"Контрактiлiк аумақтардағы жұмыстардың геологиялық ақпараттарын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң органдарына жер қойнауын пайдаланушылардың тапсыру тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекiту жөнiнде

Бұйрық Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2000 жылғы 28 қыркүйек N 393-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 26 қазан N 1272 тіркелді.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қарашасындағы N 1357 P961357_ қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк меншiктiкте есептелетiн және оны ғылыми, коммерциялық, оқулық тағы да басқа мақсаттарға пайдаланудың тәртiбi туралы геологиялық ақпараттар жөнiндегi Ережесiнiң" талаптарын жүзеге асыру мақсатында,
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Контрактiлiк аумақтардағы жұмыстардың геологиялық ақпараттарын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң органдарына жер қойнауын пайдаланушылардың тапсыру тәртiбi туралы нұсқаулық" бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. "Контрактiлiк аумақтардағы жұмыстардың геологиялық ақпараттарын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң органдарына жер қойнауын пайдаланушылардың тапсыру тәртiбi туралы нұсқаулық" күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен 1997 жылғы 6 маусымда бекiтiлген "Контрактiлiк аумақтардағы жұмыстардың ағымдағы және

толықтырылған геологиялық ақпараттарын жер қойнауын пайдаланушылардың 
"Қазмемжерқойнауы" МРББ-сына тапсыру тәртiбi туралы нұсқаулықтың" 
қолданылуы тоқтатылсын.
     3. Геология және жер қойнауын қорғау Комитетi қажеттi құжаттарды 
дайындап, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне табыс етсін.
     
     Министрдің міндетін 
     атқарушы
     
    ______________________________________________________________
     Іске, Геология және жер қойнауын қорғау Комитетіне, РГАО-ғына АБ-рына 
жіберілсін.
     
     


                                                 Қазақстан Республикасының

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2000 жылғы 28 қыркүйектегі N 393-Б бұйрығымен бекітілген


                Контрактiлiк аумақтардағы жұмыстардың геологиялық
              ақпараттарын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және
             қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнің органдарына жер қойнауын
                     пайдаланушылардың тапсыру тәртiбi туралы
                                   Нұсқаулық

                              1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күшi бар Жарлығының 69-бабына сәйкес геологиялық және басқа жер қойнауы жөнiндегi ақпараттар мiндеттi түрде, белгiленген стандарт бойынша, өтеусiз, геологиялық зерттеулердiң қаржыландыру негiздерiнiң тәуелдiлiгiнен тыс, жер қойнауын пайдаланудың және қорғаудың өкiлеттi органына, қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) сақтауға, жүйеге келтiруге және қорытуға берiледi.
      2. Осы Нұсқаулықта (бұдан әрi - Нұсқаулық) жер қойнауын

пайдаланушылардың Контрактiлiк аумақтардағы жұмыстары бойынша Министрлiк 
органдарына: "Қазгеоақпарат" Республикалық геологиялық ақпарат орталығына 
(бұдан әрi - РГАО "Қазгеоақпарат және аумақтық жер қойнауын пайдалану және 
қорғау басқармаларына (бұдан әрi - аумақтық басқарма) геологиялық 
ақпаратты тапсыру тәртiбi баяндалады.
     
               2. Жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық есеп беру
                                кезеңдiлiгi
     
     3. Геологиялық есеп берудiң келесi кезеңдiлiгi белгiленедi:
     1) Жарты жылдық есеп беру;
     2) Жылдық есеп беру;
     3) Контрактi аумақтың бөлiктерi жер қойнауын пайдаланудан босатылған 
жағдайдағы есеп беру;
     4) Контрактiлiк аумақта барлық геологиялық барлау жұмыстар аяқталған 
соң есеп беру.


      4. Жарты жылдық геологиялық есеп беру, жер қойнауын пайдаланушының Контрактілік аумақтағы ағымдағы жылдың жарты жылдық зерттеулердiң нәтижесiн мазмұндайды, ол шiлде айының 15-не дейiн аумақтық басқармаға жiберiлуi тиiс. Аумақтық басқарма барлық жер қойнауын пайдаланушылардың есебi бойынша, басқарманың жарты жылдық қызметiнiң нәтижесiн шығарып, жинақтық есеп құрастырады. Есептi қағаз және магниттiк сақтаушыда геология және жер қойнауын қорғау Комитетiне (бұдан әрi - Комитет) шiлде айының 31-не дейiн жiбередi. Жарты жылдық есеп Комитетте қаралған соң "Қазгеоақпарат" РГАО-на сақтауға берiледi.
      5. Жылдық геологиялық есеп беру жер қойнауын пайдаланушының Контрактілік аумақтағы өткен жылдың геологиялық зерттеудiң нәтижесiн мазмұндайды. Есеп қаңтар айының 10-на дейiн есеп беретiн жылдың соңғы жылының геология және жер қойнауын қорғау Комитетiне жiберiледi. Аумақтық басқарма барлық жер қойнауын пайдаланушылардың есебi бойынша, геологиялық зерттеудiң нәтижесi жөнiнде басқарма бойынша жинақтық есеп құрастырады. Жинақтық есеп қаңтар айының 31-не дейiн Комитетке жiберiледi. Аумақтық басқарма барлық жер қойнауын пайдаланушылардың есебi бойынша геологиялық зерттеудiң нәтижесi жөнiнде басқарма бойынша жинақтық есеп құрастырады. Жинақтық есеп қағаз және магниттiк сақтаушыда қаңтар айының 31-не дейiн Комитетке жiберiледi. Аумақтық басқарманың жылдық жинақтық есебi Комитетте қаралған соң "Казгеоақпарат" РГАО-на сақтауға берiледi.
      6. Құзыреттi органмен жасалған Контрактiге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы аумағының бөлiгiнде геологиялық барлау жұмыстарын бiтiргеннен соң, осы бөлiктi жалпы пайдалануға босатады. Сонымен бiрге, жер қойнауын пайдаланушы босатылған Контрактi аумағында өткiзген жұмыстар жөнiнде аумақтық басқармаға бiр айдың iшiнде геологиялық есеп өткiзуi керек. Есеп аумақтық басқарманың ғылыми-техникалық кеңесiнде қаралады. ҒТК-ның хаттамасы есепке қоса тiркеледi. Геологиялық есеп ҒТК-те қаралғаннан соң, бiр апта iшiнде Комитетке жiберiледi. Есеп Комитеттiң ҒТК-де қаралады да "Қазгеоақпарат" РГАО-на сақтауға берiледi. Есеп сақтауға қағаз және магниттiк сақтаушыда тапсырылады. Сол түрде есептiң бiр данасы аумақтық басқарманың мұрағатына сақтауға берiледi. Және аумақтық басқармаға босатылған Контрактілік аумақтың бөлiгiнен жұмыс барысында алынған бастапқы құжаттар тапсырылады. Жер қойнауын пайдаланушының аумақтық басқармаға тапсыратын бастапқы құжаттамаларының бiрыңғай тiзбесi қоса берiп отыр.
      7. Контракт бойынша алдын ала қарастырған жұмыстар аяқталған соң, жер қойнауын пайдаланушы, Контракт мерзiмi бiтпей тұрып, аумақтық басқармаға геологиялық зерттеулер жөнiнде соңғы есеп қағаз және магниттiк сақтаушыда бередi. Соңғы есеп аумақтық басқарманың ҒТК-де қаралып Комитетке жiберiледi. Есеп Комитетте қаралған соң ҒТК-нiң хаттамасымен қоса "Қазгеоақпарат" РГАО-на сақтауға берiледi. Сол түрде есептiң бiр данасы аумақтық басқарманың мұрағатына сақтауға берiледi және аумақтық басқармаға Нұсқаулыққа қоса берiлiп отырған бiрыңғай тiзбеге сәйкес бастапқы құжаттар сақтауға тапсырылады.

            3. Контрактiлiк аумақ бойынша геологиялық есеп

                         берудiң мазмұны
     
     8. Жер қойнауын пайдаланушының жарты жылдық геологиялық есебiн 
қысқаша ақпараттық жазулар, қажеттiлiгi бар кезде, жазулардың мәтiнiн 
дәлелдейтiн, сызбалық қосымшалар (суреттер) құрастырады. Жарты жылдық 
есептiң ақпараттық толтырылуы Контрактiлiк аумақтағы геологиялық 
зерттеудiң сатысына байланысты:
     1) аумақтық геологиялық зерттеуде келтiрiлетiн мәлiметтер:            
     Контрактiлiк аумақтың әкiмшiлiк жағдайы;
     Контрактiлiк аумақтағы есеп беру мерзiмiнде орындалған жұмыстардың 
түрi мен көлемi;
     кенбайлық белгiлерi орналасқан жердiң географиялық координаты;
     сызбанұсқаудағы және тереңдiктегi айқындалған кен байлық белгiлерiнiң 
мөлшерi;
     кенбайлық белгiлерiнiң сипаттамасы (тау-кен аудандары);
     айқындалған сыртқы ұңғымалық мұнайгаздық белгiлердiң табиғи 
резервуарлардың сипаттамасы (мұнайгазды аудандар) кенбай қорының болжау 
бағасы;
     2) айқындалған перспективтiк объект шегiндегi кен iздеу жұмыстары 
кезiнде 1-тармақшадағы мәлiметтерден басқа, мынадай мәлiметтер келтiрiледi:
     айқындалған рудаланудың топография-минералогиялық бейнелеуi (тау-кен 
аудандары бойынша);
     руда денесiнiң шамашарттары (тау-кен аудандары);
     перспективтi құрылымының терең құрылысының ерекшелiктерi (мұнайгазды 
аудандар);
     көмiрсутектi шоғырының шамашарттары (мұнайгазды аудандар);


      кен iздеу немесе шамашарттық ұңғылардың ағынына сынама алудың нәтижесi бойынша мәлiметтер (мұнайгазды аудандар);
      кен байлық қорын бағалау, оның коммерциялық құндылығы туралы қорытынды шығару;
      3) кен iздеу-бағалау жұмыстарында 2-тармақшада көрсетiлген мәлiметтер мен қатар мынадай деректер келтiрiледi:
      кен орны рудаларының негiзгi түрлерi мен сорттары;
      оңтайлы байыту тәсiмiн көрсетуiмен кендi қайта өңдеу жөнiндегi жоспарланатын технология бойынша деректер;
      кен орнының қазу тиiмдiлiгi, оның өнеркәсiптiк және болжау қорлары жөнiндегi мәлiметтер;
      4) барлау кезеңiндегi объектiлер бойынша 3-тармақшада көрсетiлген мәлiметтермен бiрге мынадай деректер келтiрiледi:
      руда денесiнiң көлемi, пiшiнi және шамашарттары;
      кен қорын есептеу үшiн қолданылған мардымдылықтардың негiзгi шамашарттары (руда денелерi кесте түрiнде);
      кенбайлықтың қазу, су басу дәрежесiнiң гидрогеологиялық жағдайы;
      негiзгi сулы деңгей жиектер мен кешендердiң гидрогеологиялық шамашарттарын бағалау мәлiметтерi (жерасты суларын iздеу уақытында).
      9. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық геологиялық есебi, өткен жылдағы геологиялық зерттеулердiң нәтижесi жөнiндегi ақпараттарды құрастырады. Жарты жылдық ақпараттарға қарағанда олар нақтылау және толықтау болуы қажет. Жылдық есеп ақпараттық жазулар, оларды дәлелдейтiн сызбалық қосымшалар түрiнде берiледi. Жылдық есептiң мәлiметтiк толықтыруы Контрактiлiк аумақты зерттеу сатысына байланысты:
      1) Контрактiлiк аумақ бойынша қатты кенбайлықтарды геологиялық зерттеуде есепке келесi деректер енгiзiледi:
      әкiмшiлiк жағдай;
      Контрактiлiк аумақтың қысқаша геологиялық сипаттауы;
      аймақтық зерттеулердiң әдiстемесi, орындалған жұмыстардың түрлерi мен мөлшерi; жер қойнауын пайдаланушы арқылы айқындалған кенбелгiлерiнiң және минерализация нүктелерiнiң сипаттамасы: географиялық координаты, жоспар мөлшерi, геологиялық сипаттауы, айқындалған кенбелгiлерiнiң сипаттамасы (пайдалы құрамдастар және олардың мөлшерi, келешекте зерттеу перспективасы);
      айқындалған перспективтiк құрылымдардың сипаттамасы: географиялық байланыстыру, геодезиялық шамашарты, перспективтiк деңгей жиектердiң жату тереңдiгi, олардың стратиграфиялық байланысуы, қордың болжау бағасы (мұнайгазды аудандар). Аймақтық зерттеулер бойынша жылдық есептiң мәтiнiне келесi сызбалық қосымшалар бiрге ұсынылады:
      Контрактiлiк аумақтың аймақ масштабындағы геологиялық карта;
      перспективтiк құрылымдар, учаскелер, белгiлер, картада көрсетiлген геофизикалық және геохимиялық ауытқуы бойынша нақтылау масштабындағы геологиялық карта - бұрандалар (тау-кен аудандары);
      негiзгi қадабелгi бетiнiң құрылымдық карталары (мұнайгазды аудандар);
      айқындалған перспективалы құрылымдар бойынша тiлiмдер (мұнайгазды аудандар);
      характерлi қиылыстар бойынша уақытша және тереңдiк тiлiмдер (мұнайгазды аудандар);
      10. Перспективалы учаскелердегi, кенбелгiлердегi және құрылымдардағы кен iздеу жұмыстарының нәтижесi бойынша геологиялық есепте 9-тармақтағы ақпараттарға қоса келесi мәлiметтер келтiрiледi:
      1) перспективалы учаскенiң, кенбелгiнiң және құрылымының географиялық-экономикалық жағдайы;
      2) айқындалған кен объектiнiң геологиялық құрылысының сипаттамасы, заттың құрамы (тау-кен аудандары);
      3) кен қыртысының, пайдалы құрамдастар мөлшерiнiң шамашарттары, Р1 категориялы қордың бағалауы, олардың ТЭК-сi деңгейiндегi геологиялық-экономикалық сипаттамасы (тау-кен аудандары);
      4) мұнай және газ жұмыстарында көрсетiледi: айқындалған және терең бұрғылауға дайындалған өнiмдiк құрылымдардың, мұнайгаздылық белгiлердiң және көмiрсутектi белгiлерiнiң атаулары, битуммен кирларды қоса алғанда;
      негiзгi шағылдығыштық деңгей жиектер бойынша құрылымдық карталар, коллектордың белгiлерi бойынша мәлiметтер, iздестiру және шамашарттық төтелдердiң ағыны бойынша бұрғылау және сынамалаудың нәтижелерi, олардың көлемi, А+Б+С1 және С2 категория бойынша қордың бағалауы;
      төтелмен анықталған литологостратиграфиялық тiлiк, төтелдiң құрылысы, коллектордағы мұнай, газ, судың мөлшерi, төтелдiң қысқаша желiлеуi, кедергiлер және басқа, Контрактiде ескертiлген, мәлiметтер.
      Контрактiлiк аумақтың iздестiру сатысындағы зерттеулер бойынша жылдық есепке тiркелiнедi:
      спектрлiк талдаудың жанасқазба деректерiмен бiрге кендi аймақтың сынамалау жоспары (тау-кен аудандары);
      төтелдiң жынысөзегiнiң спектрлiк талдау нәтижесiн шығарумен бiрге барлама бұрғылау мәлiметтер бойынша геологиялық тiлiмдер (таукен аудандары);
      барлама төтелдердiң геологиялық ұстындары (тау-кен аудандар);
      мұнайгазды аудандар бойынша тiркелiнедi: негiзгi шағылдырғыштық деңгейжиектер бойынша жете құрылымдық карталар, характерлi бағыттар бойынша тереңдiк және уақытша тiлiктер, каротаж сызбаайшықтармен қоса бұрғыланған төтелдердiң геологиялық тiлiмдерi, олардың ағыны бойынша сынамалау нәтижесi.
      11. Контрактiлiк аумақты зерттеудiң iздестiру - бағалау сатысының нәтижесi 10-тармақтағы мәлiметтерге қоса (тау-кен аудандары) жылдық есепте келесi ақпараттар келтiрiледi:
      1) айқындалған кен орнының негiзгi түрлерi мен сорттары;
      2) кендi қайта өңдеудiң қолайлы пайдалану технологиясы;
      3) кен қазымының гидрогеологиялық және тау-технологиялық жағдайы;
      4) кен орнының өнеркәсiптiк және болжау қорлары, пайдалы құрамдастардың мөлшерi;
      5) кен орнының қазым тиiмдiлiгi.
      Жылдық есептiң мәтiнiне Нұсқаулықтың 10-тармағындағы мәлiметтерден басқа, келесi сызбалық қосымшалар келтiрiледi;
      жекеленген (типтi) барлау сызықтары бойынша геологиялық - есептеу тiлiмдерi;
      Р1 категорияны болжау, С1 және С2 категориялардың ең маңызды блоктар қорларының блокировкасы (тау-кен аудандары).
      12. Барлау және кен орындары өнеркәсiптiк игеруiне дайындау жұмыстары бойынша жылдық есепте келесi мәлiметтер келтiрiледi:
      1) кеннiң географиялық координаты;
      2) барлау әдiстемесi, жұмыстардың түрлерi мен мөлшерi;
      3) кен орнының геологиялық сипаттамасы;
      4) тау-кен аудандары бойынша: кен қыртысының мөлшерi, пiшiнi, шамашарттары, кеннiң минералогиялық құрамы, минералдық ассоциациялар, пайдалы құрамдастардың белгiлеу пiшiнi туралы деректер; пайдалы құрамдастардың негізгi минералдар-сақтаушылары; қорды есептеу үшiн кондициялардың шамашарттары, кенбайлық қорды есептеудiң нәтижесi (руда денесi кесте түрiнде); кеннiң технологиялық қасиеттерi және заттың құрамы, кен шикiзатты қайта өңдеудiң ұтымды технологиялық тәсiмдерi; кен орнын игерудiң техника-экономикалық көрсеткiштерi;
      5) мұнай және газды барлауда: коллекторлардың сыналау аймағының, өнiмдiк деңгейжиектердiң геологиялық құрылымы, жыныс-коллекторлардың шамашарттары; төтелдi ағыны бойынша зерттеудiң нәтижесi; өнiмдiлiктiң коэффициенті; су-газды, мұнайсулы түйiспелердiң түрлерi; жойылған және тоқтатылған төтелдер туралы мәлiметтер.

     Кен орнын барлау және өнеркәсiптiк игеруге дайындау жұмыстары 
бойынша, 11-тармақта көрсетiлген сызбалық қосымшалардан басқа, 
келтiрiлетiн:
     Руда кенiнен: геологиялық бойлау жармалары; кен орнын бiркелкi
сипаттайтын геологиялық - есептеу тiлiмдерi; 2-i-3-i деңгейдегi горизонт 
жоспарлары; негiзгi кен сiлемi қорлардың блокировкасы;
     Мұнай және газ кенi бойынша: әрбiр өнiмдiк деңгейжиектердiң жете 
құрылымдық карталары, литология - геологиялық тiлiмдер, төтелдердi сынау 
нәтижесi.

         4. Контрактiлiк аумақтың геологиялық барлау жұмыстарынан
                 босатылған бөлiгi бойынша есеп беру
     
     13. Геологиялық барлау жұмыстарынан босатылған Контрактiлiк аумақтың 
(жоспарлаған қайтарымы) бөлiгi бойынша жер қойнауын пайдаланушының 
геологиялық есебiнiң мазмұны, барлау жұмыстарының түрлерi бойынша 
геологиялық есептi құрастыру жөнiнде Комитет нормативтiк құқықтық 
актiлерiне сәйкес келуi қажет.
     
         5. Контрактiлiк аумақтағы аяқталған барлық жұмыстар бойынша       
                        ақырғы геологиялық есеп
     
     14. Ақырғы геологиялық есеп аумақты зерттеудiң барлық, Контрактiде 
ескертiлген, сатылардың нәтижесiн көрсетуi тиiс.
     15. Геологиялық есептiң мазмұны, оның мөлшерi, мiндеттi құрылымдық 
элементтерi, олардың орналасу тәртiбi, барлау жұмыстарының нәтижесi 
бойынша есептi құрастыру, оны безендiру жөнiндегi Комитет нормативтiк 
құқтық актiлерiне сәйкес келуi қажет.

     


                                           Жер қойнауын пайдаланушылардың

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына келiсiм-шарт аумақтарындағы жұмыстар жөнiндегi геологиялық ақпараттарды ұсынудың тәртiбi және нысаны туралы Нұсқаулыққа Қосымша


                  Жер қойнауын қорғау және пайдалану
         Аумақтық басқармалар тарапынан сақтауға тапсыратын
                       бастапқы құжаттамалардың
                         БІРЫҢҒАЙ ТIЗБЕСI

      1. Далалық күнделiктер, журналдар, тiзiмдер пиккеттiк байқау кiтапшалары, өлшеулерi, айқындауы (соның iшiнде координаты, қатесi, түзетiлгенi) және сонымен әрi басқа да барлық жұмыс түрлерi мен топогеодезиялық далалық жұмыстарды қамсыздандыру материалдары.
      2. Тау жыныстары, ұңғы, су көздерiнiң пайда болуы және тағы да басқа

құжаттамалар журналдары.
     3. Сынамалау (су айдау, су құю, су зерттеу), тасбаған, үлгiлер, 
тастiлiм жинағының журналдары.
     4. Жұмысшы әуе (ғарыш) фотоматериалдары, топонегiздерi.
     5. Ұңғылар, тау-кен қазбалары, кескiндер байланысы мен 
топографиялықтордың пункттерi геохимиялық, геофизикалық жұмыстарға және 
басқа да мақсаттардың координат каталогтары.
     6. Геофизикалық, геохимиялық және гидрогеохимиялық ауытқулардың 
каталогтары.
     7. Зерттеулер, сынақтар және тағы басқа талдау түрлерiнiң нәтижелерi.
     8. Спектограммалар.
     9. Тастiлiм, таскесiм сипаттамалары.
     10. Фауналар, флорлар мен шаңдатқыш кешеннiң сипаттамалары.
     11. Ұңғылардың геологиялық зерттеулер және ұңғылардың басқа да 
зерттеулерi, каротаждың диаграммаларымен материалдары.
     12. Геологиялық тыңғылықты (қабатсайынғы) қималар.
     13. Ұңғылардың қиманың бағаналары.(қималары)
     14. Нақтылы материалдар картасы.
     15. Тас материалдар (тасбаған, фауналар, үлгiлер) сынаманың екiншi 
даналары.
     16. Геологиялық мазмұндағы авторлық (жұмыс) картаның даналары.
     17. Әуегеофизикалық зерттеулердiң далалық материалдары:
     1) әуемагнитметрлерi, спектрметрлердiң әуемагнитметрлерi, анологиялық 
диаграмма таспалары мен журналдары;
     2) магниттiк вариациялардың таспалары мен магнит өрiсiнiң өзгерiстеу 
графиктерiнiң журналы;
     3) анологиялық таспалар және басқа материалдар аппаратуралық 
бақылауға бағытталған операциялар;
     4) дискеттердегi учаске түсiрiмдерiнiң көшiрмелерi оның iшiнде 
дифференциалдық арналар бойынша санау жылдамдығының түзетiлген бастапқы 
деректерi бар, шкал (шәкiл) нөмiрi және жиналу уақыты, магниттiк индукция;
     5) топогеодезиялық (радиогеологиялық байланыстар, әуежолдарының ұшу 
схемасы, бастапқы және соңғы жолдарының координаталарының магниттiк 
таспалар паспорты, толық вектор модулi, топобелгiлеу деректерi бар);
     18. Сейсмобарлау зерттеулерге соның ішiнде тiгiнен 
сейсмокаратаждардың далалық материалдары:
     1) сейсмаграммалық тiркеу журналдары;
     2) операторлардың рапорттары;
     3) статикалық түзетулер, атқылау сызбасы;
     4) профильдiк уақытша және миграциалдық қималар;
     5)магниттiк таспалар түрiнде шыққан далалық мәлiметтерi немесе жинақы 
жазбалы кассеталар;
     19. Гравиметрикалық зерттеулердiң далалық материалдары:
     1)гравиметрикалық пункттердiң тiректiк және қарапайым каталогтары;
     2)карталардың далалық варианттарының қатты негiзi.
     
     
     Мамандар: 
            Омарбекова А.Т.
            Багарова Ж.А.