының саны қойылады. Респонденттің өзі осы бағанға сондай-ақ корреспонденттік шотқа есептеген/корреспонденттік шоттан алған ақша аударымдарының санын қояды.

Банктердің арасында, сондай-ақ    
Қазақстан Республикасының      
екiншi деңгейдегi банктерi мен   
банк операцияларының жекелеген   
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының
арасында корреспонденттiк қатынастар
орнату ережесiне         
3-қосымша            

      Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысымен.
       Ескерту: 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 99 қаулысымен.

                                          Банктердің арасында,
                                       сондай-ақ банктер мен банк
                                        операцияларының жекелеген
                                        түрлерін жүзеге асыратын
                                          ұйымдарының арасында
                                       корреспонденттік қатынастар
                                        орнату ережесіне 4-қосымша

      Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 177 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

Банктің немесе банктік емес ұйымның банктік бірегейлендіру коды
(бұдан әрі - ББК) _________________________________________________
Банктің немесе банктік емес ұйымның атауы _________________________
_____ _____ _________ бастап _______ _____ ________ аралығында
жыл   күні     айы             жыл   күні    айы

        Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік
      шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтер

Күні

Банктің немесе банктік емес ұйымның (Респонденттің) ББК 

Корреспондент-
тің ББК

Корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы (теңгемен)

1

2

3

4





        Басшы         _________________ (аты-жөні)
      Бас бухгалтер _________________ (аты-жөні)
      Орындаушы     __________________ (аты-жөні) 
      телефоны      _________

Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік 
шоттардағы ақша қалдықтары бойынша мәліметтерді
толтыру жөніндегі ереже

      Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақша қалдықтары бойынша мәліметтер мынадай ақпарат енгізілетін 4-бағаннан тұрады:
      1-баған - күні. "Күні айы жылы" форматында операция күнінің күні қойылады.
      2-баған - Банктің немесе банктік емес ұйымның (Респонденттің) ББК. Мәліметтер берген банктің немесе банктік емес ұйымның (респонденттің) бірегейлендіру коды қойылады;
      3-баған - Корреспонденттің ББК. Мәліметтер берген корреспондент банктің немесе банктік емес ұйымның бірегейлендіру коды қойылады;
      4-баған - корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы (теңгемен). Операция күнінің аяғында Корреспондентте ашылған корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы қойылады.