Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы 2000 жылғы 15 ақпан N 33 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 15 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1080

Жаңартылған

      Ескерту: Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен .
      Ескерту: Барлық мәтiн бойынша "сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын)", "сақтандыру куәлігі (полисi, сертификаты)" "сақтандыру куәлiгiнiң (полисiнiң, сертификатының)", "сақтандыру куәлiгiнде (полисiнде, сертификатында)" деген сөздер "сақтандыру полисiн", "сақтандыру полисi" "сақтандыру полисiнiң", "сақтандыру
полисiнде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен .

      Сақтанушылардың мүддесiн қорғау және сақтандырушылардың сақтандыру шартын жасау жөнiнде қолданылып жүрген сақтандыру заңдарының талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары үшiн осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру полистерiнің бланкiлерiн ауыстырудың мынадай мерзiмi белгiленсiн:
      1) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру полисiн ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн;
      2) ерiктi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру полисiн ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн.<*>
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 қаулысымен .
      3. Сақтандыруды қадағалау департаменті:
      1) 3аң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресімдеу жөнiндегi нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын.
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелеріне, облыстық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсiн.    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 15 ақпандағы
N 33 қаулысымен
бекітілді

Сақтандыру полисiн ресімдеу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы Нұсқаулық сақтандыру ұйымдарының сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасаған кезде, сақтандыру полисiн және оның сырт жағын ресімдеудің ең аз талаптарын белгілейді.<*>
      Ескерту: Кіріспеге толықтыру және өзгерту енгізілді- ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 қаулысымен , 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулысымен .

      1. Сақтандыру полисі - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулысымен .

      2. Сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасауды көздейтін сақтандыру ережесімен бірге уәкілетті мемлекеттік органға келісуге сақтандыру полисінің мазмұны ұсынылады.
      Ескерту: 2-тармаққа толықтыру және өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен , 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулысымен .

      3. Сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанындағы сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері;
      2) сақтанушының аты-жөні, мекен-жайы (жеке адам үшін), атауы,
мекен-жайы және банктік деректемелері (заңды тұлға үшін);
      3) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi, сериясы және номерi туралы мәлiметтер;
      4) сақтандыру объектісін көрсету;
      5) сақтандыру жағдайын көрсету;
      6) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және мерзімі;
      7) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса, сақтандыру жарнасының) мөлшерi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi;
      8) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету;
      9) сақтандыру куәлiгiнiң (полисiнiң, сертификатының) қолданылу мерзiмi;
      10) сақтанушы (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру
шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса;
      11) ерекше жағдайлар (егер олар сақтандыру шартына кiргiзiлген
болса);
      12) тараптардың қолы;
      13) сақтандыру полисiнің номерi;
      14) сақтандыру полисiнің берiлген күнi;
      15) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер.
      Егер Сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе, онда филиал басшысының, сақтандырушы брокердiң атауы, тұрған жерi, телефоны және аты-жөнi немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы, телефоны және аты-жөнi болуы тиiс.
      Егер мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерде басқаша белгiленбеген болса, тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы сақтандыру полисiнiң сырт жағына мiндеттi түрде жазылуға тиiс немесе оған қоса берiлуге тиiс.<*>
      Осы тармақтың 15) тармақшасына сәйкес сақтандыру полисіне өзге де мәліметтер енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 825-1-бабының  4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру полисі уәкілетті мемлекеттік органға келісуге ұсынылмайды.
      Міндетті сақтандыру түрлері (кластары) бойынша сақтандыру полисінде осы тармақта көрсетілген мәліметтерге қосымша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптар болуы тиіс.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер, толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 қаулысымен , 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен , 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулысымен .

      4. Сақтандыру полисi бойынша құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.

      5. Сақтандыру полистерінің бланкілерін полиграфиялық өнімді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар дайындай алады.
      Мұндайда міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің кем дегенде қолдан жасаудан қорғайтын үш қорғау дәрежесі болуы тиіс, оның ішінде микромәтін, ультрафиолет сәулесінің әсерімен анықталатын көрінбейтін элемент және тангерлік сетка міндетті болып табылады.
      Сақтандыру ұйымдары осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтін сақтандыру полистерін берген жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган сақтандыру ұйымдарына жөнсіздіктерді жою туралы нұсқау жіберуге құқылы.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 352 қаулысымен , 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен , 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулысымен .

      6. Сақтандыру полисi бланкiнiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы тиіс.<*>
      Ескерту: 6-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен .

      7. Сақтандыру полисiнің бланкi баспа тәсiлiмен не сиямен (шариктi қаламмен) қолмен толтырылады. сақтандыру сыйлық-ақысының және сақтандыру төлемiнiң (жарнаның) мөлшерi санмен және жазумен көрсетiледi.<*>
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен

      8. Сақтандыру полисiнің мәтiнi оның сөз тiркесiнiң нақты мағынасына сәйкес түсiндiрілуi тиiс. Мәтiнде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда, оның толық және бiр мағыналы ұғымын беру қажет.

      9. Сақтандыру полисiне келiсушi тараптар қол қояды және сақтандырушының мөрi басылады. Сақтандыру полисiнiң толтырылған бланкiне мөр басар алдында сақтандырушы немесе сақтандыру агент сақтанушының сақтандыру ережелерiмен келiсетiнiн растайтын қолы барына көз жеткiзуi тиiс.<*>
      Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен .

      10. Сақтандыру полисiнің бланкi қатаң есептегi бланк болып табылады. Сақтандыру полисiнің бланктерi отқа төзiмдi шкафтарда сақталуы тиiс.

      11. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру полистері тiркеу журналын
жүргiзуi тиiс, сол арқылы сақтандыру полисiнің барлық жасалған, берiлген, бүлiнген және жойылған бланктерiнiң есебiн жүргiзiп отырады. Бұл журнал номерленуі, жіп өткізiлiп тiгілуi және сақтандыру ұйымында кемінде 5 жыл сақталуы тиiс.

      12. Сақтандыру полисiн толтырғанда түзетулер және дақтар болмауы тиiс. Сақтандыру полистерiн есепке алу, сақтау, пайдалану және жою тәртiбi заңдарда айқындалады.<*>
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 127 қаулысымен , 2003 жылғы 20 қарашадағы N 399 қаулысымен .

      13. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша сақтандырушы түпнұсқамен бiрдей заң күшi бар төлқұжат жазып бередi. Сақтандыру полисiнің бланкiнде оның бұрын шығарылған сақтандыру полисiнің төлқұжаты екенi туралы жоғалған сақтандыру полисiнің номерi көрсетiлген белгi болуы тиiс.

      Төраға