Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.08.2019 № 120 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
"10. Қазақ ұлттық хореография академиясы".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |