"Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 559 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгi ережесiнде:

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "58-1) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау, ұйымдастыру және оны өткізу үшін тауарлар мен жұмыстарды сатып алуды қамтымайтын көлемде қажетті көрсетілетін қызметтерді сатып алу;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

С. Ахметов