Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасы айқындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына ҚОСЫМША |
"Астана" халықаралық қаржы орталығы
АУМАҒЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.12.2017 № 614 Жарлығымен.
"Астана" халықаралық қаржы орталығын орналастыру сызбасы
1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі — АХҚО) аумағы 1632 га құрайды және мынадай болып белгіленген:
Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесінің жұп жағы бойынша Жеңіс даңғылына дейін, Жеңіс даңғылының тақ жағы бойынша Есіл өзенінің жағалауына дейін, Есіл өзенінің жағалауы бойымен Сарыарқа даңғылына дейін, Сарыарқа даңғылының тақ жағы бойынша Кенесары көшесіне дейін;
Қ. Мұхамедханов көшесінен Сарайшық көшесіне дейін, Сарайшық көшесінің жұп жағы бойынша Ә. Ермеков көшесіне дейін, Ә. Ермеков көшесі бойымен Қалампыр орамына дейін, Қалампыр орамы бойымен Арай көшесіне дейін, Арай көшесі бойымен Сарайшық көшесіне дейін, Сарайшық көшесіндегі № 11/1 ғимаратты қоспағанда;
Сарайшық көшесінен Түркістан көшесінің тақ жағы бойынша Д. Қонаев көшесіне дейін, Д. Қонаев көшесінің жұп жағы бойынша Мәңгілік Ел даңғылына дейін, Мәңгілік Ел даңғылының тақ жағы бойынша Сығанақ көшесіне дейін, Мәңгілік Ел даңғылындағы № 8, 10 ғимараттардың бөліктерін қоса алғанда;
Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесінің жұп жағы бойынша Ә. Бөкейхан көшесіне дейін, Ә. Бөкейхан көшесінің жұп жағы бойынша Ұлы Дала даңғылына дейін, Ұлы Дала даңғылы бойымен Нұра-Есіл арнасына дейін, Нұра-Есіл арнасы бойымен Е496 (жобалық атауы) көшесіне дейін, Е496 (жобалық атауы) көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылына дейін, Мәңгілік Ел даңғылы бойымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Қабанбай батыр даңғылының тақ жағы бойынша М-1 (жобалық атауы) көшесіне дейін, М-1 (жобалық атауы) көшесі бойымен М-5 (жобалық атауы) көшесіне дейін, М-5 (жобалық атауы) көшесі бойымен Местная 7 (жобалық атауы) көшесіне дейін, Местная 7 (жобалық атауы) көшесі бойымен Қабанбай батыр даңғылына дейін;
Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылы бойымен Хусейн бен Талал көшесіне дейін, Хусейн бен Талал көшесі бойымен Е152 (жобалық атауы) көшесіне дейін, Е152 (жобалық атауы) көшесі бойымен Т. Рысқұлов көшесіне дейін, Т. Рысқұлов көшесінің тақ жағы бойынша Е150 (жобалық атауы) көшесіне дейін, Е150 (жобалық атауы) көшесі бойымен Хусейн бен Талал көшесіне дейін, Хусейн бен Талал көшесі бойымен Сауран көшесіне дейін, Сауран көшесі бойымен Т. Рысқұлов көшесіне дейін, Т. Рысқұлов көшесі бойымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Қабанбай батыр даңғылының жұп жағы бойынша Ұлы Дала даңғылына дейін, Ұлы Дала даңғылының тақ жағы бойынша Тұран даңғылына дейін, Тұран даңғылының жұп жағы бойынша Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін, көпфункционалды мұз сарайын қоса алғанда, Тұран даңғылының жұп жағы бойынша Сарайшық көшесіне дейін, "Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы", "Ұлттық медициналық холдинг" (Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық), "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы", "Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамдарын қоспағанда;
Тұран даңғылынан Сығанақ көшесінің тақ жағы бойынша Е102 (жобалық атауы) көшесіне дейін, Е102 (жобалық атауы) көшесі бойымен, Е36 (жобалық атауы) көшесіне дейін жалғастыра отырып, Е67 (жобалық атауы) көшесіне дейін, Е36 (жобалық атауы) көшесінен Сығанақ көшесіне дейін, Сығанақ көшесінің тақ жағы бойынша Е305 (жобалық атауы) көшесіне дейін, Е305 (жобалық атауы) көшесі бойымен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейін.
2. Астана қаласының "Есіл" ауданында № 28/1 (жобалық атауы) көшесінің ішкі жағы бойынша Ақмешіт көшесінің бойымен Түркістан көшесіне дейін, Түркістан көшесінің бойымен № 28/1 (жобалық атауы) көшесіне дейін орналасқан, жалпы ауданы 25 га болатын АХҚО аумағының учаскесі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 8-тармағын қолдану мақсатында айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.09.2019 № 151; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.