Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат санын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 22 қаңтар N 30

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Республикалық ұланның мынадай ұйымдық құрылымы айқындалсын: екі полк, госпиталь. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің
               2001.06.25. N 634 Жарлығымен. U010634_
      2. Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат саны қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. Республикалық ұланның босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беріледі деп белгіленсін.
      4. Республикалық ұланның Қолбасшылығы өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
      6. "Республикалық ұлан туралы Ережені бекіту, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын айқындау және санын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 U952689_ Жарлығының 2, 3-тармақтарының күші жойылған деп танылсын.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 


                                               Қазақстан Республикасы 

Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30 Жарлығына қосымша


              Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің,

                    жұмысшылары мен қызметшілерінің 
                            жалпы штат саны 
     
Орталық органның аппараты                                          62 

Мемлекеттік мекемелер                                          

Әскери бөлімдер                                                  1442 

     Соның ішінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері          401 

Республикалық ұланның госпиталі                                    54 

Барлығы                                                          1558 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Үмбетова А.М.)