Ескерту: Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің жұмыс істеуiн қамтамасыз ететін нормативті құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргізуге лицензия беру ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апта өткен соң күшіне енгізілсін.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 16 маусымдағы
N 273 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында банкаралық
клирингті жүзеге асыру және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық
клиринг жүргізуге лицензия беру ережесі
Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен .
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
туралы", "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі
туралы", "
Ақша төлемі мен аударымы туралы
" Қазақстан Республикасының Заңдарына және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында банкаралық клирингті жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргізуге лицензия беру тәртібін айқындайды.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
2. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында
көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
екiжақты кредиттiк шектеу - банкаралық клиринг қатысушысының пайдасына жiберiлген төлем құжаттарының сомасын ескере отырып, осы банкаралық клиринг қатысушысының клирингтiң басқа қатысушысынан қабылдап алуға келiскен төлем құжаттарының ең көп сомасын клирингтiң қатысушысы клирингтiң әрбiр қатысушысы үшiн белгiлеген кездегi тәуекелдердi басқару әдiсi;
клирингтік ұйым - уәкілетті орган берген банкаралық клирингті жүргізуге лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - банк) немесе банкаралық клирингті жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банкаралық клирингті жүргізуге лицензиясы бар (бұдан әрі - банкаралық клиринг жүргізу лицензиясы) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - ұйым);
тәуекелдердi басқару әдiстерi - банкаралық клиринг қатысушыларының, клирингтiк ұйымның және есеп айырысу ұйымының клирингтi жүзеге асыру және/немесе банкаралық клиринг нәтижесi бойынша ақша аударымы жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындамау ықтималдығын азайтуға арналған жан-жақты iс-шаралар;
көпжақты дебеттiк шектеу - банкаралық клиринг қатысушысының әрқайсысы үшiн ең көп дебеттiк таза позицияға шектеу белгiленген кезде тәуекелдердi басқару әдiсi;
мониторинг - клирингке операциялық күн iшiнде банкаралық клиринг қатысушыларынан түскен төлем құжаттарын клирингке қатысушылардың өз мiндеттемелерiн орындамау мүмкiндiгiн анықтау мақсатында бақылап отыру;
шығындарды бөлу - банкаралық клиринг қатысушылары ақша аударымын жүзеге асыру үшiн ақша сомасы жетпейтiн банкаралық клиринг қатысушыларына олардың дебеттiк таза позицияларына сәйкес заем берген кезде тәуекелдердi басқару әдiсi;
есеп айырысу ұйымы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
резерв (сақтандыру) қоры - банкаралық клиринг қатысушылары клиринг ұйымы мен банкаралық клиринг қатысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес ақшаны резервтеген кезде тәуекелдердi басқару әдiсi;
банкаралық клиринг қатысушылары - клирингтік ұйымның банкаралық клирингте өңделетін төлем құжаттарын жіберетін және/немесе алатын клирингтік ұйыммен банкаралық клирингке қатысуға шарт жасасқан банктер мен ұйымдар. Клирингтік ұйым сондай-ақ банкаралық клиринг қатысушысы бола алады;
таза позиция - банкаралық клирингтiң барлық қатысушыларының банкаралық клирингтiң бiр қатысушысына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының және банкаралық клирингтiң осы қатысушысының банкаралық клирингтiң басқа да қатысушыларына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының арасындағы әртүрлiлiк. Егер айырмашылық - терiс сан болса, онда клиринг қатысушысының дебеттiк таза позициясы болады, егер - оң болса, кредиттiк таза позициясы болады.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
2-тарау. Ұлттық Банктің ұйымдарға банкаралық
клирингті жүргізуге лицензия беру тәртібі
Ескерту: 2-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен .
3. Клирингтік ұйым банкаралық клирингті Ұлттық Банк немесе уәкілетті орган берген тиісті лицензия негізінде, банкаралық ақша аударымдары жүйесінің пайдаланушысы деген мәртебесі болған жағдайда жүзеге асырады.
4. Ұйым банкаралық клирингті жүргізуге лицензия алу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды береді:
1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
26-бабының
2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар. Сонымен бірге ұйымның жарғылық капиталды төлеуі бастапқы төлем құжаттарымен (төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері) расталады;
2) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
16-бабында көзделген құжаттар;
3) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілген Жарғының және құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмелері (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
4) ұйымның атқару органының басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер: аты-жөні, азаматтығы, мекен-жайы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер;
5) ұйымның егжей-тегжейлі ұйымдық құрылымы;
6) бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептің нотариат куәландырған көшірмесі (егер ұйым акционерлік қоғам нысанында құрылса);
7) банкаралық клирингті жүргізуге лицензия алудың экономикалық негіздемесіне мыналар кіреді:
банкаралық клирингтің мақсаты және жүргізу қажеттігінің негіздемесі;
банкаралық клирингті жүргізу аймағы;
банкаралық клирингке қатысушылардың болжамды саны;
банкаралық клирингте жүзеге асырылатын төлемдердің болжамды саны;
банкаралық клиринг жүргізу тиімділігін есептеу;
8) банктердің және клирингтік ұйым ұйымдарының банкаралық клирингке қатысуға берген алдын ала жазбаша келісімі;
9) клирингтік ұйымның жоғары басқару органы бекіткен, банкаралық клирингті жүргізудің ішкі ережесіне (бұдан әрі - ішкі ережелер) мыналар кіреді:
клирингтік ұйымның операциялық күнінің сипаты және оның ұзақтығы;
төлем құжаттарымен алмасу тәсілдері;
банкаралық клирингке қатысушылардың таза позицияларын айқындау тәртібі;
банкаралық клирингті жүзеге асыру және банкаралық клиринг нәтижесі бойынша ақша аудару кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқару әдістері;
банкаралық клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі және мерзімдері;
клирингтік ұйымның, есеп айырысу ұйымының және банкаралық клиринг қатысушыларының құқықтары мен міндеттері;
10) банкаралық клиринг қатысушыларымен жасалатын үлгі шарт;
11) банкаралық клирингті жүргізу барысында пайдаланылатын, бағдарламалық-техникалық құралдар туралы мәліметтерге мыналар кіреді:
пайдаланылатын телекоммуникация желілері;
төлем құжаттарын өткізу рәсімдері;
банкаралық клирингті жүргізу және ақпаратты санкцияланбаған кіруден қорғау үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету;
бағдарламалық-техникалық құралдарда іркілістер туындаған жағдайларда немесе банкаралық клирингті жүзеге асыру кезінде өзге де көзделмеген жағдайларда банкаралық клирингті уақтылы аяқтауды қамтамасыз ететін рәсімдер.
5. Ұлттық Банк банкаралық клирингті жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті барлық қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда Ұлттық Банк жетіспейтін құжаттарды сұратады не алынған құжаттар пакетін қарамастан өтініш берушіге қайтарады. Ұсынылған құжаттар пакетін қайта қарау мерзімі олар алынған күннен бастап есептеледі.
6. Ұйымға банкаралық клирингті жүргізуге лицензия Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы негізінде осы Ереженiң 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93
қаулысымен
.
7. Ұйымға мынадай жағдайларда:
ұсынылған құжаттар осы Ереженің 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
егер ұсынылған құжаттарда мақсаттар, қажеттілікті негіздеу, банкаралық клирингті жүргізу тәртібі, сондай-ақ бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану сипаты мен рәсімдері айқын жазылмаса, банкаралық клирингті жүргізуге лицензия беруден бас тартылады.
7-1. Банкаралық клирингті жүргізуге лицензия беруден бас тартылған кезде ұйымға жазбаша түрде, лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде дәлелді жауап жіберіледі.
7-2. Ұлттық Банк осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша берілген, қайта ресімделген, қолданылуы тоқтатыла тұрған және қайтарылып алынған лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
7-3. Лицензияның түпнұсқасы жоғалған жағдайда, Ұлттық Банк лицензияның дубликатын береді.
Бұл ретте осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттарды қайтадан ұсыну осы жағдайда талап етілмейді.
7-4. Дубликат беруді, сондай-ақ ұйымға банкаралық клирингті жүргізуге лицензияны қайта ресімдеуді Ұлттық Банк ұйымның өтініші бойынша, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
7-5. Ішкі ережелерге клирингтік ұйым енгізетін өзгерістер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін олар алдын ала Ұлттық Банкке жіберілуі тиіс.
7-6. Ұлттық Банк ішкі ережелерге келіп түскен өзгерістер мен толықтыруларды он жұмыс күн ішінде қарап шығып, қарау нәтижелері туралы клирингтік ұйымға хабарлайды.
Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен .
9. Клирингтiк ұйым банкаралық клирингтің қатысушыларының қаржы жағдайына және/немесе клирингтi жүзеге асырған кезде өздерi пайдаланатын бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлей алады. Мұндай талаптарды клирингтiк ұйымның жоғары басқару органы бекiтедi және клиринг қатысушыларының бәрi үшiн мiндеттi болып табылады.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
10. Егер iшкi ережелерде және/немесе банкаралық клиринг қатысушыларымен жасалған шарттарда басқаша белгiленбесе, клирингтiк ұйым клирингтiк ұйымның жоғары басқару органы қабылдаған шешiмiнiң негiзiнде осы клирингтiк ұйымның өзi жүзеге асыратын банкаралық клирингтiң қатысушысы бола алады.
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
11. Клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингтің қатысушысының арасында жасалған шартта мынадай мiндеттi талаптар болуға тиiс:
1) төлем құжаттарымен және төлемдер туралы басқа да ақпаратпен алмасу тәсiлдерi мен тәртiбi;
2) тараптардың құқықтары және клирингтi жүзеге асыру кезiнде және/немесе клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару кезiнде туындаған мiндеттерi;
3) ақпараттың құпиялылық шарттары және оларды сақтамағандығы үшін жауапкершiлiк;
4) клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртiбi және мерзiмi;
5) клирингтi жүзеге асыру кезiнде және клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымы кезiнде қолданылатын тәуекелдердi басқару әдiстерi;
6) өз мiндеттемелерiн орындамаған банкаралық клирингтің қатысушысына қолданылатын ықпал ету шаралары;
7) клирингтi жүзеге асыру бойынша өз міндеттемелерiн орындамаған клиринг ұйымының жауапкершiлiгі.
Клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингтің қатысушысы арасында жасалған шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар көзделуi мүмкiн.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
4-тарау. Клиринг өткізуге қойылатын жалпы талаптар
12. Клирингтiк ұйым, есеп айырысу ұйымы және клиринг қатысушылары арасында төлем құжаттарын және/немесе төлемдер туралы ақпарат алмасуды электрондық тәсілмен жүзеге асырады.Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен .
13. Банкаралық клирингтің қатысушыларының және клирингтiк ұйымның банкаралық клирингтің қатысушысы мен клирингтiк ұйым жiберген және/немесе алған төлем құжаттарын жiбергелi және/немесе алғаны туралы растауы болуға тиiс.
Төлем құжаттарының жіберiлгенi және/немесе алынғаны жөнiндегi растауды төлем құжаттарының немесе iшкi ережелерде және/немесе тиiстi шарттарда белгiленген басқа да ақпараттың алынғаны туралы хабарлама деп есептеуге болады.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
14. Клиринг қатысушыларының таза позициясы банкаралық клирингтің барлық қатысушыларының банкаралық клирингтің бiр қатысушысына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының және банкаралық клирингтің осы қатысушысының банкаралық клирингтің басқа да қатысушыларына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының арасындағы әртүрлiлiктi табу жолымен анықталады.
Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
15. Клиринг қатысушыларының таза позициясын анықтаған кезде банкаралық клирингтің барлық қатысушыларының дебеттiк және кредиттiк таза позициялары сомасының әртүрлiлiгi нөлге тең болуы керек. Егер клиринг қатысушыларының таза позицияларының барлық кредиттiк сомасы мен барлық дебеттiк сомасы бiр-бiрiне тең болмаса, клирингтiк ұйым жоғарыда көрсетiлген сомалардың сәйкес келмеу себебiн анықтайды және клиринг қатысушыларының таза позицияларын қайта есептейдi.
Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
16. Клирингтiк ұйым клиринг аяқталғаннан кейiн клирингте өңделген төлем құжаттарын клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингке қатысушылар арасында жасалған шартқа сәйкес тәртiппен және мерзiмде осы төлем құжаттарын алатын қатысушыларға беруге мiндеттi.
Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
17. Банкаралық клирингтің қатысушылары клирингте өңделген төлем құжаттарын клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударылғаннан кейiн орындайды.
Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
18. Клирингтiк ұйым банкаралық клирингті жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн негiзгі бағдарламалық-техникалық құралдар iстен шыққан немесе бұзылған жағдайда банкаралық клирингтi уақтылы аяқтау үшiн қажет болатын қосымша бағдарламалық-техникалық құралдарды және/немесе рәсiмдердi қолданады.
Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
19. <*>
Ескерту: 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
5-тарау. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару
20. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару банкаралық клиринг қатысушыларының қарама-қарсы талаптарын есептеу рәсiмi аяқталғаннан кейін тиісті шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен .
21. Егер банкаралық клирингтiң барлық қатысушыларының таза позициялары нөлге тең болса, клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударылмайды.
Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
22. Банкаралық клиринг қатысушылары арасында банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару есеп айырысу және клирингтік ұйымдар арасындағы шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп айырысу ұйымында ашылған клирингтік ұйымның шоты арқылы есеп айырысу ұйымында жүзеге асырылады.
Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
23. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейiн клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығы нөлге тең болуы тиiс. Егер клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығы нөлге тең болмаса, клирингтiк ұйым клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығының болуына байланысты себептердi анықтап, келесi операциялық күн басталғанға дейін жояды.
24. <*>
Ескерту: 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
25. Банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесінде Ұлттық Банктің ақша аударуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару:
1) клирингтік ұйым жасаған төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Мұндай жағдайда клирингтік ұйым банкаралық клиринг нәтижелері бойынша дебеттік таза позициялары бар банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарынан ақша алуға және есеп айырысу ұйымындағы өзінің шотына ақша есептеуге төлем құжаттарын жасайды.
Сонымен бірге банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымын жүзеге асыру үшін банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарынан ақша алу клирингтік ұйым мен банкаралық клиринг қатысушысының арасында жасалған банкаралық клиринг қатысушысының шотынан ақшаны акцептемей алуға келісімі бар шарт негізінде ғана жүзеге асырылады.
Бір мезгілде, клирингтік ұйым өзінің шотынан ақша алуға және банкаралық клиринг нәтижелері бойынша кредиттік таза позициялары бар банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарына ақша есептеуге төлем құжаттарын жасайды;
2) есеп айырысу ұйымы жасаған төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Мұндай жағдайда клирингтік ұйым есеп айырысу ұйымына банкаралық клиринг қатысушыларының таза позициялары туралы ақпарат жібереді, есеп айырысу ұйымы соның негізінде банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аударуды жүзеге асыру үшін төлем құжаттарын жасайды.
Есеп айырысу ұйымы банкаралық клиринг нәтижелері бойынша дебеттік таза позициясы бар банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарынан ақша алуға және есеп айырысу мен клирингтік ұйымдар арасында, сондай-ақ есеп айырысу ұйымы мен банкаралық клиринг қатысушысы арасында жасалған шартқа сәйкес клирингтік не есеп айырысу ұйымының шотына ақша есептеуге төлем құжаттарын жасайды.
Бір мезгілде, есеп айырысу ұйымы клирингтік не есеп айырысу ұйымының шотынан ақша алуға және есеп айырысу мен клирингтік ұйымдар арасында, сондай-ақ есеп айырысу ұйымы мен банкаралық қатысушысы арасында жасалған шартқа сәйкес банкаралық клиринг нәтижелері бойынша кредиттік таза позициялары бар банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарына оларды есептеуге төлем құжаттарын жасайды.
Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
26. <*>
Ескерту: 26-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
27. Клирингтiк ұйым банкаралық клирингтің қатысушыларына осы банкаралық клирингтің қатысушысының пайдасына келiп түскен төлем құжаттарын, клиринг нәтижесi бойынша банкаралық клирингтің қатысушысының таза позициясы туралы ақпаратты және клирингте кез келген себеп бойынша өңделмеген төлем құжаты туралы ақпаратты себебiн көрсете отырып бередi.
Клирингтiк ұйым немесе есеп айырысу ұйымы (жасалған шарттың талаптарына байланысты) клиринг нәтижесi бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейiн банкаралық клирингтің қатысушысына осы банкаралық клирингтің қатысушысының таза позициясына сәйкес ақша аударудың аяқталғаны туралы хабарлама береді.
Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
28. Клирингтік ұйым операциялық күн ішінде банкаралық клирингтің қатысушыларының таза позициясын айқындау және клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару жөнінде бірнеше уақыт кезеңдерін белгілеуі мүмкін. Банкаралық клирингтің қатысушыларының таза позициясын айқындау мен клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару осындай белгіленген уақыт кезеңінің аяғында жүзеге асырылады.
Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
6-тарау. Тәуекелдің басқару әдістері
29. Клирингтiк ұйымының және банкаралық клирингтің қатысушыларының тәуекелдерін басқару әдістері үздіксіз клиринг өткiзуді қамтамасыз етуі және клиринг нәтижелері бойынша банкаралық клирингтің қатысушыларының таза позицияларына сәйкес тәртіппен және iшкi ережелер мен тиiстi шарттарда белгiленген мерзiмде клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды жүзеге асыруы тиiс.Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен .
30. Қолданылатын тәуекелдi басқару әдiстерi дебеттiк таза позициялары бар бiр немесе бiрнеше банкаралық клирингтің қатысушыларының ақша аудару үшiн ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды уақытылы аяқтауды қамтамасыз етуi тиiс.
Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
31. Шығындарды бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде әрбiр банкаралық клирингтің қатысушысы ұсынған заем сомасы клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингтің қатысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес айқындалады.
Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
32. Екiжақты кредиттiк шектеулер әдiсiн пайдалану кезінде бiр клиринг қатысушысының басқа банкаралық клирингтің қатысушысының пайдасына жiберген барлық төлем құжаттарының жиынтығы осы төлем құжаттарын алушының төлем құжаттарын жiберушi үшiн белгiлеген кредиттiк шектеулерiнiң көлемiнен (алынған төлем құжаттарын ескере отырып) аспауы тиiс.
Егер банкаралық клирингтің қатысушысы басқа банкаралық клирингтің қатысушысының пайдасына төлем құжатын жiберсе және жiберушi жiберген барлық төлем құжаттарының жиынтығы ол үшiн алушы белгiлеген кредиттiк шектеуден асып кетсе, осы төлем құжаты кезекпен тiркеледi, не оны банкаралық клирингтің қатысушысы қайтарып алады, не клирингтiк ұйым жояды.
Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
33. Көпжақты дебеттiк шектеулер әдiсiн қолданған кезде банкаралық клирингтің қатысушысының таза позициясы ол үшiн белгiленген дебеттiк шектеуден аспауы тиiс. Егер банкаралық клирингтің қатысушысы басқа банкаралық клирингтің қатысушысының пайдасына төлем құжатын жiберсе және осы қатысушы-жiберушінің таза дебеттiк позициясы дебеттiк шектеуден асатын болса, бұл төлем құжаты клирингте өңделмейдi. Мұндай жағдайда осы төлем құжаты кезекке тiркеледi, не банкаралық клирингтің қатысушысы қайтарып алады, не клиринг ұйымы жояды.
Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
34. Клиринг нәтижелерi бойынша уақытылы ақша аударуды қамтамасыз ету мақсатында банкаралық клирингтің қатысушылары резерв (сақтандыру) қорын құруына болады.
Резерв (сақтандыру) қоры банкаралық клирингтің қатысушылары осы қорға клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингтің қатысушылары арасында жасаған шарттардың талаптарына сәйкес өздерi аударған ақшаның есебiнен құрылады.
Ескерту: 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
35. Егер банкаралық клирингтің қатысушысының таза дебеттiк позициясына сәйкес ақша аудару үшiн жеткiлiктi ақша сомасы болмаса, онда клирингтiк ұйым осы банкаралық клирингтің қатысушысына оның дебеттiк шектеуiн азайту, резерв (сақтандыру) қорындағы резервке алынатын ақша мөлшерiн көбейту сияқты ықпал ету шараларын немесе клирингтік ұйым мен клиринг қатысушысы арасында жасалған шартта белгiленген басқа да ықпал ету шараларын клирингтi жүзеге асыру тетiгiне байланысты қолдануы мүмкiн.
Ескерту: 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
36. Клирингтік ұйымның үздiксiз банкаралық клиринг өткізуді және клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды қамтамасыз ететiн тәуекелдердi басқарудың өзге де тәсiлдерiн белгiлеуге және қолдануға құқығы бар.
Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
37. Егер банкаралық клирингтің қатысушысының дебеттiк таза позициясына сәйкес ақша аудару үшiн жеткiлiктi ақша сомасы болмаса, онда клирингтiк ұйым банкаралық клирингтің қатысушысының таза позициясына қажеттi сомаға төлем құжатын қайтару не жою арқылы қайта есептеуге құқылы. Егер осындай қайта есептеу нәтижесiнде қалған клиринг қатысушыларының ақша аудару бойынша өз мiндеттемелерiн толық көлемде және олардың жаңа таза позицияларына сәйкес орындамау ықтималдығы болмаған жағдайда таза позицияларды қайта есептеуге жол берiледi.
Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
38. Клирингтiк ұйым операциялық күн iшiнде клирингтi жүзеге асыру кезiнде пайда болған тәуекелдердi азайту мақсатында үздiксiз мониторинг жасайды.
Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
39. Клирингтiк ұйым операциялық күн iшiнде мониторинг нәтижесi бойынша банкаралық клирингтің қатысушыларының төлем құжаттарын қабылдауды, қайтаруды, не жоюды тоқтата тұруға құқылы.
Ескерту: 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
40-1. Осы Ереже талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Ұлттық Банк банкаралық клирингті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүзеге асырады.
Ескерту: 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
40-2. Осы Ережеде белгіленген талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда Ұлттық Банк банкаралық клирингті жүргізу лицензиясын қолдануды алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады. Ұлттық Банк Басқармасының лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы қаулысында лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың негізі және мерзімі көрсетіледі.
Ескерту: 40-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
40-3. Банкаралық клирингті жүргізу лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда, ұйым Ұлттық Банкке банкаралық клиринг жүргізу лицензиясын қолдануды тоқтата тұру себептерін жою үшін өздері қабылдаған шаралар туралы хабарлайды.
Ескерту: 40-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
40-4. Ұлттық Банк банкаралық клирингті жүргізу лицензиясын қолдануды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған заң бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты растайтын тексеруді жүзеге асырғаннан кейін Ұлттық Банк Басқармасының тиісті қаулысы негізінде лицензияны қолдану жаңартылады.
Ескерту: 40-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
40-5. Анықталған заң бұзушылықтар белгіленген мерзімдерде жойылмаған жағдайда, Ұлттық Банк банкаралық клирингті жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алады.
Ескерту: 40-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
41. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн клирингтік ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Қазақстан Республикасында банкаралық
клирингті жүзеге асыру және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық
клиринг жүргізуге лицензия беру
ережесіне
1-қосымша
Ескерту: 1 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі
Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27
қаулысымен
.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға банкаралық клирингті жүргізуге берілген,
қолданылуы тоқтатылған, қайтарып алынған
лицензияларды есепке алу
тізілімі
_________________________________________________________________
Ли. | | Лицен. |Лицензия.| Лицен. | Лицензия.| Лицензияның
цен.|Ұйым.|зияның |ны беру | зияда | ның | қайтарып
зия.| ның |берілген |(қайта |көзделген| қайтарып | алыну,
ның |атауы| (қайта |ресімдеу)|операция.| алынған,| қолданылуының
N | |ресімдел.| негіз. | лардың |қолданылуы| тоқтатылу
| |ген) күні| демесі | тізбесі | тоқтатыл.| негіздемесі
| | | | | ған күні |
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында
банкаралық клирингтi
жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң банк
операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдарға банкаралық клиринг
жүргiзуге лицензия беру
ережесiне 1-1-қосымша
Ескерту: 1-1 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi
Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93
қаулысымен
.
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдарға теңгемен банкаралық клирингтi
жүзеге асыруға
ЛИЦЕНЗИЯ
нөмiрi _____
берiлген күнi _____ жылғы "___"_____
Осы лицензия Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының __________ жылғы "___"__________ N __________
қаулысына сәйкес __________________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
___________________________________________________________________
ұйымның атауы және орналасқан жерi, мемлекеттiк тiркелген күнi
және нөмiрi)
берiлдi және теңгемен банкаралық клирингтi жүзеге асыру құқығын
бередi.
Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтар үшiншi
тұлғаларға берiлмейдi.
Осы лицензия бiр данада берiледi.
Төрағаның орынбасары