Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары
(департаменттері) осы бұйрықты меншік нысандарына қарамастан барлық орта кәсіптік оқу орындарына жеткізсін. 3. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ. Лекер) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткізсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді. Министрдің міндетін атқарушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 10 шілде 2000 ж. N 707 бұйрығына қосымша G001245_ Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережесі
1. Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына негізгі және жалпы орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының тұлғаларына, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқық беріледі. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар орта кәсіптік оқу орындарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте, Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекет аралық келісімдермен, шарттармен қабылданады.
2. Орта кәсіптік оқу орындарына оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжатының түпнұсқасын, N 0-86 үлгі бойынша дәрігерлік анықтамасын ( І және ІІ топтағы мүгедектер үшін ДЕЭК-ның қорытындысы), 3х4 мөлшері 4 суретін қоса тіркейді. Еңбек өтілі барлар куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса тіркейді.
Талапкерлер жеке басының куәлігін, төлқұжатын немесе тууы туралы куәлігін немесе оның орнын ауыстыруға болатын құжатын көрсетеді.
Келiсiм (ақылы) негiзiнде оқуға түсушiлердiң өтiнiштерi жеке тiркеледi және есептеледi.
3. Кәсiптiк оқу орнында қабылдау мәселелерiн шешу үшiн қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады, ол өзiнiң жұмысын маусымнан кешiкпей бастауы керек.
4. Өтiнiш беру мерзiмiн, тәртiбiн, қабылдау емтихандарының жүргiзiлу кестесiн оқу орны белгiлейдi. Оқушылар қатарына қабылдау 25 тамызда аяқталуы керек. Өндiрiстен қол үзбей оқуға жоспарланған орындарға түсушiлердi оқушылар қатарына қабылдау 30 қыркүйекте аяқталады.
Өнер және мәдениет мамандықтарына өтiнiш қабылдау 21 маусымнан 20 шiлдеге дейiн, қабылдау емтихандары 21 шiлдеден 10 тамызға дейiн жүргiзiледi.
5. Колледждерге түсушiлер қабылдау емтихандарын мемлекеттiк тiлде немесе ресми қолданылатын тiлде тапсыра алады.
6. Қабылдау емтихандарының түрiн (тестiлеу немесе емтихан билеттерi мен тапсырмалары бойынша) оқу орны шешедi.
7. Қабылдау емтихандары жалпы орта мектептiң оқу бағдарламалары көлемiнде орта мектептiң бiтiрушiлерiне жоғары сатысында үш пәннен, ал негiзгi саты оқушыларына екi пәннен жүргiзiледi. Негiзгi сатыдағылар үшiн қазақ тiлi немесе орыс тiлi, жоғары сатыдағылар үшiн қазақ тiлi немесе орыс тiлi, Қазақстан тарихы пәндерi болуы мiндеттi. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (2-ден көп емес) мамандықтардың ерекшелiктерiне қарай белгiленiп, қабылдау емтихандарының алдында орта кәсiптiк оқу орындары бекiткен бағдарламаға сәйкес жүргiзiледi.
Тестiлеу кезiнде әрбiр пән бойынша 25 сұрақтан болады. Тест тапсырмасының әрбiр дұрыс жауабына 1 ұпай саны беріледi. Арнайы және шығармашылық пәндерден алған "3", "4", "5" деген бағаларды қабылдау комиссиясы тиiстi ұпай сандарына ауыстырады. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша тест сынағынан жалпы саны 30-дан кем ұпай жинаған азаматтар оқушылар қатарына қабылданбайды.
Кешендi тестiлеуге үш пәннен 1,5 ал екi пәннен 1 астрономиялық сағат бөлiнедi.
Дұрыс жауаптардың коды тестiлеу бiткеннен кейiн бiрден iлiнедi. Емтиханның нәтижесi кешендi тестiлеу бiткеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде талапкерлердiң назарына жеткiзiлу керек.
Жалпы бiлiм беретiн мектепте немесе кәсiптiк мектепте /лицейлерде/ шетел тiлiн меңгермеген талапкерлер ол мамандық бойынша белгiленген негiзгi пән болып табылмаса, колледждiң қабылдау комиссиясы белгiлеген басқа пәннен тапсырады.
8. Көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқушылар қатарына қабылдануға:
жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, дәрiгерлiк-санитарлық сарапшы комиссияларының қорытындысы бойынша колледждерде оқу денсаулығына зиянды болмайтын I, II топтағы мүгедектер мен балалық шақтан мүгедектер мен бiлiмi туралы үздiк белгiге бiтiрген құжаты бар тұлғалар (куәлiктер, аттестаттар, дипломдар).
9. Орта кәсiптiк оқу орнымен бiр оқу-тәрбие кешенiне немесе ғылыми-өндiрiстiк-оқу бiрлестiкке (ассоциация) кiретiн мектептер мен кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң) емтихан комиссияларының құрамына орта кәсiптiк оқу орнының оқытушылары енгiзiлген жағдайда олардың бiтiру емтихандарының нәтижелерi қабылдау емтихандарына теңгерiледi.
10. Арнайы немесе шығармашылық емтихандардан "екi" деген баға алған тұлғалар немесе себепсiз емтиханға келмегендер қалған емтихандарға жiберiлмейдi.
11. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
12. Орта кәсiптiк оқу орындарына оқушылар қатарына қабылдау қабылдау комиссиясының ашық мәжiлiсiнде мамандықтар, бөлiмдер, оқыту тiлi бойынша жеке жүргiзiледi.
Азаматтардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген жеңiлдiктерге сәйкес бөлiнген орындарға жеке конкурс болады.
Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiне сәйкес қабылдануға жеңiлдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсырады.
Қабылдау емтихандарынан жинаған ұпайлары тең болған жағдайда артықшылық:
ең бiрiншi кезекте жалпы орта мектептi (лицейдi) үздiк аттестатпен және кәсiптiк мектептi орта мектептiң негiзгi сатысында үздiк дипломмен бiтiргендерге берiледi. Бұл тәртiп кәсiптiк мектептердi (лицейлердi) жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сатысы негiзiнде үздiк бiтiргендерге, алған кәсiбiне сәйкес мамандыққа түскен жағдайда қолданылады.
13. Орта кәсiптiк оқу орны Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың осы Үлгi Ережесiне сәйкес өздерiнiң нақты қабылдау Тәртiбiн меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi, бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларымен келiседi, құжат қабылдаудан бiр ай бұрын баспасөз бетiнде жариялайды.
14. Қабылдау тәртiбi туралы мәлiмдеме, сонымен бiрге қабылдау жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қабылдау комиссиясының шешiмi, емтихандар кестесi, оқушылар қатарына қабылдау мерзiмi түсушiлердiң назарына уақтылы жеткiзiлуi тиiс.
15. Орта кәсiптiк оқу орындары аймақтарда көшпелi комиссиялардың қабылдау емтихандарын меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарының құрылтайшыларымен келiсiп ұйымдастырады.
16. Орта кәсiптiк оқу орындарының қабылдау комиссияларына оқу орнында қабылдау емтихандарынан өткен талапкерлердiң барлығы қабылданып болғаннан кейiн, қалған бос орындарға басқа колледждер мен жоғары оқу орындарынан конкурстан өтпей қалған тұлғаларды белгiленген үлгiдегi анықтама негiзiнде қабылдауға құқық берiледi.
17. Барлық орта кәсiптiк оқу орындары облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармаларына (департаменттерiне) белгiленген үлгi мен мерзiмде жедел статистикалық, ал қабылдау бiткеннен кейiн он күн мерзiм iшiнде колледжге қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзудiң жиынтық мәтiндiк нысандағы есептерiн бередi.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi) белгiленген үлгiде 1 қазанға дейiн қабылдаудың қорытындылары туралы есептi жинақтап, қорытып Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне тапсырады. 18. Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiнде кесiмделмеген мәселелердi колледждердiң қабылдау комиссиялары өздерi шешедi. Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.