"Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру мен таратудың тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 100-ө бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 қазан N 1265 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 328-1 Z980328_ , 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 364-1 Z990364_ және 1999 жылғы 16 қарашадағы N 482-1 Z990482_ Заңдарымен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға өзгерiстер мен толықтыруларға, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға (жалпы бөлiм) және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 281-1 Z980281_ "Акционерлiк қоғамдар туралы" Заңының қабылдануына байланысты бұйырамын:
      1. Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 3 қарашадағы N 16-Ө V970422_ (мемлекеттiк тiркеуi 1997 жылғы 24 желтоқсанда N 422) бұйрығымен бекiтiлген "Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру мен тарату туралы ереже" күшiн жойды деп танылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған "Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы

қорларын қайта ұйымдастыру мен таратудың тәртiбi туралы нұсқаулық" 
бекiтiлсiн.
     3. Заң бөлiмi (Қамали Қ.Қ.) осы бұйрықпен бекiтiлген "Мемлекеттiк 
емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру мен таратудың тәртiбi 
туралы нұсқаулықты" белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет 
министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
     
     Төраға
     
     "Бекітілді"                                        "Тіркелді"
Қазақстан Республикасының Еңбек және           Қазақстан Республикасының
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі              Әділет министрлігі
Жинақтаушы зейнетақы қорларының                       N _________
қызметін реттеу жөніндегі комитетінің          2000 жылғы "___"_________
2000 жылғы 7 қыркүйектегі
N 100-Ө бұйрығымен     

             Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта
                 ұйымдастырудың және таратудың тәртiбi туралы
                                 нұсқаулық

                            1. Жалпы ережелер



      1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және қайта ұйымдастыруға рұқсат берудiң, таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрi - Қор) зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарты бойынша мiндеттемелерiн басқа қорға беру процесiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Қорды қайта ұйымдастыру бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, Қорды корпоративтiктен ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Қордың қызметi оны ерiктi немесе мәжбүрлеу негiзiнде тарату тәртiбiмен тоқтатылуы мүмкiн.

                        2. Қорды қайта ұйымдастыру

      4. Қорды қайта ұйымдастыру оның акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет), оны беру тәртiбi мен шарттары осы Нұсқаулықпен реттелетiн рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Қордың Акционерлерi қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау рәсiмiн қолданылып жүрген заңдарға және Қордың Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
      5. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы, оған Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысымен уәкiлеттiк берiлген тұлғаның қолы қойылған өтiнiмге мыналар қоса берiлуi тиiс:
      акционерлердiң жалпы жиналысы шешiмiнiң бiрiншi басшының қолымен расталған және Қордың мөрiмен бекiтiлген;
      акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi Нұсқаулықтың талаптарына сай келетiн, акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен қайта ұйымдастыру жобасы;
      өз қаражаттары мен зейнетақы активтерi бойынша қайта ұйымдастырудың салдарына жасалған, осы Нұсқаулықтың талаптарына сай келетiн және акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен қаржылық болжам;
      Қордың және Қорды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есептiк теңгерiмi.
      6. Қор акционерлерi жалпы жиналысының шешiмiнде қайта ұйымдастырылу себебi, оның нысаны, Қордың зейнетақы активтерi мен өз қаражаттары туралы мәселенiң шешiмi болуы тиiс.
      7. Қайта ұйымдастырылу жобасында:
      зейнетақы активтерi мен өз қаражаттарына қатысты iс-әрекеттердiң

тәртiбiн сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргiзу жөнiндегi 
шаралар жоспары;
     қайта ұйымдастыруға байланысты шараларды аяқтаудың болжамды мерзiмi;
     Қордың қайта ұйымдастырылуы туралы оның салымшылары мен алушыларын 
хабарландыру тәртiбi;
     Қордың қарауы бойынша, қайта ұйымдастырудың ерекшелiктерiн 
көрсететiн өзге де ақпараттар болуы тиiс.
     8. Қайта ұйымдастырудың салдарына жасалған қаржылық болжамда мынадай 
мәлiметтер болуы тиiс:
     табыстылыққа болжам (қаржылық құралдар бойынша қайтарым);
     өз қаражаттары бойынша қаржылық есептердiң негiзiнде жасалған 
салыстырмалы көрсеткiштерге талдау;
     жинақталған зейнетақы қаражаттары бойынша болжам;
     өз қаражаттары бойынша болжам.
     9. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтiнiмдi Комитет 
құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауға 
тиiстi.


      10. Комитет алынған құжаттарды талдаудың нәтижесi бойынша осы Нұсқаулықта белгiленген мерзiмде Қорды қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      11. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында көзделген негiздер болғанда Қорды қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту болуы мүмкiн.
      12. Қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту туралы Комитеттiң шешiмiне Қор заңда белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
      13. Қайта ұйымдастырылатын Қор Комитеттен қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде өзiнiң салымшылары мен алушыларын тiкелей жазбаша хабарлау және кемiнде екi республикалық газетте хабарландыру жариялау жолымен алда болатын өзгерiстер туралы ақпараттандыруға мiндеттi.
      14. Салымшылар мен алушыларға жасалған хабарламада мынадай ақпараттар болуы тиiс:
      Қорды қайта ұйымдастыру туралы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiм қабылдаған күн;
      Қорды қайта ұйымдастыруға келiсiм беру туралы Комитеттiң шешiмiнiң күнi мен нөмiрi;
      Қорды қайта ұйымдастырудың себептерi мен нысаны туралы мәлiметтер;
      Қорды (Қорларды) қайта ұйымдастырудың нәтижесiнде пайда болған акционерлердiң құрамы туралы мәлiметтер;
      қайта ұйымдастырылатын Қордың өз қаражаттарына қатысты қабылданған шешiм туралы мәлiметтер;
      қайта ұйымдастыруды жүргiзуге Комитеттiң келiсiмiн алған сәттегi зейнетақы активтерiнiң табыстылығы туралы мәлiметтер;
      қайта ұйымдастырылған Қор мемлекеттiк бас лицензияны алғанға дейiн зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi туралы мәлiметтер.
      Қорды қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарландырумен бiрге салымшы-алушы толтыруға және қол қоюға, белгiленген мерзiмде Қорға қайтаруға тиiстi болатын, оның жинақталған зейнетақы қаражатын басқа Қорға аудару (оны бұрын жұмыс iстегенде қалдыру) туралы өтiнiштiң бланкiсi қоса жiберiлуi тиiс.
      15. Қайта ұйымдастырылатын Қор салымшының-алушының өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын басқа Қорға ауыстыру туралы өтiнiшiн оған қайта ұйымдастырылу туралы жазбаша хабарландыру жiберiлген сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде алмаған жағдайда, қайта ұйымдастырылатын Қор, мұндай салымшының-алушының жинақталған зейнетақы қаражатына қатысты құқық қабылдауды мыналарды басшылыққа ала отырып, өздiгiнен белгiлейдi:
      1) Қорлар бiрiктiрiлген кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары Комитет бекiткен өткiзу актiсiне сәйкес жаңадан құрылған Қорға жинақталады;
      2) бiр Қорды екiншiсiне қосқан кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары Комитет бекiткен өткiзу актiсiне сәйкес қосушы Қорға берiледi;
      3) Қорлар бөлiнген кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары Комитет бекiткен өткiзу актiсiне сәйкес жаңадан пайда болған жинақтаушы зейнетақы қорына берiледi;
      4) бiр Қор екiншiсiнен бөлiнiп шыққан кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары салымшымен-алушымен бұрын зейнетақы шарты жасасылған Қорда қалады;
      5) Қордың түрi корпоративтiктен ашық болып өзгертiлген кезде - жинақталған зейнетақы қаражаттары жаңадан құрылған Қорға жинақталады.
      16. Қорларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болған жаңа заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      17. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң органы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзген сәттен бастап қосу нысанында қайта ұйымдастыру аяқталған болып саналады.

                                3. Қорды тарату

      18. Қор, оның акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде Комитетке оны ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы өтiнiм жасауға құқылы.
      19. Қор Комитетке ерiктi таратуға рұқсат алу туралы өтiнiм жасаумен бiр мезгiлде мыналарды ұсынуға мiндеттi:
      қорды ерiктi тарату туралы акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiн;
      Қорды ерiктi тарату туралы шешiм қабылданған күнгi зейнетақы активтерiне баға беру туралы құжат;
      зейнетақы активтерiн басқа Қорға беру мерзiмдерi мен кезеңдерiн мiндеттi түрде көрсете отырып, акционерлердiң жалпы жиналысымен бекiтiлген, Қордың өз қызметiн тоқтатудың дайындығы жөнiндегi шаралардың тiзбесi.
      20. Қорды ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы берiлген өтiнiмдi Комитет осы Нұсқаулықтың 19-тармағында көзделген мiндеттi құжаттар пакетiн тапсырған күннен бастап бiр ай мерзiмде қарайды.
      21. Комитет ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге тиiс және бас тартуды Қордың басшылығы мен акционерлеріне хабарлайды.
      22. Қор Комитеттiң ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкiн.
      23. Ерiктi түрде таратылуға рұқсат алғаннан кейiн Қор үш күннiң iшiнде құрамына мiндеттi түрде Комитеттiң өкiлi енгiзiлуi тиiстi тарату комиссиясын құруға мiндеттi.
      24. Қорды мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi тек сот қана мынадай жағдайларда:
      1) Қор банкрот болғаны туралы жариялағанда;
      2) ол құрылған кезде түзетуге келмейтiн сипаттағы заң бұзушылыққа жол берiлуiмен байланысты Қорды тiркеу заңсыз деп танылғанда;
      3) Қор акционерлерiнiң саны жол берiлетiн саннан асып кеткенде және "Акционерлiк қоғамдар туралы" Заңның 4-бабының 3-тармағының талаптарын орындамағанда;
      4) Қордың жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызметтердi ұдайы жүзеге асыратын болса;
      5) тиiстi рұқсат (лицензия) берiлмеген қызметтi, не заңдық актiлермен тыйым салынған қызметтi жүзеге асырса, не заңды бiрнеше қайтара немесе өрескел бұзса;
      6) заң актiлерiмен көзделген басқа да жағдайларда қабылдай алады.
      25. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер болған жағдайларда Комитет Қорды тарату туралы сотқа талап қоюы мүмкiн.
      26. Қорды мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған сот, дереу тарату комиссиясын тағайындайды, таратудың тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi.

                              4. Тарату комиссиясы

      27. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап таратылатын Қордың мүлкi және оның iсiн басқару жөнiндегi уәкiлеттiк соған берiледi. Тарату комиссиясы таратылатын Қордың атынан талап қоюшы немесе жауапкер ретiнде сотта мүдде бiлдiредi.
      28. Қордың тарату комиссиясын комиссияның жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, оның алдына қойылған мiндеттердiң орындалуына жауап беретiн, белгiленген тәртiпте тағайындалған Төраға басқарады.
      Қордың тарату комиссиясының төрағасы жоқ болған кезде оның мiндеттерін тарату комиссиясының мүшесi болып табылатын соған уәкiлеттiк берiлген тұлға атқарады.
      29. Қордың тарату комиссиясы өзi құрылған сәттен бастап он күн мерзiмде Қордың таратылатыны туралы салымшылар мен алушыларды тапсырысты хатпен және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге мiндеттi.
      Тапсырыс хатпен бiрге салымшыға-алушыға Қордың таратылуы туралы жазбаша хабарландыру жiберiлген сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмнен тарату комиссиясы белгiлеген мерзiм iшiнде ол толтырып, қол қоюға және тарату комиссиясына қайтаруға тиiстi болатын, оның жинақталған зейнетақы қаражатын басқа Қорға ауыстыру туралы салымшының-алушының өтiнiшiнiң бланкiсi қоса салынуы тиiс.
      30. Оның жинақталған зейнетақы қаражатын басқа Қорға ауыстыру туралы салымшының-алушының өтiнiшiн тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмде алмаған жағдайда, тарату комиссиясы мұндай салымшылардың-алушылардың жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа Қорларға (Қорға) ауыстыру туралы шешiмдi уәкiлеттi органның келiсiмiмен, бұл туралы оларды дереу жазбаша (тапсырысты хатпен) ақпараттандыра отырып, өздiгiнен қабылдайды.
      31. Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша таратылатын Қордың салымшыларының-алушыларының жинақталған зейнетақы қаражаттарын олардың бұл туралы өтiнiшiнсiз алған Қор, бiр ай мерзiмде олармен зейнетақы шарттарын жасасу немесе олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарын салымшылардың-алушылардың қалауы бойынша басқа қорға ауыстыру туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
      32. Қордың тарату комиссиясы тарату теңгерiмi мен есеп бекiтiлгеннен кейiн жетi күн мерзiмде оларды Комитетке және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тапсыруға мiндеттi.

                5. Таратылатын Қордың активтерiне иелiк ету

      33. Зейнетақы активтерi түгендеу аяқталғаннан кейiн басқа Қорға (Қорларға) берiлуi тиiс.
      3ейнетақы активтерiн өткiзу қабылдау-тапсыру актiсiмен ресiмделедi, онда:
      тапсыру күнгi шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдығы;
      ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн, айналым мерзiмiн, санын (дана), сатып алу бағасын, бiр бағалы қағаздың ағымдағы құнын, пайыздар және дивиденттер бойынша есептелген табысты, "ДЕПО" қосымша шотындағы бағалы қағаздардың жалпы санын көрсете отырып, Қордың тапсыратын бағалы қағаздар тiзбесi;
      банктiң атауын (эмитентiн), депозит сомасын (банктiк депозиттiк сертификаттың көрсетiлген бағасын), депозиттiк шарт (банктiк депозиттiк сертификатты сатып алу) жасасылған күндi, депозит мерзiмiн (банктiк депозиттiк сертификатты өтейтiн күндi), депозит (банктiк депозиттiк сертификат) бойынша сыйақылардың (мүдделердiң) жылдық қойылымын, депозит (банктiк депозиттiк сертификат) бойынша есептелген сыйақыларды (мүдделердi), депозит (банктiк депозиттiк сертификат) бойынша сыйақылардың (мүдделердiң) алынған сомасын көрсете отырып, екiншi деңгейдегi банктердегi тапсырылатын депозиттердiң және банктiк депозиттiк сертификаттардың тiзбесi;

     зейнетақы шартының нөмiрiн, жасалған күнiн көрсете отырып, өздерiнiң 
жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа Қорға ауыстыру туралы Қордың 
тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмде өтiнiш бермеген салымшылар бойынша 
жасалған зейнетақы шарттарының тiзiмi көрсетiледi.

                            6. Қорытынды ережелер     
     
     34. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешілуге жатады.
     
     Төраға

Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.