Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Шетелдiк инвесторлар кеңесi құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы бiр ай мерзiмде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
1998 жылғы 30 маусымдағы 
N 3985 Жарлығымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.11.24. N  1234 жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Шетелдiк инвесторлар кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

      3. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Кеңестiң жұмыс органы жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.06 № 1182 Жарлығымен.

      5. Кеңестiң алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның шешiмдерiмен Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары құрылады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      1) мына мәселелер жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу:
      Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негiзгi бағыттарын айқындау;
      Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
      Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
      экономиканы әртараптандыру, өнеркәсiптiк секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнестi дамыту үшiн қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау;
      Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдiк экономикалық процестерге ықпалдастыру;
      Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестицияларды тарту стратегиясы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық мәнi бар iрi инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын iске асыру;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша инвестициялық саясаттың өзге де маңызды мәселелерiн қарау және талқылау болып табылады.

3. Кеңестiң құрамы

      7. Қазақстан Республикасының Президентi Кеңестiң төрағасы болып табылады.

      8. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі және Кеңестiң жұмыс органының бiрiншi басшысы Кеңестiң тұрақты мүшелерi болып табылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08 N 325, 2009.12.22 № 905, 2011.04.06 № 1182, 2011.12.22 N 204 Жарлықтарымен.

      9. Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымдық тұлғалары кiре алады.

      10. Кеңестiң шетелдiк тараптан құрамы осы Ережеде белгiленген тәртiппен халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының (бұдан әрi - халықаралық ұйымдар) өкiлдерi, шетелдiк компаниялардың бipiншi басшылары нeмece олардың opынбасарлары қатарынан құрылады.
      Кеңестің шетелдік тараптан құрамына байланысты мәселелерді қарау мақсатында Кеңестің шетелдік тараптан құрамын реттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, оның құрамы Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

      11. Кеңестiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi .

4. Кеңеске мүшелiкке өтiнiмдер беру және
оларды қарау тәртібi

      12. Кеңестiң құрамына қабылдану үшiн халықаралық ұйымдардың, шетелдiк компаниялардың өкiлдерi (бұдан әрi - үмiткерлер) жұмыс органына осы Ережеге қосымшада белгiленген нысан бойынша өтiнiм бередi.

      13. Халықаралық ұйымдардың және шетелдiк компаниялардың, олар ұсынған үмiткерлердiң Қазақстан Республикасының экономикасына жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс iстейтiн инвесторлар үшiн кемiнде 500 миллион АҚШ долларына және экономиканың өзге де секторларындағы инвесторлар үшiн кемiнде 125 миллион АҚШ долларына баламалы сомада тiкелей инвестициялар салуы Кеңестiң мүшелiгiне қабылдану үшiн негiзгi өлшем болып табылады.
      Қазақстан Республикасының экономикасында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және инвестициялық процестердi жандандыру жөнiндегi жұмысқа белсендi қатысатын халықаралық және өзге де ұйымдардың, банктердiң өкiлдерi де Кеңестiң мүшелерi бола алады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.12.22 № 905 Жарлығымен.

      14. Кеңестiң мүшесiне қабылдау туралы өтiнiмдердi қарау кезiнде, сондай-ақ:
      1) жұмыс топтарының қызметiне байқаушы мәртебесінде қатысуы;
      2) халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның тәжiрибесi мен iскерлiк беделi;
      3) Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтiк саласын дамыту үшiн халықаралық ұйым немесе шетелдiк компания қызметiнiң маңыздылығы;
      4) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк мiндеттерiн және экологиялық сипаттағы міндеттерін шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасының аумағындағы демеушiлiк және қайырымдылық қызметi;
      5) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтi стратегиялық кеңейтуге дайындығы;
      6) шетелдерде Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджiн арттыру жөнiндегi жұмысқа қатысуы;
      7) Қазақстан Республикасында тiркелген өнеркәсiптiк және iскерлiк қауымдастықтардың, мемлекеттер елшiлiктерiнiң ұсынымдары ескередi;
      8) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым салаларындағы халықаралық ұйымның немесе шетелдік компанияның қызметі ескеріледі.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08 N 325 , 2011.04.06 № 1182 Жарлықтарымен.

      15. Өтінімдерді жұмыс органы олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен қарайды және олар осы Ереженің 13 және 14-тармақтарында белгіленген өлшемдерді қанағаттандырған жағдайда Комиссияның қарауына шығарылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен.

      15-1. Осы Ереженің 6-1-тарауында айқындалатын тәртіппен Комиссияның оң шешімі болған кезде үміткерге байқаушы мәртебесі беріледі.
      Ескерту. 4-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.04.06 № 1182 Жарлығымен.

5. алынып тасталды

      Ескерту. 5-тарау алынып тасталды - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

6. Кеңестің шетелдік тараптан құрамын реттеу жөніндегі комиссия

      Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

      17. Комиссияның негізгі міндеті Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерін тиімді орындауына қолдау көрсету болып табылады.

      18. Комиссия қазақстандық тараптың төрт өкілінен және шетелдік тараптың төрт өкілінен тұрады.
      Қазақстандық тараптан Комиссия мүшелері лауазымы бойынша мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы).
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.12.22 № 905 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.06 № 1182 Жарлығымен.

      19. Комиссия отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.12.22 № 905 Жарлығымен.

      20. Кеңестің шетелдік мүшелерін шығару немесе ауыстыру туралы
мәселені қарау кезінде мыналар назарға алынатын болады:
      1) Кеңестің шетелдік мүшелерінің Кеңестің жалпы отырыстарына жеке қатысуы;
      2) Кеңестің шетелдік мүшелері тұрақты өкілдерінің Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметіне жеке және белсенді түрде қатысуы;
      3) Кеңестің шетелдік мүшелерінің Қазақстан Республикасының
заңнамасын сақтауы;
      4) Кеңестің шетелдік мүшелерінің Қазақстан Республикасы
экономикасының дамуына, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының
экономикасын әртараптандыру жөніндегі шараларды іске асыруға қатысуы.

      21. Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, жұмыс органы Қазақстан Республикасының Президентіне байқаушылардың құрамы бойынша және Кеңестің шетелдік тараптан құрамы бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.06 № 1182 Жарлығымен.

 6-1. Байқаушылар

      Ескерту. Ереже 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.04.06 № 1182 Жарлығымен.

      21-2. Байқаушылар Кеңестің мүшелері болып табылмайды.
      21-3. Байқаушылар құрамына оннан аспайтын халықаралық ұйым немесе шетелдік компания кіре алады.
      21-4. Байқаушылардың құрамын Комиссияның ұсынымы бойынша Кеңестің төрағасы бекітеді.
      21-5. Байқаушылар Кеңестің аралық және жалпы отырыстарына қатыса алады, сондай-ақ жұмыс органымен келісім бойынша баяндама жасай алады.
      21-6. Байқаушылар кем дегенде Кеңестің бір жұмыс тобының жұмысына белсенді қатысуға, Қазақстан Республикасының жағымды инвестициялық ахуалын қалыптастыруға және беделін жақсартуға үлес қосуы тиіс.
      21-7. Байқаушы мәртебесі Кеңестің мүшелігіне өтінім берген үміткерлерге екі жылға беріледі.
      21-8. Байқаушының өкілеттіктер мерзімі аяқталғаннан кейін Комиссия байқаушыны Кеңестің мүшелігіне енгізуге немесе енгізуден бас тартуға ұсынады.

7. Шетелдiк мүшенi Кеңестiң құрамынан шығару үшiн
негiздемелер

      22. Шетелдiк мүшенi Кеңестiң құрамынан шығару үшiн:
      1) Кеңестiң шетелдiк мүшесiнiң Кеңестегi өз қызметiн тоқтату туралы жазбаша өтiнiшi;
      2) Кеңестiң шетелдiк мүшесi өкiлi болып табылатын халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтi тоқтатуы;
      3) алынып тасталды
      4) алынып тасталды
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

      22-1. Шетелдік мүшені Кеңестің құрамынан шығару үшін сондай-ақ Комиссияның ұсынымдары негіздеме бола алады.
      Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

8. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары

      23. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының қызметiне жалпы басшылық етудi олардың қазақстандық және шетелдiк тараптарынан тең төрағалар жүзеге асырады.
      Бiрлескен жұмыс тобының қазақстандық тарапынан тең төраға министрлiк немесе ведомство басшысы орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды тұлға бола алады.
      Бiрлескен жұмыс тобының шетелдiк тарапынан тең төраға тек басшыларының бiрi Кеңестiң мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның қазақстандық өкiлдiгiнiң басшысы немесе басшылық ішінен басқа лауазымды тұлға ғана бола алады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

      24. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының iс-шаралар жоспарларын бiрлескен жұмыс топтарының тең төрағалары бекiтедi.

      25. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының құрамы жалпы отырыстарда бекiтiледi.

      26. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының құрамына Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, халықаралық ұйымдардың, бiрлескен кәсiпорындардың, қазақстандық және шетелдiк компаниялардың өкiлдерi кiре алады.

      27. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының жұмысына қатысу алмастыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

9. Кеңестiң жұмыс тәртiбi

      28. Кеңестiң жалпы отырыстары Кеңес төрағасы белгiлейтiн мерзімге және тақырыпқа сәйкес жылына кемінде бір рет өткiзiледi.
      Кеңестiң жалпы отырыстары Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқанда құқылы.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.06 № 1182 Жарлығымен.

      29. Кеңестiң жалпы отырыстарының аралығындағы кезеңде Премьер-Министрдiң орынбасарының төрағалық етуiмен Кеңестiң аралық отырыстары өткiзiледi.
      Аралық отырыстарға Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары басшыларының орынбасарынан төмен емес деңгейiндегi өкiлдерi, Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының тең төрағалары, сондай-ақ Кеңестiң шетелдiк мүшелерiнiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкiлдерi қатысады.
      Аралық отырыстарда соңғы жалпы отырыс шешiмдерiнiң орындалу қорытындылары, Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары қызметiнiң нәтижелерi, келесi жалпы отырысқа дайындық, шетелдiк инвесторлардың ағымдағы проблемалары және өзге де мәселелер талқыланады.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

      30. Кеңестiң жалпы және аралық отырыстарына Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарының өкiлдерi, сондай-ақ оның құрамына кiрмейтiн халықаралық ұйымдар мен шетелдiк компаниялардың өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.

      31. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және Кеңестің шетелдік мүшелерімен келісілген хаттама жобасын Кеңестің жалпы отырысы өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.06 № 1182 Жарлығымен.

10. Кеңестiң жұмыс органы

      32. Кеңестiң жұмыс органы:
      1) Кеңестiң, Кеңес пен Комиссияның бiрлескен жұмыс топтарының құрамы бойынша ұсыныстар әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзу;
      2) Кеңестiң бiрлескен және аралық отырыстарын ұйымдастыру және өткiзу;
      3) бiрлескен жұмыс топтарының қызметiн үйлестiру;
      4) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының хаттамалық шешiмдерiн орындау мониторингiн жүргiзу;
      5) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
      6) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметiн талдау, Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қарау, әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi функцияларды атқарады.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

Қазақстан Республикасы    
Президентiнiң         
2003 жылғы 24 қарашадағы   
N 1234 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң жанындағы  
Шетелдiк инвесторлар    
кеңесi туралы ережеге   
Қосымша          

      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 325 жарлығымен .

Кеңеске мүшелiкке қабылдау үшiн
ӨТIHIМ

      1. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның атауы
      _____________________________________________________________

      2. Почталық мекен-жайы: ____________________________________
      3. Шыққан елi: _____________________________________________
      4. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның қызметiне жалпы
      сипаттама (қызмет саласы, iскерлiк беделi)
      5. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның Қазақстанда
      инвестициялық жобаларды iске асыруға қатысуы туралы ақпарат
      6. Қазақстан Республикасының экономикасына салынған тiкелей
      инвестициялардың көлемi
      7. Қазақстан аумағындағы жиынтық айналым, өндiрiс көлемi
      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне халықаралық
      ұйымның/шетелдiк компанияның қызметiнен түсетiн түсiмдер
      8-1. Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметіне қатысу
      9. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның Қазақстан
      Республикасының әлеуметтiк мiндеттерiн және экологиялық
      сипаттағы міндеттерін шешуге қатысуы,
      Қазақстан Республикасының аумағындағы демеушiлiк және
      қайырымдылық қызмет
      10. Қазақстандық қызметкерлердiң саны және олардың
      біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар
      11. Шетелдерде Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджiн
      арттыру жөнiндегi iс-шараларға қатысуы туралы ақпарат
      12. Үмiткердiң аты-жөнi: ____________________________________
      13. Лауазымы: _______________________________________________
      14. Кәсiптік қызметi: _______________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________

      15. Халықаралық ұйымда/шетелдiк компанияда жұмыс iстеу
      мерзiмi:
      ____________________________________________________________

      16. Қоса беріліп отырған құжаттар (Қазақстан Республикасы
      мемлекеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасында
      тіркелген өнеркәсіптік және іскерлік қауымдастықтардың,
      мемлекеттер елшіліктерінің кепілдеме хаттары): _____________