Жалпы бiлiм беретiн және мектепке дейiнгі бiлiм ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердi бекiту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 тамызда N 1216 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1839 P991839_ қаулысымен бекітiлген "Тиiстi үлгідегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ереженi бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса тiркелген (1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшалар) жалпы бiлiм беретiн

және мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн 
нормативтiк-құқықтық актiлер:
     1) Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгі ұйымдарының қызметiн 
ұйымдастыру тәртiбi туралы Ережелер;
     2) Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң 
қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы Ережелер;
     3) Қазақстан Республикасы гимназияларының қызметiн ұйымдастыру 
тәртiбi туралы Ережелер;
     4) Қазақстан Республикасының интернаттық бiлiм беру мекемелерiнiң 
қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы Ережелер;
     5) Қазақстан Республикасының арнаулы түзету бiлiм мекемелерiнiң 
қызметiн ұйымдастыру туралы Ережелер;
     6) Қазақстан Республикасы лицейлерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi 
туралы Ережелер бекiтiлсiн.


      2. Жалпы орта бiлiм департаментi (Р. Жұмабекова) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      3. Мемлекеттiк тiркеуден өтпеген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 29 наурыздағы N 258 "Жалпы бiлiм беретiн және мектепке дейiнгi білiм ұйымдарының қызметiн тәртiпке келтiретiн нормативтiк-құқықтық актiлердi бекiту туралы" бұйрығының күшi жойылсын.
      4. Облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары осы бұйрықты барлық аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерi мен ұйымдарына жеткiзсiн .
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.С. Ахметовке жүктелсін.

      Министрдің міндетін атқарушысы
                                           Қазақстан республикасы

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 10.07. N 708 бұйрығымен бекiтiлген 1-қосымша


            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙIНГI
             ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТIБI
                          ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      I. Жалпы ережелер
      1. Осы Ережелер меншiк нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс тәртiбiн анықтайды.
      2. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негiзгi мiндеттерi:
      1) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын тәрбиеленушiлердiң меңгеру үшiн жағдайлар жасау;
      2) тәрбиеленушiлердiң интеллектуалды және жеке басының дамуын қамтамасыз ету;
      3) тәрбиеленушiлердiң психикалық және дене-тұлғалық денсаулығын қорғау және нығайту;
      4) бес-алты жастағы тәрбиеленушiлердiң мектеп алды даярлығын қамтамасыз ету;
      5) тәрбиеленушiлердiң отбасымен қарым-қатынаста болу;
      6) мектепке дейiнгi жастағы балаларды үйiнде тәрбиелейтiн отбасыларына әдiстемелiк, диагностикалық және консультациялық көмек көрсетудi ұйымдастырады.
      3. Мектепке дейiнгi ұйымдар өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ , Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, басқа нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Мектепке дейiнгi ұйымдардың өзара айырмашылықтары:
      1) тәрбиеленушiлердiң жас құрамы бойынша: бөбекжайлар, балалар бақшасы, бөбекжай-бақша;
      2) қызмет ету бағыты бойынша:
      жалпы дамытушы: бөбекжай-бақша, жалпы үлгiдегi балалар бақшасы, тәрбиеленушiлердiң дамуының бiр немесе бiрнеше бағытын басымдықпен жүзеге асыратын мектепке дейiнгi оқу-тәрбие орталығы (дене-тұлғалық, интеллектуалдық, эстетикалық және басқа дамуын қамтамасыз етедi), тағы басқалар;
      түзету ұйымдары: дене-тұлғалық және психикалық дамуында ауытқу бар балаларға арналған бөбекжай-бақша, балалар бақшасы (сөйлеу, көру, есiту, ақыл-ой, қозғалу-тiрек мүшелерiнiң ауыр не жеңiлдеу кемiстiгi бар, жиi әрi ұзақ ауыратын балалар, психикалық дамуы баяулаған, туберкулезбен ауырған және тубаурулармен қарым-қатынаста болған балалар);
      құрама: жалпы даму және түзету қызметтерiн қоса атқаратын балалар бақшасы және бөбекжай-бақша.
      Мектепке дейiнгi жаңа үлгiдегi және құрылымдағы ұйымдар құрылуы мүмкiн;
      3) жұмыс тәртiбi бойынша: күндiзгi, тәулiк бойы, қолайлы күн тәртiбiнде жұмыс iстейтiн.
      5. Мектепке дейiнгi ұйымдар мемлекеттiк және мемлекеттiк емес (Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген жеке меншiк, қоғамдық бiрлестiктердің) болуы мүмкiн.
      6. Мектепке дейiнгі ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады, қайта құрылады және таратылады.
      7. Мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарды Қазақстан Республикасының білiм жүйесiндегі орталық атқару органының келiсiмiнсiз жекешелендiруге тыйым салынады.
      8. Мектепке дейiнгi ұйымдарының бiлiм беру қызметi құқына лицензияны облыстардың, астана мен республикалық маңызы бар қалалар бiлiм басқармалары (департаменттерi) бередi.
      9. Мектепке дейiнгі ұйымдар 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңының және осы Ережелердiң негiзiнде құрылтайшысы бекiтетiн өз Жарғысын дайындайды және бекiтедi.
      10. Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының өтiнiші бойынша ақылы бiлiм беру, сауықтандыру және тағы басқа қызметтер көрсетедi. Ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетудi iске асыратын мектепке дейiнгi ұйым мен тәрбиеленуші, оның ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерi арасындағы қарым-қатынас бiлім беру деңгейiн, оқу мерзiмiн, оқуға төленетiн ақы мөлшерiн, өзге де жағдайларды белгiлейтiн шартпен реттеледi. Сонымен бiрге мектепке дейiнгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартымен айқындалатын негiзгі бiлiм беру, сауықтандыру және басқа қызметтерiн қысқартуға және сапасын төмендетуге мүлдем тыйым салынады.
      11. Мектепке дейiнгi ұйым азық-түлiктi тұтынудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерiне сәйкес балалардың теңгермелi тамақтануларын қамтамасыз етедi. Мектепке дейiнгі ұйым балаларды тамақтандыруды өзiнiң жұмыс тәртiбiн ескере отырып ұйымдастырады, оның жиiлiгі Жарғымен белгiленедi, сонымен бiрге мектепке дейiнгi ұйымның және ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың арасында жасалған шартпен нақтыланады.
      12. Мектепке дейiнгі ұйымдар заңды тұлға болып саналады, оның мүлкi, мөрi және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбасы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкте есепшоты болады.

      2. Мектепке дейiнгi ұйымға бала қабылдау
      13. Мектепке дейiнгі ұйымға бала қабылдау тәртiбiн (өтiнiштердi тiркеу, мектепке дейiнгі ұйымға қабылдау үшiн жолдама ресiмдеу және беру) құрылтайшы белгілейдi.
      14. Баланы мектепке дейiнгі ұйымға құрылтайшының жолдамасы, баланың даму тарихының көшiрмесi, жұқпалы аурулармен араласы жоқтығы туралы анықтама негiзiнде меңгерушi қабылдайды.
      Баланы түзету сипатындағы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдарда психологтiк-дәрiгерлiк-педагогикалық комиссияның қорытындысы тапсырылады, сол сияқты туберкулезбен ауыратын, тубаурулармен қарым-қатынаста болған балаларға арналған мектепке дейiнгi санаторлық ұйымдарға аумақтық емдеу-профилакторий ұйымдарының қорытындысын тапсыру қажет.
      15. Баланың мектепке дейiнгі ұйымдағы орны мектепке дейiнгі ұйым мен ата-ананың немесе олардың орнындағы адамдардың арасындағы жасалған Шартқа сәйкес сақталады.
      16. Мектепке дейiнгі ұйым мен ата-ана немесе олардың орнындағы адамдар арасында жасалған Келiсiм шартта белгiленген жағдайларға сәйкес немесе баланың денсаулығы мектепке кейiнгi ұйымда тәрбиеленуiне бөгет болатындығы жөнiндегі дәрiгерлiк шешiм негiзiнде меңгерушi құрылтайшының келiсiмi бойынша баланы мектепке дейiнгі ұйымнан шығарады.
      Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар баласының шығарылатындығы

туралы 10 күн бұрын хабарландырылады.
     17. Жалпы дамыту сипатындағы мектепке дейiнгi ұйымға созылмалы, 
жұқпалы дертi бар, тiрек-қозғалыс мүшелерi ауыр кемiстiктi және ақыл-есi 
кем балалардан басқа бiр жастан жетi жасқа дейiнгі балалар қабылданады.
     Басқа ауытқуы бар балаларды түзету жұмыстарын жүргiзуге жағдай 
жасалған жалпы дамыту бағытындағы мектепке дейiнгі ұйымдарға қабылдауға 
болады.
     18. Мектепке дейiнгі ұйымда құрдастардың немесе әр жастағы балалардың 
топтары құрылуы мүмкiн.
     19. Жалпы дамытушы үлгiсiндегi мектепке дейiнгі ұйымда топтардың 
толымдылығы төмендегідей болып белгіленедi:
     - 1 жастан 3 жасқа дейiн - 20 баладан артық емес;
     - 3 жастан үлкен, одан да үлкен - 25 баладан артық емес.
     20. Түзету үлгiсiндегі мектепке дейiнгi ұйымдарда топтардың 
толымдылығы балалардың санаты мен олардың жасына (3 жасқа дейiн және 3 
жастан үлкен) байланысты анықталады және тиiсiнше төмендегi құрамда болады:
     - сөйлеу қабiлетi ауыр бұзылған балалар үшiн - 10-ға дейiн - 12-ге 
дейiн;
     - сөйлеу қабiлетi фонетикалық-фономатикалық тұрғыда бұзылған 3 жастан 
үлкен балалар үшiн - 15 балаға дейiн;
     - керең балалар үшiн - екi топ үшiн де - 8 балаға дейiн;
     - нашар еститiн балалар үшiн - 10 баладан 12 балаға дейін;
     - соқыр балалар үшiн - екi топ үшiн де - 10 балаға дейiн;
     - нашар көретiн балалар үшiн, амблиопиялы, қыли көздi балалар үшiн - 
10-нан 15 балаға дейiн;
     - қозғалу-тірек аппараты бұзылған балалар үшiн - 10-ға дейiн және 
12-ге дейін;
     - интеллектi бұзылған (ақыл-есi кем ) балалар үшiн - 10-ға дейiн, 
12-кі балаға дейiн;
     - психикалық дамуы баяулаған балалар үшiн - 6-ға дейiн және 10-ға 
дейiн;
     - тек қана үш жастан үлкен ақыл-есi едәуiр кем балалар - 8 балаға 
дейiн;
     - туберкулез интоксикациясына шалдыққан балалар үшiн - 15 балаға 
дейiн, 20 балаға дейiн;
     - жиi ауыратын балалар үшiн - 15 балаға дейiн - 20-ға дейiн;
     - ауыр кемiстiгi бар балалар үшiн (2 және одан артық кемiстiгі бар) -
екi топ үшiн де - 8 баладан;
     - дамуында басқа ауытқулары бар балалар үшiн - 10 балаға және 15 
балаға дейiн.
     21. Мектепке дейiнгі ұйымға балаларды тұрақты немесе уақытша қабылдау 
бос орын болған жағдайда жыл бойы жүргiзiледi. Мектепке дейiнгі ұйымда 
балалардың тәрбиесi үшiн төлем ақы шартпен белгiленген тәртіп бойынша 
төленеді.
     
     3. Мектепке дейiнгі ұйымдардағы тәрбиелеу-бiлiм беру процесi


      22. Мектепке дейiнгі ұйымда тәрбиелеу-бiлiм беру қызметi мектепке дейiнгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары негізiнде жасалған оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және мектепке дейiнгi ұйымның Жарғысымен анықталады.
      23. Мектепке дейiнгi ұйым тәрбиелеу-бiлiм беру процесiнiң тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн (баланың шығармашылық, рухани және дене күшiнiң мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк негiздерiн және салауатты өмiр салтын қалыптастыру) педагогтарға Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен, тәрбиенiң, оқытудың, сауықтырудың жаңа технологияларын енгiзу, балама, авторлық бағдарламаларды таңдап пайдалану құқығын бередi.
      24. Мектепке дейiнгі ұйым тәрбиеленушiлерiнiң оқу жүктемесi, сабақтың тәртiбi мен ұзақтығы мемлекеттiк жалпы мiндеттi мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту стандарттар негізiнде әзiрленген мектепке дейiнге мекеме бекiткен ережелермен белгiленедi. Сабақ кестесiнде үзiлiстiң ұзақтығы балалардың белсендi демалысын ұйымдастыру үшiн жеткiлiктi болуы қарастырылады.
      25. Мектепке дейiнгі ұйым тәрбиелеу - оқыту мiндеттерiн тиiмдi шешу үшiн педагогикалық кеңес құрады, ол Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органымен бекiтiлетiн Мектепке дейiнгі ұйымның педагогикалық кеңесi туралы ережесi бойынша әрекет етедi.

      4. Тәрбие-бiлiм беру процесiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
      26.Тәрбие-бiлiм беру процесiнiң негізгi қатысушылары балалар, ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар, тәрбиешiлер және басқа педагогтар болып табылады.
      27. Мектепке дейiнгі ұйымда әр балаға мынадай кепiлдiктер берiледi:
      1) оның өмiрi мен денсаулығын қорғау;
      2) баланың ар-намысын қорғау;
      3) барлық күш көрсетудiң, моральдық немесе психикалық қысымның барлық түрiнен қорғау;
      4) оның мемлекеттiк жалпы мiндеттi мектепке дейiнгі тәрбие мен бiлiм беру стандарттарына сәйкес шығармашылық қабiлетi мен қызығуларын дамыту;
      5) сапалы мектепалды даярлықтан өтуi;
      6) дамуындағы бар кемiстiгiн түзету үшiн бiлiктi көмек алу;
      7) баланың бейiмдiлігiне, қабiлетiне, тiлегiне және денсаулығына сәйкес қосымша бiлiм беру, сауықтыру қызметтерiнiң көрсетiлуi.
      28. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың мынадай құқықтары бар:
      1) мектепке дейiнгi ұйымдарды баланың денсаулығының жайына, жеке дара ерекшеліктерi мен бейiмдiлігіне сәйкес таңдау;
      2) ата-аналар комитетiнiң, мектепке дейiнгi ұйым Кеңесiнiң, педагогикалық кеңесiнiң жұмысына қатысу;
      3) өз балаларының тәрбие және бiлiм алуының, тән саулығының, моральдық, психикалық денсаулығының деңгейiне қатысты ақпар алу;
      4) мектепке дейiнгі ұйымның психологтiк-дәрiгерлiк-педагогикалық мәслихатынан балаларды тәрбиелеу және оқыту проблемалары бойынша кеңес алу;
      5) мектепке дейiнгi ұйымның Жарғысына, мектепке дейiнгі ұйым мен ата-ана немесе олардың орнындағы адамдар арасындағы келiсiм-шартына сәйкес балаға дұрыс қарауды, күтудi, тәрбиелеудi және дамытуды талап ету;
      6) мектепке дейiнгi ұйымда балалармен жүргізiлетiн жұмысты және қосымша қызмет түрлерiн ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
      7) тәрбиелеумен және оқытудың мәселелерi бойынша консультациялық көмек алу.
      29. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың мiндеттерi:
      1) балалардың өмiрi үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасау, олардың интеллектуалдық және дене-тұлғалық мүмкiндiктерiн дамытуды және адамгершiлiк тұрғысында қалыптасуын қамтамасыз ету;
      2) тәрбие-бiлiм беру процесiнде мектепке дейiнгі ұйымның педагогтарымен ынтымақтасу және бес (алты) жастағы баланың мектепалды даярлығын қамтамасыз ету;
      3) балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарға баруын қамтамасыз ету;
      4) баланы мектепке дейiнгі ұйымда тәрбиелеу ақысын уақытында төлеп отыру.
      30. Мектепке дейiнгі ұйымның тәрбиешiсi және басқа педагогтары мынадай құқықтарға ие:
      1) тиiстi кәсiби бiлiмi болған жағдайда педагогикалық қызметпен айналысу;
      2) олардың кәсiби қызметтерiне тиiстi жағдай жасалуы;
      3) мектепке дейiнгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарын орындаған жағдайда қызметiнiң және ұйымдастырудың тәсiлдерi мен нысандарын таңдау еркiндiгі;
      4) ғылыми және практикалық зерттеулердiң тақырыбы мен олардың нәтижелерiн педагогикалық практикада қолдану нысандарын таңдау еркiндiгi;
      5) мектепке дейiнгі ұйымның Кеңесiнiң, педагогикалық кеңесiнiң жұмысына қатысу;
      6) өндiрiстен қол үзiп, құрылтайшы қаражаты есебiнен бес жылда бiр рет ұзақтығы 4 айдан артық емес кәсiби бiлiктiлiгін арттыру курсынан өту;
      7) қызмет лауазымының өсуi, санатын көтеру мақсатында аттестациядан мерзiмiнен бұрын өту;
      8) Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген тәртiпте жылсайын ақылы еңбек демалысын алу;
      9) кәсiби ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуы;
      10) педагогикалық қызметiнiң жетiстiктерi үшiн материалдық және

моральдық қолдау көрсету және ордендермен, медальдармен, құрметтi 
атақтармен, белгiлермен, грамотамен марапаттау.
     31. Мектепке дейiнгі ұйымның тәрбиешiсi және басқа педагогтарының 
мiндеттерi:
     1) балалардың денсаулығы мен өмiрiнiң қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, 
оларды салауатты өмiр салтының әдет-дағдыларына үйрету;
     2) тәрбиеленушiлердiң мектепке дейiнгі тәрбие мен оқытудың 
мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарында көрсетiлген деңгейде дамуын 
қамтамасыз ету;
     3) тәрбиеленушiлердiң дара және шығармашылық қабiлеттерiн анықтау, 
дамыту;
     4) өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгін арттыру;
     5) педагогикалық этика нормаларын сақтау;
     6) тәрбиеленушiлердiң ар-намысын құрметтеу;
     7) салауатты өмiр салтын ұстану және оны ата-аналар мен 
тәрбиеленушiлер арасында насихаттау;
     8) медициналық байқаудан уақытында өтіп тұру.
     32. Мектепке дейiнгі ұйымның тәрбиешiсi және басқа педагогтары 
мектепке дейiнгі ұйымның тәрбиеленушілердiң өмірiнiң және денсаулығын 
қорғау үшiн дербес жауап бередi.
     
     5. Мектепке дейiнгi ұйымды басқару


      33. Мектепке дейiнгi ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Ережелерге және мектепке дейiнгі ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      34. Алқалы басқарудың нысандары мектепке дейiнгі ұйымның Кеңесi, жалпы жиналысы, педагогикалық кеңес, қамқорлық кеңес болып табылады.
      35. Мектепке дейiнгi ұйымның қызметiне құрылтайшы тағайындайтын оның меңгерушiсi тiкелей басшылық жасайды.
      36. Мектепке дейiнгі ұйымның меңгерушiсi:
      1) меңгерушi мектепке дейiнгі ұйымның атынан iс-әрекет жасайды, барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда, кәсiпорындарда оның атынан өкiлдiк жасайды;
      2) қаражаттарға иелiк жасайды, шарт жасасады, сенiм хаттар бередi, банктерде есеп және басқа шоттар ашады;
      3) өзiнiң құзырының шегінде мектепке дейiнгi ұйымның қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, сөгiс бередi;
      4) кадрларды iрiктеу және орналастыруды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлердi қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарын пайдаланады;
      5) белгiленген тәртiпте қызметкерлердi аттестациялау жұмысын ұйымдастырады; аттестация қорытындыларын кадрларды орналастыруда ескередi;
      6) мектепке дейiнгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарының және санитарлық-гигиеналық нормаларының талаптарына сәйкес мектепке дейiнгi ұйымның тәрбиелеу-бiлiм беру процесiн жүзеге асыру үшiн тиiстi жағдай жасайды;
      7) отбасының қажеттiлiгін, балалардың мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған қосымша қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      8) бекiтiлген шағын учаскелер шегiнде мектепке дейiнгі жастағы балалардың есебiн алуды ұйымдастырады;
      9) баланы мектепке дейiнгі ұйымға қабылдау кезiнде ата-анасын немесе олардың орнындағы адамдарды мектепке дейiнгi ұйымның Жарғысымен, тәрбие-бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы туралы лицензиясымен және басқа оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру және қабылдау тәртiбiн үйлестiрушi құжаттарымен таныстырады;
      10) заңмен белгiленген тәртiпте жауап бередi:

     тәрбиеленушiлердiң, мектепке дейiнгi ұйым қызметкерлерінiң құқықтары 
мен еркiндiктерiнiң бұзылғаны үшiн;
     өз құзырына жүктелген мiндеттердiң орындалмағаны үшiн;
     мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпы мiндеттi 
стандарты талаптарының орындалмағаны үшiн;
     оқу-тәрбие процесiнiң барысындағы тәрбиеленушiлер мен мектепке 
дейiнгi 
ұйым қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығы үшiн;
     қаржы-шаруашылық қызметiнiң жайы, оның iшiнде материалдық және 
ақшалай қаражаттың өз мақсатында жұмсалмағаны үшiн.
     37. Мектепке дейiнгі ұйымның қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары 
Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына қайшы келмейтiн еңбек шартымен 
реттеледi.
     
     6. Мектепке дейiнгі ұйымның қаржылық және материалдық-техникалық 
                                 қызметi


      38. Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен мектепке дейiнгі ұйымның үлгiсiне байланысты бiр тәрбиеленушi балаға жұмсалатын қаржы есебiнен анықталатын, мемлекеттiк және жергiлiктi нормативтер негізiнде жергілiктi бюджеттерден, сонымен бiрге бюджеттен тыс қаржылар есебiнен жүзеге асырылады.
      39. Мектепке дейiнгі мемлекеттiк ұйымның бюджеттен тыс қаржыландыру көздерi мыналар болуы мүмкiн:
      1) мектепке дейiнгі ұйымда балаларды тәрбиелеу үшiн төленетiн ата-аналардың төлем ақысы;
      2) балаларға, ата-аналарға және тұрғындарға қосымша ақылы қызмет көрсетуден түскен түсiмдер;
      3) үй-жайларды, ғимараттарды, жабдықтарды Қазақстан Республикасының күшi бар Заңдарымен белгiленген тәртiпте жалға беруден түскен түсiмдер;
      4) мемлекеттiк, мемлекеттiк емес кәсiпорындары, ұйымдар мен мекемелердiң, жеке тұлғалардың ерiктi жарналары және тапсырылған материалдық құндылықтары;
      5) Қазақстан Республикасы заңдарында қайшы келмейтiн басқа түсiмдер.
      40. Мемлекеттiк емес мектепке дейiнгі ұйымын қаржыландыру, бiлiм беру қызметiн сату арқылы, құрылтайшы қаржысы мен Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады.
      41. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымды ұстауға жұмсалатын қаражат есебін белгіленген тәртіп бойынша орталықтандырылған бухгалтериялар немесе мектепке дейінгі ұйымның өзі жүргізеді.
      42. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымының

материалдық-техникалық базасын жасау және оны дамыту Қазақстан 
Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке және осы Ережелерде 
көрсетілген қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
     43. Әкімшілік, еңбек ұжымының әрбір мүшесі заңдылықтарды, қаржы 
тәртібін сақталуы, есептер дұрыс болуы, артық қосып жазу және мемлекеттік 
есеп беруді басқаша бұрмалағаны үшін өздері дербес жауап береді және 
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда жауапкершілікке 
тартылады.
     44. Мектепке дейінгі ұйымдағы есеп, есеп беру және бақылау Қазақстан 
Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
     
                                     Бiлiм және ғылым Министрлiгінің
                                       2000 жылғы 10 шiлдедегi
                                     N 708 бұйрығымен 2 қосымша
     
        Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң
              қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы Ережелер.
     
     1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Ережелер меншiк нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегi жалпы бiлiм беретiн мектептерi қызметiнiң тәртiбiн анықтайды.
      2. Жалпы бiлiм беретiн мектеп мектепалды даярлық, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
      Жалпы бiлiм беретiн мектеп үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарты шегiнде орта бiлiмдi тегiн алу құқығы мен мүмкiндiгiне мемлекеттiк кепiлдiк бередi.
      3. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң қызметi бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт аясында: тегiн бiлiм беру, бiлiм беру процесiнде: үздiксiздiк, меншiк түрлерiне қарай: мекемелердiң әр түрлiлiгi және қызмет бағытына қарай: демократиялық, ғылымилық және зиялылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Жалпы бiлiм беретiн мектеп өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен қарарларын, Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган мен бiлiм берудi басқару органдарының шешiмдерiн және осы Ережелердi басшылыққа алады.
      5. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң мақсаты - жалпы бiлiм бағдарламаларындағы бiлiм мазмұнының мiндеттi деңгейiн игерту негiзiнде оқушылардың жалпы ғылыми, жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру, оқушыларды қоғамдық өмiрге әлеуметтiк жағынан бейiмдеу, кәсiптi еңбек түрiн саналы түрде таңдауға, меңгеруге негiз қалау, азаматтыққа, елжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
      6. Жалпы бiлiм беретiн мектептер оқыту мен тәрбиелеудi жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттiң мүддесiн көздей отырып жүргiзедi, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдайларды, оқушылардың өздiгiнен қосымша бiлiм алуына қажеттi мүмкiндiктердi жасайды.
      Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп қосымша бiлiм беру қызметтерiнiң түрлерi мен нысандарын, оның iшiнде ақылыларын Қазақстан Республикасы Үкiметi анықтаған тәртiпке сай жүргiзедi.
      7. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және дiни қозғалыстардың ұйымдық құрылымдарын ашуға жол берiлмейдi.
      8. Жалпы бiлiм беретiн мектептер мектепалды даярлығының, жалпы бiлiмнiң сапасына, оның білiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартымен сәйкестiгiне, бiлiм беру процесiндегi ұйымдастыру түрлерiнiң, әдiстерi мен құралдарының оқушылардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшелiктерiне, бейiмдерiне, қабiлеттерiне, мүдделерiне, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау талаптарына сәйкес болуына заңды түрде жауап бередi.
      9. Жалпы орта бiлiмнiң түсiнiктiлiгi мен көпнұсқалылығын қамтамасыз ету және азаматтарды бейiмiне, қабiлетiне, қызығушылығына, денсаулық жағдайына қарай оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу мақсаттарында Қазақстан Республикасы заңында белгiленген тәртiпте бекiтiлген нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес жұмыс iстейтiн әр түрлi бiлiм беру мектептерi, мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар құрылуы мүмкiн. <*>
      Жалпы бiлiм беретiн мектептiң түрлерi нақты мiндеттердiң, бiлiм мазмұнына қойылатын талаптардың, бiлiм беру процесiндегi, қызмет ету тәртiбi ерекшелiктерi мен қаржыландырылу жағдайларына қарай құрылады.
      Ескерту: 9-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
               2001 жылғы 20 шілдедегі N 595 бұйрығымен. V011632_

      10. Жеке тұлғаның қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып жалпы бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыру төмендегідей нысандарда жүргiзіледi: күндiзгі, күндiзгi-сырттай (кешкi), отбасында бiлiм алу, өздiгiнен бiлiм алу, экстернатта. Жалпы бiлiм беретiн мектепте бiлiм алудың әр түрлi нысандарын ұштастыруға жол берiледi.
      Нақты негiзгi жалпы бiлiм беру бағдарламалары шегiнде барлық түрде бiлiм алу үшiн бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарты iске асырылады.
      Отбасында бiлiм алу нысанында 18 жасқа дейiнгi денсаулығының жағдайына байланысты мектепте сабаққа қатыса алмайтын 1-11 сыныптарындағы науқас балаларды жеке оқытуды жүзеге асырады.
      Оқыту жағдайларына қарай шағын комплектілi, интернат типтес, ерекше тәрбие беретiн арнаулы мектептер, ақыл-ойы мен дене бiтiмi дамуында түрлi ауытқулары бар балаларға арналған түзету ұйымдары, аурухана жанындағы мектептер, "мектеп-балалар бақшасы" құрылады.
      11. Жалпы бiлiм беретiн мектептер торабын қалыптастыру халықтың бiлiм алу қажеттiлiктерiн барынша қанағаттандыру мақсатында осы қызметтi реттеп отыратын бiлiм беру басқармалары мен жергiлiктi органдар нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң қызметiн ұйымдастыру

      12. Жергiлiктi орынға бағынышты мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердi тиiстi облыс, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi құрады. Республикаға бағынышты мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердi Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы, салалық министрлiктер мен ведомстволардың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi құрады.
      Ведомстволарға бағынышты мемлекеттiк жалпы білiм беретiн мектептердi жергілiктi әкiмшiлiктер мен бiлiм беру органдарының келiсiмiмен кәсiпорындар мен ұйымдар құрады.
      13. Мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердi олардың құрылтайшылары құрады, қайта құрады және өз Жарғысына сәйкес таратады.
      14. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бiлiм беру процесiн дайындауға бағытталған қаржы-шаруашылық қызметiнде заңды құқыққа ие болуы облыстық, Астана, Алматы қаласы әкiмдерiнiң тиiстi шешiм қабылдауы мен оның тiркелген сәтiнен басталады.
      15. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң бiлiм беру қызметiне құқы оған лицензия берiлген сәттен басталады.
      16. Жалпы бiлiм беретiн мектеп Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiпке және тиiстi Ережелерге сәйкес аттестациядан өтедi.
      17. Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта құрылады немесе таратылады.
      18. Жалпы білiм беретiн мектептер жоғары оқу орындарымен келiсiмдер жасап, олармен оқу-тәрбие кешендерiне бiрiгуге және басқа да ғылыми, өндiрiстiк мекемелермен, ұйымдармен, кәсiпорындармен оқу-ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктер (ассоциация) құруға құқылы.
      19. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету штаттағы немесе жалпы білiм беретiн мектепке денсаулық сақтау органдары арнайы бекiткен медицина қызметкерiне жүктеледi. Ол әкiмшiлiкпен және педагогикалық қызметкерлермен бiрге оқушылардың денсаулығына, өсiп дамуына, емдеу-профилактикалық шараларының өткiзiлуiне, санитарлық-гигиеналық нормалардың, күн тәртiбiнiң сақталуына, оқушылардың тамақтануының сапасына жауап бередi.
      20. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру жергiлiктi өкiметке жүктеледi Жалпы бiлiм беретiн мектепте тамақтану орны болуы тиiс.
      21. Сыныптағы немесе топтағы оқушылар саны бастауыш мектепте 25 адамнан, ал негiзгi және орта мектепте 30 адамнан, лицейлік және гимназиялық сыныптарда (7-сыныптан бастап) 25 адамнан аспауы керек, компенсациялық оқыту сыныптарында - 20 адамнан аспауы керек. <*>
      Тиiстi жағдайлар мен қаражат бар болса, ұзартылған күн тобындағы балалар саны жергiлiктi басқару органдарының шешiмiмен одан да азаюы мүмкiн.
      Ескерту: 21-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
               2001 жылғы 20 шілдедегі N 595 бұйрығымен. V011632_

      22. Оқу орыс тiлi немесе басқа да ұлт тiлдерiнде жүретiн жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 1-11 сыныптарында қазақ тiлiн, оқу қазақ тілi және басқа да ұлт тiлдерiнде жүретiн жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 2-11 сыныптарында орыс тiлiн, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң барлық типтерiндегi шет тiлдерiн 2-11 сыныптарында, еңбекке баулу пәнiн 5-11 сыныптарда, дене шынықтыруды 10-11 сыныптарда, информатика мен есептеу техникасы пәндерiн 7-11 сыныптарда оқыту балаларды екi топқа бөлу қарастырылады: жалпы бiлiм беретiн қалалық мектепте бала саны 25, ал ауылдық жерде 20-дан асқан жағдайда сондай-ақ лицейлік және гимназиялық сыныптарда профильді және арнаулы пәндер бойынша, гимназиялық сыныптарда шет тілдерін оқығанда үш топқа бөлiнедi. <*>
      Аз контингенттi немiс, поляк, корей және басқа ұлт өкiлдерi оқушыларының ана тiлiнде оқуына мүмкiндiк беру үшiн 1-9 сыныптарда 10 адамнан кем емес топтар құруға болады.
      Ескерту: 22-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
               2001 жылғы 20 шілдедегі N 595 бұйрығымен. V011632_

      23. Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) тiлегiн ескере отырып жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдарының келiсiмiмен жалпы бiлiм беретiн мектептерде теңгеру сыныптарын( теңгеру сыныптары - балалардың жалпы бiлiм беретiн бағдарламаларды игеруде кездесетiн қиындықтарды жоюға, олардың ерекшелiктерiне барабар, бiлiм беру мекемесi жағдайында бейiмделуден тыс қалмауын ескертетiн, тәрбиелеуге және оқытуға тиiстi жағдай жасау болып табылады), сондай-ақ дамуында ауытқуы бар балаларға арналған арнаулы түзету (коррекциялық) сыныптары ашылады. Балалар бұл сыныптарға ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдердiң келiсiмiмен ғана психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар берген қорытынды негiзiнде жiберiледi.

      3. Бiлiм беру процесi

      24. Жалпы бiлiм беретiн мектептер оқыту процесiн бiлiм берудiң үш сатылы деңгейлi жалпы бiлiм беру бағдарламаларымен жүзеге асырады:
      1 саты - жалпы бастауыш бiлiм (игерудiң кесiмдi мерзiмi - 4 жыл);
      2 саты - жалпы негiзгi бiлiм (игерудiң кесiмдi мерзiмi - 5 жыл);
      3 саты - жалпы орта (толық) бiлiм (игерудiң кесiмдi мерзiмi 2-3 жыл).
      25. Емдiк-әлеуметтiк олқылықты толықтыратын, бiлiм мен кәсiптiк дайындықты қамтамасыз ететiн мектептердiң оқушылары үшiн жалпы бiлiм бағдарламаларын игерудiң кесiмдi мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
      26. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiржылдық метепалды даярлығы сыныптары ашылуы мүмкiн. Бес (алты) жастағы балалардың мектепалды даярлығы сыныптарының негiзгi мiндеттерi мыналар: балаларды мектепке даярлау; балалардың дене және психикалық саулығын қорғау және нығайту; балалардың интеллектуалды және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, олардың көңiл күйiнiң жайлы болуына қамқорлық жасау; балалардың дамуындағы кемiстiгiн түзету, мұқтаждарына жәрдем көрсету; балалардың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшiн отбасыларымен қарым-қатынас орнату.
      27. Жалпы бастауыш бiлiм (1 саты) оқушының оқу, жазу, есептеу, оқу әрекетiнiң негiзгi iскерлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерiн, оқу әрекетiнде өзiн-өзi бақылаудың, сөйлеу мен жүрiс-тұрыс мәдениетiнiң қарапайым дағдыларын, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының алғашқы негiздерiн игертудi қамтамасыз етедi.
      28. Жалпы негiзгi бiлiм (2 саты) арнаулы пәндiк бiлiм негiздерiн қалайды, оқушының жеке тұлға ретiнде қалыптасуына, оның қызығушылығын, қабiлетiн әлеуметтiк бейiмделуiне қарай дамытуға, базалық бiлiм алуына жағдай жасайды.
      Бiлiм беру ұйымдарында өндiрiстен қол үзiп оқу, жалпы негiзгi бiлiмдi алу мерзiмi 18 жаспен шектеледi. Жалпы негiзгi бiлiм беру жалпы орта (толық), кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм алудың базасы болып саналады.
      29. Жалпы орта (толық) бiлiм ғылым негiздерi бойынша жалпы бiлiм дайындығының қорытындылаушы кезеңi болып саналады, оқушылардың тұрақты танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуды, саралап оқыту негiзiнде өз бетiнше оқу әрекеттерi дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етедi.
      Жалпы бiлiм берудiң бұл сатысында оқушының қызығушылығы мен қабiлетiн дамытуға, кәсiптiк бағдарын айқындауға бағытталған, оқушының өз таңдауы бойынша бағдарлы оқыту жүзеге асырылады.
      30. Жалпы бастауыш және жалпы негiзгi бiлiм сатыларындағы әрбiр оқу жылындағы үш не одан да көп пәндер бойынша бiлiм беру бағдарламасын игере алмаған 1 сынып оқушыларынан басқа оқушылар сыныпта қайта оқуға қалдырылады, не ата-аналарының қалауына қарай теңгеру сыныптарына ауыстырылады немесе оқуын отбасында білiм алу түрiнде жалғастырады. 1-2 пән бойынша оқу жылы қорытындысында академиялық "қарызы" бар бастауыш сатыдағы оқушылар келесi сыныпқа жазғы тапсырмаларды орындап, емтихан тапсырған жағдайда ғана көшiрiледi.
      31. Жалпы негiзгi, жалпы орта (толық) бiлiмнiң бағдарламаларын игеру Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртiппен өткiзiлетiн мiндеттi қорытынды аттестациямен аяқталады.
      Жалпы бiлiм беретiн мектептер оқытудың түрлерiн, құралдары мен әдiстерiн Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңы мен өзiнiң Жарғысына сәйкес өзi таңдайды.
      32. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқыту процесiн ұйымдастыру мен оқу-тәрбие процесiнiң жоспары оқу жоспары негiзiнде құрылып, жылдық күнтiзбелiк оқу кестесi мен сабақ кестелерi арқылы реттеледi.
      33. Нақты жалпы бiлiм беретiн мектептегi бiлiм мазмұны бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарты ескерiлiп жасалған бағдарламалар мен оқу жоспарлары негiзiнде анықталады.
      Мемлекеттiк базистiк оқу жоспарындағы пәндер бойынша бағдарлама, оқулық, оқу-әдiстемелiк құралдар жасауды Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган қамтамасыз етедi.
      Базистiк оқу жоспарының вариативтiк бөлiгi құрамына кiретiн, нақты жалпы бiлiм беретiн мектептiң ерекшелiктерiн айқындайтын оқу пәндерi бойынша бағдарламаларды сол мектептiң өзi жасауына құқығы бар.
      34. Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы: мектепалды даярлығы сыныпта - 32 оқу аптасы, бiрiншi сыныпта 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасы. Оқу жылы бойында 1-11 сыныптарда күзгi демалыс - 8 күн (5-12 қараша), қысқы демалыс - 10 күн (30 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса), көктемгi демалыс - 12 күн (21 наурыздан 1 сәуiрдi қоса) болып бөлiнедi.
      Мектепалды сыныптарда демалысы күзгi - 8 күн ( 5-12 қараша), қысқы демалыс - 14 күн (28 желтоқсаннан - 10 қаңтар), көктемгi демалысы - 15 күн (21 наурыздан - 4 сәуiрдi қоса) болып белгiленедi.
      Мектепалды даярлығы сыныптарында күзгi демалыс - 8 күн (5-12 қараша), қысқы демалыс - 14 күн (28 желтоқсаннан - 10 қаңтарды қоса), көктемгi демалыс - 15 күн (21 наурыздан - 4 сәуiрдi қоса) болып бөлiнедi.
      Бiрiншi сыныпқа 3-шi тоқсанның ортасында қосымша демалыс аптасы берiледi, оның басталуы мен аяқталу мерзiмiн жергiлiктi бiлiм басқармалары анықтайды.
      Тиiстi бiлiм басқармаларының шешiмiмен лицей, гимназия т.с.с. нақты мектептерде оқу жылы iшiндегi демалыс мерзiмдерi жарты жылдық циклмен оқытуға немесе басқа да себептерге байланысты өзгертiлуi мүмкiн.
      Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзiмдерiн тек Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi.
      Мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердегi жылдық күнтiзбелiк кестесi сол ұйымның, не сол оқу орнының Жарғысымен анықталады.
      35. Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi сабақ кестесiн сол мектептiң өзi жасап, бекiтедi. Сабақ кестесiнде оқу сабақтарының күнделiктi саны, ұзақтығы және ретi көрсетiледi.
      Мектептерде сабақтың ұзақтығы 45 минут /компенсациялық оқыту сыныптарында - 40 минуттан артық емес/. 1 сынып оқушыларының мектеп талабына бейiмделу процесiн жеңiлдету мақсатында оқу жүктемесiн бiртiндеп өсiру арқылы оқу сабақтарында "сатылы" режимдi қолдану қажет: қыркүйекте - 3 сабақ, әр қайсысының ұзақтығы 45 минуттен, екiншi тоқсаннан - 4 сабақ, әр қайсысының ұзақтығы 35 минуттен.
      Сабақтардың арасындағы үзiлiстiң ұзақтығы оқушылардың белсендi демалысының ұйымдастырылуы мен ыстық тамақтың берiлуi ескеріле отырып белгiленедi, бiрақ ол 10 минуттен кем болмауы керек.
      Мектептерде оқу сабақтары сағат 8.00-ден ерте басталмауы қажет.
      Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн жалпы бiлiм беретiн ұйымдарда бастауыш мектептiң 1 сынып оқушылары, бiтiрушi және компенсациялық оқыту сыныптары бiрiншi кезеңде оқуы қажет.
      Оқу апталығының ұзақтығы (5-6 күн) тиiстi бiлiм басқармасы органдарының келiсiмiмен мектептiң педагогикалық кеңесiнде белгiленедi және Жарғыда бекiтiледi.
      36. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды дайындық сыныптарындағы сабақтар бес (алты) жастағы балаларға тән әрекеттер ерекшелiктерiн ескере жүргiзiледi: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыка, театрландыру, тағы басқа сонымен қатар әрбiр баламен жеке жұмыс жүргiзу, балалардың жасы мен психологиялық ерекшелiктерi ескерiлген әр түрлi топтармен жүргiзiлетiн жұмыстарды жүзеге асыру мүмкiндiктерiн қарастырады.
      37. Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқыту тiлiн (тiлдерiн) бiлiм беру жүйесi көрсеткен мүмкiндiктер шеңберiнде, халықтың сұранысы мен оқытуды ана тiлiнде немесе басқа тiлдерде жүргiзiлуiн таңдау құқығына сай құрылған мектеп тораптары бойынша бiлiм берудi басқару органдарының ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi әкiмшiлiктер анықтайды.
      Жалпы бiлiм беретiн мектептер қай тілде оқытуды таңдаса да мемлекеттiк тiлдi үйренудi мiндеттi түрде қамтамасыз етуi тиiс.
      38. Жалпы бiлiм беретiн мектептер келiсiм-шарт негiзiнде кәсiпорындармен, мекемелер мен ұйымдармен бiрлесiп немесе өз бетiнше, қосалқы бiлiм беру қызметi ретiнде, оның iшiнде ақылы түрде кәсiптiк дайындықтарды өз бетiнше жүргiзе алады.
      39. Жалпы бiлiм беретiн мектептер өзiнiң жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес негiзгi жалпы бiлiмдiк бағдарламаларынан тыс, оның мәртебесiнiң шеңберiнен де асатын қосымша бiлiм қызметiн көрсете алады.
      Ақылы бiлiм беру қызметтерi бюджеттен қаржыландырылатын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына я оның аясына енгiзiлмейдi.
      Қалай болғанда да қосымша ақылы қызметтер балалардың денсаулығы мен психикалық жағдайына ешқандай керi әсерiн тигiзбеуi тиiс.

                4. Бiлiм беру процесiне қатысушылар

      40. Бiлiм беру процесiне қатысушыларға: оқушылар, мектептiң педагогикалық қызметкерлерi, оқушылардың ата-аналары (олардың орнындағы адамдар) жатады.
      41. Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мекемелерге азаматтарды қабылдау тәртiбiндегi осы ережеде немесе осы үлгiдегі мектептiң ережесiнде реттелiп көрсетiлмеген жағдайларды Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес бiлiм беру органдары анықтайды және оны ұйым жарғысында бекiтедi.
      42. Азаматтарды жекелеген пәндердi тереңдетiп оқытатын мектептерде, лицейде, гимназияда жалпы орта бiлiм алуға қабылдау олардың өз өтiнiшi бойынша конкурстық негiзде жүргiзiледi.
      43. Азаматтардың жалпы орта бiлiм алу құқығының сақталуына жергiлiктi бiлiм басқармалары мен мектеп басшысы жауапты болады.
      44. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң басшылары азаматтарды қабылдау кезiнде оны және оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн ұйымның Жарғысымен, оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды реттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруға мiндеттi.
      45. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң мектепалды сыныбына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн бес(алты) жасқа толған балалар қабылданады, бiрiншi сыныпқа ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн - алты(жетi) жасқа толған балалар қабылданады.
      46. Баланың мектепке (жалпы бiлiм беретiн, немесе мемлекеттiк емес мекемелерге) оқуға даярлығын анықтау кезiнде, оның әрiптердi тани бiлуi, жаза бiлуi талап етiлмейдi. Өйткенi баланы оқуға, жазуға үйрету мектепте бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң тiкелей мiндетi болып есептеледi.
      Қабылдау ата-ананың немесе өзге де заңды өкiлдердiң жазбаша өтiнiшi, медициналық анықтама, тууы туралы куәлiктiң көшiрмесi негiзiнде жүргiзiледi.
      Жалпы бiлiм беретiн мектептерге өтiнiштердi қабылдау 1-сәуiрден басталады, оқушыларды қабылдау 31 тамызға дейiн мектеп бұйрығымен бекiтiледi, әр бала кез келген жалпы білiм беретiн мектептерге оқуға түсiп, оқу жылы iшiнде басқа мектептерге ауысуға құқылы.
      47. Оқушылардың, ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi мектептiң Жарғысымен, сонда қаралған нақты актiлермен белгіленедi.
      48. Жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылары құқылы:
      1) бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартына сай тегiн жалпы (бастауыш, негiзгi, толық орта) бiлiм алуға;
      2) жарғылық талаптары мен бiлiм деңгейiне сәйкес болған жағдайларды таңдаған жалпы бiлiм беретiн ұйымға оқуға түсуге және басқасына ауысуға;
      3) медициналық қызметтi пайдалануға, таксиден басқа қоғамдық көлiктерде жеңiлдiкпен жүруге;
      4) бiлiм алу түрiн таңдауға (оқушылар жалпы бiлiм бағдарламаларын жалпы бiлiм беретiн мектепте, сонымен қатар отбасында, өз бетiмен бiлiм алуға экстернаттарды игеруге);
      5) бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарты шеңберiнде жеке оқу жоспары бойынша оқуға, жедел курспен оқуға; жеке оқу жоспары бойынша оқу шарттары сол ұйым қабылдаған жарғымен не басқа да актiлермен реттеледi;
      6) басқа да қосымша (оның iшiнде ақылы) бiлiм алуға;
      7) мектеп Жарғысына сай жалпы бiлiм беретiн мектептердi басқару iсiне қатысуға;
      8) адамдық абыройын сыйлату, ақпарат алу еркiндiгiн өз көзқарастары мен сенiмiн бiлдiру еркiндiгiне.
      49. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушыларды олардың келiсiмiнсiз, оқу бағдарламалары, жоспары мен Жарғыларында көрсетiлмеген жұмыстарға қатыстыруға, қоғамдық, қоғамдық-саяси, дiни ұйымдарға, партия мен қозғалыстарға зорлықпен кiргiзуге және осы ұйымдардың қызметiне қатысуға итермелеуге, үгiт-насихат компаниялары мен саяси акцияларға тартуға рұқсат етiлмейдi.
      50. Жалпы бiлiм беретiн мектеп қауымдық бiлiм беру мен дiни бiлiм берудегi арақашықтық принципiн сақтауға мiндеттi.
      Жалпы бiлiм беретiн мектепте дiни тәрбиенiң ешқандай түрiн қолдануға болмайды.
      51. Қорытынды аттестациядан сәттi өткен жалпы бiлiм беретiн мектептi бiтiрушiлерге мемлекеттiк үлгiдегi құжат берiледi, ол құжатқа бiтiрушiнiң тиiстi бiлiм дәрежесi көрсетiлiп, мектептiң мөрi басылады.
      Жалпы негiзгi және жалпы орта (толық) білiм бағдарламасын игеруде ерекше жетiстiктер көрсеткен бiтiрушiлерге ерекше үлгiдегi құжаттар берiледi.
      52. Мемлекеттiк емес жалпы білiм беретiн мектептерде оқығандар, отбасында бiлiм алушылар және өздiгiнен бiлiм алғандардың мемлекеттiк аттестациядан өтуге құқықтары бар.
      53. Оқушылар жалпы бiлiм беретiн мектептiң Жарғысын орындауға құқылы; оқуға, мекеме мүлкiне адал қарауға, басқа оқушылар мен қызметкерлердiң намысы мен абыройын сақтауға, ұйым қызметкерлерiнiң iшкi тәртiп ережелерi мен Жарғыда қойылған талаптарын орындауға мiндеттi.
      54. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң кеңесiнiң (педагогикалық кеңестiң) шешiмiмен Заңға қайшы келетiн әрекеттерi үшiн, Ереженi бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін педогогикалық ықпал етудің соңғы шарасы ретінде он алтыға толған оқушы мектептен шығарылады. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғанышы және қамқоршы органдардың келiсiмiмен шығарылады.
      Жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушының шығарылғандығы туралы үш күннiң iшiнде жергiлiктi бiлiм мекемелерiне хабарлауы тиiс. Олар бiр ай мерзiмiнде оқушыны жұмысқа орналастыру мәселесiн шешедi.
      55. Ата-аналардың немесе олардың заңды өкiлдерiнiң құқықтары:
      1) бiлiм беру жүйесi ұсынған мүмкiндiктер шегiндегi оқыту түрiн таңдау;
      2) балаларының заңды құқығы мен мүддесiн қорғау;
      3) жалпы бiлiм беретiн мектептің Жарғысында белгiленген түрде мектептi басқару iсiне қатысу.
      56. Ата-аналар немесе олардың заңды өкiлдерiнiң балаға мектепалды даярлығы, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта (толық) және отбасындағы бiлiмдi беруге құқығы бар. Отбасында бiлiм алып жүрген бала ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң шешiмiмен аттестациядан өткен жағдайда оқудың кез келген сатысында оқуын жалпы бiлiм беретiн мектепте жалғастыруға құқығы бар.
      57. Ата-аналар немесе олардың заңды өкiлдерi жалпы бiлiм беретiн мектептiң Жарғысын орындауға, өз балаларының оқуы мен тәрбиесiне, балаларының оқуға қатысуына жауап бередi.
      58. Ата-аналардың немесе олардың заңды өкiлдерiнiң басқа да құқықтары мен мiндеттерi мектептiң Жарғысына сай олардың ұйыммен жасасқан келiсiм-шарттарында бекiтiледi.
      59. Жалпы бiлiм беретiн мектепте жұмыс iстейтiн адамдарды iрiктеп жинақтау тәртiбi сол мектептiң Жарғысына және бiлiм берудi басқару органдарының құжаттарына сәйкес реттеледi.
      60. Педагогикалық жұмысқа қажеттi кәсiптiк-педагогикалық мамандығы бар, бiлiмi туралы құжаттармен расталған, сол мамандыққа қойылатын талаптарға сай бiлiктi адамдар қабылданады.
      Арнайы педагогикалық бiлiмi жоқ адамдарға жалпы бiлiм беретiн мектептерде жұмыс iстеуге Кеңес шешiмi бойынша тек қажет мамандар болмаған жағдайда рұқсат етiледi.
      Соттың үкiмi немесе медициналық көрсеткiштер бойынша педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдарға жалпы бiлiм беретiн мектепте жұмыс iстеуге тыйым салынады.
      Педагогтiк қызметпен айналысып жүрген адамдар мамандық дәрежесiне сай келмеген жағдайда, сондай-ақ педагогтiк қызметке жат, заңға қайшы келетiн әрекеттер жасаса, қызметiнен босатылады.
      61. Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi қызметкерлердiң құқықтары:
      1) мектептi басқару iсiне қатысу;
      2) кәсiби қадiр-қасиетiн және абыройын қорғау.
      62. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң педагогикалық қызметкерлерiнiң құқығы:
      1) кәсiби қызметiн атқаруға қажеттi жағдайды талап ету;
      2) педагогикалық қызметтi ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн таңдау еркiндiгi;
      3) бекiтiлген тәртiп бойынша бiлiктiлiгiн көтеру, аттестациядан ойдағыдай өткен жағдайда өзiне тиесiлi санатты алу;
      4) жыл сайынғы ұзартылған еңбек демалысын алу (56 күннен кем емес)
      5) жеке педагогикалық қызмет жасау;
      6) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тұрғын үй алуға;
      7) бiлiм беру ұйымдары мен олардың қызметкерлерiнiң бiлiм беру және экономикалық қызметiнiң көзi болып табылатын материалдық активтер (ғылыми, әдiстемелiк еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, бiлiм беру және ақпарат технологиялары және басқалар) нысанындағы интеллектуалдық меншiгiн меншiктiң басқа түрлерi мен бiрдей қорғау;
      8) педагогикалық қызметтегi табыстары үшiн материалдық және моральдық жағынан көтермеленуге, ордендермен және медальдармен, құрметтi атақтармен, белгiлермен және грамоталармен марапатталуға құқықты;
      9) ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс iстейтiндер - жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттердiң қаражат есебiнен жергілiктi өкiлдi органдар белгiлейтiн мөлшерде коммуналдық қызмет көрсету мен отын шығындары бойынша жеңiлдiктер (ақшалай өтемдер) алу;
      10) ауылдық Жерлерде жұмыс iстейтiндер осы қызмет түрiмен қала жағдайында айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтiк ставкалардың кемiнде 25 пайыз артық алуға.
      63. Бiлiм берудiң 2 және 3 сатысындағы мұғалiмдердiң нормативтiк оқу жүктемесi аптасына 18 сағаттан, 1 сатыдағылар үшiн 20 сағаттан, мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешiлерi үшiн 24 сағаттан аспайды.
      Жылға бекiтiлген оқу жүктемесiн жылдың соңына дейiн әкiмшiлiк тарапынан ешқандай азайтуға жол берiлмейдi. Оқу жоспары мен бағдарламаларындағы сағат саны азайған, топтағы сағат саны қысқарған жағдайлардан басқа кезде жүктеменi бiр ставкаға дейiн азайтуға болады.
      Жүктемесiнiң кемитiнi туралы педагогикалық қызметкер 2 ай бұрын хабардар болуы керек.
      64. Мұғалiмнiң жалпы білiм беретiн мектептегi жұмыс уақыты сабақ кестесiне және сол мектептегi өткiзiлетiн iс-шаралар жоспарларына сай анықталады. Сабақтан және мектеп жоспары бойынша өткiзiлетiн iс-шаралардан (педагогикалық кеңес, ата-аналар жиналысы, т.б.) тыс уақытын мұғалiм өз қалауынша пайдалануға құқылы.
      65. Қызметкерлер жалпы бiлiм беретiн мектептiң Жарғысын және кәсiптiк сипатқа тән талаптарды орындауға мiндеттi.

               5. Жалпы бiлiм беретiн мектептердi басқару

      66. Жалпы бiлiм беретiн мектептi басқару Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңына және мектептiң Жарғысына сәйкес, демократиялылық, жариялылық, жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамдардың өмiрi мен денсаулығын құрметтеу жеке тұлғаның еркiн дамуы принциптерiн ұстана отырып жүргiзiледi.
      67. Жалпы бiлiм беретiн мектептi жалпы басқаруды сайланбалы өкiлеттi орган-мектеп Кеңесi жүргiзедi. Кеңестi сайлау тәртiбi мен оның құзыреттiлiгi жөнiндегi мәселелер жалпы бiлiм беретiн мектеп Жарғысында анықталады.
      68. Жалпы бiлiм беретiн мектептi тiкелей басқару iсiн бiлiм басқару органы тағайындаған мектеп директоры жүргiзедi.
      Жалпы бiлiм беретiн мектептiң директоры Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Заңында және басқа да нормативтiк актiлерде белгiленген мiндеттерiне сәйкес келетiн қызметтi атқаруға жауапты болады.
      Мектеп кеңесi мен директордың арасындағы өкiлеттiлiктердiң шекарасы мектептiң Жарғысында айқындалып белгiленедi.
      69. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң директоры Өкiлеттi басқару органдарымен келiсе отырып, өзiнiң орынбасарларын сайлап, жұмыстан босата алады. Оларды сайлау мен жұмыстан босатудың тәртiбi бiлiм беру ұйымының Жарғысында анықталады.

            6. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қызметiн
       қаржы-шаруашылық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету

      70. Жалпы бiлiм беретiн мектеп тiркелген сәтiнен бастап заңды ұйым болып саналады, өзiнiң Жарғысы, атауы жазылған мөрi, банкiде бюджеттiк және басқа да есеп шоттары болады.
      71. Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептер Қазақстан Республикасының қаржыландыру заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      72. Мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн ұйымдарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңдары тыйым салмаған бiлiм бару қызметiн көрсетуден, құрылтайшылардан және басқа да түскен қаржылардың есебiнен жүргiзiледi.
      Оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстар мен факультативтер ұйымдастыруға лицейлік және гимназиялық әр сыныпқа 4 сағат, сондай-ақ үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдар ұйымдастыруға әр сыныпқа 0.25 мұғалімдер ставкасы есебінен, сонымен бірге әр мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен келісім-шарт негізіндегі жекелеген курстар мен лекцияларға ақы төлеу үшін қаржы бөлінеді. Факультативтік сабақтар мен таңдау бойынша курстар топтардағы адам саны 10-нан кем болмаған жағдайда жүргізіледі. <*>
      Ескерту: 72-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
               2001 жылғы 20 шілдедегі N 595 бұйрығымен. V011632_

      73. Жалпы бiлiм беретiн мектеп қызметкерлерiнiң еңбекақысы (қызмет жалақысы) аттестациялау комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, бiрыңғай кесте негiзiндегi тарифтiк-бiлiктiлiк талаптарына сай, еңбекақы төлемiндегi бөлiнген бюджеттiк қаржы шеңберiнде белгiленедi.
      74. Мемлекеттiк емес бiлiм беретiн ұйымдарын қолдау мақсатында оларға мемлекеттiк ұйымдардың босатылған үйлерi материалдық базасы заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдарымен келiсе отырып, жекешелендiру жолымен берiлуi мүмкiн.
      75. Бiлiм беру ұйымдарының мүлiктi өз жарлығында белгiленген тәртiппен иеленуге және пайдалануға құқығы бар.
      76. Мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептерге қолдау көрсету мақсатында мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының боялған ғимараттары мен қажеттi, материалдық базалары, Қазақстан Республикасы бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, бекiтiлген заңды тәртiппен жекешелендiрiлiп берiлiп отырады.
      77. Бiлiм беру ұйымдары өздерiнiң жарғысына сәйкес бiлiм беру мен

өзге де ақылы қызмет көрсету есебiнен кiрiс келтiретiн қызметпен айналыса 
алады.
     78. Жалпы бiлiм беретiн мектептер, әдеттегiдей, оқу жылының соңына 
қарай таратылған я жойылған жағдайда оқушыларды олардың ата-аналарының 
немесе заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен басқа мектептерге ауыстырып 
орналастыруды құрылтайшы өз мойнына алады.
     79. Бiлiм ұйымдары өз жұмысының ерекшелiктерiне байланысты шетелдiк 
бiлiм ұйымдарымен, халықаралық, үкiметтiк емес ұйымдарымен (ассоциациялар) 
және қорлармен ынтымақтастық жөнiнде екiжақты және көпжақты 
келiсiм-шарттар құрады.
     
                                     Бiлiм және ғылым Министрлiгінің
                                       2000 жылғы 10 шiлдедегi
                                     N 708 бұйрығымен 3 қосымша
     
           Қазақстан Республикасы гимназияларының қызметiн 
                  ұйымдастыру тәртiбi туралы
                          ЕРЕЖЕЛЕР
     
                          1. Жалпы ереже
     


      1. Гимназия - негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқушылардың кәсiби бейiмділiгi мен қабiлеттiлiктерiне қарай саралап, тереңдетiп оқытатын, орта бiлiм беретiн орта оқу орындарының бiрi.
      Гимназия өз қызметiн Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңы мен бiлiм саласындағы басқа да нормативтiк құжаттарға және осы Ереже мен гимназия жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Гимназияның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
      1) кәсiби бiлiм бағдарламасын игеруге және кәсiп түрiн саналы таңдауға дайын, қоғам өмiрiне бейiм, жоғары мәдениеттi, зерделi тұлғаны қалыптастыру;
      2) негiзгi бiлiм беру бағдарламаларын сапалы меңгерудi қамтамасыз ету;
      3) оқушылардың оқу iс-әрекетi барысындағы дарындылығының, қабiлеттiлiгiнiң байқалуы;
      4) оқушыларды мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарты деңгейiн арттыра отырып, кәсiптiк пәндер бойынша оқыту;
      5) оқушыларға ерте кәсiби бағдар беру;
      6) оқушыларды оқытудың инноватикалық әдiс-тәсiлдерi мен технологиясы арқылы олардың өзiндiк танымдық iс-әрекетi дағдылары мен шығармашылық қабiлеттiлiктерiн қалыптастыру;
      7) бiлiм беру процесiнде отандық және шетелдiк педагогикалық озық тәжiрибелердi жалпы бiлiм беру үрдiсiнде кеңiнен пайдалану, кәсiптiк құзырлылық пен шығармашылық iс-әрекетке ынталандыру;
      8) оқушыларға жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға бағдар беруi;
      3. Гимназияның құрылымы:
      I саты - бастауыш (бастауыш мектептiң 1-4 сыныптары) ол оқу қызметiнiң негiзгi бiлiгi мен дағдысын, теориялық ойлау элементтерiн, оқу iс-әрекетiнде өзiн-өзi бақылау, өзiн-өзi бейiмдеу бiлiктiлiгiн, сөйлеу мәдениетiн және тәртiбiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ, баланың жеке даму қабiлетi мен даму деңгейiн анықтауға бағытталған.
      II саты - гимназияға бағытталу (негiзгi мектептiң 5-9 сыныптары) оқушының жеке басының қалыптасуын, жалпы мектептiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын игеруiн, өзiндiк дамуын, дағдылардың қалыптасуын, өзiндiк бағыт-бағдар алуын, өзiн-өзi тануын және шығармашылық iс-әрекетiн қамтамасыз етедi.
      III саты-гимназия (орта мектептiң 10-11 сыныптары) - ол негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын меңгерудi саралап оқытуды, мамандандыруды, зерттеу жұмыстарын жүргiзуге әзiрлiкке бағдарлауды, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды және өзiн-өзi кәсiптiк жете тану негiзiнде жалпы бiлiм берудi аяқтауды қамтамасыз етедi.
      Гимназия екiншi немесе үшiншi сатысынан бастап дербес бiлiм беру мекемесi болып қызмет атқаруы мүмкiн.
      Гимназия гуманитарлық, педагогикалық, жаратылыстану-математикалық, эстетикалық, сонымен қатар көп салалы бағытта жұмыс iстей алады.
      4.Гимназияның II және III сатысын бiтiрушiлерге негiзгi жалпы бiлiм туралы аттестат берiледi.
      5. Гимназия жоғары бiлiктi мамандармен, қажеттi оқу әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етiлгенде және әлеуметтiк сұраныстың қажетiне орай Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен аумақтық тазалық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келiсiмiмен сараптаушы кеңес жасаған қорытынды негiзiнде тиiстi бiлiм органдарының ұсынысы бойынша жергiлiктi атқару органдарының шешiмiмен ашылуы мүмкiн.
      6. Гимназия заңды ұйым болып табылады. Өзiнiң аты мен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген мөрi, ағымдағы және басқа да есепшоты болады.
      7. Гимназия жеке тұлғаның бiлiм алу жөнiндегi конституциялық құқының жүзеге асуы, таңдап алған оқу түрiнiң және әдiсiнiң оқушылардың жасы мен психологиялық-физиологиялық ерекшелiктерiне сай болуы, оқу тәрбие iсiнiң сапалы жүргiзiлуi және өз мiндетi мен мақсатына сай болуы үшiн оқушылар мен ата-аналардың, педагог қауымы алдында жауапты болып табылады.
      8. Гимназия-белгiлi бiр оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру мәселелерiн шешуде өз саласындағы оқу орындарымен өзара бiрлесе отырып әрекет етедi.
      9. Гимназияның кеңесі немесе гимназияның педагогикалық кеңесі қабылдаған, оның құрылтайшылары бекіткен өз жарғысы болады.
      10. Гимназия дамыта оқытудың жаңа мазмұнын жасауды, ізденістерді, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың әдістері мен жолдарын ұйымдастыратын, эксперименттік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынақтан өткізетін білім беру ұйымы болып табылады.
      11. Гимназия белгілі тәртіп бойынша мемлекеттік аттестациядан 5 жылда бір рет өтеді.

                   ІІ. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесі

      12. Оқушыларды гимназияға қабылдау, тұратын орнын ескермей конкурстық негізде жүргізіледі.
      13. Оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіру, оқудан шығару (ІІ сатыдан кейін) оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік баллмен) гимназия кеңесінің шешімі бойынша жүргізіледі.
      14. Гимназияның ІІІ-сатысынан шығарылған оқушылардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуды жалғастыруын жергілікті жердің аудандық білім бөлімі анықтайды.
      15. Гимназияны басқару, оқу процесін ұйымдастыру осы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      16. Гимназияның оқу-тәрбие жұмыстары оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде дайындалған және жалпы білім беретін, қосымша бағдарламаларды игеруді жүзеге асырады.
      17. Гимназия жеке оқу жоспарлары білім беру ұйымдарының әкімшіліктері тарапынан бекітеді.
      18. Оқу бағдарламаларының әр нұсқалы арнаулы курстары аймақтық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттары немесе жоғары оқу орындарының сәйкес кафедраларымен келісіледі.
      19. Гимназия бөліктері:
      1) әр гимназиясының өз қалауымен кәсіптік бағдарға оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инноватикалық әдіс-тәсілдермен оқытудың технологиясын пайдалануы;
      2) гимназияның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін жаңа оқу бағдарламаларының енгізілуі, кәсіптік бағдар беретін пәндердің қосымша бағдарламаларының жүзеге асырылуы;
      3) тұлғаның жалпы мәдени дамуына жағдай жасайтын, өмір шындығын танудың әмбебап тәсілдерін игертетін дүниетаным мен ізгі сананы қалыптастыратын, ой қызметі құралдарын игеруге бағыт беретін пәндер мен курстардың енгізілуі.
      20. Гимназия сыныптарында оқушылар саны 25-тен аспайтын болуы керек. Сыныптар шет тiлiн оқығанда 3 топқа, мемлекеттiк тiл мен орыс тiлiн, информатика мен есептегiш техника, ырғақты музыка, дене шынықтыру, еңбекке баулу, сонымен қатар арнайы пәндер бойынша лабораториялық, практикалық жұмыстар жүргiзгенде 2 топқа бөлiнедi. Сыныптардың басқа пәндер бойынша қосымша шағын топтарға бөлiнуi бюджеттiк қаржының мүмкiндiгiне қарай гимназия кеңесiнiң шешiмiне байланысты жүргiзiледi.
      21. Гимназияда бiлiм алу деңгейiн, оқу мерзiмiн, оқуға төленетiн ақылы, басқа жағдайларды анықтайтын гимназия мен оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң, олардың ата-аналары мен басқа заңды өкiлдердiң арасында келiсiм-шартпен реттелетiн қосымша ақылы қызмет көрсету ұйымдастырылуы мүмкiн.
      22. Оқушыларды қабылдауды ұйымдастыру жеке тұлғаның даму жағдайы мен тәртiбiн түзетудi бақылау үшiн еңбек ақы қорының жылға қарастырылған шегiнде есебiнен психологиялық-аналитикалық қызмет құрылады.
      23. Сыныптан сыныпқа көшiру және гимназияны бiтiру емтихандары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрi бекiткен "Оқушыларды көшiру, аттестациялау және бiтiру тәртiбi туралы" нұсқауына сәйкес жүргiзiледi.
      24. Гимназия бiтiрушiлердi жоғары оқу орындарына қабылдау құқығы жоғары оқу орындарының типтiк Ережесi бойынша реттеледi.
      25. Жыл сайын гимназия оқушылары медициналық тексеруден өтедi.

             III. Гимназия қызметiнiң құқықтық және қаржылық
                         жағынан қамтамасыз етiлуi

      26. Гимназияны қаржыландыру Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңында Z990389_ , сондай-ақ, басқа да нормативтiк құжаттарда және осы Ережеде белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      27. Гимназиядағы педагогтарға ғылыми атағына мынадай қосымша ақы белгiленедi:
      а) ғылым кандидатына - бiр айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде,
      б) ғылым докторына - екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде.
      28. Гимназияның қаражат қоры бюджеттiк қаржыдан, басқа да көздерден (жалпы бiлiм беретiн ақылы қызметтен, қамқорлыққа алған мекемелерден, жеке азаматтардың ерiктi жарнасынан, демеушiлерден, салалық жоғарғы оқу орындарының мақсатты жарнасынан), сондай-ақ, Заңға қайшы келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтен қосылып жинақталады.
      29. Гимназия оқытушыларының оқу-нормативтiк жүктемесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайды.
      30. Гимназияға оқушылардың қалауы бойынша қосымша курстар мен

факультатив сабақтар (әр сыныпқа 4 сағат) және үйiрмелер мен клубтар, 
ғылыми қоғамдар мен студиялар, т.б. ұйымдастыру үшiн әр сыныпқа 0,25 еңбек 
ақы мөлшерiнде, сондай-ақ, элективтiк курстар мен келiсiм Шарт негiзiнде 
жоғары дәрежелi арнайы дәрiстерге (лекцияларға) ақы төлеуге жылына 1500 
сағат есебiне қаржы бөлiнедi.
     31. Педагогикалық мамандар конкурстық негiзде Қазақстан 
Республикасының "Еңбек туралы" Заңына және гимназияның жарғысына сәйкес 
iрiктеледi.
     32. Таңдап алған факультатив сабақтары мен курстарда оқушылардың саны 
8-ден кем болмаған жағдайда ғана жүргiзiледi.

                      IY. Халықаралық ынтымақтастық
     
     33. Гимназия құқылы:
     1) бiлiм беру, ғылым, мәдениет саласындағы халықаралық қызметтерге 
қатысуға;
     2) шетелдiк бiлiм беру ұйымдарымен ынтымақтастыққа, оқушылар мен 
оқытушыларды алмастыруға келiсiм жасауға, шетелдерге жолдама беруде 
мұғалiмдер мен оқушыларды гимназия кеңесi таңдайды;
     3) белгіленген заңға сәйкес бiрлескен ұйым құруға.

                  Y. Гимназияны қайта құру және тарату
     
     34. Гимназияны қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының 
заңдылықтарына сәйкес жүргiзiледi.

                                     Бiлiм және ғылым Министрлiгінің
                                         2000 жылғы 10 шiлдедегi
                                       N 708 бұйрығымен 4 қосымша

     Қазақстан Республикасының интернаттық бiлiм беру ұйымдарының 
                 қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы
                              ЕРЕЖЕЛЕР
     
                       1. Жалпы ережелер
     


      1. Бұл Ережелер меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан интернаттық ұйымдар үшiн нормативтiк-құқықтық құжат болып саналады.
      2. Интернаттық ұйымдар - белгiлi бiр категориядағы азаматтарға тұратын орын берiп, бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта білiм беру жүйесiнiң мекемелерi.
      3. Интернаттық ұйымдар төмендегідей түрлерде құрыла алады:
      1) жалпы типтi мектеп-интернат - ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетiм балалардың, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылары, жалғыз басты аналар (әкелер) мен денсаулық жағдайы, еңбегi, өмiр жағдайына байланысты қоғамдық тәрбиенi қажет ететiн ата-аналардың (олардың орнын ауыстырушылар) балаларына тұратын орын берiп бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта бiлiм беру жүйесiнiң мекемесi;
      2) санаториялық типтегi мектеп-интернат - балалар мен жасөспiрiмдердiң жергiлiктi туберкулезiнiң дамуын ескертуге, туберкулездiң жұқпалы ошағынан ауру жұқтырған және оларды туберкулездiң төменгi және бәсеңдеген нысандарын толық клиникалық емдеуге бағытталған, емдеу-сауықтыру шараларын өткiзу және жататын орнымен қамтамасыз етiп бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта бiлiм беру жүйесiнiң мекемесi;
      3) девианттық мiнез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернат - сот пен кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссияның шешiмiмен балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк оңалту, жататын орын берiп тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететiн, ерекше гуманистiк сипаты мен мазмұны бар орта бiлiм беру жүйесiнiң мекемесi;
      4) ауылдық жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернат - халқы аз елдi мекендерде тұратын балаларға жататын орын мен оларды тәрбиелеуде отбасына көмек берушi, орта бiлiм алу құқымен қамтамасыз ететiн мекеме;
      5) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар - бiлiм мен тәрбие алуда отбасы жағдайына жуықтайтын қолайлы жағдай жасап, мамандық таңдауға көмек көрсететiн және оларды өз бетiнше өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ететiн бiлiм беру мекемелерi (балалар үйi, мектеп-интернат, "балалар үйi" "балалар үйi-мектеп-кәсiптiк мектеп" комплекстерi, отбасылық үлгідегi балалар үйi, панасыздар үйi және т.б.).
      4. Интернаттық ұйымдары алдында төмендегідей мiндеттер тұр:
      1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып, кәсiптiк бастауыш және орта жалпы бiлiм берудің жалпы бiлiм беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;
      2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту;
      3) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк тілi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;
      6) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу.
      5. Интернаттық ұйымдар (санаториялық типтегіден басқалары) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес (Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген жеке меншiк, қоғамдық және дiни бiрлестiктер) бола алады.
      6. Интернаттық ұйымдар Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады, қайта құрылады және таратылады.
      7. Интернаттық ұйымдардың бiлiм беру қызметiн жүргiзуге құқық беретiн лицензияны мемлекеттiк басқару органдары (лицензиар) бередi.
      8. Интернаттық ұйымдар өз қызметiн Конституция мен Қазақстан Республикасы заңдарына, басқа нормативтiк құқықтық актiлерге, сонымен бiрге осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      9. Интернаттық ұйымдар жеке мүлiктерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi мен өз атауындағы мөртаңбасы, сонымен бiрге заңға сәйкес банкiде есебi бар заңды тұлға болып табылады.
      10. Интернаттық ұйымдар Қазақстан Республикасының 1999 жылы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" Заңы мен осы Ережелер негiзiнде құрылтайшы бекiтетiн өз Жарғысын әзiрлейдi және бекiтедi.

      2. Тәрбиеленушiлердi қабылдау, оқыту және бiтiрту тәртiбi

      11. Балалар мен жасөспiрiмдердiң интернаттық ұйымдарына мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларды қабылдау ұйымының түрi мен Жарғысына сәйкес толық немесе жартылай мемлекеттiк негiзде жүзеге асырылады.
      12. Интернаттық ұйымдарға балаларды жiберу интернаттық ұйымдардың түрлерiне сәйкес облыстық, республикалық дәрежедегi қалалық, астаналық бiлiм беру мен денсаулық сақтау басқармалары (департаменттерi), қорғаншы және қамқоршы органдар, психологиялық-педагогикалық консультациялар, сот шешiмi арқылы жүзеге асырылады.
      13. Он алты жасқа толмаған балаларды мемлекеттiк интернаттық ұйымдардан шығаруға ерекше жағдайларда интернаттық ұйымдардың Жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғаны үшiн бiлiм беру басқармасы органдарының шешiмi бойынша ғана рұқсат етiледi. Жетiм балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығартуға шешiм қорғаншы және қамқоршы органдарының келiсiмiнсiз қолданылмайды.
      14. Мемлекеттiк интернаттық ұйымдардың оқушылары мен тәрбиеленушiлерi белгiленген нормаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ және қатты мүкәммалмен, жеке бас гигиенасы заттарымен, оқулықтармен, мектептiк жазба-жабдықтармен, ойыншықтармен, т.б. қамтамасыз етiледi.
      15. Интернаттық ұйымдарда негiзгi жалпы және орта жалпы бiлiм берудiң жалпы бiлiм беру бағдарламаларын игеру оқушы тәрбиеленушiлердiң мемлекеттiк қорытынды аттестациядан өтуiмен аяқталады.
      Бiтiру емтихандары бiлiм беру саласындағы Орталық атқарушы орган бекiткен "Оқушыларды көшiру, аттестациялау және бiтiрту тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.
      16. Интернаттық ұйымдардың меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттiк қорытынды аттестациядан өткен мектеп бiтiрушiге бiлiм туралы мемлекеттiк үлгідегi құжаттар тапсырылады.
      17. Оқуды бiтiрмеген тәрбиеленушiлерге белгiленген үлгідегi анықтама берiледi.
      18. Интернаттық ұйымды бiтiрушi тәрбиеленушiге интернаттық ұйымда білiм алған кезiнде пайдаланған жазғы киiмдердiң және аяқ киiмдердiң жиынтығы тегiн берiледi.
      Ата-аналарының, оны ауыстырушылардың өтiнiшi бойынша отбасының материалдық жағдайы ескерiле отырып, оның бiлiм алған кезеңiнде пайдаланған қыстық киiмдерi де берiледi. Тәрбиеленушiлерге, оқушыларға интернаттық мекемеден басқа себептермен шығып кеткен кезде бұрын өздерi пайдаланып жүрген маусымдық киiм, аяқ киiм тегiн берiледi.

                     3. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру

      19. Интернаттық ұйымдардың оқу-тәрбие қызметi мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттары негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      20. Оқу аптасының ұзақтығы педагогикалық кеңестiң лайықты басқарушы бiлiм беру органдарымен келiсiмде белгiленедi және интернаттық ұйымдардың Жарғысында бекiтiледi.
      21. Интернаттық ұйымдар меншiк нысанына қарамастан, әрбiр бiлiм деңгейi үшiн мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартқа сәйкес мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тiлiн және бiр шетел тiлiн оқып-үйренудi қамтамасыз етедi. Ұлттық топтар үшiн олардың ана тілдерiн оқып-үйренуiне жағдай жасалады.
      22. Оқушы тәрбиеленушiлердi еңбекке баулу жергiлiктi жағдайлар мен қажеттiлiктердi ескере отырып, оқытуды қоғамдық пайдалы, өнiмдi еңбекпен байланыстыру негiзiнде, қоршаған ортаны қорғау шараларына қатысумен, өз бейiмдiлiгiне қарай үйірмелер мен клуб жұмыстарына араласумен, оқу шеберханаларында, қосалқы шаруашылықта, оқушылар кооперативтерiнде, оқушылардың басқа бiрлестiктерiнде, өндiрiстерде, фермерлiк шаруашылықтарда және т.б. жұмыстарға араласумен жүзеге асырылады.
      23. Қажеттi жағдайлар болса, оқушы тәрбиеленушiлердiң кәсiптiк және өндiрiстiк оқуын ұйымдастырып, оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқушыларға арналған орындарда, құрылыс объектiлерiнде, егiс далаларында, өнеркәсiп, фермаларда жүзеге асатын белгiленген тәртiпте мамандық туралы куәлiк беруге болады.
      Өндiрiстiк оқу процесiндегi оқу бағдарламаларына сәйкес және одан басқа оқушы тәрбиеленушiлер сабақтан тыс уақытта жеке саудаға түсетiн өнеркәсiп және ауылшаруашылығы өнiмдерiн шығарады.
      24. Кәсiптiк практиканың мазмұны, түрлерi және мерiзiмдерi кәсiптiк бастауыш бiлiм беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары арқылы анықталады.
      25. Интернаттық ұйымдар оқушы тәрбиеленушiлердiң гигиенаға негiзделген өмiр режимiн, еңбегi мен демалысын ұйымдастырады. Балалардың оқуын, еңбегiн, демалысын педагогикалық негiзде үйлестiретiн күн режимi тәрбиеленушiлердiң интернаттық ұйымдарда тәулiк бойы болуын ескередi және ұйым кеңесi шешiмi және Жарғымен бекiтiледi.
      26. Оқушы тәрбиеленушілердiң еңбек, спорт, мәдени-шаруашылық сияқты әр түрлi тәрбие нысандарына қатысуы балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы принципiне, ұжымдық iс-әрекетте қызығушылығы, бейiмдiлiгi мен психофизикалық ерекшелiктерiн даралау мен саралау ықпалдарымен үйлестiру негiзiнде құрылады.
      27. Интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi кәсiподақ, мәдени-ағартушылық, мектептен тыс спорттық және басқа ұйымдардың өз базаларындағы, сол сияқты интернаттық ұйымдарда құрылған музыкалық, көркемдiк, спорттық және басқа мектептердегi, әртүрлi үйiрмелерi мен клубтарындағы сабақтарға, оқушылармен бiрге конкурстарға, олимпиадаларға, спартакиадаларға, көрме, байқауларға және басқа да көпшiлiк шараларға қатысады.
      28. Интернаттық ұйымдарда оқушы тәрбиеленушілердi оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында және интернаттық ұйымдардың Жарғысында қарастырылмаған еңбекке рұқсат етiлмейдi; қоғамдық, қоғамдық-саяси және дiни ұйымдарға, сонымен қатар оларды осы мекемелердiң қызметiне тартуға, үгіт және саяси акцияларға қатыстыруға рұқсат етiлмейдi.

                     4. Интернаттық ұйымдарды басқару

      29. Интернаттық ұйымдарды басқару Қазақстан Республикасының заңына, осы Ережелер және интернаттық ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Интернаттық ұйымды басқару алқалық және дара басшылық принциптерiнде жүзеге асырылады.
      Алқалық басқарудың нысандары интернаттық ұйымдардың кеңесi, қамқорлық жасаушы кеңес, жалпы жиналыс, педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес және басқа нысандар болып табылады. Интернаттық ұйымдарды басқаруды білiм беру саласындағы орталық атқарушы органмен келiсе отырып, құрылтайшы тағайындаған директор жүзеге асырады.
      30. Интернаттық ұйымның директоры оқу орнының Жарғысына сәйкес бiлiм беру саласындағы өкiлеттi органмен келiсе отырып, өз орынбасарларын тағайындайды және қызметтен босатады.
      31. Интернаттық ұйымдар оқу-тәрбие процесiн жүзеге асыруда, кадрларды таңдау мен орналастыруда, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және басқа қызметтердi Қазақстан Республикасының заңдары шегiнде өзi жүзеге асыруға ерiктi Z990493_ .
      32. Интернаттық ұйымдардың қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi оқу орнының жарғысы, iшкi тәртiп ережелерiмен және лауазымдық нұсқаулықтар арқылы айқындалады.

               5. Бiлiм беретiн интернаттық ұйымдардың қызметiн
                   қаржылық-шаруашылық және құқықтық жағынан
                                 қамтамасыз ету

      33. Мемлекеттiк интернаттық ұйымдарды қаржыландыруы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      34. Мемлекеттiк интернаттық ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуге құқылы.
      Ақылы бiлiм беру қызметтерi негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына жүрмейдi.
      35. Мемлекеттiк интернаттық ұйымдар өзге қаржылық және материалдық түсiмдерді оның iшiнде, валюталық түсiмдердi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен пайдалануға құқылы.
      36. Ақылы бiлiм беру қызметтерiнен түскен қаржыны, қаржылық, материалдық, соның iшiнде валюталық түсiмдердi қалыптастыру, пайдалану, есебiн жүргiзу, есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады.
      37. Интернаттық ұйымдар өздерiнiң Жарғысында анықталған тәртiппен мүлiктердi пайдалануға және оларға билiк етуге құқылы. Қазақстан Республикасы Заңы белгiлеген тәртiпте лауазымдық айлық ақы (ставкалар), үстеме ақы, қосымша ақы төлеудi, қызметкерлерге берiлетiн сыйлықтар

мөлшерiн белгiлейдi.
     38. Мемлекеттiк емес интернаттық ұйымдарда қаржыландыру білiм беру 
қызметiн сату, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының 
тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
     Мемлекеттiк емес интернаттық ұйымдар бiлiм беру қызметтерiне, соның 
iшiнде жалпы мiндеттi мемлекеттiк стандарттар шегiнде ақы алуға құқылы.

                6. Интернаттық ұйымдардың халықаралық қызметi
     
     39. Интернаттық ұйымдардың халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан 
Республикасының заңдары және халықаралық шарттар, келiсiмдер, конвенциялар 
негiзiнде жүзеге асырылады.
     40. Интернаттық ұйымдар шетелдiк білiм беру, ғылым және мәдениет 
ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар 
орнатуға, ынтымақтастық туралы екi жақты және көп жақты шарттар жасасуға, 
бiлiм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) 
кiруге құқылы.
     
                                     Бiлiм және ғылым Министрлiгінің
                                         2000 жылғы 10 шiлдедегi
                                       N 708 бұйрығымен 5 қосымша
         
               Қазақстан Республикасының арнаулы түзету бiлiм
                 ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру туралы
                                 Ережелер
     
                          1. Жалпы ережелер
     


      1. Арнаулы түзету ұйымдар үшiн меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан осы Ережелер нормативтi құжат болып табылады.
      2. Даму мүмкiндiктерi шектелген балалар мен жасөспiрiмдердiң бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн төмендегідей арнаулы түзету бiлiм беру ұйымдары құрылады:
      1) мектепке дейiнгi түзету (теңелту) бiлiм беру ұйымдары;
      2) түзету бiлiм беру ұйымдары;
      3) кәсiптiк бастауыш бiлiм беру түзету ұйымдары.
      3. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдер үшiн арнаулы түзету ұйымдары бастауыш, негiзгi және орта білiм беру бағдарламаларын iске асырады.
      Жалпы бiлiм беретiн ұйымдардың негiзгi мiндеттерiн шеше отырып олар қоғамдағы балалар мен жасөспiрiмдердiң бойындағы жойылған таным қызметтерiн қалпына келтiруге, сақталған анализаторлар қызметiн дамытуға және балаларды оңалту мен әлеуметтiк-еңбек бейiмдiлiктерiне мүмкiндiк туғызатын толықтырушы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы мiндеттердi қоса атқарады. Түзету ұйымдарының алдына одан басқа төмендегiдей мiндеттер қойылады:
      1) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
      2) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      3) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;
      4) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу.
      4. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды оңалтуда арнаулы түзету ұйымдарының нақты мiндеттерi мен бiлiм беру процесiнiң өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкес, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларының деңгейiне байланысты арнайы түзеу ұйымдары төмендегідей түрде құрылады:
      1) соқыр және нашар көретiн балалар мен жасөспiрiмдердi оқыту, тәрбиелеу, көруiнде ауытқу бар тәрбиеленушiлердiң алғашқы және соңғы ауытқуларын түзету, сақталған қабiлеттерiн дамыту, түзету-толықтыру дағдыларын қалыптастыра отырып олардың қоғамға бейiмдiлiгiн арттыратын түзету ұйымдарының екi түрi;
      2) түзету ұйымдарында - саңырау балалар үшiн оқыту және тәрбиелеуде есту-көру негiзiндегi сөйлеу тiлiн қарым-қатынас жасау мен ойлаудың құралы ретiнде қалыптастырумен байланысты балаларды жан-жақты дамыту, жалпы бiлiм берiп, еңбекке және әлеуметтiк өмiрге дайындау үшiн олардың психологиялық, физиологиялық дамуындағы ауытқуларды түзетудi және толықтыруды көздейдi;
      3) түзету ұйымдарында - нашар еститiн (естуi iшiнара жоғалған және сөйлеу тiлiнде жетiспеушiлiгi бар) және кейiн саңырау болған (мектепке дейiнгi немесе мектеп жасында саңырау болған, бiрақ өзiндiк сөйлеу тiлi сақталған) балалар үшiн оқыту мен тәрбиелеу олардың сөйлеу тiлiн қалыптастыру негiзiнде есту және есту-көру негiзiнде еркiн сөйлесiп, қарымқатынас жасауға дайындалады.
      Нашар еститiн және кейiн саңырау болған балаларды, саралап оқытуды қамтамасыз ету үшiн екi бөлiм құрылады:
      1-бөлiм - естуiнiң бұзылуына байланысты жеңiл түрдегi сөйлеуi жетiлмеген тәрбиеленушiлерге арналған.
      2-бөлiм - естуiнiң бұзылуынан сөйлеу тiлi мүлде жетiлмеген тәрбиеленушiлерге арналған.
      4) түзету ұйымы сөйлеу тiлiнде ерекше ақауы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшiн, сөйлеудiң бұзылуынан психикалық дамуында пайда болған ерекшелiктердi жоюға ықпал ететiн арнайы көмек көрсету орнының құрамына 2 бөлiм енедi:
      1-бөлiмге - сөйлеуi өте ауыр деңгейдегi (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сондай-ақ, жалпы сөйлеу тiлi жетiлмеген тұтықпа балалар жатады.
      2-бөлiмге - сөйлеу қабiлетi дұрыс дамығанмен ауыр тұтығып қалатын балалар жатады;
      5) тiрек-қимылдық аппараты бұзылған (әртүрлi этиологиядағы және көрiнiс дәрежесiндегi қозғалыс бұзылуының, балалардың церебралды параличiмен, тірек-қимыл аппаратының туа бiткен және кейiн пайда болған кемiстiктерi, жоғарғы және соңғы қимыл мүшелерiнiң енжар параличтерiмен, жоғары және соңғы қимыл мүшелерiнiң парез және парапарездерiмен) балаларды оқыту және тәрбиелеу, қозғалыс функцияларын қалпына келтiру, құру және дамыту, баланың психикалық және тiлдiк дамуындағы кемiстiктi түзету, олардың әлеуметтiк-еңбектiк оңалуы мен арнайы ұйымдастырылған қозғалыс режiмi және практикалық әрекетi негiзiнде қоғамға үйлестiруге арналған түзету мекемесi;
      6) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзету ұйымдарындағы оқыту және тәрбиелеу психикалық дамуындағы, ерiк-өрiсiндегi кемiстiктердi түзетудi, олардың таным әрекетiн жандандырып, даму мүмкiндiктерi дұрыс сақтала тұра есте сақтауында, зейiнiнде әлсiздiк, психикалық процестердiң қарқыны мен қозғалысында кемiстiктер байқалатын балалардың оқу iс-әрекетiнiң, iскерлiк және бiлiк-дағдыларын қалыптастырады.
      7) ақыл-ойы кенже қалған балаларды оқыту және тәрбиелеу ұйымдары - ақыл-ойы кенже қалған балалардың дамуындағы кемiстiктi түзетiп, олардың бiлiм алуы мен еңбекке дайындығын, сондай-ақ әлеуметтiк-психологиялық ақтау, өз бетiнше өмiр сүрiп, қоғамда өз орнын табуға дайындау.
      5. Түзеу ұйымдары мемлекеттiк және мемлекеттiк емес болып табылады.
      6. Арнайы түзету ұйымдарының құрылуы, қайта құрылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзіледi.
      7. Түзету ұйымдарына бiлiм беру қызметi құқығына республикалық маңызы бар қала мен астананың бiлiм беру басқармалары (департаментi) лицензия бередi.
      8. Түзету ұйымдары өзiнiң қызметiн Конституцияға K951000_ тән Қазақстан Республикасы заңдарына, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      9. Түзету ұйымдары заңды ұйым болып табылады, оның жеке мүлкi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, мекеме атауы жазылған мөртабаны, сондай-ақ, банк бөлiмшелерiнде заңдарға сәйкес есеп шоты болады.
      10. Түзету ұйымдары өзiнiң құрылтайшылары тарапынан бекiтiлген Жарғысын Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Заңына және осы Ережелерге сәйкес жетiлдiредi және бекiтедi.
      11. Даму мүмкiндiктерi шектеулi оқушылардың жеке басының мүмкiндiктерi мен қажеттiлiктерiн ескере отырып бiлiм беру бағдарламалары төмендегідей нысандарда iске асырылады (ұжымдық және дербес). Арнаулы түзету мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы түзету сыныптары, жалпы бiлiм беретiн ұйым сыныбында және үйде дербес оқытылады.

                  2. Түзету мекемесiнiң қызметiн ұйымдастыру

      12. Түзету ұйымдарында дамуында осы тектес ауытқушылықтары бар мектепке дейiнгi жастағы балаларға арналған бөлiмдер мен топтар құрылады. Мұндай бөлiмдер мен топтардың жұмысы осындай нысандардағы арнаулы мектепке дейiнгi ұйымдардың қызметiн реттеушi нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарға сай құрылады.
      Түзету ұйымдарында, қажеттiгiне қарай ата-аналарға, жасөспiрiмдер мен балалардың даму проблемаларына арналған кеңес беру пункттерiн, кәсiптiк-техникалық мектептердегi арнайы топтарды, мектеп бiтiрушiлер мен басқалар үшiн қосалқы еңбекке дайындау және қайта дайындау орталықтарын ашуға болады.
      13. Түзету ұйымдарының құрамына естуi, көруi нашарлаған, тiрек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған, ақыл-ойы кемiс балалар үшiн кемiстiк құрылымы ауыр балаларға арнайы сыныптар ашуға болады. Бала саны алтыдан аспауы керек.
      14. Түзету ұйымдарының Кеңесiнiң шешiмi бойынша қажеттi жағдайлар болған кезде ақыл-ойы аса бүлiнген балалар үшiн арнайы сыныптар ашуға болады. Бұл сыныптарда бала саны 10 адамнан аспауы керек.
      15. Түзету ұйымдарының сыныптар саны ұйымның Жарғысына сай анықталады, мұнда санитарлық нормалар және бiлiм беру процесiн iске асыру жағдайлары қарастырылады.
      16. Факультативтiк сабақтарды өткiзу және әлеуметтiк-тұрмыстық бағдарлау кезiнде сыныпты екi топқа бөлу қажет. 5-сыныптан бастап қоғамдық пайдалы өндiрiстiк еңбектi ұйымдастыру кезiнде сынып оқушылары олардың еңбекке дайындық деңгейлерiне қарай бөлiнедi.
      Кәсiптiк еңбекке баулу сабақтары 5-сыныптан бастап, ал ақыл-ойы өте кенже қалғандар 4-сыныптан бастап екi топқа бөлiнiп өткiзiледi. Еңбек түрлерiне қарай топтарды жақсарту дәрiгердiң оқушылардың психикалық-физиологиялық жағдайы мен мүмкiндiгi туралы берген мәлiметтерiн ескере отырып жүргiзiледi.
      Факультативтiк сабақтар, үйiрмелер жұмысы спорт секциялары алты адамнан аспайтын топтарда жүргiзiледi.
      17. Түзету ұйымдарының қажеттi үй-жайы, ғимараты мен оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыратын, тәрбиеленушiлердiң демалысы мен бос уақытын өткiзетiн, спорт және көпшiлiк шараларын өткiзетiн, дәрiгерлiк көмек көрсететiн, шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық қызмет көрсететiн орындары мен құрал-жабдықтары, сондай-ақ, осы мекеменiң ерекшелiгiне сай бөлмелерi мен орындары (логопедиялық, ритмикалық, емдiк денешынықтыру, әлеуметтiк тұрмыстық бағыттау, есту жұмыстарын жүргiзетiн, тифлографиялық кабинеттерi) болуы қажет.

                     3. Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы

      18. Түзету ұйымдарындағы бiлiм беру мазмұны тәрбиеленушiлердiң психо-физиологиялық дамуын, олардың таным әрекетiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, жалпы бiлiм берудiң бағдарламаларына жұмыс жасайды. Ұсынылып отырған оқу жоспарларына түзету мекемелерi өздерiнiң жеке тұрмыс жоспарларын жасап бекiте алады.
      19. Оқу-тәрбие процесi балалардың психологиялық, дәрiгерлiк, педагогикалық және емдеу тұрғысынан зерттеген деректерге сүйене отырып, жеке және саралау принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады. Сөйлеу ерекшелiктерiн, балалардың зейiнiн, олардың жұмыс қабiлеттерiн, даму динамикасын жүйелi зерттеу оқушылардың нақты бiлiмдерiн, мүмкiндiктерiн және олардың оқу материалдарын игеру ерекшелiктерiн анықтау, оқушының болашақтағы дамуын анықтау үшiн және түзету жұмыс құралдарын таңдап алу үшiн жүргiзiледi.
      20. Оқу аптасының ұзақтығы педагогикалық кеңеспен белгiленiп, тиiстi басқару органдарының келiсуi бойынша Жарғыда бекiтiледi.
      21. Сыныптың (топтың) шектi толықтырылуы, ұзартылғын күндiк топтың жоғарыда көрсетілген түзету мекемелерiнiң түрлерiне байланысты.
      22. Түзету ұйымдарында тәрбиеленушiлердiң дамуының шектелуiн жеңу мақсатында топтық және жеке түзету оқулары өткiзiледi.
      23. Түзету ұйымдарындағы оқыту тiлiн жергiлiктi үкiмет органдары тиiстi бiлiм беру органдарының даму мүмкiндiктерi шектеулi тұлғалардың құқығы мен сұранысын қанағаттандыратын ұсыныстары негiзiнде анықтайды.
      Түзету ұйымдарының оқыту тiлiне қарамастан мемлекеттiк тiлдi оқуды қамтамасыз ету мiндеттi.
      24. Түзету ұйымдарының педагогикалық кеңесi оқуы қиын балалармен қатар, оларға қарағанда қабiлетi едәуiр қалыптасқандар үшiн де дербес оқыту бағдарламалары мен оқу жоспарларын бекiтедi.
      25. Түзету ұйымдарындағы еңбекке баулу аймақтық, жергiлiктi жердiң жұмысшы мамандарға деген сұранысқа бағытталған жағдайын және тәрбиеленушiлерде жеке психологиялық, физиологиялық даму ерекшелiктерiне, сондай-ақ, тәрбиеленушiнiң және оның ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) мүддесiн ескере отырып, тәрбиеленушiнi жеке еңбекке дайындауды қамтитын еңбек саласын iрiктеу негiзiнде жүзеге асырылады.
      Түзету ұйымдарында еңбекке баулуға арналған оқу шеберханаларын жарақатты ескертетiн, бұзылған қозғалыс қабiлетiн жеңiлдететiн арнаулы бейiмделген қажеттi құрал-жабдықтармен қамтамасыз етедi.
      26. Түзету ұйымдарындағы көруi, естуi, сөйлеуi, тiрек-қимыл аппараты бұзылған және психикалық дамуы кешеуiлдеген балаларға арналған арнайы ұйымдардың түлектерiне тиiстi бiлiм туралы мемлекеттiк үлгідегi құжат берiледi, мекеме мөрi басылады.
      Ақыл-ойы кемiс балаларға арналған арнайы бiлiм беретiн мекеме түлектерiне осы мекемеге сай үлгiдегi куәлiк беріледi.

                     4. Бiлiм беру процесiне қатысушылар

      27. Түзету ұйымдарындағы бiлiм беру процесiне қатысушылар: ұйымның педагогикалық, дәрiгерлiк қызметкерлерін оқушылар және олардың ата-аналары (бұлардың орнындағы заңды өкiлдер).
      28. Түзету ұйымдарына балаларды орналастыруды психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңестер қорытындысы негiзiнде бiлiм беру басқармасы органдары iске асырады. Бұл арнайы ұйымға қабылдау нұсқаулары ата-аналардың (бұлардың орнындағы заңды өкілдер) келiсiмiмен жүргiзiледi.
      Түзету ұйымдарындағы көмекшi сыныптарға (топтарға) тәрбиеленушiлердi ауыстыру ата-аналардың келiсiмiмен және психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңестiң қорытындысы бойынша осы ұйымда бiр жыл оқығаннан соң ғана ауыстырылады.
      Күрделi кемiстiгi бар балаларға арналған сыныптарға түзету мекемелерiне қабылдау психолог, дәрiгер және педагогтардың бақылауы және кеңесi бойынша жүргiзiледi.
      29. Қажет болған жағдайда тәрбиеленушiнi түзету ұйымдарынан басқа ұйымдарға ауыстыруды ата-аналарының келiсiмi бойынша, психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңес қорытындысы негiзiнде бiлiм беру басқармасы органы жүзеге асырады.
      30. Түзету ұйымдарында бiлiм беру процесiн қамтамасыз ету және оған басшылық жасауды түзету-педагогикалық қызмет саласындағы, сондай-ақ, тәжiрибелi педагогтар, осы ұйымның ерекшелiгiне сай қайта дайындықтан және аттестациядан өткен мұғалiмдер iске асырады.
      Түзету ұйымдарында бiлiм беру процесiнде психологиялық жағын қамтамасыз етуде ұйымның штатында арнайы психолог қызметi болады.
      31. Түзету ұйымдары басшылары және педагог қызметкерлерiн аттестациядан өткiзуде олардың арнайы бiлiмдерi бар-жоғы ескерiлуi тиiс.
      32. Түзету ұйымдарында дәрiгерлiк қызметтi қамтамасыз етуде штаттағы дәрiгер жүргiзедi. Олар осы ұйым әкiмшiлiгiмен бiрге тәрбиеленушiнiң ұйымға дұрыс орналасуын, олардың денсаулығын сақтауды, психо-физиологиялық күйiн нығайтудың профилактикалық шараларын жүргiзудi, мекеменiң санитарлық, гигиеналық жағдайын жақсартуды, денешынықтыру және сауықтыру, тамақтануды (соның iшiнде диета) ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.
      33. Түзету ұйымдарында дәрiгерлер педагогтарға тәрбиеленушiлердiң денсаулығы мен даму ерекшелiктерiн ескере отырып, жеке әдiстi ұйымдастыруға көмектеседi, педагогтардың оқу процесiнде дәрiгерлiк-педагогтық түзету, еңбекке баулу саласын iрiктеу, кәсiптiк бағдарлау, тәрбиеленушiлердi жұмысқа тұрғызу жөнiнде, сондай-ақ, ата-аналарға /заңды өкiлдер/ үй жағдайында ауруды алдын-ала сақтандыру мақсатында қорғау режимiн сақтаудың қажеттiлiгi жөнiнде нұсқаулар бередi.
      34. Түзету ұйымдарының барлық түрлерінде медикоментоздық және физиотерапиялық емдеу, климаттық емдеу мен сауықтыру, емдеу денешынықтыру, массаж және психотерапия жүргiзiледi.

                 5. Түзету бiлiм беру мекемесiн басқару

      35. Түзету ұйымын басқару Қазақстан Республикасы заңдарына, осы

Ережелердiң және оқу орнының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
     Түзету ұйымын басқару алқалық және дарабасшылық принципiнде жүзеге 
асырылады.
     Түзету ұйымының алқалық басқару кеңесi нысандары: қамқорлық жасаушы 
кеңес, жалпы жиналыстар, педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес басқа да 
нысандар.
     Түзету ұйымын тiкелей бiлiм беру саласының орталық басқару органдары 
келiсiмiмен құрылтайшылар тағайындаған директор басқарады.
     36. Түзету ұйымының директоры оқу орнының Жарғысына сәйкес өкiлеттi 
бiлiм органдармен келiсе отырып өзiнің орынбасарын тағайындайды және 
қызметтен босатады.
     37. Түзету ұйымдары оқу-тәрбие процесiн, мамандарды таңдау және 
орналастыру, ғылыми, шаруашылық қаржыландыру жағы басқа да қызметтердi 
белгiленген Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес ерiктi түрде жүзеге 
асырады.
     38. Түзету ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары және мiндеттерi оқу 
орнының Жарғысымен, қызметтiк нұсқаулар және iшкi тәртiп ережелерiмен 
анықталады.

             6. Түзету ұйымдарының қаржыландыру-шаруашылық және
                      құқықтық қызметiн қамтамасыз ету
     


      39. Мемлекеттiк түзету ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша iске асырылады.
      40. Мемлекеттiк түзету ұйымдары Қазақстан Республикасы Үкiметi анықтаған тәртiппен ақылы бiлiм беруге құқылы.
      Ақылы бiлiм беру қызметi негiзгi жалпы бiлiм беру қызметiн алмастыра алмайды.
      41. Мемлекеттiк түзету ұйымдары өзге қаржылық және материалдық түсiмдерді соның iшке валюталық түсiмдерін Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен пайдалануға құқылы.
      42. Ақылы бiлiм беруден түскен қаржылық, материалдық соның iшiнде валюталық түсiмдердi қалыптастыру, пайдалану, есептеу, есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасы заңдарымен анықталады.
      43. Түзету ұйымдары оқу орнының басқару құрылымын, штаттық кестесiн, лауазымдық қызметтердi ерiктi түрде бөледi және бекiтедi.
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лауазымдық еңбек ақыларды, үстеме және қосымша айлық ақыларды, қызметкерлерге сыйлық беру тәртiбi мен мөлшерiн жүзеге асырады.
      44. Мемлекеттiк емес түзету ұйымдарын қаржыландыру бiлiм беру

қызметiн сату, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының 
заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiне жүзеге асырылады.
     Мемлекеттiк емес түзету ұйымдары бiлiм беру қызметiн көрсеткенi үшiн, 
соның iшiнде мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде 
оқытқаны үшiн ақы алуға құқығы бар.

             7. Түзету ұйымдарының халықаралық қызметi
     
     45. Түзету ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан 
Республикасының заңдары және халықаралық шарттар, келiсiмдер, конвенциялар 
негiзiнде жүзеге асырылады. 
     46. Түзету ұйымдары шетелдiк бiлiм беру, ғылым және мәдениет 
ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен екi жақты және көп 
жақты шарттар жасасуға, бiлiм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес 
ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiруге құқығы бар.


                                     Бiлiм және ғылым Министрлiгінің
                                         2000 жылғы 10 шiлдедегi
                                       N 708 бұйрығымен 6 қосымша
     
            Қазақстан Республикасы лицейлерiнiң қызметiн
                      ұйымдастыру тәртiбi туралы
                                 ЕРЕЖЕЛЕР
     
                             1. Жалпы ереже
     


      1. Лицей - зердесi жоғары оқушыларды кәсiби бағытта оқытатын, негiзгi жалпы бiлiм беретiн және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын орта бiлiм беретiн оқу орындарының бiрi.
      2. Лицейдiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
      1) кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын таңдай бiлетiн және игеруге даяр, қоғам өмiрiне бейiмделген, жоғары деңгейдегi мәдениеттi интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру;
      2) өте қабiлеттi және дайындығы мол оқушылардың жалпы орта бiлiм алуына тиiмдi жағдайлар жасау;
      3) бағдарлы пәндерден оқушылардың жоғары дайындығын жасау;
      4) пәндердi тереңдетiп оқытуды таңдаудың өрiсiн кеңейту және оқушыларды бағдарына сәйкес жоғары оқу орнына түсiрулерiне дайындау мақсатында бағдарлап оқытуды жүзеге асыру;
      5) жеке тұлғаның шығармашылық күш-қуатын дамыту мен интеллектуалдық жағынан жоғары дамыта тәрбиелеуге қолайлы жағдайлар жасау.
      3. Лицей 10-11 сыныптар құрамында ұйымдастырылады және өзiнiң iс-әрекетiн Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының негiзiнде және осы Ереже мен лицейдiң Жарғысына сүйене отырып атқарады. Барлық лицейлер осы Ереженi меншiк түрiне қарамастан қолдануға міндетті.
      4. Лицей өз бетiмен дербес немесе кәсiпке бейiмдейтiн пәнге сәйкес жоғарғы оқу орындарының жанынан жоғары дәрежедегi мамандармен, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк оқулықтармен материалдық және әлеуметтiк жағынан қамтамасыз етiлген жағдайда Қазақстан Республикасының тиiстi Заңдылықтарында белгiленген тәртiпте құрылады.
      5. Лицей-оқушылардың, ата-аналардың, педагогтар қауымы алдында орта және жалпы бiлiм алу жөнiндегi конституциялық құқының жүзеге асуына, таңдап алған оқу түрiнiң оқушылардың жасы мен психологиялық-физиологиялық ерекшелiктерiне сай болуына, оқу-тәрбие iсiнiң мазмұны мен әдiс-тәсiлдерiнiң сапалы жүргiзiлуiне және өз мiндетi мен мақсатына сәйкес болуына жауапты.
      6. Лицей заңды мекеме болып табылады. Өзiнiң аты мен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген мөрi, ағымдағы және басқа да есепшоты болады.
      7. Лицейдiң жарғысы оның кеңесiнде (педагогикалық кеңес) қабылданып, жергiлiктi жердiң атқару өкiметiнiң бiлiм беру басқармасының органдары арқылы бекiтiледi
      8. Лицейдiң базасында ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстарды, жаңа типтi оқу-тәрбие ұйымдарының модельдерiн, қызметiн ұйымдастырудың құрылымы, мазмұны және түрлерiн тәжiрибелiк тексеру жүзеге асырылады.
      9. Жергiлiктi жердiң басқару өкiметiнiң бейiмдiлiгiне сай жоғары және басқа да кәсiби оқу орындары, жеке адамдар мен заңды тұлғалар құрылтайшы бола алады.
      10. Лицей мемлекеттiк аттестациядан бес жылда бiр рет өткiзiледi.

               II. Лицейге оқушылар қабылдау және бiтiрту тәртiбi

      11. Лицейге мекен-жайына қарамай, жалпы және орта бiлiмнiң негiзгi сатысын аяқтаған оқушылар конкурстық негiзде қабылданады.
      12. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа өткiзу лицейдiң кеңесi (педагогикалық кеңес) шешiмiмен үлгерiм нәтижесi бойынша рейтингiлiк баллмен жүргiзiледi.
      13. Оқудан шығарылған оқушылар жалпы бiлiм беретiн мектептердiң

сыныптарына, мектеп-лицейлер немесе жергiлiктi жердiң аудандық бiлiм беру 
бөлiмдерiнiң жалпы бiлiм беретiн - мектептерiне ауыстырылады.
     14. Оқушыларды қабылдау, оларды сыныптан-сыныпқа өткiзу және оқудан 
шығару тәртiбi лицей жарғысына сәйкес жүргiзiледi.
     15. Көшiру және бiтiру емтихандары Қазақстан Республикасының Бiлiм 
және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген "сыныптан-сыныпқа көшiру 
тәртiбi және аттестациялау жөнiндегi нұсқауға сәйкес" өткiзiледi.
     16. Лицейдi бiтiрушілерге жалпы орта бiлiм туралы оқу орнының түрi 
көрсетiлген аттестаттар беріледi.
     17. Лицейдi бiтiрушiлердi жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу 
орындары туралы Ережеге сәйкес реттеледi.

                        III. Оқу-тәрбие жұмыстары
     
     18. Лицейдiң оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және оны басқару осы 
Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
     19. Лицейдiң жеке оқу жоспарлары бiлiм беру ұйымдарының әкiмшiлiктерi 
тарапынан бекiтiледi.
     20. Арнаулы курстың оқу бағдарламалары, бағдарлы оқыту жоғары бiлiм 
беру ұйымдарының сәйкес кафедраларымен келiсiледi.
     21. Оқуда ғылыми-зерттеуге бейiмдiлiгiмен, өнертапқыштық немесе басқа 
шығармашылық қабiлетiмен жоғары нәтижелерге жеткен шәкiрттерге лицей 
кеңесiнiң шешiмiмен өз немесе жоғары оқу орындарының қорларынан, т.б. 
көздерден стипендия тағайындалуы мүмкiн.
     22. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы қызметi клубтар, ғылыми 
қоғамдар, жоғарғы оқу орны зертханалары мен түрлі бiрлестiктерде 
өткiзiледi.
     23. Лицей сыныптарында оқушылар саны 25 адамнан аспауы тиiс.
     24. Кәсiпке бейiмдейтiн пәндерден дәрiс бергенде, зертханалық жұмыс 
жүргiзгенде, қазақ, орыс, шет тiлдерiнен, дене шынықтыру, информатика және 
есептегiш техника пәндерiн өткенде сынып екi шағын топқа бөлiнедi.
     25. Оқу жоспары мен сабақ кестесiн құрастырған кезде жалпы бiлiм 
беретiн мектептердiң қызметiн ұйымдастыруда санитарлық нормалар мен 
ережелердi сақтау керек.
     26. Лицей типтiк штат негiзiнде жасалған жеке штаттық кестемен жұмыс 
iстейдi.
     27. Лицейдi басқару, құрамына жоғары оқу орнының өкiлдерi енгiзiлген 
лицейдiң кеңесi арқылы жүзеге асырылады.
     28. Лицейдi тiкелей басқаруды бiлiм басқармасы тағайындаған лицейдiң 
бастығы атқарады. Мемлекеттiк емес лицейлердiң бастықтарын облыстық, 
Алматы, Астана қалалық бiлiм басқармалары тағайындайды.
     29. Оқушыларды қабылдауда олардың дамуын бақылау және мiнез-құлқын 
қадағалау үшiн жылдық еңбекақы қорында қарастырылатын қаржы есебiнен 
психологиялық-талдау қызметi ұйымдастырылады.
     30. Лицейдiң педагогикалық ұжымы конкурстық негiзде Қазақстан 
Республикасының "Еңбек туралы" Заңы және лицейдiң жарғысына сәйкес 
жинақталады.
     31. Лицей оқушылары жыл сайын жан-жақты медициналық тексеруден өтедi.

                IY. Лицейдiң құқықтық тәртiбi мен қаржылық
                           қызметiн қамтамасыз ету
     
     32. Лицейдi қаржыландыру Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" 
Заңына және басқа нормативтiк құжаттарда белгiленген тәртiппен жүзеге 
асырылады.
     33. Мемлекеттiк лицейдiң қаржы қоры төмендегiдей құралады:
     1) мемлекеттiк бюджет (ассигнования) қаржысынан;
     2) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарнамаларынан;
     3) бюджеттен тыс, сондай-ақ, басқа да ақылы қызмет көрсетуден, заңға 
қайшы келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтерден.


      34. Лицейлердiң педагогикалық қызметкерлерiне ғылыми атақ-дәрежесiне қарай педагогика ғылымдарының кандидатына бiр айлық еңбек ақының, ғылым докторларына екi айлық еңбек ақының ең төменгi (минимальный) шегiндегi мөлшерде үстеме ақы белгiленедi.
      35. Лицей оқытушыларының нормативтiк апталық - оқу жүктемесiн

Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.
     36. Лицейге оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылған курстар мен 
факультатив сабақтар үшiн (әр сыныпқа 4 сағат) және үйiрмелер мен 
студиялар, ғылыми қоғамдар, т.б. ұйымдастыру үшiн әр сыныпқа 0,25 еңбек 
ақы мөлшерiнде сондай-ақ, жоғары дәрежелi арнайы дәрiстерге төлеу үшiн 
жылына 1500 сағат есебiнен бөлiнедi. Таңдап алынған факультатив сабақтары 
мен курстарда оқушылар саны 10-нан кем болмаған жағдайда жүргiзiледi.
     37. Мемлекеттiк лицейлердегi ақылы бiлiм беру қызметтерi бюджеттен 
қаржыландырылатын негiзгі жалпы бiлiм беру қызметiнiң шеңберiнде 
жүргiзiлмейдi.

                       Y. Халықаралық ынтымақтастық
     
     38. Лицейдiң:
     1) бiлiм беру саласындағы, ғылымдағы, мәдениеттегi халықаралық 
iс-шараларға қатысуға;
     2) шетелдiк бiлiм беру оқу орындарымен ынтымақтастыққа, оқытушылар 
мен оқушыларды алмастыруға келiсiм шарт жасау;
     3) шетелдерге кетуге жолдама беру үшiн мұғалiмдер мен оқушыларды 
iрiктеудi лицей кеңесi, қолданыстағы заңдарға сәйкес бiрлескен ұйымдар 
құруға құқы бар.

                      YІ. Лицейдi қайта құру және тарату
     
     39. Лицейдi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының 
заңдылықтарына сәйкес жүргiзiледi. 
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.