Ескерту. Атауы мен мәтініндегі "Шекара әскерлерінің", "Шекара әскерлері" сөздері "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" сөздерімен алмастырылды - ҚР Президентінің 2001.04.12. № 582 жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды мемлекеттік сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 06.05.2013 № 561 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның әскери нышандары мыналар болып белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туы (оның iшiнде, әскери-теңiз туы, корабльдер мен кемелердiң жалаушалары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдарының тулары мен брейд-жалаушалары), Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң және Республикалық ұланның тулары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Республикалық ұланның, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оған бағынысты органдардың жалаулары;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Президенттiң Күзет қызметi мен Республикалық ұланның нышандары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2001.04.12 N 582; 06.05.2013 № 561 Жарлықтарымен.
2. Мыналар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң және Республикалық ұланның туларының бейнесi мен сипаттамасы (түрлi-түстi және графикалық бейнелерi мен сипаттамаларының мәтiндерi қоса берiлiп отыр);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Республикалық ұланның, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарының құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының сипаттамасы (осы Жарлықтың 3-тармағы);
3) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жалауының бейнесi мен сипаттамасы (түрлi-түстi және графикалық бейнесi мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр);
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның нышандарының бейнесi мен сипаттамасы ( түрлi-түстi бейнелерi мен сипаттамаларының мәтiндерi қоса берiлiп отыр).
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2001.04.12 N 582; 06.05.2013 № 561 Жарлықтарымен.
3. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң және Республикалық ұланның жауынгерлiк жалаулары - көлемi, пiшiмдiк шешiмi және дайындалған материалдары жөнiнен "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 шiлдедегi N 3068 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi құрамалары мен бөлiмдерiнiң әскери жалауларына сәйкес келедi, бiрақ матаның iшкi жағының ортасына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi нышанының орнына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Республикалық ұланның тиiстi нышандары, ал төменгi жиегiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерi құрамаларының, бөлiмдерiнiң, Республикалық ұланның атаулары кестеленiп жазылады.
2) Облыстардың және Қазақстан Республикасы астанасының iшкi iстер басқармаларының, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң көлiктегi басқармаларының, сондай-ақ оның оқу орындарының жалаулары көлемi, пiшiмдiк шешiмi мен дайындалған материалдары жөнiнен Iшкi iстер министрлiгiнiң жалауына сәйкес келедi, бiрақ матаның бет жағының төменгi жиегiне iшкi iстер органының, оқу орнының атауы кестеленiп жазылады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi, Республикалық ұланның құрамалары мен бөлiмдердiң жауынгерлiк жалауларын, сондай-ақ өздерiне бағынысты органдардың жалауларын сақтау, ұстау және алып шығу мәселелерiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларының тиiстi ережелерiн басшылыққа алады.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.04.12. N 582 жарлығымен.
4. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оның аумағында уақытша тұрған немесе жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның нышандарын құрметтеуге тиiс;
2) әскердiң қай түрiне қатысты екенiне қарамастан, әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиынға шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның құрамалары мен бөлiмдерiнiң туларын, жауынгерлiк жалауларын, нышандарын құрмет тұтуға, ұрыс қимылдары кезiнде жауынгерлiк жалауларды жанқиярлықпен қорғауға және олардың қарсыластың қолына түсiп кетуiне жол бермеуге тиiс.
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұлан нышандарының қорлануына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
5. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің және Республикалық ұланның тулары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының Республикалық ұлан қолбасшысының кабинеттеріне қойылады, әскерлердің шеруіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мен Республикалық ұланның қатысуымен байланысты басқа да қажетті жағдайларда алып шығарылады (тігіледі);
2) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдерi мен кемелерiнiң әскери-теңiз туы, лауазымды адамдарының жалаушалары, тулары мен брейд-жалаушалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери (корабльдiк) жарғыларында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң корабльдерi мен кемелерiне тiгiледi;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланның нышандары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің орталық аппаратының Iшкi iстер министрлiгiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерi штабтарының және Республикалық ұланның ғимараттарында, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты органдарының, бөлiмдер мен құрамалар штабтарының, әскери-оқу, оқу және өзге де орындардың ғимараттарында тiгiледi;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының, Республикалық ұлан қолбасшысының бұйрықтарымен немесе өзге де актілерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Республикалық ұлан нышандарының бейнелерін міндетті түрде жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2001.04.12 N 582; 06.05.2013 № 561 Жарлықтарымен.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз актiлерiн, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi және Республикалық ұлан өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің нышанының
СИПАТТАМАСЫ
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2001.04.12. N 582 жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің нышаны - көк жасыл түстi түзу бес бұрышты жұлдыз бедерленген жасыл түстi дөңгелек. Жұлдыздың диаметрi дөңгелектiң диаметрiне тең. Жұлдыздың ортасында шұғыла шашқан күннiң сарғыш-алтын түстi мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) орналасқан. Дөңгелек пен жұлдыз сарғыш-алтын түстi жиекпен әдiптелген әрi жұлдыздың әдiптелген ұштары дөңгелек жиегiнен шығыңқы. Дөңгелектiң жиегi жұлдыздың жиегiнiң 0,75 бөлiгiн құрайды.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің туының
СИПАТТАМАСЫ
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2001.04.12. N 582 жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туы - тiгiнен үш бөлiкке бөлiнген, үш түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Тудың екi жақ қапталы - жасыл түстi, ортасы - көк жасыл түстi. Тудың ортасында шұғыла шашқан күнмен оның астында алтын түстес қалықтап ұшқан қыранның мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi) орналасқан. Тудың бет жағының жоғарғы сол жақ бұрышында және сырт жағының жоғарғы оң жақ бұрышында сарғыш-алтын түстес түзу бес бұрышты жұлдыздың бейнесi бар. Қапталы мен орта бөлiктерi бiр-бiрiнен сарғыш-алтын түстi жолақтармен бөлiнген. Тудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы 1:2. Тудың жекелеген элементтерiнiң дәлме-дәл қатынастары мен көлемi қоса ұсынылып отырған графикалық бейнесiнде берiлген.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Шекара қызметінің корабльдерi мен
кемелерi әскери-теңiз туларының
СИПАТТАМАСЫ
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2001.04.12. N 582 жарлығымен.
А. Кеменiң артқы жағындағы тулар мен жалаушалар
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметінің корабльдерi мен кемелерiнiң әскери-теңiз туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл мата.
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2 Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының көлемi күллi матаның 4/1 бөлiгiн құрайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдерiнiң жалаушасы - шкаторина тұсында Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi бұрымшасы бар жiңiшке жолақ.
Жалауша ұзындығының тудың енiне қатынасы - 30:1 (катерлерде - 12:1). Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы - жалаушаның ұзындығының 7/1, бұрымшаларының тарқатылған күйi ту енiнiң 2/1 тең.
В. Лауазымды адамдардың тулары мен брейд-жалаушалары
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының туы - тiгiнен теңдей екi: зеңгiр көк (шкаторина тұсында) және жасыл бөлiкке бөлiнген мата. Матаның зеңгiр көк түстi жартысында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны, жасылында жұлдыз бейнеленген.
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны (алтын күн мен қыран) биiктiгi жөнiнен ту 2/1 тең және ол - матаның зеңгiр көк түстi жартысының орта тұсына, диаметрi ту енiнiң 3/1 тең жұлдыз оның жасыл түстi жартысына орналасқан.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штабы Бастығының туы - тiгiнен тең екi: зеңгiр көк (шкаторина тұсында) және жасыл бөлiкке бөлiнген мата. Матаның көгiлдiр түстi жартысында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны, жасылында екi жұлдыз орналасқан.
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны (алтын күн мен қыран) биiктiгi жөнiнен ту енiнiң 2/1 тең және матаның зеңгiр көк түстi жартысының орта тұсына орналасқан, диаметрi ту енiнiң 4/1 тең жұлдыздар матаның ширектерiнiң жасыл түстi жартысының орта тұсына орналасқан.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Теңiз басқармасы бастығының туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi мата. Тудың тiк жасыл түстi жартысына екi жұлдыз орналасқан.
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының көлемi шетiнде күллi матаның 4/1 бөлiгiне тең. Диаметрi мата енiнiң 4/1 тең жұлдыздар матаның ширектерiнiң жасыл түстi жартысының орта тұсына орналасқан.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдер құрамалары командирiнiң туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi мата. Тудың тiк жасыл түстi жартысында бiр жұлдыз орнатылған.
Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының көлемi күллi матаның 4/1 бөлiгiне тең. Диаметрi мата енiнiң 4/1 тең жұлдыз матаның тiк жасыл түстi жартысының ортасында орналасқан.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдер құрамалары командирiнiң брейд-жалаушасы - жасыл түстi бұрымшалары бар конус iспеттi матадан тұратын кiшiрейтiлген көлемдегi Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туы.
Брейд-жалаушаның тудың енiне қатысты - 5:1. Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы тудың ұзындығына тең. Бұрымшаларының тарқатылған күйi тудың енiнiң жартысына тең.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жалауының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жалауы - көк жасыл түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Жалаудың бет жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының сарғыш-алтын түстi бейнесi орналасқан. Елтаңбаның үстiңгi жағында матаның жоғары жиегiн бойлай қазақ тiлiнде "Қазақстан Республикасы" деп жазылған, елтаңбаның астыңғы жағына қазақ тiлiнде "IШКI IСТЕР МИНИСТРЛIГI" деп жазылған. Матаның сырт жағының орта тұсында - нышанның түрлi-түстi бейнесi бар. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi нышанының үстiңгi жағында "МIНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛIК" деген ұран жазылған. Барлық жазулар сарғыш-алтын түспен жазылған. Жалаудың шет-шетi сарғыш-алтын түстi оқамен көмкерiлген. Жалаудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы - 1:1,5.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң туы - ортасында шұғыла шашқан күн мен оның астында сарғыш-алтын түстi қалықтап ұшқан қыранның мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi) орналасқан көк жасыл түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Тудың бет жағының жоғары сол жақ бұрышында және сырт жағының оң жақ бұрышында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi нышанының сарғыш-алтын түстi түрлi-түстi сызба бейнесi бар. Тудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы - 1:2. Тудың жекелеген элементтерiнiң дәлме-дәл қатынастары қоса ұсынылып отырған графикалық бейнесiнде берiлген.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi нышанының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң нышаны - сарғыш-алтын түстi, орта тұсында астыңғы жағында тiгiнен семсер бейнеленген қалқан орналасқан лавр веногының бейнесi. Композицияда қалықтап ұшқан қыран (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) басты орын алады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
iшкi әскерлерi нышанының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң нышаны - теңбiл түстi дөңгелек қалқанның мәнерлi бейнесiне қондырылған және төменгi жағынан көк жасыл түстi қалықтап ұшқан қыранның кескiндi бейнесiмен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) қапсырылған көк жасыл түстi түзу бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында алтын түстес шаңырақтың айшықты бейнесi (Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының элементi) орналасқан. Жұлдыз бен қалқан алтын түстес жиекпен әдiптелген әрi жұлдыздың әдiптелген ұштары қалқанның сұлбасынан шығыңқы. Қалқанның жоғарғы бөлiгiнде шеңбер доғасын бойлай жұлдыз иiнiнiң үстiңгi тұсында қазақ тiлiнде "IШКI ӘСКЕР" деп жазылған. Жазу, қалқанның жиектелген бедерлерi мен қыранның кескiндi сұлбасы алтын түспен көмкерiлген.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
iшкi әскерлерi туының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң туы - ортасында шұғыла шашқан күн мен оның астында қалықтап ұшқан қыранның алтын түстес мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi) орналасқан көк жасыл түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Тудың бет жағының жоғары сол жақ бұрышында және сырт жағының жоғары оң жақ бұрышында Iшкi әскер нышаны қырансыз қалқанда өрнектелген жұлдыздың түрлi-түстi сызба бейнесi бар. Тудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы 1:2. Тудың жалпы енi мен ұзындығының дәлме-дәл қатынастары қоса ұсынылып отырған графикалық бейнесiнде берiлген.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметi нышанының
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң нышаны - iшiнде шұғыла шашқан күн мен оның астында қалықтап ұшқан қыранның сарғыш-алтын түстес мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi) орналасқан көк жасыл түстi түзу бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз сарғыш-алтын түстi жиекпен әдiптелген. Жұлдыз жиегiнiң енi оның бiр қырының 10/1 құрайды.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Республикалық ұлан нышанының
СИПАТТАМАСЫ
Республикалық ұланның нышаны - ортасында шеңберге алынған салт атты сақ жауынгерiнiң (есiк "алтын адамының") бейнесi орналасқан көк жасыл түстi бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз сарғыш-алтын түстес жиекпен әдiптелген. Шеңбердiң жиегi мен салт атты жауынгердiң бейнесi де сол сияқты сарғыш-алтын түспен көмкерiлген.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген
Республикалық ұлан туының
СИПАТТАМАСЫ
Республикалық ұланның туы - көк жасыл түстi, тiк бұрышты екi жақты мата. Тудың ортасында шашқан күн мен оның астында қалықтап ұшқан сарғыш-алтын түстi қыранның мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi) орналасқан. Тудың бет жағының жоғары сол жақ бұрышында және сырт жағының жоғары оң жақ бұрышында Республикалық ұлан нышанының сарғыш-алтын түстi сызба бейнесi бар. Оның астында сарғыш-алтын түстi әрiптермен қазақ тiлiнде "ҰЛАН" деп жазылған. Тудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы - 1:2. Тудың жекелеген элементтерiнiң дәлме-дәл қатынастары мен көлемi қоса ұсынылып отырған графикалық кескiнiнде берiлген.