Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ен

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 714 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат);

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:

      15-тармақта:

      6) тармақшаның он бесінші абзацы алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қабылдайтын құқықтық актілерді келісу;";

      16-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді және нұсқамаларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талап қоюды береді;";

      19-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 169 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 7-құжат);

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 3) тармақшасын;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев