"Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1632. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 145 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 145 бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тізім бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...

      Министр

Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің    
2005 жылғы 10 наурыздағы   
N 145 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. ...
      5. "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" 2000 жылғы 10 шілдедегі бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 595 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1632 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2001 ж., N 31, 486-құжат).
      6. ...
___________________________________________________

      "Білім туралы"  Z990389_  Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында 

                                 БҰЙЫРАМЫН:

 
      1. "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы"  V001216_  Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережеде: 
      9-тармақ "әртүрлі білім беру мектептері," деген сөздерден кейін "мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар,"; деген сөздермен толықтырылсын. 
      21-тармақ "-30 адамнан," деген сөздерден кейін "лицейлік және гимназиялық сыныптарда (7-сыныптан бастап) 25 адамнан аспауы керек,"; деген сөздермен толықтырылсын; 
      22-тармақ "адам, ал ауылдық жерде 20-дан асқан жағдайда" деген сөздерден кейін "сондай-ақ лицейлік және гимназиялық сыныптарда профильді және арнаулы пәндер бойынша, гимназиялық сыныптарда шет тілдерін оқығанда үш топқа"; деген сөздермен толықтырылсын. 
      72-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстар мен факультативтер ұйымдастыруға лицейлік және гимназиялық әр сыныпқа 4 сағат, сондай-ақ үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдар ұйымдастыруға әр сыныпқа 0.25 мұғалімдер ставкасы есебінен, сонымен бірге әр мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен келісім-шарт негізіндегі жекелеген курстар мен лекцияларға ақы төлеу үшін қаржы бөлінеді. Факультативтік сабақтар мен таңдау бойынша курстар топтардағы адам саны 10-нан кем болмаған жағдайда жүргізіледі.". 
      2. Жалпы орта және бастауыш кәсіптік білім департаменті (Р. 

 

Жұмабекова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының 

Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     3. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының 

(департаменттерінің) бастықтары осы бұйрықты белгіленген тәртіппен барлық 

аудандық, қалалық білім бөлімдері мен ұйымдарына жеткізсін.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-Министр 

Б.Т. Жұмағұловқа жүктелсін.

 

 

     

     Министр  

     

     

     

     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Багарова Ж.