Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң мемлекеттiк резервтен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 7 мың тонна дизель отынын және 1 мың тонна бензин бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң материалдық резервтер жөнiндегi комитетi жоғарыда аталған мақсатқа арнап, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кепiлдi мiндеттемесiмен мемлекеттiк резервтен брондау тәртiбiмен, оларды 1997 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мемлекеттiк резервке қайтару және республикалық бюджеттiң кiрiсiне бiр тонна дизель отынына - 11375 теңге және бензинге 17 000 мың теңге нарық бағасына орай тауар несиесiн пайдалану кезеңi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша процент төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегi N 389, 1994 жылғы 28 қыркүйектегi N 391, 1996 жылғы 28 тамыздағы N 404
R960404_
, 1997 жылғы 3 мамырдағы N 125
R970125_
өкiмдерiне және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 601 қаулысына сәйкес бұрын алынған жанар-жағар материалдар үшiн 427834000 (төрт жүз жиырма жетi миллион сегiз жүз отыз төрт мың) теңге сомасындағы борыштарын 1997 жылғы 10 желтоқсанға дейiн өтеу туралы кепiлдеме шартымен 7 мың тонна дизель отынын және 1 мың тонна бензин босатсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi (Павлов А.С.) жанар-жағар материалдарды қайтаруды кешiктiрген және борыштарды өтемеген жағдайда, жоғарыда аталған мерзiмде облыстың бюджетiнен құнын өндiрiп алсын.
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн.