Қазақстан Республикасында клирингті жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 16 маусым N 273 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 3 тамызда N 1212 тіркелді.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің жұмыс істеуiн қамтамасыз ететін нормативті құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасында клирингті жүзеге асыру ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апта өткен соң күшіне енгізілсін.
      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында клирингті жүзеге асыру ережесін мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында клирингті жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасында клирингті жүзеге асыру ережесін екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
     Ұлттық банк
       Төрағасы


                                             Қазақстан Республикасының     

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 маусымдағы N 273 қаулысымен бекітілген


            Қазақстан Республикасында клирингтi жүзеге асыру ережесi

                          1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлықтарына, "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Z980237_ Қазақстан Республикасының Заңына және соларға сай қабылданған Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасының аумағында клирингтi жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      екiжақты кредиттiк шектеу - клиринг қатысушысының пайдасына жiберiлген төлем құжаттарының сомасын ескере отырып, осы клиринг қатысушысының клирингтiң басқа қатысушысынан қабылдап алуға келiскен төлем құжаттарының ең көп сомасын клирингтiң қатысушысы клирингтiң әрбiр қатысушысы үшiн белгiлеген кездегi тәуекелдердi басқару әдiсi;
      клирингтiк ұйым - клиринг операцияларын жүргiзуге: төлемдердi жинауға, салыстырып тексеруге, сұрыптауға және растауға, сондай-ақ олардың өзара есеп жүргізуіне және клиринг қатысушыларының таза позициясын анықтауға берiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) лицензиясы (бұдан әрi - клиринг операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия) негiзiнде клиринг операцияларын жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
      тәуекелдердi басқару әдiстерi - клиринг қатысушыларының, клирингтiк ұйымның және есеп айырысу ұйымының клирингтi жүзеге асыру және/немесе клиринг нәтижесi бойынша ақша аударымы жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындамау ықтималдығын азайтуға арналған жан-жақты iс-шаралар;
      көпжақты дебеттiк шектеу - клиринг қатысушысының әрқайсысы үшiн ең көп дебеттiк таза позицияға шектеу белгiленген кезде тәуекелдердi басқару әдiсi;
      мониторинг - клирингке операциялық күн iшiнде клиринг қатысушыларынан түскен төлем құжаттарын клирингке қатысушылардың өз мiндеттемелерiн орындамау мүмкiндiгiн анықтау мақсатында бақылап отыру;
      шығындарды бөлу - клиринг қатысушылары ақша аударымын жүзеге асыру үшiн ақша сомасы жетпейтiн клиринг қатысушыларына олардың дебеттiк таза позицияларына сәйкес заем берген кезде тәуекелдердi басқару әдiсi;
      есеп айырысу ұйымы - клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымын жүзеге асыруға арналған есепшот ашылған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар. Есеп айырысу ұйымы клиринг ұйымының жұмысын орындай алады;
      резерв (сақтандыру) қоры - клиринг қатысушылары клиринг ұйымы мен клиринг қатысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес ақшаны резервтеген кезде тәуекелдердi басқару әдiсi;
      клиринг қатысушысы - клирингтiк ұйыммен клирингке қатысуға шарт жасасқан, клирингте клиринг ұйымы өңдейтін төлем құжаттарын жiберетiн және/немесе алатын заңды тұлға немесе заңды тұлға болып құрылмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлға;
      таза позиция - клирингтiң барлық қатысушыларының клирингтiң бiр қатысушысына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының және клирингтiң осы қатысушысының клирингтiң басқа да қатысушыларына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының арасындағы әртүрлiлiк. Егер айырмашылық - терiс сан болса, онда клиринг қатысушысының дебеттiк таза позициясы болады, егер - оң болса, кредиттiк таза позициясы болады.

                       2-тарау. Клирингтiк ұйым

      3. Клирингтiк ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

құрылтай құжаттарының негiзiнде жасалады және жұмыс iстейдi.
     4. Клиринг операцияларын жүргiзуге лицензия беру, қолданылуын тоқтату 
және күшiн жою тәртiбi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде 
белгiленедi.
     5. Клирингтік ұйым лицензия алу үшін банк операцияларын лицензиялау 
мәселелерін реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде 
көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттар мен мәліметтерді Ұлттық 
Банкке ұсынуға тиіс:
     1) клирингті жүзеге асырудың экономикалық негіздемесі, оған мыналар 
енгізіледі:
     клирингтің мақсаты мен жүзеге асыру қажеттігінің негіздемесі;
     клиринг жүргізу аймағы;
     клиринг қатысушыларының болжамды саны;
     клирингте жүзеге асырылатын төлемдердің болжамды саны;
     клирингті жүзеге асыру тиімділігінің есебі;
     2) клиринг ұйымының жоғары басқару органы бекіткен клирингтi жүзеге 
асырудың ішкi ережелері, оған мыналар енгізіледі:
     клиринг ұйымының операциялық күнін сипаттау және оның ұзақтығы;
     төлем құжаттарымен алмасу тәсілдері;
     клиринг қатысушыларының таза позициясын анықтау тәртібі;
     клирингті жүзеге асырған кезде және клиринг нәтижелері бойынша ақша 
аударған кезде қолданылатын тәуекелдерді басқару әдісі;
     клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымын жүзеге асыру тәртібі және 
мерзімдері;
     клирингтік ұйымның, есеп айырысу ұйымының және клиринг 
қатысушыларының құқықтары мен міндеттері;
     3) Клиринг қатысушыларымен жасалған үлгі шарт;


      4) клирингті жүзеге асыру барысында пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдар туралы мәліметтер, оған мыналар енгізіледі:
      телекоммуникациялардың пайдаланылатын желілері;
      төлем құжаттарын өткізу рәсімдері;
      клирингті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және санкция берілмеген ақпарат алудан қорғау;
      клирингтi жүзеге асырған кезде бағдарламалық-техникалық құралдар iстен шыққан жағдайда немесе басқа да күтпеген жағдайларда клирингтi уақытылы аяқтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар.
      6. Клирингтiк ұйымның клирингтi жүзеге асыру жөнiндегi iшкi ережелерiне (бұдан әрi - iшкi ережелер) енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн тексеру үшiн алдын ала Ұлттық Банкке жiберiлуi тиiс.
      7. Ұлттық банк iшкi ережелерге келiп түскен өзгерiстер мен толықтыруларды он жұмыс күні iшiнде қарап шығып, қарау нәтижелерi туралы клирингтiк ұйымға хабарлайды.

                        3-тарау. Клиринг қатысушылары

      8. Заңды тұлға немесе заңды тұлға болып құрылмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлға клирингтік ұйыммен клирингке қатысу туралы шарт жасасқаннан кейiн клиринг қатысушысы мәртебесiне ие болады.
      9. Клирингтiк ұйым клиринг қатысушыларының қаржы жағдайына және/немесе клирингтi жүзеге асырған кезде өздерi пайдаланатын бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлей алады. Мұндай талаптарды клирингтiк ұйымның жоғары басқару органы бекiтедi және клиринг қатысушыларының бәрi үшiн мiндеттi болып табылады.
      10. Егер iшкi ережелерде және/немесе клиринг қатысушыларымен жасалған шарттарда басқаша белгiленбесе, клирингтiк ұйым клирингтiк ұйымның жоғары басқару органы қабылдаған шешiмiнiң негiзiнде осы клирингтiк ұйымның өзi жүзеге асыратын клирингтiң қатысушысы бола алады.
      11. Клирингтiк ұйым мен клиринг қатысушысының арасында жасалған шартта мынадай мiндеттi талаптар болуға тиiс:
      1) төлем құжаттарымен және төлемдер туралы басқа да ақпаратпен алмасу тәсiлдерi мен тәртiбi;
      2) тараптардың құқықтары және клирингтi жүзеге асыру кезiнде

және/немесе клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару кезiнде туындаған 
мiндеттерi;
     3) ақпараттың құпиялылық шарттары және оларды сақтамағандығы үшін 
жауапкершiлiк;
     4) клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртiбi 
және мерзiмi;
     5) клирингтi жүзеге асыру кезiнде және клиринг нәтижелерi бойынша 
ақша аударымы кезiнде қолданылатын тәуекелдердi басқару әдiстерi;
     6) өз мiндеттемелерiн орындамаған клиринг қатысушысына қолданылатын 
ықпал ету шаралары;
     7) клирингтi жүзеге асыру бойынша өз міндеттемелерiн орындамаған 
клиринг ұйымының жауапкершiлiгі.
     Клирингтiк ұйым мен клиринг қатысушысы арасында жасалған шартта 
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар 
көзделуi мүмкiн.

           4-тарау. Клиринг өткізуге қойылатын жалпы талаптар
     


      12. Клирингтiк ұйым, есеп айырысу ұйымы және клиринг қатысушылары арасында төлем құжаттарын және/немесе төлемдер туралы ақпарат алмасуды қағаз жазбамен де, электронды тәсiлмен де жүзеге асыруға болады.
      13. Клиринг қатысушыларының және клирингтiк ұйымның клиринг қатысушысы мен клирингтiк ұйым жiберген және/немесе алған төлем құжаттарын жiбергелi және/немесе алғаны туралы растауы болуға тиiс.
      Төлем құжаттарының жіберiлгенi және/немесе алынғаны жөнiндегi растауды төлем құжаттарының немесе iшкi ережелерде және/немесе тиiстi шарттарда белгiленген басқа да ақпараттың алынғаны туралы хабарлама деп есептеуге болады.
      14. Клиринг қатысушыларының таза позициясы клирингтің барлық қатысушыларының клирингтiң бiр қатысушысына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының және клирингтiң осы қатысушысының клирингтiң басқа да қатысушыларына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының арасындағы әртүрлiлiктi табу жолымен анықталады.
      15. Клиринг қатысушыларының таза позициясын анықтаған кезде клирингтiң барлық қатысушыларының дебеттiк және кредиттiк таза позициялары сомасының әртүрлiлiгi нөлге тең болуы керек. Егер клиринг қатысушыларының таза позицияларының барлық кредиттiк сомасы мен барлық дебеттiк сомасы бiр-бiрiне тең болмаса, клирингтiк ұйым жоғарыда көрсетiлген сомалардың сәйкес келмеу себебiн анықтайды және клиринг қатысушыларының таза позицияларын қайта есептейдi.
      16. Клирингтiк ұйым клиринг аяқталғаннан кейiн клирингте өңделген төлем құжаттарын клирингтiк ұйым мен клирингке қатысушылар арасында жасалған шартқа сәйкес тәртiппен және мерзiмде осы төлем құжаттарын алатын қатысушыларға беруге мiндеттi.
      17. Клиринг қатысушылары клирингте өңделген төлем құжаттарын клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударылғаннан кейiн орындайды.
      18. Клирингтiк ұйым клирингтi жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн негiзгі бағдарламалық-техникалық құралдар iстен шыққан немесе бұзылған жағдайда клирингтi уақтылы аяқтау үшiн қажет болатын қосымша бағдарламалық-техникалық құралдарды және/немесе рәсiмдердi қолданады.
      19. Қатысушылары екiншi деңгейдегi банктер мен банк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын клирингке (бұдан әрi - банкаралық клиринг) басқа заңды тұлғалар және кәсiпкерлiк қызметпен заңды тұлға құрмай айналысатын жеке тұлғалар қатыса алмайды.

               5-тарау. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару

      20. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару клиринг қатысушыларының қарама-қарсы талаптарын есептеу рәсiмi аяқталғаннан кейін тиісті шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Егер клирингтiң барлық қатысушыларының таза позициялары нөлге тең болса, клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударылмайды.
      22. Клиринг қатысушылары арасында клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару, осы Ереженiң 26-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, клирингтiк ұйымның есеп айырысу ұйымында ашылған есепшоты арқылы жүзеге асырылады.
      23. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейiн клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығы нөлге тең болуы тиiс. Егер клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығы нөлге тең болмаса, клирингтiк ұйым клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығының болуына байланысты себептердi анықтап, келесi операциялық күн басталғанға дейін жояды.
      24. Банкаралық клирингті жүзеге асырған кезде клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның (бұдан әрi - Орталық) банкаралық ақша аудару жүйесiнде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Орталық есеп айырысу ұйымы болып табылады.
      25. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару:
      1) клирингтiк ұйым жасаған төлем құжаттарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мұндай жағдайда клирингтiк ұйым клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк таза позициялары бар клиринг қатысушыларының есепшоттарынан ақша алуға және есеп айырысу ұйымындағы өздерінің есепшотына ақша есептеуге төлем құжаттарын, сондай-ақ өзiнiң есепшотынан ақша алуға және клиринг нәтижелерi бойынша кредиттiк таза позициялары бар клиринг қатысушыларының есепшотына ақша есептеуге төлем құжаттарын жасайды.
      Клиринг қатысушысының есепшоты ашылған есеп айырысу ұйымы немесе банк клиринг қатысушысының банктiк есепшотынан клирингтiк ұйым мен клирингке қатысушының арасында жасалған, клиринг қатысушысының оның банктiк есепшотынан акцептсiз ақша алуға келiсiмi бар шарттың негiзiнде ғана акцептемеу тәртiбiмен ақша алуына болады.
      Бұл шарт клиринг есеп айырысу ұйымына немесе клиринг қатысушысының банктiк есепшоты ашылған, оның дебеттiк таза позициясына сәйкес акцептсiз тәртiппен ақша алынатын банкке ұсынылады;
      2) есеп айырысу ұйымы жасаған төлем құжаттарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мұндай жағдайда клирингтiк ұйым есеп айырысу ұйымына клиринг қатысушысының таза позициясы туралы ақпарат жiбередi, есеп айырысу ұйымы соның негiзiнде клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару үшiн төлем құжаттарын жасайды.
      Бұл жағдайда есеп айырысу ұйымы клиринг қатысушысының есеп айырысу ұйымында ашылған клиринг қатысушысының есепшотынан оның таза дебеттiк позициясына сәйкес есеп айырысу ұйымы мен клиринг қатысушысының арасындағы клиринг қатысушысының банктiк есепшотынан акцептемей ақша алуға келiсiмi бар шарттың негiзiнде ғана акцептсiз тәртiппен ақша алуына болады.
      Есеп айырысу ұйымы клиринг ұйымының есепшотынан әрбiр клиринг қатысушысының кредиттiк таза позициясына сәйкес есеп айырысу ұйымы мен клиринг ұйымының арасында жасалған, клиринг ұйымының оның банктiк есепшотынан акцептсiз ақша алуға келiсiмi бар шарттың негiзiнде ғана ақша алуына болады.
      Егер клиринг нәтижелерi бойынша клиринг қатысушысының есеп айырысу ұйымы болып табылмайтын банкте ашылған есепшотынан ақша алу жүргiзiлсе, банк клиринг қатысушысының банктiк есепшотынан оның дебеттiк таза позициясына сәйкес есеп айырысу ұйымы мен клиринг қатысушысының арасында клиринг қатысушысының банктік есепшотынан оның дебеттік таза позициясына сәйкес акцептемей ақша алуға келiсiмi бар шарттың негiзiнде ғана акцептемеу тәртiбiмен ақша алуына болады;
      3) клиринг қатысушылары жасаған төлем құжаттарының негiзiнде.
      Бұл жағдайда клирингтiк ұйым клиринг қатысушыларының таза позицияларын айқындағаннан кейін әрбір клиринг қатысушысына оның таза позициясы туралы ақпарат жiбередi.
      Таза дебеттiк позициясы бар клиринг қатысушылары, клирингтiк ұйымнан алынған, ақпараттың негізiнде клирингтiк ұйымның есеп айырысу ұйымында ашылған есепшотына ақша аударады.
      Клирингтiк ұйымның есепшотынан клиринг нәтижелері бойынша таза кредиттiк позициясы бар клиринг қатысушысының есепшотына ақша аудару клиринг ұйымы не есеп айырысу ұйымы клиринг ұйымы мен есеп айырысу ұйымы арасында жасалған шартқа сәйкес жасалған төлем құжатының негізінде жүргізуге болады.
      26. Екі клиринг қатысушысы арасында ақша аудару клиринг нәтижесі бойынша дебеттiк таза позициясы бар клиринг қатысушысының есепшотынан клиринг нәтижесi бойынша кредиттiк таза позициясы бар клиринг қатысушысының есепшотына ақша аудару арқылы клирингтiк ұйымның есешпотына ақша есептемей-ақ жүзеге асырылады.
      27. Клирингтiк ұйым клиринг қатысушыларына осы клиринг қатысушысының пайдасына келiп түскен төлем құжаттарын, клиринг нәтижесi бойынша клиринг қатысушысының таза позициясы туралы ақпаратты және клирингте кез келген себеп бойынша өңделмеген төлем құжаты туралы ақпаратты себебiн көрсете отырып бередi.
      Клирингтiк ұйым немесе есеп айырысу ұйымы (жасалған шарттың талаптарына байланысты) клиринг нәтижесi бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейiн клиринг қатысушысына осы клиринг қатысушысының таза позициясына сәйкес ақша аударудың аяқталғаны туралы хабарлама береді.
      28. Клирингтік ұйым операциялық күн ішінде клиринг қатысушыларының таза позициясын айқындау және клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару жөнінде бірнеше уақыт кезеңдерін белгілеуі мүмкін. Клиринг қатысушыларының таза позициясын айқындау мен клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару осындай белгіленген уақыт кезеңінің аяғында жүзеге асырылады.

             6-тарау. Тәуекелдің басқару әдістері

      29. Клирингтiк ұйымының және клиринг қатысушыларының тәуекелдерін басқару әдістері үздіксіз клиринг өткiзуді қамтамасыз етуі және клиринг нәтижелері бойынша клиринг қатысушыларының таза позицияларына сәйкес тәртіппен және iшкi ережелер мен тиiстi шарттарда белгiленген мерзiмде клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды жүзеге асыруы тиiс.
      30. Қолданылатын тәуекелдi басқару әдiстерi дебеттiк таза позициялары бар бiр немесе бiрнеше клиринг қатысушыларының ақша аудару үшiн ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды уақытылы аяқтауды қамтамасыз етуi тиiс.
      31. Шығындарды бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде әрбiр клиринг қатысушысы ұсынған заем сомасы клирингтiк ұйым мен клиринг қатысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес айқындалады.
      32. Екiжақты кредиттiк шектеулер әдiсiн пайдалану кезінде бiр клиринг қатысушысының басқа клиринг қатысушысының пайдасына жiберген барлық төлем құжаттарының жиынтығы осы төлем құжаттарын алушының төлем құжаттарын жiберушi үшiн белгiлеген кредиттiк шектеулерiнiң көлемiнен (алынған төлем құжаттарын ескере отырып) аспауы тиiс.
      Егер клиринг қатысушысы басқа клиринг қатысушысының пайдасына төлем құжатын жiберсе және жiберушi жiберген барлық төлем құжаттарының жиынтығы ол үшiн алушы белгiлеген кредиттiк шектеуден асып кетсе, осы төлем құжаты кезекпен тiркеледi, не оны клиринг қатысушысы қайтарып алады, не клирингтiк ұйым жояды.
      33. Көпжақты дебеттiк шектеулер әдiсiн қолданған кезде клиринг қатысушысының таза позициясы ол үшiн белгiленген дебеттiк шектеуден аспауы тиiс. Егер клиринг қатысушысы басқа клиринг қатысушысының пайдасына төлем құжатын жiберсе және осы қатысушы-жiберушінің таза дебеттiк позициясы дебеттiк шектеуден асатын болса, бұл төлем құжаты клирингте өңделмейдi. Мұндай жағдайда осы төлем құжаты кезекке тiркеледi, не клиринг қатысушысы қайтарып алады, не клиринг ұйымы жояды.
      34. Клиринг нәтижелерi бойынша уақытылы ақша аударуды қамтамасыз ету мақсатында клиринг қатысушылары резерв (сақтандыру) қорын құруына болады.
      Резерв (сақтандыру) қоры клиринг қатысушылары осы қорға клирингтiк ұйым мен клиринг қатысушылары арасында жасаған шарттардың талаптарына сәйкес өздерi аударған ақшаның есебiнен құрылады.
      35. Егер клиринг қатысушысының таза дебеттiк позициясына сәйкес ақша аудару үшiн жеткiлiктi ақша сомасы болмаса, онда клирингтiк ұйым осы клиринг қатысушысына оның дебеттiк шектеуiн азайту, резерв (сақтандыру) қорындағы резервке алынатын ақша мөлшерiн көбейту сияқты ықпал ету шараларын немесе клирингтік ұйым мен клиринг қатысушысы арасында жасалған шартта белгiленген басқа да ықпал ету шараларын клирингтi жүзеге асыру тетiгiне байланысты қолдануы мүмкiн.
      36. Клирингтік ұйымның үздiксiз клиринг өткізуді және клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды қамтамасыз ететiн тәуекелдердi басқарудың өзге де тәсiлдерiн белгiлеуге және қолдануға құқығы бар.
      37. Егер клиринг қатысушысының дебеттiк таза позициясына сәйкес ақша аудару үшiн жеткiлiктi ақша сомасы болмаса, онда клирингтiк ұйым клиринг қатысушысының таза позициясына қажеттi сомаға төлем құжатын қайтару не жою арқылы қайта есептеуге құқылы. Егер осындай қайта есептеу нәтижесiнде қалған клиринг қатысушыларының ақша аудару бойынша өз мiндеттемелерiн

толық көлемде және олардың жаңа таза позицияларына сәйкес орындамау 
ықтималдығы болмаған жағдайда таза позицияларды қайта есептеуге жол 
берiледi.
     38. Клирингтiк ұйым операциялық күн iшiнде клирингтi жүзеге асыру 
кезiнде пайда болған тәуекелдердi азайту мақсатында үздiксiз мониторинг 
жасайды.
     39. Клирингтiк ұйым операциялық күн iшiнде мониторинг нәтижесi 
бойынша клиринг қатысушыларының төлем құжаттарын қабылдауды, қайтаруды, 
не жоюды тоқтата тұруға құқылы.

                    7-тарау. Қорытынды ережелер
     
     40. Клирингтiк ұйым Ұлттық Банкке өз операциялары туралы Ұлттық Банк 
белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде ақпарат ұсынады.
     41. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн клирингтік ұйым Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
     42. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес реттеледi.
     
     Төраға
     
     Оқығандар:
             Икебаева А.Ж.
             Қасымбеков Б.А..