Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Республикалық ұланның мынадай ұйымдық құрылымы айқындалсын: екі полк, госпиталь.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001.06.25. N 634
Жарлығымен
.
2. Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат саны қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Республикалық ұланның босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беріледі деп белгіленсін.
4. Республикалық ұланның Қолбасшылығы өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
6. "Республикалық ұлан туралы Ережені бекіту, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын айқындау және санын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығының 2, 3-тармақтарының күші жойылған деп танылсын.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
22 қаңтардағы N 30
Жарлығына
қосымша
Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің,
жұмысшылары мен қызметшілерінің
жалпы штат саны
Орталық органның аппараты 62
Мемлекеттік мекемелер
Әскери бөлімдер 1634 <*>
Соның ішінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері 580 <*>
Республикалық ұланның госпиталі 54
Барлығы 1750 <*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003.01.07. N 1013 жарлығымен .