Қазақстан Республикасының Жоғары тәртiптiлiк кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 21 қазан N 3705. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998.11.12. N 4143 Жарлығымен. ~U984143

      ЕСКЕРТУ. Нормативтік құқықтық актінің барлық мәтіні бойынша "жеке шот" деген сөздер "дербес зейнетақы шоты" сөздермен ауыстырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.12.18. N 173-п   V980672_   бұйрығымен

1. Дербес зейнетақы шоттарды ашу тәртiбi  

 
      Жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн тиiстi түрде қамсыздандыру мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрi - Қор) әрбiр салымшысына (алушысына) дербес зейнетақы шоты (бұдан әрi - ДЗШ) ашылуы тиiс. Зейнетақы шарты ДЗШ ашуға негiз болып табылады. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы шарттарының болуына тәуелсiз, олардың атына бiрiншi зейнетақы жарнасының түсуiне қарай өзiнiң салымшыларына дербес зейнетақы шоттарын ашуға құқылы.<*> 
      Қор жинақталған зейнетақы қаражаттарының есебін 503 "Салымдар мен пайлар" баланстық шотында 503000 "Алушының қорына салымдар" деген қосымша шот ашумен жүргізеді.<*>
      Қор ашылған ДЗШ тiркеу кiтабын ақпараттың сақталуы жөнiндегi 
талаптарды сақтай отырып жүргiзуге құқылы.<*>
      Қор салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарын 
автоматтандырылған ақпарат жүйесiнiң мәлiметтер базасының электронды өткiзушiлерiнде жүргiзедi.<*>
       ЕСКЕРТУ. 1-бөлімнің екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды, төртінші абзацы алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.12.18. N 173-п    V980672_   бұйрығымен .
       Ескерту: 1-бөлім өзгертілді және толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 29.02.2000 жылғы N 14-Ө бұйрығымен.   V001133_  

2. Жеке шоттың құрылымы

      Салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоты "Салымдар мен пайлар" 503 баланстық шотында "Алушының қорына салымдар" деген 503000 қосымша шотын аша отырып ашылады. Салымшыларға (алушыларға) дербес зейнетақы шоты зейнетақы жарналарының түрлерiне қарай бөлек ашылады (1-мiндеттi зейнетақы жарналары, 2-ерiктi зейнетақы жарналары). 
      Автоматтандырылған ақпарат жүйесiнiң мәлiметтер базасында әрбiр салымшы(алушы) бойынша әлеуметтiк дербес коды мен басқа да қосымша мәлiметтер көрсетiледi. 
      Түсетiн зейнетақы жарналарының, жинақталған зейнетақы қаражатының, ағымдағы зейнетақы төлемдерiнiң есебiн жүргiзу және инвестициялық кiрiстi есептеу шартты өлшемнiң құнын күн сайын есептеумен және дербес зейнетақы шоттарындағы шартты өлшемнiң санын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
       Ескерту: 2-бөлім жаңа редакцияда жазылды -  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 29.02.2000 жылғы N 14-Ө бұйрығымен.   V001133_

3. Салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы
зейнетақы жарналары мен есептелген инвестициялық табыстың
есебін жүргізу

       ЕСКЕРТУ. 3-бөлім жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.12.18. N 173-п   V980672_   бұйрығымен.   

      Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн зейнетақы активтерiне шартты өлшеммен күн сайын қайта баға беру жолымен және салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы шартты өлшемнiң санын есептеумен жүргiзiледi.<*> 
      Шартты өлшем - зейнетақы активтерi құнының зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмдiлiгiн сипаттайтын жеке мөлшерi.<*> 
      Жинақтаушы зейнетақы қоры күн сайын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша шартты өлшемнің ағымдағы құнын есептейді және зейнетақы активтерінің ағымдағы құнына қайта бағалау жүргізеді. 
      Қор күн сайын шартты өлшемнiң құны туралы жазба жүргiзiлуiн және ақпараттың сақталуын жүзеге асырады. Қор шартты өлшемнiң құны бойынша салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы ретiнде есептелген зейнетақы активтерiнiң құнын ЗҚБК-мен бiр айда бiр реттен кем емес салыстыра тексеру жүргiзедi.
      Салымшының зейнетақы жарнасы келіп түскен жағдайда қор комиссиялық сыйақыға аударым жасайды және қалған соманы шартты өлшемнің балама санына айналдырып қайта санайды. 
      Қор салымшыны (алушыны) оның дербес зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпараттандырған кезде дербес зейнетақы шотындағы шартты өлшемнің санын шартты өлшемнің ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды және салымшыға (алушыға) ақпарат береді. 
      Салымшы (алушы) зейнетақы шартын басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен жасасқанда, Қор салымшының (алушының) өтiнiшi бойынша дербес зейнетақы шотындағы шартты өлшемнiң санын шартты өлшемнiң ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды, жинақталған зейнетақы қаражатын басқа қорға аударым жасауды жүзеге асырады және дербес зейнетақы шотын жабады.<*> 
      Жинақталған зейнетақы қаражатының салымшыға/алушыға ашылған қор алушының жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ағымдағы құн бойынша шартты өлшемге айналдырып қайта санайды және алынған шартты өлшем санын салымшыға (алушыға) ашылатын дербес зейнетақы шотына жазады. 
      3ейнетақы төлемдерiн, мұрагерге жинақталған зейнетақы қаражатының төлемдерiн, жерлеуге төлемдердi жүзеге асырғанда Қор салымшының (алушының) дербес зейнетақы шотындағы шартты өлшемнiң санын шартты өлшемнiң ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды, төлемдердi жүзеге асырады және жинақталған зейнетақы қаражатының жүзеге асырылған төлемнiң сомасына азайғандығын дербес зейнетақы шотында көрсетедi.<*> 
      Банк шотынан ақша аудару (аудару, төлем, алып қою) салымшының (алушының) дербес зейнетақы шоты жабылғаннан кейiн дербес зейнетақы шотын жапқан күндi қоса алғанда үш банктiк күн iшiнде жүргiзiледi.
       Ескерту: 3-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 29.02.2000 жылғы N 14-Ө бұйрығымен.   V001133_  

4. Алушылардың дербес зейнетақы шоттарын жабу тәртібі

       ЕСКЕРТУ. Нормативтік құқықтық акт 4-бөліммен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.12.18. N 173-п   V980672_   бұйрығымен. 

      Алушылардың дербес зейнетақы шоттарын жабу зейнетақы шартын бұзған жағдайда жүргізіледі. 
      Қор алушының өтініші негізінде, сондай-ақ алушы қайтыс болған жағдайда және мұрагерлер жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойғанда, зейнетақы шарты бұзылғаннан кейін жинақталған зейнетақы қаражаттары жазылған дербес зейнетақы шотын жабады.<*> 
      Дербес зейнетақы шотындағы жинақталған қаражат сомасы алушының өтінішінде көрсетілген, банкте ашылған шотқа аударылады немесе қолма қол ақшамен беріледі. Сонымен бiрге автоматтандырылған ақпарат жүйесiнiң мәлiметтер базасында дербес зейнетақы шотының жабылғаны туралы белгi жасалады.
      Алушының өтініші негізінде дербес зейнетақы шотын олар жапқаннан кейін жинақталған зейнетақы қаражатын банк қорға қайтарған жағдайларда, сома қайтарылу себебі көрсетіле отырып, әр алушыға ашылған бөлек шотқа есептеледі.
      Салымшымен (алушымен) бұзылған зейнетақы шартының шегiнде зейнетақы жарналары бойынша қарыз түскенде Қор түскен соманы түсуiнiң себебiн көрсетiп, түскен соманы шартты өлшемнiң санына қайта есептей отырып, дербес қосымша шот ашып 503 баланстық шотқа есептейдi. Алушының өтiнiшi бойынша қор басқа қорға жеке шоттағы қалдықты төлейдi немесе аударады және оны жабады.
       Ескерту: 4-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 29.02.2000 жылғы N 14-Ө бұйрығымен.   V001133_  

5. 3ейнетақы активтерiнiң құнының шартты
өлшемiнiң құнының есебi

      3ейнетақы активтерiн инвестициялық басқарудың бiрiншi күнi шартты өлшемнiң құны 100 (жүз) теңгеге тең деп қабылданады. Одан кейiнгi күндерi шартты өлшемнiң ағымдағы құны мынадай формуламен есептеледi:

     Ut = Ut-1* 1+[____________ID_________________]
                   PAt-1+C-В+Trin - TR out - Rout      

      мұнда
      Ut - шартты өлшемнiң ағымдағы құны;
      Ut-1 - шартты өлшемнiң құнының есебiн жасаған күннен бiр күн бұрынғы шартты өлшемнiң құны;
      ID - комиссиялық сыйақыны алып тастағандағы қаржылық құралдарға таратылған зейнетақы активтерiнен есептелген табыс деп анықталатын есептелген ағымдағы инвестициялық табыс. Инвестициялық кiрiс, сондай-ақ зейнетақы активтерiн тиiстi түрде басқармағаны үшiн айып пұлдар, айып өсiмдерден тұрады. 
      РА t-1 - шартты өлшемнiң құнының есебiн жасаған күннен бiр күн бұрынғы зейнетақы активтерiнiң құны; 
      С - ағымдағы мiндеттi (ерiктi) зейнетақы жарналарының сомасы, уақытылы аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары үшiн айып өсiмдер; 
      В - ағымдағы зейнетақы төлемдерiнiң сомасы; 
      Тrin - жинақталған зейнетақы қаражатының Қорға ағымдағы аударымдарының сомасы; 
      Тr out - жинақталған зейнетақы қаражатының Қордан ағымдағы аударымдарының сомасы; 
      Rout - қате есептелген зейнетақы жарналарының ағымдағы қайтарылымдарының сомасы. 
       Ескерту: 5-бөліммен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 29.02.2000 жылғы N 14-Ө бұйрығымен.   V001133_

6. Зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстерден
пайыз түрiнде алынатын комиссиялық сыйақылардың есебi

      Түскен зейнетақы жарналарынан комиссиялық сыйақылар әрбiр жарна сомасынан бөлек ұсталынады және Қордың меншiктi қаражатын есептеу жөнiндегi банкiлiк шотқа аударылады. Комиссиялық сыйақылардың уақытылы аударылмаған сомалары алушылардың Қор алдындағы мiндеттемелерi деп 686 "Есептелген шығыстардың басқалары" баланстық шотта есептеледi". 
      Инвестициялық кiрiстерден пайыз түрiнде алынатын комиссиялық сыйақылар, есептеу әдiсi бойынша меншiктi қаражатын есептеу жөнiндегi Қордың баланстық шоттарында көрсетiледi. Инвестициялық кiрiстен пайыз түрiнде есептелетiн комиссиялық сыйақылар есептелетiн меншiктi қаражатын есептеу жөнiндегi баланстық шоттар қаржылық инвестициялардың өтелуiне немесе iске асырылуына қарай жабылады. 
      Комиссиялық сыйақылардың аударымдары инвестициялық кiрiстен пайыз түрiнде айына бiр рет айдың соңында жүргiзiледi, оның сомасы дәйектi алынған инвестициялық кiрiстен артық емес. 
       Ескерту: 6-бөліммен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 29.02.2000 жылғы N 14-Ө бұйрығымен V001133_