Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
(үзінді)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Құпия.

      4. Өте құпия.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 163 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі – Сыртқы барлау қызметі) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Президентін, Парламентін және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын және үйлестіретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) ведомствосы болып табылады.

      2. Сыртқы барлау қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Сыртқы барлау қызметі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, нақты және шартты атаулары, сондай-ақ ведомстволық нышаны, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Сыртқы барлау қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысады.

      5. Сыртқы барлау қызметінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.

      6. Сыртқы барлау қызметі өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сыртқы барлау қызметі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      7. Сыртқы барлау қызметінің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҰҚК Төрағасы бекітеді.

      Сыртқы барлау қызметінің ол орналасқан жерден тыс жерде Сыртқы барлау қызметі функцияларының бір бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшауланған өзге де құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде жасырын бөлімшелері бар.

      8. Сыртқы барлау қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй.

      9. Сыртқы барлау қызметінің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      (құпия).

      10. Осы Ереже Сыртқы барлау қызметінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Сыртқы барлау қызметінің іс-қимылын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Сыртқы барлау қызметіне өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Сыртқы барлау қызметіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Сыртқы барлау қызметінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Сыртқы барлау қызметінің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Президентін, Парламентін және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемелекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      3) саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда ел басшылығының саясатын іске асыруға көмек көрсету;

      4) барлау ақпаратына қол жеткізу және шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;

      5) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ҰҚК ресми өкілімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де барлау міндеттерін шешу болып табылады.

      14. Сыртқы барлау қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) барлау ақпаратын жинау, жинақтау, талдау, бағалау, жүйелеу және қорыту, оның негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету бойынша болжамдар, ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

      2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Президентіне, Парламентіне, Үкіметіне, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарына барлау ақпаратын ұсыну;

      3) қарсы барлау және жедел-іздестіру іс-шараларын, радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған көмек көрсету іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

      5) шетелде Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

      6) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге атсалысу;

      7) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін, оның ішінде сыртқы барлау саласында орындау;

      8) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде шет мемлекеттер арнаулы қызметтерінің, құқық қорғау органдарының, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының сыртқы барлау бөлімшелерімен байланыс ұстау және дамыту;

      9) барлау қызметі белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын орта және қысқа мерзімге арналған стратегияларды, тактикалар мен жоспарларды әзірлеу;

      10) барлау қызметін ішкі белгіленген тәртіппен бақылауды қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

      11) барлау қызметінің құқықтық негізін жетілдіру жөніндегі шараларды пысықтау және іске асыру;

      12) қызметке кандидаттарды іріктеу және зерделеу, Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің қызмет өткеру және қызметті тоқтату процесін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының оқу орындарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ басқа мемлекеттердің оқу орындарында, оның ішінде арнаулы оқу орындарында кадрларды оқыту;

      13) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерін арнайы даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

      14) барлау қызметінің негізгі бағыттарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      15) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде ұйымдастырушылық, жедел, талдамалық, әдістемелік, техникалық, бағдарламалық-аппараттық және өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      16) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде және Сыртқы барлау қызметінің объектілерінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды жүзеге асыру;

      17) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Сыртқы барлау қызметінің күштерін, құралдарын және іс-қимылын құқыққа қайшы әрекеттер мен қауіп-қатерлерден қорғау шараларын іске асыру;

      18) Сыртқы барлау қызметінің астыртын әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру;

      19) техникалық барлауларға қарсы іс-қимыл, Сыртқы барлау қызметінің шет елдердегі мекемелері мен объектілерін физикалық және инженерлік-техникалық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      20) жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және өткізу;

      21) барлау саласы бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарындағы жедел есептерді ұйымдастыру, үйлестіру және тікелей жүргізу;

      22) ведомстволық архивті, анықтамалық, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану;

      23) Сыртқы барлау қызметінің бөлімшелерін және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қорғалған байланыспен белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету;

      24) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен белгіленген өзге де функцияларды орындау.

      15. Сыртқы барлау қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

      1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, әскери құралымдардың қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа да үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге де мүліктерін шарттық негізде пайдалануға;

      2) барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      3) Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жіберуге;

      4) Сыртқы барлау қызметінің штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде ерікті негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын тартуға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару, арнайы құралдар мен дене күшін қолдануға;

      6) Сыртқы барлау қызметіне көмек көрсетуге келісім берген адамдармен өтеусіз не болмаса ақылы негізде құпия ынтымақтастық орнатуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалануға;

      8) белгіленген тәртіппен ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды, арнайы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпаратты техникалық арналар арқылы тарап кетуден қорғау құралдарын, олардың бағдарламалық қамтамасыз етуін, қару-жарақ пен құрал-жабдық сатып алуға, пайдалануға, шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға;

      9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шетел мемлекеттерінің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу бойынша ұсыныстар енгізуге;

      10) ҰҚК Төрағасына барлау қызметін, ұйымдастырушылық-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныс енгізуге;

      11) Сыртқы барлау қызметі іс-қимылының негізгі бағыттарына сәйкес басқа мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін түрлі білім салаларының ғылыми жұмыскерлері мен мамандарын тарта отырып, сараптамалық топ құруға;

      12) барлаудың бүркемелеу құрылымдарын, астыртын әрекет ететін объектілерді құруға және пайдалануға, оларда жұмыс істеу үшін қолданыстағы резерв қызметкерлерін белгілеуге;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлау қызметі материалдарына олар жария нысанға айналғанға дейін қолжеткізуді шектеуге;

      14) Сыртқы барлау қызметінің объектілеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға оларды зерделегеннен және тексергеннен кейін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асыруға;

      15) белгіленген тәртіппен психологиялық-әлеуметтанулық және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге;

      16) Сыртқы барлау қызметі қызметкерлері мен бөлімшелерінің, объектілерінің, үй-жайларының, көлік құралдары мен жасырын көмек көрсететін адамдардың ведомстволық тиесілілігін құпиялайтын құжаттарды, өзге де әдістер мен құралдарды пайдалануға;

      17) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелерімен, ведомстволарымен, аумақтық және өзге де органдарымен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және ұйымдармен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасауға;

      18) Сыртқы барлау қызметі іс-қимылының бағыттары бойынша мемлекеттік органдардағы ведомствоаралық комиссиялардың кеңестері мен қызметіне, жұмыс топтарына белгіленген тәртіппен қатысуға құқығы бар.

      16. Барлау қызметін жүзеге асыру кезінде Сыртқы барлау қызметі:

      1) ұлттық және халықаралық қауіпсіздіктің сыртқы қатерлері туралы уақтылы және нақты барлау ақпаратын беруге;

      2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету бойынша шаралар әзірлеуге және іске асыруға мемлекеттік органдарға көмек көрсетуге;

      3) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде және Сыртқы барлау қызметінің объектілерінде мемлекеттік құпияларды қорғауға;

      4) белгіленген тәртіппен барлау қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асыруға, оның нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыруға;

      5) ақпараттық-талдау жұмысын жүргізуге, құзыреті шегінде ҰҚК өзге бөлімшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттар мен құжаттардың жобаларын қарастыруға;

      6) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қатысушыларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;

      7) байланыс арналарының, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық ресурстардың үздіксіз жұмысын және қорғалуын қолдауға;

      8) астыртын әрекет ету және жеке қауіпсіздіктің қажетті деңгейін, қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін, барлау қызметінің құқықтық, ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық негіздерін дамытуды қамтамасыз етуге міндетті.

3-тарау. Сыртқы барлау қызметінің іс-қимылын ұйымдастыру

      17. Сыртқы барлау қызметіне басшылық етуді Сыртқы барлау қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры (бұдан әрі – Сыртқы барлау қызметінің директоры) жүзеге асырады.

      18. Сыртқы барлау қызметінің директорын ҰҚК Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      19. Сыртқы барлау қызметі директорының белгіленген тәртіппен ҰҚК Төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.

      20. Сыртқы барлау қызметінің директоры:

      1) белгіленген тәртіппен Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауы үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер шығаруға, нұсқаулар немесе тапсырмалар беруге;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы және құқық қорғау органдарымен және халықаралық ұйымдармен Сыртқы барлау қызметінің атынан өзара қарым-қатынас жасауға;

      3) Сыртқы барлау қызметінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді белгіленген тәртіппен бекітуге;

      4) Сыртқы барлау қызметінің бөлімшелерін құру, тарату, қайта орналастыру және қайта құру, сондай-ақ оның құрылымы, штат саны бойынша ҰҚК Төрағасына ұсыныстар енгізуге;

      5) ҰҚК Төрағасы белгілеген өкілеттіктер шегінде Сыртқы барлау қызметі қызметкерлерінің қызмет өткеруімен, сондай-ақ жұмыскерлерінің еңбек қатынастарымен байланысты мәселелерді шешуге;

      6) Сыртқы барлау қызметінің барлау, қызметтік, материалдық-техникалық, әкімшілік-құқықтық және өзге де іс-қимылдарына тексеруді ұйымдастыруға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

      Сыртқы барлау қызметінің директоры орнында болмаған жағдайда оның өкілеттігін Сыртқы барлау қызметі директорының бұйрығы бойынша бірінші орынбасары немесе орынбасарларының бірі атқарады.

      21. Сыртқы барлау қызметінің директоры өзінің бірінші орынбасарының және орынбасарларының, сондай-ақ Сыртқы барлау қызметі өзге де лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттерін айқындайды, белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктерінің бір бөлігін береді.

      22. Сыртқы барлау қызметінің директоры ҰҚК Төрағасының алдында Сыртқы барлау қызметінің іс-қимылы туралы есеп береді.

4-тарау. Сыртқы барлау қызметінің мүлкі

      23. Сыртқы барлау қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.

      Сыртқы барлау қызметінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке іс-қимыл нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен сатып алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.

      24. Сыртқы барлау қызметіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Сыртқы барлау қызметінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

      26. Сыртқы барлау қызметінің объектілері Қазақстан Республикасының режимдік не болмаса ерекше режимдік объектілерінің қатарына жатады.

5-тарау. Сыртқы барлау қызметін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Сыртқы барлау қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 163 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      1-1-тармақ "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (құпия)." деген сөздермен толықтырылсын;

      10-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің миссиясы қарсыластың барлау-бүлдіру әрекетінен елдің конституциялық құрылысы негіздерінің, мемлекеттік егемендігі, аумақтық тұтастығы, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуеті қорғалуының тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасау, ұстап тұру және дамыту, Мемлекеттік шекараны күзету, үкіметтік байланысты ұстап тұру және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Президентін, Парламентін, Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау мақсатында барлау ақпаратымен қамтамасыз ету болып табылады.";

      11-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) барлау ақпаратына қол жеткізу және шетел мемлекеттерінің арнаулы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Президентін, Парламентін, Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;

      2-2) саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда ел басшылығының саясатын іске асыруға көмек көрсету;

      2-3) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету;

      2-4) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру;";

      12-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) Қазақстан Республикасының мүдделерінде барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 12-1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1-2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметінің функциялары:

      1) барлау ақпаратын жинау, жинақтау, талдау, бағалау, жүйелеу және қорыту, олардың негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету бойынша болжамдар, ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

      2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Президентіне, Парламентіне, Үкіметіне, мемлекеттік органдарына және мемлекеттік ұйымдарына барлау ақпаратын ұсыну;

      3) қарсы барлау және жедел-іздестіру іс-шараларын, радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған көмек көрсету іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

      5) шетелде Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

      6) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге атсалысу;

      7) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін, оның ішінде сыртқы барлау саласында орындау;

      8) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде арнаулы қызметтердің, құқық қорғау органдарының, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының сыртқы барлау бөлімшелерімен байланыс ұстау және дамыту;

      9) барлау қызметі белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын орта және қысқа мерзімге арналған стратегияларды, тактикалар мен жоспарларды әзірлеу;

      10) барлау қызметін ішкі бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

      11) барлау қызметінің құқықтық негізін жетілдіру жөніндегі шараларды пысықтау және іске асыру;

      12) қызметке кандидаттарды іріктеу және зерделеу, Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің қызмет өткеру және қызметті тоқтату процесін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының оқу орындарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ басқа мемлекеттердің оқу орындарында, оның ішінде арнаулы оқу орындарында кадрларды оқыту;

      13) барлау қоғамдастығына қатысушылардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерін арнайы даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

      14) барлау қызметінің негізгі бағыттарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      15) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде ұйымдастырушылық, жедел, талдамалық, әдістемелік, техникалық, бағдарламалық-аппараттық және өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      16) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде және Сыртқы барлау қызметінің объектілерінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды жүзеге асыру;

      17) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Сыртқы барлау қызметінің күштерін, құралдарын және іс-қимылын құқыққа қайшы әрекеттер мен қауіп-қатерлерден қорғау шараларын іске асыру;

      18) Сыртқы барлау қызметі астыртын әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру;

      19) техникалық барлауларға қарсы іс-қимыл, Сыртқы барлау қызметінің шет елдердегі мекемелері мен объектілерін физикалық және инженерлік-техникалық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      20) жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және өткізу;

      21) барлау саласы бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарындағы жедел есептерді ұйымдастыру, үйлестіру және тікелей жүргізу;

      22) ведомстволық архивті, анықтамалық, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды жасау және пайдалану;

      23) Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы белгілеген тәртіппен Сыртқы барлау қызметінің бөлімшелерін және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қорғалған байланыспен қамтамасыз ету;

      24) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен белгіленген өзге де функцияларды орындау.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) сыртқы барлауды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 125-51), 125-52), 125-53), 125-54), 125-55), 125-56), 125-57), 125-58), 125-59), 125-60), 125-61), 125-62), 125-63), 125-64), 125-65), 125-66), 125-67), 125-68) тармақшалармен толықтырылсын:

      "125-51) құпия;

      125-52) құпия;

      125-53) құпия;

      125-54) құпия;

      125-55) құпия;

      125-56) құпия;

      125-57) құпия;

      125-58) құпия;

      125-59) құпия;

      125-60) құпия;

      125-61) құпия;

      125-62) құпия;

      125-63) құпия;

      125-64) құпия;

      125-65) құпия;

      125-66) құпия;

      125-67) құпия;

      125-68) құпия;".

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      14-тармақтың 23) тармақшасында "және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер алып тасталсын.

      3. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

      кестенің "1. Әскери саладағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтардағы ", "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер алып тасталсын;

      он үшінші абзацтағы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кестенің "2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      бірінші, үшінші, төртінші, жетінші, он үшінші, он төртінші, он алтыншы, жиырма үшінші абзацтардағы ", "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер алып тасталсын;

      он екінші, он сегізінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтардағы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кестенің "3. Сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарда ", "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер алып тасталсын;

      жетінші абзацта "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кестенің "4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он сегізінші абзацтарда ", "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер алып тасталсын;

      4. Құпия.

      5. Құпия.

      6. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мынадай жол:

      "

"Сырбар" Сыртқы барлау қызметі департаменттерінің және оларға теңестірілген бөлімшелердің бастықтары

"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры 


Әкімшілік Басшысы

  ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ҰҚК Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары

ҰҚК Төрағасы


Әкімшілік Басшысы

  ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      17-тармақ 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары, қызметтердің бастықтары және олардың орынбасарлары, қызметтер департаменттерінің, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстары департаменттерінің, ҰҚК Академиясының бастықтары;";

      17-тармақ 1) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдегерлік қызмет және прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283қбп Жарлығына: ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар).

      8. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж.,№ 39, 428-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:

      34-тармақ алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

      39-тармақ алып тасталсын.

      9. "Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 439-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      7-тармақта "Қазақстан Республикасы Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер алып тасталсын.

      10. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінде:

      195-суретте:

      "Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген жеңдегі белгілерінің бейнесі алып тасталсын.

      11. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде:

      "Медальдар:" деген бөлімде:

      9-тармақ алып тасталсын:

      "Төсбелгілер:" деген бөлімде:

      9-тармақ алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамаларында (бұдан әрі – Сипаттамалар):

      "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің медальдары" деген бөлім алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің төсбелгілері" деген бөлім алып тасталсын;

      Сипаттамаларға 44, 45, 46, 47, 48, 48-1, 100 және 100-1-қосымшалар алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      "3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері" деген бөлімде:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" медалі" деген кіші бөлімде 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" медалімен ұзақ жылғы және жемісті жұмысы үшін қызметі бойынша оң мінездемеге ие және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында жалпы еңбек сіңірген 25 және одан да көп күнтізбелік жыл болатын Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері марапатталады.";

      I, II, III дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі деген кіші бөлімде 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі үш дәрежеден тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында 20 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - І дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі;

      2) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында 15 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - II дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі;

      3) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында 10 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға - III дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны" медалі.";

      "Сырбар" қызметінің ардагері" медалі" және Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" медалі" деген кіші бөлімдер алып тасталсын;

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері" төсбелгісі" деген кіші бөлімде 59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен:

      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында (мемлекеттік қауіпсіздік органдарында) күнтізбелік есептеуде кемінде 20 жыл қызмет атқарған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлер мен әскери қызметшілер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқаны, сондай-ақ жедел-қызметтік іс-қимылда, жауынгерлік және кәсіби дайындықта, жедел және жауынгерлік тапсырмаларды үздік орындап, бұл орайда көрсеткен бастамашылдығы мен табандылығы, кадрларды тәрбиелеу мен оқытуда, қызметтік (әскери) тәртіпті нығайтуда жеткен жетістіктері үшін;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан өзге де адамдар, оның ішінде шет мемлекеттердің азаматтары марапатталады.";

      "Сырбар" қызметінің үздігі" төсбелгісі және "Сыртқы барлау құрметті қызметкері" төсбелгісі" деген кіші бөлімдер алып тасталсын.

      12. Құпия.

      13. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:

      3-тармақтың 11) тармақшасында "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің," деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      14. "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 44, 647-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларында:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;";

      он екінші абзац алып тасталсын;

      15. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларында:

      1-тармақтың 2) тармақшасында "сыртқы барлау қызметі саласындағы уәкілетті органға," деген сөздер алып тасталсын;

      24-тармақта ", Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметіне" деген сөздер алып тасталсын;

      27-тармақ алып тасталсын;

      32-тармақтың 1) тармақшасында "мен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген сөздер алып тасталсын;

      33-тармақтың 1) тармақшасында "мен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген сөздер алып тасталсын;

      34-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандары үлгілерінің суреттері" деген бөлімде:

      20-сурет алып тасталсын;

      23, 24 және 25-суреттерде "мен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген сөздер алып тасталсын;

      26-суретте:

      "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі күнделікті-далалық бас киімдерге эмблемасы бар кокарданың бейнесі алып тасталсын.

      16. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының оқу орындарында терроризмге қарсы бөлімшелер мамандарын даярлаудағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 849 Жарлығына:

      1-тармақта "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі," деген сөздер алып тасталсын.

      17. "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімді іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 310 Жарлығына:

      1-тармақта "және Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" деген сөздер алып тасталсын.

      18. Құпия.

      19. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:

      6-тармақта ", Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры" деген сөздер алып тасталсын.

      20. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімін іске асыру жөніндегі құзыретті мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 65 Жарлығына:

      1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі," деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 163 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 1135 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің әскери рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 ақпандағы № 1147 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 126 Жарлығы.

      5. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 281 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 559 Жарлығы.

      7. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 752 Жарлығы.

      8. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 863 Жарлығы.

      9. "Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 84 Жарлығы.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 59-құжат).