"Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 тамыздағы № 120 Жарлығы.

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына жол:

      "

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры

Президент

Бас прокурор

Комиссия*

  "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры

Бас прокурор


Комиссия*

  ";

      мына жол:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры

Президент

Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры

Мәдениет және спорт министрі


Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  ";

      мына жол:

      "

Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары

Президент

министрлер

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары

министрлер


Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  ";

      мына жол:

      "

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

Президент

Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

Мәдениет және спорт министрі


Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      22-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімдердің әлеуметтік саланы қадағалайтын орынбасарлары; ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары; "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.".

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 тамыздағы
№ 120 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ

      1. "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 996 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 324-құжат).

      3. "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 257 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 25, 345-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 75 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 46, 366-құжат).

      5. "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 313 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 46, 289-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 643 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 8, 23-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 805 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (ҚР НҚА электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкі, 2019 жылғы 3 қаңтар).