Мемлекет меншiгiндегi геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қарашадағы N 1357 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 251 Қаулысымен

      Ақтөбе облысын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету және аймақтың дамуының экономикалық тиiмдiлiгiн көтеру мақсатында:
      1. Ақтөбе облысы әкiмiнiң Алға ауданында "ВООТ" сызбасы бойынша қуаттылығы жылына 500 мың тоннаға дейiн өңделмеген мұнай өңдейтiн шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытын салу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Осы зауыттың құрылысына "Трансконтиненталь Продакс Сервисез" (АҚШ) фирмасының тартылатыны, "ВООТ" шарттарымен "Ситибанк" (АҚШ) кепiлшi банк болатыны, Үкiмет кепiлдiгiнiң талап етiлмейтiндiгi назарда ұсталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Ақтөбемұнайгаз" акционерлiк қоғамын жекешелендiру жөнiндегi тендер аяқталғаннан кейiн тендер жеңiмпазымен жыл сайын мұнай өңдеушi зауыт үшiн қажеттi өңделмеген мұнай мөлшерiмен жабдықтау контрактiсiн жасау мүмкiндiгi туралы келiссөз жүргiзсiн.
      4. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң орынбасары Д.Т. Дүйсеновке жүктелсiн.

      Премьер-Министр