"Жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 100-ө бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 қазан N 1265 тіркелді

Жаңартылған

       Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N  328-1 , 1999 жылғы 5 сәуiрдегi  N 364 -1 және 1999 жылғы 16 қарашадағы N 482-1  Заңдарымен  "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға өзгерiстер мен толықтыруларға, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға (жалпы бөлiм) және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 281-1 "Акционерлiк қоғамдар туралы"  Заңының  қабылдануына байланысты бұйырамын: 
      1. Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 3 қарашадағы N 16-Ө (мемлекеттiк тiркеуi 1997 жылғы 24 желтоқсанда N 422)  бұйрығымен  бекiтiлген "Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру мен тарату туралы ереже" күшiн жойды деп танылсын. 
      2. Қоса берiлiп отырған "Жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулық" бекiтiлсiн.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен .  
      3. Заң бөлiмi (Қамали Қ.Қ.) осы бұйрықпен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты" белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен .

       Төраға

      "Бекітілді"               
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жинақтаушы зейнетақы қорларының   
қызметін реттеу жөніндегі комитетінің
2000 жылғы 7 қыркүйектегі      
N 100-Ө бұйрығымен          

  Жинақтаушы зейнетақы қорларын
қайта ұйымдастырудың тәртiбi туралы
нұсқаулық

       Ескерту: Нұсқаулықтың атауына өзгерту енгізілді, мәтіні бойынша "Комитетті", "Комитет", "Комитеттің" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органды", "уәкілетті орган", "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , басқа да заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және қайта ұйымдастыруға рұқсат берудiң жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) тәртiбiн белгiлейдi. 
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен .

      2. Қорды қайта ұйымдастыру бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, Қорды корпоративтiктен ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылуы мүмкiн. 

      3. <*> 
       Ескерту: 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен

  2. Қорды қайта ұйымдастыру

      4. Қорды қайта ұйымдастыру оның акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, банк-кастодиандардың, сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функцияларды және өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік органды, оны беру тәртiбi мен шарттары осы Нұсқаулықпен реттелетiн рұқсатымен жүзеге асырылады. 
      Қордың Акционерлерi қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау рәсiмiн қолданылып жүрген заңдарға және Қордың Жарғысына сәйкес жүзеге асырады. 
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен .

      5. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы, оған Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысымен уәкiлеттiк берiлген тұлғаның қолы қойылған өтiнiмге мыналар қоса берiлуi тиiс: 
      акционерлердiң жалпы жиналысы шешiмiнiң бiрiншi басшының қолымен расталған және Қордың мөрiмен бекiтiлген; 
      акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi Нұсқаулықтың талаптарына сай келетiн, акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен қайта ұйымдастыру жобасы; 
      өз қаражаттары мен зейнетақы активтерi бойынша қайта ұйымдастырудың салдарына жасалған, осы Нұсқаулықтың талаптарына сай келетiн және акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен қаржылық болжам; 
      Қордың және Қорды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есептiк теңгерiмi. 

      6. Қор акционерлерi жалпы жиналысының шешiмiнде қайта ұйымдастырылу себебi, оның нысаны, Қордың зейнетақы активтерi мен өз қаражаттары туралы мәселенiң шешiмi болуы тиiс. 

      7. Қайта ұйымдастырылу жобасында: 
      зейнетақы активтерi мен өз қаражаттарына қатысты iс-әрекеттердiң тәртiбiн сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргiзу жөнiндегi шаралар жоспары;
      қайта ұйымдастыруға байланысты шараларды аяқтаудың болжамды мерзiмi;
      Қордың қайта ұйымдастырылуы туралы оның салымшылары мен алушыларын хабарландыру тәртiбi;
      Қордың қарауы бойынша, қайта ұйымдастырудың ерекшелiктерiн 
көрсететiн өзге де ақпараттар болуы тиiс.

      8. Қайта ұйымдастырудың салдарына жасалған қаржылық болжамда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
      табыстылыққа болжам (қаржылық құралдар бойынша қайтарым);
      өз қаражаттары бойынша қаржылық есептердiң негiзiнде жасалған 
салыстырмалы көрсеткiштерге талдау;
      жинақталған зейнетақы қаражаттары бойынша болжам;
      өз қаражаттары бойынша болжам.

      9. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтiнiмдi уәкілетті орган құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауға тиiстi.

      10. Уәкілетті орган алынған құжаттарды талдаудың нәтижесi бойынша осы Нұсқаулықта белгiленген мерзiмде Қорды қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 

      11. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  44-бабында көзделген негiздер болғанда Қорды қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту болуы мүмкiн. 

      12. Қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту туралы уәкілетті органның шешiмiне Қор заңда белгiленген тәртiппен шағым жасай алады. 

      13. Қайта ұйымдастырылатын Қор уәкілетті органнан қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде өзiнiң салымшылары мен алушыларын тiкелей жазбаша хабарлау және кемiнде екi республикалық газетте хабарландыру жариялау жолымен алда болатын өзгерiстер туралы ақпараттандыруға мiндеттi. 

      14. Салымшылар мен алушыларға жасалған хабарламада мынадай ақпараттар болуы тиiс: 
      Қорды қайта ұйымдастыру туралы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiм қабылдаған күн; 
      Қорды қайта ұйымдастыруға келiсiм беру туралы уәкілетті органның шешiмiнiң күнi мен нөмiрi; 
      Қорды қайта ұйымдастырудың себептерi мен нысаны туралы мәлiметтер; 
      Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастырудың нәтижесiнде пайда болған акционерлердiң құрамы туралы мәлiметтер; 
      қайта ұйымдастырылатын Қордың өз қаражаттарына қатысты қабылданған шешiм туралы мәлiметтер; 
      қайта ұйымдастыруды жүргiзуге уәкілетті органның келiсiмiн алған сәттегi зейнетақы активтерiнiң табыстылығы туралы мәлiметтер; 
      қайта ұйымдастырылған Қор мемлекеттiк бас лицензияны алғанға дейiн зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi туралы мәлiметтер. 
      Қорды қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарландырумен бiрге салымшы-алушы толтыруға және қол қоюға, белгiленген мерзiмде Қорға қайтаруға тиiстi болатын, оның жинақталған зейнетақы қаражатын басқа Қорға аудару (оны бұрын жұмыс iстегенде қалдыру) туралы өтiнiштiң бланкiсi қоса жiберiлуi тиiс. 

      15. Қайта ұйымдастырылатын Қор салымшының-алушының өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын басқа Қорға ауыстыру туралы өтiнiшiн оған қайта ұйымдастырылу туралы жазбаша хабарландыру жiберiлген сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде алмаған жағдайда, қайта ұйымдастырылатын Қор, мұндай салымшының-алушының жинақталған зейнетақы қаражатына қатысты құқық қабылдауды мыналарды басшылыққа ала отырып, өздiгiнен белгiлейдi: 
      1) Қорлар бiрiктiрiлген кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары уәкілетті орган бекiткен өткiзу актiсiне сәйкес жаңадан құрылған Қорға жинақталады; 
      2) бiр Қорды екiншiсiне қосқан кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары уәкілетті орган бекiткен өткiзу актiсiне сәйкес қосушы Қорға берiледi; 
      3) Қорлар бөлiнген кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары уәкілетті орган бекiткен өткiзу актiсiне сәйкес жаңадан пайда болған жинақтаушы зейнетақы қорына берiледi; 
      4) бiр Қор екiншiсiнен бөлiнiп шыққан кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары салымшымен-алушымен бұрын зейнетақы шарты жасасылған Қорда қалады; 
      5) Қордың түрi корпоративтiктен ашық болып өзгертiлген кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары жаңадан құрылған Қорға жинақталады. 

      16. Қорларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болған жаңа заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 

      17. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң органы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзген сәттен бастап қосу нысанында қайта ұйымдастыру аяқталған болып саналады.  

  3. Қорды тарату

       Ескерту: 3-тарау (18-26 тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен

  4. Тарату комиссиясы

       Ескерту: 4-тарау (27-32 тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен .

  5. Таратылатын Қордың активтерiне иелiк ету

       Ескерту: 5-тарау (33-тармақ) алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 70   қаулысымен

  6. Қорытынды ережелер

      34. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешілуге жатады.     

      Төраға