Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.07.30 N 360 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Республикалық ұланның мынадай ұйымдық құрылымы айқындалсын: екі бригада, госпиталь.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001.06.25 N 634, 2010.07.16 N 1028 Жарлықтарымен.
2. Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат саны қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Республикалық ұланның босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беріледі деп белгіленсін.
4. Республикалық ұланның Қолбасшылығы өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
6. <*>
Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.08.28. N 1428 жарлығымен.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
22 қаңтардағы N 30
Жарлығына
қосымша
Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің,
жұмысшылары мен қызметшілерінің
жалпы штат саны
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2003.01.07 N 1013, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Орталық органның аппараты 53
Мемлекеттік мекемелер
Әскери бөлімдер 1634
Соның ішінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері 580
Республикалық ұланның госпиталі 46
Барлығы 1733