Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 12 қараша N 4143. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Мемлекет басшысының 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығының 19-бабына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
      1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде: 
      1) Комиссия қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оған қажетті ғимараттар мен үй-жайлар бөлу мәселелерін шешетін болсын; 
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын. 
      3. Комиссия төрағасы он күн мерзімде Комиссия туралы ереженің жобасын; оның дербес құрамы, Комиссия хатшылығының жалпы штат саны жөніндегі ұсыныстарды Мемлекет басшысының қарауына енгізетін болсын. 
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай: "Қазақстан Республикасының Жоғары тәртіптік кеңесі туралы" 1997 жылғы 21 қазандағы N  3705 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997, N 47, 431-құжат); "Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің дербес құрамы туралы" 1997 жылғы 29 қазандағы N  3722 ; "Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы" 1998 жылғы 28 қыркүйектегі N  4083 Жарлықтарының күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Президенті