Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 338 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 23 қазанда N 1271 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

Күшін жойған

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екінші деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 338 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N 1271 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 22 басылымдарында 2000 жылғы 23 қазанда - 5 қарашада жарияланған)...

___________________________________       

      Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292  V960440_  қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін: 
      2. Банктерді қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                       Қазақстан Республикасы
                                     Ұлттық Банкі Басқармасының
                                     2000 жылғы 11 қыркүйектегі
                                           N 338 қаулысымен 
                                              Бекітілген

   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 
  12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі 
    банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы 
                ережеге өзгерістер мен толықтырулар 

      1. 3-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын: 
      "Осы ереженің талаптары қолданылмайтын банктерден басқа, аталған топтардың ешқайсысына кірмеген банктер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қайта құрылуға не таратылуға тиіс.". 
      2. 8-тармақ мынадай мазмұндағы 8.10-тармақшамен толықтырылсын: 
      "8.10. Банктер Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес еншілес және тәуелді ұйымдарды ескере отырып шоғырландырылған негізде бухгалтерлік есеп жүргізуді, әзірлеуді және ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.". 
      3. 10-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын: 
      "Осы Ережеде белгіленген банктің меншікті капиталының мөлшері жөніндегі талаптарды орындамаған 2-топтағы банктер қолданылып жүрген заңдардың нормаларына сәйкес қайта құрылуға не таратылуға тиіс.". 
      2-топтағы банктер үшін осы тармақта белгіленген банктің меншікті капиталының мөлшері жөніндегі талаптар меншікті капиталы ең аз талаптарға сәйкес келетін аймақтық (Астана және Алматы қалаларынан тыс жерлерге орналасқан) банктерге қолданылмайды. Аймақтық банктердің меншікті капиталының ең аз мөлшері 500 млн. теңгеден кем болмауға тиіс.".
      4. 11-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-топқа енгізілген банктер ғана, сондай-ақ мемлекетаралық банктерден басқа осы Ереженің талаптары қолданылмайтын банктер Ұлттық Банк белгілеген өкілеттіктер шегінде мынадай банк операцияларын, сондай-ақ қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:".   

       Ұлттық Банк
      Төрағасы