Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 12 қараша N 4143

Қолданыстағы

      Мемлекет басшысының 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығының 19-бабына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:
      1) Комиссия қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оған қажетті ғимараттар мен үй-жайлар бөлу мәселелерін шешетін болсын;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
      3. Комиссия төрағасы он күн мерзімде Комиссия туралы ереженің жобасын; оның дербес құрамы, Комиссия хатшылығының жалпы штат саны жөніндегі ұсыныстарды Мемлекет басшысының қарауына енгізетін болсын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай: "Қазақстан Республикасының Жоғары тәртіптік кеңесі туралы" 1997 жылғы 21 қазандағы N 3705 U973705_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997, N 47, 431-құжат); "Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің дербес құрамы туралы" 1997 жылғы 29 қазандағы N 3722 U973722_ ; "Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы" 1998 жылғы 28

қыркүйектегі N 4083  

U984083_

  Жарлықтарының күші жойылған деп танылсын.
     5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
     6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Қобдалиева Н.М.)