Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 11 қыркүйек N 338 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 23 қазан N 1271 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 V960440_ қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін:
      2. Банктерді қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                           Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 338 қаулысымен Бекітілген


        Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы
       12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі
          банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы
                  ережеге өзгерістер мен толықтырулар

      1. 3-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
      "Осы ереженің талаптары қолданылмайтын банктерден басқа, аталған топтардың ешқайсысына кірмеген банктер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қайта құрылуға не таратылуға тиіс.".
      2. 8-тармақ мынадай мазмұндағы 8.10-тармақшамен толықтырылсын:
      "8.10. Банктер Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес еншілес және тәуелді ұйымдарды ескере отырып шоғырландырылған негізде бухгалтерлік есеп жүргізуді, әзірлеуді және ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.".
      3. 10-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
      "Осы Ережеде белгіленген банктің меншікті капиталының мөлшері жөніндегі талаптарды орындамаған 2-топтағы банктер қолданылып жүрген заңдардың нормаларына сәйкес қайта құрылуға не таратылуға тиіс.".
      2-топтағы банктер үшін осы тармақта белгіленген банктің меншікті капиталының мөлшері жөніндегі талаптар меншікті капиталы ең аз талаптарға сәйкес келетін аймақтық (Астана және Алматы қалаларынан тыс жерлерге орналасқан) банктерге қолданылмайды. Аймақтық банктердің меншікті

капиталының ең аз мөлшері 500 млн. теңгеден кем болмауға тиіс.".
     4. 11-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
     "1-топқа енгізілген банктер ғана, сондай-ақ мемлекетаралық банктерден 
басқа осы Ереженің талаптары қолданылмайтын банктер Ұлттық Банк белгілеген 
өкілеттіктер шегінде мынадай банк операцияларын, сондай-ақ қызмет түрлерін 
жүзеге асыруға құқылы:".
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.