Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 20 наурыз N 88

Қолданыстағы
     Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 
20) тармақшасына  

K951000_

  сәйкес қаулы етемін: 



      1. Мыналар бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже

(N 1 қосымша);
     2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы (N 2 қосымша).
     
     2. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3237 
 

U963237_

  Жарлығының күші жойылған деп танылсын. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
                                              Қазақстан Республикасы 
                                                   Президентінің 
                                             1999 жылғы 20 наурыздағы 
                                                N 88 Жарлығына 
                                                   N 1 қосымша 
     
                     Қазақстан Республикасының 
                     Қауіпсіздік Кеңесі туралы 
                              Ереже 
     
                        I. Жалпы ережелер 
     


      1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан былай - Қауіпсіздік Кеңесі) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

             II. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері

      3. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар:
      1) мемлекеттік мүдделер аясын, оларды іске асыру мен қорғаудың негізгі бағыттарын айқындау, ұлттық қауіпсіздікке ішкі және сыртқы қатерлерді анықтау, олардың алдын алудың, жолын кесудің және тойтарудың әдістерін, нысандары мен құралдарын таңдау;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі тұжырымдамасын, елдің қауіпсіздігі стратегиясының негізгі бағыттарын әзірлеу және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларын дайындауды ұйымдастыру;
      3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі, сыртқы және әскери саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін және осы шешімдерді іске асыру шаралары, сондай-ақ жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
      4) ұлттық қауіпсіздік саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылады.

               III. Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары

      4. Негізгі міндеттеріне сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне мынадай функциялар жүктеледі:
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне қатысты әлемдегі және аймақтардағы ахуалдың дамуына кешенді талдауды жүзеге асыру, республика қауіпсіздігіне ішкі және сыртқы қауіп-қатер көздерін айқындау және олардың туындауына болжам жасау, олардың алдын алу жөнінде шаралар қолдану;
      2) ұлттық, экономикалық, қоғамдық, қорғаныс, экологиялық, ақпараттық және өзге де қауіпсіздік түрлерін қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді қарау;
      3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық проблемалары бойынша құқық қорғау, орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және реформалау, Қазақстан Республикасының Президентіне осы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) ұлттық қауіпсіздік саласындағы ішкі, сыртқы және әскери саясат мәселелері жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдарға арналған негізгі бағдарламалық құжат ретінде Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне жыл сайынғы Баяндаманы әзірлеу;
      5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Мемлекет басшысы шешімдерінің жобаларын дайындау;
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша елдің стратегиялық ресурстарының пайдаланылу мониторингін әзірлеу;
      7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мәселелері, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету стратегиясы мен қорғау шаралары жөніндегі заң жобаларын талдау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар табыс ету;
      8) ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру, анықталған кемшіліктерді, олардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу жүктеледі.

              IV. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы және оны
                            жасақтау тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы болып табылады.
      6. Қауіпсіздік Кеңесін Қазақстан Республикасының Президенті жасақтайды және ол Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының (бұдан былай - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінен және мүшелерінен тұрады.
      7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады.
      8. Ішкі істер, қорғаныс, сыртқы істер, қаржы министрліктерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдар Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері болуы мүмкін.

           V. Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс тәртібі мен оның
                      қызметін қамтамасыз ету

      9. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен кемінде үш айда бір рет өткізіледі және хаттамамен ресімделеді. Қажет болған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.
      10. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары оның мүшелерінің үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы. Отырыстарға Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері мен мүшелерінің қатысуы міндетті, олардың өз өкілеттігін өзге лауазымды адамдарға табыстауына жол берілмейді.
      11. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері отырысқа қатысқан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері мен мүшелері жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
      12. Қажет болған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің актілерімен іске асырылуы мүмкін.
      Аса маңызды мәселелер Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының басшылығымен өткізілетін Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің жұмыс бабындағы кеңестерінде алдын ала талқыланады.
      13. Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрылымы мен штатын белгілейтін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы және Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы қамтамасыз етеді.
      14. Қажет болған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету үшін Қауіпсіздік Кеңесінің ведомоствоаралық комиссиялары мен жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Ведомоствоаралық комиссияларды құру, міндеттері мен дербес құрамы туралы мәселені Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті шешеді. Жұмыс топтарының міндеттері мен құрамын Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы айқындайды.
      15. Ведомоствоаралық комиссияларды Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері басқарады, ал олардың қызметін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы үйлестіреді.
      16. Ведомоствоаралық комиссиялар, жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына материалдар дайындауды жүзеге асырады, Қауіпсіздік Кеңесінің немесе оның Хатшысының тапсыруы бойынша талдау және зерттеу жұмысын атқарады, сыртқы, қорғаныс, экономикалық және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатын негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді және өз қызметінің нәтижелері туралы Қауіпсіздік Кеңесін хабардар етеді.
      17. Қауіпсіздік Кеңесінің ведомоствоаралық комиссиялары мен жұмыс топтарының қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді осы комиссиялардың жұмысына өз өкілдері қатысатын мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы мен Талдау орталығы жүзеге асырады.
      18. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын дайындауға олардың басшыларымен келісу бойынша Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің және Парламент Палаталары аппараттарының басқа да құрылымдық бөлімшілерінің, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері тартылуы мүмкін.
      19. Өзара іс-қимыл мен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының ұсынуы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығындағы лауазымдардың бірқатары мемлекеттік органдардың қызметкерлерін іссапарға жіберу жолымен атқарылуы мүмкін.

             VI. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының өкілеттігі

      20. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын лауазымды адам болып табылады. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы:
      1) Қазақстан Республикасының Президентін мемлекеттің қорғаныс қабілеті, сыртқы және ішкі қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар етеді, Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпараттық және талдау материалдарын табыс етеді;
      2) Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының және Талдау орталығының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы жұмыс жоспарларының, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері мен оларды іске асыру жөніндегі актілердің жобаларын табыс етеді;
      4) Қауіпсіздік Кеңесінің тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің іске асырылуына, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылауды, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын тексеруді жүзеге асырады. Тексерудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыныстар енгізеді;
      5) Қауіпсіздік Кеңесіне қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштері мен құралдарын үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      6) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыруға тұжырымдамалық көзқарастар әзірлеуді және Қазақстан Республикасының Президентіне ел қауіпсіздігінің жай-күйі туралы жыл сайынғы Баяндаманы дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      7) Мемлекет басшысын ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      8) жұмыс топтарын құрады және Мемлекет басшысына ведомоствоаралық комиссиялар құру, олардың міндеттері мен құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      9) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз

ету мәселелері қаралған кезде Үкіметтің және Қазақстан Республикасының 
Президенті мен Үкіметі құрған басқа да органдардың, министрліктер 
алқаларының және өзге де орталық атқарушы органдарының отырыстарына 
қатысуға хақылы;
     10) Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша 
Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық ұйымдармен, шетелдік үкіметтік және 
үкіметтік емес құрылымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара 
іс-қимылын ұйымдастырады;
     11) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қауіпсіздік 
Кеңесінің өзге де тапсырмаларын орындайды.
     
                                              Қазақстан Республикасы 
                                                   Президентінің 
                                             1999 жылғы 20 наурыздағы 
                                                N 88 Жарлығына 
                                                   N 2 қосымша 
     
            Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің  
                                Құрамы 
     
     Тұрақты мүшелері:
     
     Қалмырзаев                 - Қазақстан Республикасы 
     Сарыбай Сұлтанұлы            Президенті Әкімшілігінің Басшысы 
     
     Сәрсенбаев                 - Қазақстан Республикасы 
     Алтынбек Сәрсенбайұлы        Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы 
<*>

     
        
     Мүшелері: 
     
     Кекілбаев                  - Қазақстан Республикасының 
     Әбіш Кекілбайұлы             Мемлекеттік хатшысы 
     
     Әбдікәрімов                - Қазақстан Республикасының 
     Оралбай Әбдікәрімұлы         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
                                  күрес жөніндегі мемлекеттік 
                                  комиссиясының төрағасы 
     
      
     Баекенов                   - Қазақстан Республикасы 
     Болат Әбдірахманұлы          Президенті Күзет қызметінің бастығы 
     
    
     Мұхамеджанов               - Қазақстан Республикасының 
     Бауыржан Әлімұлы             Әділет министрі 
     
     Сәрсенбаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Алтынбек Сәрсенбайұлы        ақпарат және қоғамдық келісім 
                                  министрі 
     
     Сүлейменов                 - Қазақстан Республикасының Ішкі 
     Қайырбек Шошанұлы            істер министрі 
     
     Тоқаев                     - Қазақстан Республикасы 
     Қасымжомарт Кемелұлы         Премьер-Министрінің 
                                  орынбасары - Сыртқы істер министрі 
     
     Өтембаев                   - Қазақстан Республикасының 
     Ержан Әбілхайырұлы           Стратегиялық жоспарлау және 
                                  реформалар жөніндегі агенттігінің 
                                  төрағасы 
     
     Хитрин                     - Қазақстан Республикасының Бас 
     Юрий Александрович           Прокуроры 
     
     Есенбаев                   - Қазақстан Республикасының
     Мәжит Төлеубекұлы            Қаржы министрі
<*>

     
     Ыдырысов                   - Қазақстан Республикасының
     Ерлан Әбілфайызұлы           Сыртқы істер министрі
<*>

     
     Тәжин Марат                - Қазақстан Республикасының
     Мұхамбетқазыұлы              Ұлттық қауіпсіздік комитетінің           
                                  Төрағасы
<*>
 
     
     Тоқпақбаев                 - Қазақстан Республикасының
     Сәт Бесімбайұлы              Қорғаныс министрі
<*>

     
     Әбдікәрімов Оралбай        - Қазақстан Республикасы 
     Әбдікәрімұлы                 Парламенті Сенатының Төрағасы 
                                  (келісім бойынша) 
<*>

     
     Тұяқбай Жармахан           - Қазақстан Республикасы 
     Айтбайұлы                    Парламенті Мәжілісінің Төрағасы 
                                  (келісім бойынша) 
<*>

     
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 1999.11.11. N 263           
              жарлығымен. 

U990263_

  
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2000.05.15. N 393           
              жарлығымен. 

U000393_

  
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2001.05.12. N 607           
              жарлығымен. 

U010607_

  
     
          Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Икебаева Ә.Ж.)