Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық<*> Ескерту: Атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен.~V011574

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы 2000 жылғы 15 ақпан N 33 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 15 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1080

Қолданыстағы
      Ескерту: Барлық мәтiн бойынша "сақтандыру куәлiгiн (полисiн,
               сертификатын)", "сақтандыру куәлігі (полисi, сертификаты)"
               "сақтандыру куәлiгiнiң (полисiнiң, сертификатының)",
               "сақтандыру куәлiгiнде (полисiнде, сертификатында)" деген
               сөздер "сақтандыру полисiн", "сақтандыру полисi" "сақтандыру
               полисiнiң", "сақтандыру полисiнде" деген сөздермен
               ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен. V011574_

      Сақтанушылардың мүддесiн қорғау және сақтандырушылардың сақтандыру шартын жасау жөнiнде қолданылып жүрген сақтандыру заңдарының талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары үшiн осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру полистерiнің бланкiлерiн ауыстырудың мынадай мерзiмi белгiленсiн:
      1) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру полисiн ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн;
      2) ерiктi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру полисiн ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн. <*>
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352
               қаулысымен. V001275_

      3. Сақтандыруды қадағалау департаменті:
      1) 3аң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресімдеу жөнiндегi нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын.
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк

тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және
Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi
бөлiмшелеріне, облыстық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына
жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
     
     Ұлттық Банк 
      Төрағасы





                                                 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысымен бекітілді


                  Сақтандыру полисiн ресімдеу жөніндегі
                                 НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы Нұсқаулық сақтандыру ұйымдарының сақтандырудың барлық түрлері бойынша, оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша, егер міндетті сақтандыру туралы заңдарға өзгеше көзделмеген болса, сақтандыру полисiн және оның сырт жағын ресімдеудің ең аз талаптарын белгілейді. <*>
      Ескерту: Кіріспе толықтырылды- ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 қаулысымен. V001275_

      1. Сақтандыру полисi - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шартының жасалғанын растайтын құжат.
      2. Егер сақтандыру ұйымының сақтандыру ережелерiнде сақтандыру полисiн ресімдеу жолымен сақтандыру шартын жасау туралы талап болса, сондай-ақ оның нысаны өзгерген жағдайда сақтандыру полисiнің үлгісі сақтандыру ұйымдары лицензия алу үшін беретін құжаттар құрамында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрi - уәкiлетті мемлекеттік орган) ұсынылуы тиіс. <*>
      Ескерту: 2-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127
               қаулысымен. V011574_

      3. Сақтандыру полисiнде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері;
      2) сақтанушының аты-жөні, мекен-жайы (жеке адам үшін), атауы,

мекен-жайы және банктік деректемелері (заңды тұлға үшін);
     3) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына 
уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi, 
сериясы және номерi туралы мәлiметтер;
     4) сақтандыру объектісін көрсету;
     5) сақтандыру жағдайын көрсету;
     6) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және 
мерзімі;
     7) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса,
сақтандыру жарнасының) мөлшерi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi;
     8) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету;
     9) сақтандыру куәлiгiнiң (полисiнiң, сертификатының) қолданылу 
мерзiмi;
     10) сақтанушы (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру
шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса;
     11) ерекше жағдайлар (егер олар сақтандыру шартына кiргiзiлген
болса);
     12) тараптардың қолы;
     13) сақтандыру полисiнің номерi;
     14) сақтандыру полисiнің берiлген күнi;
     15) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да
мәлiметтер.


      Егер Сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе, онда филиал басшысының, сақтандырушы брокердiң атауы, тұрған жерi, телефоны және аты-жөнi немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы, телефоны және аты-жөнi болуы тиiс.
      Егер мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерде басқаша белгiленбеген болса, тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы сақтандыру полисiнiң сырт жағына мiндеттi түрде жазылуға тиiс немесе оған қоса берiлуге тиiс. <*>
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 қаулысымен. V001275_
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен. V011574_

      4. Сақтандыру полисi бойынша құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
      5. Сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша сақтандыру полистерiнiң бланкiлерiн полиграфия өнiмiн шығару қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар жасайды.
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру полистерiнiң бланкiлерiн жалған бланкi жасаудан қорғаудың кемiнде үш дәрежесi, олардың ішiнде мiндеттi түрде микротекст, УК-сәулелендiру арқылы байқалатын көзге көрiнбейтiн элемент және тангер сеткасы болуы тиiс.
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру талондарының бланкiлерiн жалған бланкi жасаудан қорғаудың кемiнде екi дәрежесi, олардың iшiнде мiндеттi түрде микротекст және тангер сеткасы болуы тиiс. Сақтандыру талонының бланкiне мынадай жазба жасалуы тиiс: "____жылғы "__ N___ сақтандыру полисiне берiлген сақтандыру талоны".
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру полистерi мен талондарының бланкiлерiн бағалы қағаздар бланкiлерiн шығаруға лицензиялары болған жағдайда жоғарыда аталған заңды тұлғалар шығара алады. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру полистерi мен талондарының бланкiлерiн бағалы қағаздар бланкiлерiн шығаруға лицензиялары жоқ заңды тұлғалардың шығаруына мынадай талаптар сақталған жағдайларда жол берiледi.
      Сақтандыру ұйымы осы тұлғалар ұсынған, баспаханалық әдiспен дайындаған сақтандыру полисi мен талоны бланкiлерiнiң үлгiлерiнде жалған бланкi жасаудан қорғаудың барлық элементтерiнiң бар екендiгi туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның тиiстi бөлiмшесiнiң қорытындысын алғаннан кейiн ғана сақтандыру полисiнiң және оған берiлетін талонның әр түрiнiң таралымын бағалы қағаздар бланкiлерiн шығаруға лицензиясы жоқ заңды тұлғалардың дайындауына (шығаруына) болады. Мұндай жағдайда уәкiлетті мемлекеттік органның аталған бөлiмшесi берiлген қорытындылардың, сақтандыру полистерi мен оған берiлетiн талондардың есебiн жүргiзедi және қорытынды берiлген үлгiлерге сәйкес дайындалатын полистер мен оған берiлетiн талондарға номер бередi.
      Осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру полистерi мен талондарын бергенi үшiн сақтандыру ұйымдарына уәкiлеттi мемлекеттiк органдар сақтандыру туралы заңдарда көзделген санкцияларды қолданады. <*>
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 қаулысымен. V001275_
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127
               қаулысымен. V011574_

      6. Сақтандыру полисi бланкiнiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы тиіс. <*>
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен. V011574_

      7. Сақтандыру полисiнің бланкi баспа тәсiлiмен не сиямен (шариктi қаламмен) қолмен толтырылады. сақтандыру сыйлық-ақысының және сақтандыру төлемiнiң (жарнаның) мөлшерi санмен және жазумен көрсетiледi. <*>
      Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен. V011574_

      8. Сақтандыру полисiнің мәтiнi оның сөз тiркесiнiң нақты мағынасына сәйкес түсiндiрілуi тиiс. Мәтiнде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда, оның толық және бiр мағыналы ұғымын беру қажет.
      9. Сақтандыру полисiне келiсушi тараптар қол қояды және

сақтандырушының мөрi басылады. Сақтандыру полисiнiң толтырылған бланкiне 
мөр басар алдында сақтандырушы немесе сақтандыру агент сақтанушының 
сақтандыру ережелерiмен келiсетiнiн растайтын қолы барына көз жеткiзуi 
тиiс.
<*>

     Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
              2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен. 

V011574_

 
     
     10. Сақтандыру полисiнің бланкi қатаң есептегi бланк болып табылады. 
сақтандыру полисiнің бланктерi отқа төзiмдi шкафтарда сақталуы тиiс.
     11. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру полистері тiркеу журналын 
жүргiзуi тиiс, сол арқылы сақтандыру полисiнің барлық жасалған, берiлген, 
бүлiнген және жойылған бланктерiнiң есебiн жүргiзiп отырады. Бұл журнал 
номерленуі, жіп өткізiлiп тiгілуi және сақтандыру ұйымында кемінде 5 жыл 
сақталуы тиiс.
     12. Сақтандыру полисiн толтырғанда түзетулер және дақтар болмауы 
тиiс. Сақтандыру полистердi сақтау, пайдалану және жою тәртiбi заңдарда 
айқындалады.
<*>

     Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
              2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен. 

V011574_

 
     
     13. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша 
сақтандырушы түпнұсқамен бiрдей заң күшi бар төлқұжат жазып бередi. 
сақтандыру полисiнің бланкiнде оның бұрын шығарылған сақтандыру полисiнің 
төлқұжаты екенi туралы жоғалған сақтандыру полисiнің номерi көрсетiлген 
белгi болуы тиiс.
     
     
     Төраға
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Қасымбеков Б.А.