Қазақстан Республикасы Конституциясының
61-бабының
3-тармағының екiншi абзацына сәйкес және Қазақстан Республикасы
ұлттық қауiпсiздiк органдарының
нышандары мен ведомстволық наградаларын белгiлеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының туы;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының
эмблемасы;
3) <*>
Ескерту. 3)-тармақша алып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.05.27. N 882
жарлығымен.
2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының ведомстволық наградалары болып:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi" омырауға тағатын белгiсi;
2) "Құрметтi шекарашы" омырауға тағатын белгiсi;
3) "Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі үлесi үшiн" естелiк медалi;
4) "Шекараны үздiк күзеткенi үшiн" естелiк медалi;
5) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi" естелiк медалi;
6) "ҰҚК-КНБ-Қазақстан" үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi омырауға тағатын арнаулы белгiсi;
7) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi" естелiк медалi белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.05.27. N 882
жарлығымен.
3. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары жалауының;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары эмблемасының омырауға тағатын арнайы белгiсiнiң;
3) <*>
4) <*>
5) <*>
6) <*>
Ескерту. 3)-6)-тармақшалар алып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.05.27. N 882
жарлығымен.
4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволық наградаларын дайындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын дайындайтын кәсiпорындар жүзеге асырады деп белгiленсiн.
5. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының жалауы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасы мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдары басшыларының кабинеттерiнде орнатылады. Жалау үй-жайдан, әдетте, жеке құрамның қатысуына байланысты шараларға ғана шығарылады;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының эмблемасы Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
қызмет ғимараттарында, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының ғимараттарында орнатылады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының бұйрықтарымен және өзге де нормативтiк актiлерiмен Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары нышандарының бейнесiн мiндеттi түрде көрнекiлендiрудiң басқа да реттерi қарастырылуы мүмкiн.
6. Нышандар мен ведомстволық наградаларды жасап шығару бюджетте Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарын ұстауға арнап бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ұсынуы бойынша өзiнiң нормативтiк актiлерiн осы жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
8. Осы жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi