"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық:
1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 3) тармақшасын;
2) Ереженің 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.07.2018 № 714 Жарлығымен.Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 169 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
4. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
5. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды таныстырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына:
меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, өңірлік қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiне – Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларына – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы;
орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне – осы ұйымдардың басшылары;
орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшыларына, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi мен мәслихаттарының хатшыларына – Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi ұсынымдар енгізеді.
Наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.".
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 169 Жарлығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға ҚОСЫМША |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.