1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының туы;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының эмблемасы;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
қызметкерiнiң омырауға тағатын арнайы белгiсi болып табылады деп белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының ведомстволық наградалары: 1) омырауға тағатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi" белгiсi; 2) омырауға тағатын үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi "ҰҚК-КНБ-ҚАЗАҚСТАН" белгiсi; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ескерткiш медалi болып табылады деп белгiленсiн. 3. Мыналардың: 1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары жалауының; 2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары эмблемасының омырауға тағатын арнайы белгiсiнiң; 3) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң омырауға тағатын арнайы белгiсiнiң; 4) омырауға тағатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi" белгiсiнiң; 5) омырауға тағатын арнайы үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi "ҰҚК-КНБ-ҚАЗАҚСТАН" белгiсiнiң; 6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Ескерткiш медалiнiң бейнесi мен сипаттамасы бекiтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволық наградаларын дайындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын дайындайтын кәсiпорындар жүзеге асырады деп белгiленсiн.
5. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының жалауы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасы мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдары басшыларының кабинеттерiнде орнатылады. Жалау үй-жайдан, әдетте, жеке құрамның қатысуына байланысты шараларға ғана шығарылады;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының эмблемасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызмет ғимараттарында, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының ғимараттарында орнатылады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының бұйрықтарымен және өзге де нормативтiк актiлерiмен Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары нышандарының бейнесiн мiндеттi түрде көрнекiлендiрудiң басқа да реттерi қарастырылуы мүмкiн.
6. Нышандар мен ведомстволық наградаларды жасап шығару бюджетте
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарын ұстауға арнап бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 7. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ұсынуы бойынша өзiнiң нормативтiк актiлерiн осы жарлыққа сәйкес келтiрсiн. 8. Осы жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi