Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) әскери нышандары туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 20 қарашадағы N 3228

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Атауы мен мәтініндегі "Шекара әскерлерінің", "Шекара әскерлері" сөздері "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" сөздерімен алмастырылды - ҚР Президентінің 2001.04.12. № 582 жарлығымен.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін (Республикалық ұлан) мемлекеттік сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) (бұдан әрі - Объектілерді қорғау қызметі) әскери нышандары мыналар болып белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туы (оның ішінде әскери-теңіз туы, корабльдер мен кемелердің жалаушалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдарының тулары мен брейд-жалаушалары), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тулары;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Объектілерді қорғау қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалаулары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оған бағынысты органдардың жалаулары;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Объектілерді қорғау қызметінің нышандары.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының туларының бейнесі мен сипаттамасы (түрлі-түсті және графикалық бейнелері мен сипаттамаларының мәтіндері қоса беріліп отыр);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалауларының сипаттамасы (осы Жарлықтың 3-тармағы);
      3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жалауының және Объектілерді қорғау қызметі бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының бейнесі мен сипаттамасы (түрлі-түсті және графикалық бейнесі мен сипаттама мәтіні қоса беріліп отыр);
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының бейнесі мен сипаттамасы (түрлі-түсті бейнелері мен сипаттамаларының мәтіндері қоса беріліп отыр) бекітілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары - көлемі, пішімдік шешімі және дайындалған материалдары бойынша «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі № 3068 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалауларына сәйкес келеді, бірақ матаның ішкі жағының ортасына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері нышанының орнына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тиісті нышаны, ал төменгі жиегіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрамасының, бөлімінің атаулары кестеленіп жазылады;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары көлемі, пішімдік шешімі мен дайындалған материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жалауына сәйкес келеді, бірақ матаның бет жағының төменгі жиегіне ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, жоғары оқу орнының атауы кестеленіп жазылады;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалауларын, сондай-ақ өздеріне бағынысты органдардың жалауларын сақтау, ұстау және алып шығу тәртібінің мәселелерінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларының тиісті ережелерін басшылыққа алады деп белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Мыналар:
      1) әскердің қай түріне қатысты екеніне қарамастан, әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери жиынға шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің туларын, жауынгерлік жалауларын, нышандарын құрмет тұтуы, ұрыс қимылдары кезінде жауынгерлік жалауларды жанқиярлықпен қорғауы және олардың қарсыластың қолына түсіп кетуіне жол бермеуі қажет;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының қорлануына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады деп белгіленсін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тулары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кабинеттерінде орнатылады, әскерлердің шеруіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатысуымен байланысты басқа да қажетті жағдайларда алып шығарылады (тігіледі);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінің әскери-теңіз туы, лауазымды адамдарының жалаушалары, тулары мен брейд-жалаушалары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери (корабльдік) жарғыларында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелеріне тігіледі;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Объектілерді қорғау қызметінің нышандары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Объектілерді қорғау қызметінің орталық аппаратының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штабтарының, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты органдарының, бөлімдер мен құрамалар штабтарының, әскери-оқу, оқу және өзге де орындардың ғимараттарында тігіледі;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен немесе өзге де актілерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Объектілерді қорғау қызметінің нышандарының бейнелерін міндетті түрде жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін деп белгіленсін.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз актiлерiн, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 922 Жарлығымен.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң    
1996 жылғы 20 қарашадағы 
N 3228 Жарлығымен   
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің нышанының
СИПАТТАМАСЫ 

      Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2001.04.12. N 582 жарлығымен.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің нышаны - көк жасыл түстi түзу бес бұрышты жұлдыз бедерленген жасыл түстi дөңгелек. Жұлдыздың диаметрi дөңгелектiң диаметрiне тең. Жұлдыздың ортасында шұғыла шашқан күннiң сарғыш-алтын түстi мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) орналасқан. Дөңгелек пен жұлдыз сарғыш-алтын түстi жиекпен әдiптелген әрi жұлдыздың әдiптелген ұштары дөңгелек жиегiнен шығыңқы. Дөңгелектiң жиегi жұлдыздың жиегiнiң 0,75 бөлiгiн құрайды.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң    
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен  
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің туының
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2001.04.12. N 582 жарлығымен.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің туы - тiгiнен үш бөлiкке бөлiнген, үш түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Тудың екi жақ қапталы - жасыл түстi, ортасы - көк жасыл түстi. Тудың ортасында шұғыла шашқан күнмен оның астында алтын түстес қалықтап ұшқан қыранның мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi) орналасқан. Тудың бет жағының жоғарғы сол жақ бұрышында және сырт жағының жоғарғы оң жақ бұрышында сарғыш-алтын түстес түзу бес бұрышты жұлдыздың бейнесi бар. Қапталы мен орта бөлiктерi бiр-бiрiнен сарғыш-алтын түстi жолақтармен бөлiнген. Тудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы 1:2. Тудың жекелеген элементтерiнiң дәлме-дәл қатынастары мен көлемi қоса ұсынылып отырған графикалық бейнесiнде берiлген.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен 
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Шекара қызметінің корабльдерi мен
кемелерi әскери-теңiз туларының
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Президентінің 2001.04.12. N 582 жарлығымен.
      А. Кеменiң артқы жағындағы тулар мен жалаушалар
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметінің корабльдерi мен кемелерiнiң әскери-теңiз туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл мата.
      Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2 Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының көлемi күллi матаның 4/1 бөлiгiн құрайды.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдерiнiң жалаушасы - шкаторина тұсында Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi бұрымшасы бар жiңiшке жолақ.
      Жалауша ұзындығының тудың енiне қатынасы - 30:1 (катерлерде - 12:1). Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы - жалаушаның ұзындығының 7/1, бұрымшаларының тарқатылған күйi ту енiнiң 2/1 тең.
      В. Лауазымды адамдардың тулары мен брейд-жалаушалары
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының туы - тiгiнен теңдей екi: зеңгiр көк (шкаторина тұсында) және жасыл бөлiкке бөлiнген мата. Матаның зеңгiр көк түстi жартысында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны, жасылында жұлдыз бейнеленген.
      Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны (алтын күн мен қыран) биiктiгi жөнiнен ту 2/1 тең және ол - матаның зеңгiр көк түстi жартысының орта тұсына, диаметрi ту енiнiң 3/1 тең жұлдыз оның жасыл түстi жартысына орналасқан.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штабы Бастығының туы - тiгiнен тең екi: зеңгiр көк (шкаторина тұсында) және жасыл бөлiкке бөлiнген мата. Матаның көгiлдiр түстi жартысында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны, жасылында екi жұлдыз орналасқан.
      Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының нышаны (алтын күн мен қыран) биiктiгi жөнiнен ту енiнiң 2/1 тең және матаның зеңгiр көк түстi жартысының орта тұсына орналасқан, диаметрi ту енiнiң 4/1 тең жұлдыздар матаның ширектерiнiң жасыл түстi жартысының орта тұсына орналасқан.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Теңiз басқармасы бастығының туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi мата. Тудың тiк жасыл түстi жартысына екi жұлдыз орналасқан.
      Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасы әскери-теңiз туының көлемi шетiнде күллi матаның 4/1 бөлiгiне тең. Диаметрi мата енiнiң 4/1 тең жұлдыздар матаның ширектерiнiң жасыл түстi жартысының орта тұсына орналасқан.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдер құрамалары командирiнiң туы - шетiнде Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының бейнесi бар жасыл түстi мата. Тудың тiк жасыл түстi жартысында бiр жұлдыз орнатылған.
      Тудың енiнiң ұзындығына қатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туының көлемi күллi матаның 4/1 бөлiгiне тең. Диаметрi мата енiнiң 4/1 тең жұлдыз матаның тiк жасыл түстi жартысының ортасында орналасқан.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдер құрамалары командирiнiң брейд-жалаушасы - жасыл түстi бұрымшалары бар конус iспеттi матадан тұратын кiшiрейтiлген көлемдегi Қазақстан Республикасының әскери-теңiз туы.
      Брейд-жалаушаның тудың енiне қатысты - 5:1. Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы тудың ұзындығына тең. Бұрымшаларының тарқатылған күйi тудың енiнiң жартысына тең.

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң     
1996 жылғы 20 қарашадағы  
N 3228 Жарлығымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жалауының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жалауы - көк жасыл түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Жалаудың бет жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының сарғыш-алтын түстi бейнесi орналасқан. Елтаңбаның үстiңгi жағында матаның жоғары жиегiн бойлай қазақ тiлiнде "Қазақстан Республикасы" деп жазылған, елтаңбаның астыңғы жағына қазақ тiлiнде "IШКI IСТЕР МИНИСТРЛIГI" деп жазылған. Матаның сырт жағының орта тұсында - нышанның түрлi-түстi бейнесi бар. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi нышанының үстiңгi жағында "МIНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛIК" деген ұран жазылған. Барлық жазулар сарғыш-алтын түспен жазылған. Жалаудың шет-шетi сарғыш-алтын түстi оқамен көмкерiлген. Жалаудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы - 1:1,5.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң  
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң туы - ортасында шұғыла шашқан күн мен оның астында сарғыш-алтын түстi қалықтап ұшқан қыранның мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi) орналасқан көк жасыл түстi тiк бұрышты екi жақты мата. Тудың бет жағының жоғары сол жақ бұрышында және сырт жағының оң жақ бұрышында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi нышанының сарғыш-алтын түстi түрлi-түстi сызба бейнесi бар. Тудың жалпы енi мен ұзындығының қатынасы - 1:2. Тудың жекелеген элементтерiнiң дәлме-дәл қатынастары қоса ұсынылып отырған графикалық бейнесiнде берiлген.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң  
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi нышанының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң нышаны - сарғыш-алтын түстi, орта тұсында астыңғы жағында тiгiнен семсер бейнеленген қалқан орналасқан лавр веногының бейнесi. Композицияда қалықтап ұшқан қыран (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) басты орын алады.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң  
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен 
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы нышанының
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Нышанның сипаттамасы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышаны төменгі жағынан көк түсті қалықтаған қыранның кескінді бейнесімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының элементі) қамтылған күн шұғылалары бейнесін білдіреді, сәулелердің ортаңғы бөлігінде алтын-сары түстес шаңырақтың бейнесі (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының элементі) орналасқан, оның үстінде атпен шауып келе жатқан, қолында теңбіл түсті сабы бар ту ұстаған салт атты адам бейнеленген. Күн сәулелері мен қалықтаған қыранның кескінді бейнесінің арасында қазақ тілінде «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» деген жазу орналасқан. Жазу, сәулелердің бейнесі мен қыранның кескінді сұлбасы алтын-сары түспен көмкерілген.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен 
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы туының
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Тудың сипаттамасы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2015 № 94 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының туы - ортасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышанының бейнесі орналасқан - көк түсті тік бұрышты екі жақты мата.
      Тудың жалпы ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2. Тудың жекелеген элементтерінің дәлме-дәл арақатынастары мен өлшемдері қоса беріліп отырған графикалық бейнеде берілген.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң   
1996 жылғы 20 қарашадағы 
N 3228 Жарлығымен  
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметi нышанының
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Сипаттама алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 922 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң     
1996 жылғы 20 қарашадағы
N 3228 Жарлығымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Сипаттама жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 922 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) нышанының бейнесі


 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) нышанының сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) нышаны шеңберге орналастырылған салт атты сақ жауынгерінің бейнесі бар (Есік «алтын адамы») бес ұшты көгілдір түсті жұлдыздан тұрады. Жұлдыз сұлбасы алтын-сары түспен көмкерілген. Салт атты жауынгердің бейнесі де, шеңбердің сұлбасы да алтын сары түспен орындалған.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
1996 жылғы 20 қарашадағы 
N 3228 Жарлығымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Сипаттама жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.10.06 № 922 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары

      0112 әскери бөлімінің жауынгерлік жалауы
      («АЙБЫН» Президенттік полкі)

 
            Беткі жағы

 
            Сыртқы жағы
      0111 әскери бөлімінің жауынгерлік жалауы
      («БАТЫР» Президенттік полкі)

 
            Беткі жағы

 
            Сыртқы жағы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімдерінің жауынгерлік жалауы екі жақты жалпақ матадан, сабынан және білезікті баудан тұрады.
      Ұзындығы 145 см және ені 115 см жалаудың жалпақ матасы қос қабатталған көгілдір түсті фаядан дайындалған және жиегінің үш жағынан алтын түсті жібекті шашақпен зерленген.
      Жалпақ матаның бет жағының ортасында алтын түсті жібекпен 50 см көлемде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы кестеленген. Жалпақ матаның жоғарғы жағынан «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жазуы алтын түсті жібекпен кестеленген, астыңғы жағынан «ОТАН ҮШІН» жазуы, жазудың әріпінің биіктігі - 7,5 см.
      Жалпақ матаның сыртқы жағының ортасында аппликация: ортасында шеңберге орналастырылған салт атты сақ жауынгерінің стилидендірілген бейнесі бар бес шетті көгілдір түсті (көгілдір ақық) жұлдыз. Жұлдыздың пішіні, шеңбер және салт атты жауынгердің бейнесі алтын түстес етіп жасалған. Жұлдыз көлемі жалау ұзындығының 1/3.
      Аппликацияныі үстінен жалаудың жоғарғы шетімен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ» жазуы алтын түсті жібекпен кестеленген, ал аппликацияның астынан жалаудың төменгі шетімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан) бөлімінің атауы. Жазудың әріптерінің көлемі – 6 см.
      Жалаудың сапты жағы диаметрі 4 см және ұзындығы 250 см сабқа кигізуге мүмкінді беретін тігіспен тігілген. Сап қою-қоңыр түспен боялған, лакталған. Саптың жоғарғы жағында әшекейленген ұштық. Жалаудың баулары ширатылған, алтын түсті жібекпен дайындалған, соңында екі шашағы бар. Баудың ұзындығы 270-285 см.