ҚР МКМ-нiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 14 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1156. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

Күшін жойған

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      58. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 384 V001156_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
      "Салық салу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z990440_ 1999 жылғы 16 шiлдедегi, "Салық салу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z990485_ 1999 жылғы 22 қарашадағы, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы" Z990495_ 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңдарының қабылдануымен байланысты
 
                    БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн салық салудың жеңiлдетiлген режимi туралы" V990794_ , "Шаруа фермер қожалықтары мен жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерге салық салудың жеңiлдетілген режимi туралы" V990799_ нұсқауларды бекiту туралы" N 535 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      атау мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн салық салудың жеңiлдетiлген режимi туралы" нұсқауды бекiту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн салық салудың жеңiлдетiлген режимi туралы" қосымша нұсқау бекiтiлсiн".";
      2-тармақтағы "Нұсқаулар" деген сөз "Нұсқау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      осы бұйрығымен бекiтiлген "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға салық салудың оңайлатылған режимi туралы" Нұсқауда:
      1) кіріспеде:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнің заң күшi бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Акцизделетiн өнiмдi шығарумен (оның iшiнде және алыс-берiс негiзiнде), этил спиртiн сақтаумен және сатумен, алкоголь өнiмiн сақтаумен және көтерме сатумен айналысатын жеке кәсiпкерлер салық салудың оңайлатылған режимiне көшiрiлмейдi";
      3) 17-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "10 000" саны "20 000" санына ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "10" саны "20" санына ауыстырылсын;
      4) 25-тармақта: үшiншi абзац "патент құнына енгiзiлген салықтардың түрлерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 26-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Акцизделетiн өнiмдi сататын (темекi өнiмдерiнен басқа), сондай-ақ Астана, Алматы қалаларында және 100 000 мыңнан астам халқы бар облыстық маңыздағы қалаларда тұрақты үй-жайлардағы бөлшек сауданы iске асыратын кәсiпкерлер қолма-қол ақшалармен жұмыс кезiнде фискалдық жадуалы бар бақылау-кассалық аппараттары және сатып алушы-тұтынушыға бақылау чегiн бере отырып фискалдық карталарды пайдаланумен компьютерлiк жүйелер арқылы операциялар жүргiзуге мiндеттi.";
      6) 27-тармақта "төлеу жүргiзедi" деген сөздердің алдында "бензин (авиациялықтан басқа) және дизельдiк отынға акциз" ЖЖМ сату бойынша қызметiн жүзеге асырған жағдайда)." деген сөздермен толықтырылсын.
      7) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi зерттеулер, тексерулер, хронометраж нәтижелерiн және салық органының басқа мәлiметтерiн бөлек пайдаланумен жеке кәсiпкерлiк қызметтiң әрбiр түрiне Патент құнын мөлшерлерiн айқындайды және бекiтедi. Патент құнын айқындау кезiнде орналасқан жерi, қызметтi жүзеге асырудың түрi мен шарты, орналасқан үй-жайдың сапасы және көлемi, қолданылатын жабдықтың өнiмдiлiгi, қызмет көрсетiлетiн орындардың саны және жеке кәсіпкердiң қызметiнің тиiмдiлiгiне әсер ететiн басқа факторлар.";
      8) 29-тармақтағы "түрiне, қызмет орнына және басқа көрсеткiштерге байланысты аумақтық салық органы бекiткен кесiмдi жиынтық салық мөлшерi бар кәсiпкерлер" деген сөздер "бекiтiлген Патент құны мөлшерлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9) 30-тармақта:
      "салықтық" деген сөз алынып тасталсын;
      екінші сөйлем алынып тасталсын;
      10) 31-33 тармақтар алып тасталсын;
      11) 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан кезде, қызметтi iске асыру шарттарын тоқтата тұрған немесе өзгерткен кезде енгiзiлген кесiмдi салық сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.";
      12) 6-тарау мынадай мазмұндағы 39-1 тармағымен толықтырылсын:
      "39-1. Есеп жүргiзу негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсiпкерлер әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің 60 процентi, сондай-ақ Заңға сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстардан басқа оны алумен байланысты шығыстардың минусымен қосымша айлық кiрiстің 10 процентi мөлшерiнде әлеуметтiк салықты төлейдi.";
      13) 40-тармақтағы "1995 жылғы 25 сәуiрдегі N 2235 "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің заң күшi бар Жарлығымен" деген сөздер "Заңымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын:
      "8-тарау. Бiр жолғы талондар негiзiнде бюджетпен дүркiн-дүркiн сипаты бар кәсiпкерлiк қызметiндегi жеке тұлғалардың есебi. 44. Кәсiпкерлiк қызметiнде дүркiн-дүркiн сипаты бар жеке тұлғалар (резидент еместердi қоса) салық органдарында мемлекеттiк тiркеусiз Бiр жолғы талондар негiзiндегi қызмет түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес (12 қосымша) кәсiпкерлiк қызметiн iске асыра алады. 45. Кәсiпкерлiк қызметiнiң түрлерi бойынша бiр жолғы талон құнын облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi белгiлейдi. 46. Бiр жолғы талондар әрбiр күнге берiледi. Төлемшiнiң тiлегi бойынша бiр жолғы талондар ұзақ, бiрақ бiр айдан астам емес мерзiмге берiлуi мүмкiн. Мұның өзiнде, алымды төлеу талонды беру күндерiне барабар жүргiзiледi. 47. Бiр жолғы талон оқшауланбайды, басқа тұлғаларға беруге тыйым салынады. 48. Бiр жолғы талон қатаң есеп беру бланкасы болып табылады (13 қосымша)."; 15) Нұсқаудың 4 қосымшада: "Тұтыну тауарларын өндiру және сату" I-тарауының: рет нөмерi 20ө жолды "өндiрiстiк тауарлар" деген сөздерден кейiн "(этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруден, этил спиртiн сақтау мен сатудан, алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме сатудан басқа)." деген сөздермен толықтырылсын; "Тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы жеке тұлға қызметтi" II-тарау мынадай мазмұндағы рет нөмерлерi 49, 50 жолдармен толықтырылсын: "49. Ваннаны жөндеу бойынша қызмет көрсету." 50. Есік алды және жеке меншік учаскелерді көгалдандыру."; "Қызмет көрсетудiң басқа түрлерi" IY- тарауының: рет нөмерi 15-жол мынадай редакцияда жазылсын: "15. Шыны кесу жөнiнде қызмет көрсету."; рет нөмерi 21-жол мынадай редакцияда жазылсын: "21. Репетиторлық қызмет көрсету."; мынадай мазмұндағы рет нөмерi 39 жолымен толықтырылсын: "39. Әншi құстарды өсiру және сату.". 16) Нұсқаудың 9 қосымшада: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. 2 жол бойынша жиынтық жылдық кiрiске проценттiк қатынастағы шығындар көрсетiледi."; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. 4 жол бойынша әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштен (бұдан әрi - АЕК) 49% мөлшерiнде Заңға сәйкес есептелген әлеуметтiк салық сомасы есептеледi. Еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбекақы төлеу бөлшегiндегi әлеуметтiк салық әрбiр шетел маманы үшiн - 5 АЕК, әрбiр шетел жұмысшысы үшiн - 10 АЕК мөлшерiнде есептеледi."; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6 жол бойынша Патент құнын айқындау кезiнде көрсетiлген, күтiлетiн салық салынатын кiрiстiң 5 процентi мөлшерiнде есептелген әлеуметтiк салық сомасы көрсетiледi."; 8-тармақтың екiншi абзацындағы "Заңмен" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының "1999 жылға Республикалық бюджетi туралы" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақтағы "Заңы" деген сөз "Жарлығы" деген сөзбен ауыстырылсын; 17) мынадай мазмұндағы 12, 13 қосымшалармен толықтырылсын: Нұсқауға 12 қосымша Бiр жолғы талон негiзiндегi кәсiпкерлiк қызметi түрлерiнiң тiзбесi 1. Қолдан газеттер мен журналдарды сату (тұрақты нүктелерден басқа). 2. Тұқымдарды, сондай-ақ тұрақты нүктелерден басқа отырғызу материалдарын (көшеттер, екпе) сату. 3. Әртүрлi салтанаттардағы тамада мен артистердің қызметтерi. 4. Рыноктар аумағынан тыс жерлерде бақша мәдениеттерiн сату. 5. Көрме-жаппай сату және жәрмеңкелерде халық тұтынатын тауарларды сату. 6. Балық аулау және оны сату. 7. Автомобиль көлiгiн айдап әкелу қызметi. 8. Жеке меншiктегi және жалға алынған тракторлар иелерiнiң жер учаскелерiн өңдеу жөнiнде қызмет көрсетуi. Нұсқауға 13 қосымша ______________ ___________________________бойынша Салық комитетi (облысы) (ауданы, қаласы) Бiр жолғы талон N ____ ___________________________________iске асыруға (қызмет түрi) ___________________________________берiлдi (аты-жөнi) Жеке басын куәландыратын құжат: сериясы________ N _______ СТТН________________________________ Мекен-жайы_______________________________ (жеке тұлғаның тұрғылықты жерi) Қолданылу мерзiмi__________________ ____________________ М.О. _______________________Салық органының басшысы (ауданы, қаласы бойынша) _________________________________________________________ Бiр жолғы талон түбiршегiнің N _____ _____________________________________________iске асыруға (қызмет түрі) _____________________________________________берiлдi (аты-жөнi) СТТН___________________ Қолданылу мерзiмi ______ _______ Барлық_______ күнге Ставка______ Төленген сома___________ (теңге) М.О. _____________________________ Салық органының басшысы". (ауданы, қаласы бойынша) 2. Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi (Д.Баймұрзин): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiссiн; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Өндiрiстiк емес төлемдер департаментiнің директоры Д.Қ. Баймұрзинге жүктелсiн. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2000 жылғы 17 мамыр Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.