Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасы айқындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 161 Жарлығына
ҚОСЫМША
«Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасы
«Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекаралары Астана қаласында Есіл ауданындағы Орынбор - Хусейн Бен Талап - Қабанбай батыр - Тұрар Рысқұлов көшелерінің аумағында орналасқан.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағы = 25 га