Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.09.30 № 155 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағының екiншi абзацына сәйкес және Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарын белгiлеу мақсатында қаулы етемiн:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.09.30 № 155 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының туы;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының
эмблемасы;
3) <*>
Ескерту. 3)-тармақша алып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.05.27. N 882 жарлығымен.
2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.09.30 № 155 Жарлығымен.
3. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары жалауының;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары эмблемасының омырауға тағатын арнайы белгiсiнiң;
3) <*>
4) <*>
5) <*>
6) <*>
Ескерту. 3)-6)-тармақшалар алып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.05.27. N 882 жарлығымен.
4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандарын дайындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар жүзеге асырады деп белгіленсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.09.30 № 155 Жарлығымен.
5. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының жалауы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасы мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдары басшыларының кабинеттерiнде орнатылады. Жалау үй-жайдан, әдетте, жеке құрамның қатысуына байланысты шараларға ғана шығарылады;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының эмблемасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызмет ғимараттарында, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының ғимараттарында орнатылады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының бұйрықтарымен және өзге де нормативтiк актiлерiмен Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары нышандарының бейнесiн мiндеттi түрде көрнекiлендiрудiң басқа да реттерi қарастырылуы мүмкiн.
6. Нышандарды дайындау бюджетте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.09.30 № 155 Жарлығымен.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ұсынуы бойынша өзiнiң нормативтiк актiлерiн осы жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
8. Осы жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi