Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3, 7-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) туралы ереже;

      2) Аппараттың құрылымы;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасымен, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 137 Жарлығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің
аппараты туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Аппарат басшысы өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өкім шығарады.

      7. Аппараттың құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      8. Аппараттың заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 1В-кіреберіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.03.2017 № 446 Жарлығымен.

      9. Аппараттың толық атауы – "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Аппаратқа өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Аппараттың миссиясы Кеңестің қызметі үшін жағдай жасау болып табылады.

      14. Аппараттың негізгі міндеті Кеңестің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

      15. Функциялары:

      1) Кеңестің өкілеттігін қозғайтын мәселелер бойынша Төрағаны және Кеңес мүшелерін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;

      2) Кеңестің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      3) заңнамаға сәйкес Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің жұмысы және сот жүйесіндегі кадр жұмысының жай-күйі туралы ақпарат дайындау;

      5) Кеңестің отырыстарын дайындауды қамтамасыз ету;

      6) Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету (бақылау);

      7) Кеңестің жергілікті немесе басқа соттың, Жоғарғы Соттың судьясының, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос орнына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізуін ұйымдастыру;

      8) жергілікті немесе басқа соттың, Жоғарғы Соттың судьясының, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос орнына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қойылған талаптарға сәйкес келу мәніне алдын ала қарау;

      9) Кеңестің қарауына шығарылатын ұйымдық-кадрлық және басқа да мәселелер бойынша талдамалық және өзге де материалдарды дайындау;

      10) жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен алқа төрағаларын, судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы жарлықтардың жобаларын әзірлеу;

      11) сот жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;

      12) соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған адамдардың, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны аяқтаған адамдардың есебін жүргізу бойынша Кеңестің өкілеттіктерін қамтамасыз ету;

      13) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізу бойынша Кеңестің өкілеттіктерін қамтамасыз ету;

      14) Кеңестің басқа да мемлекеттік органдармен, басқа мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      16) Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан қажетті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұрату;

      2) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын белгіленген тәртіппен пайдалану;

      3) Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

      17. Аппаратқа басшылықты басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      18. Аппарат басшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      19. Аппарат басшысының орынбасарлары болмайды.

      20. Аппарат басшысының өкілеттіктері:

      1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады;

      2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін қалыптастырады және бұл туралы Төрағаға күні бұрын баяндайды;

      3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне қолын қойып растайды;

      4) қажет болған кезде тексерулер ұйымдастырады;

      5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді;

      6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды;

      7) Кеңес аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      8) Кеңес аппаратының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      9) Кеңес Төрағасымен келісу бойынша аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      10) Кеңес аппаратында атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;

      11) Кеңестің мемлекеттік сатып алу саласына басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде төлем шоттарына қол қояды;

      12) Кеңес қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады және оған жауап береді;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес аппаратының жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      15) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      16) Кеңес аппаратының жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мен сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      17) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Кеңес аппараты жұмыскерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

      18) бюджеттік өтінімді дайындауды, бюджеттік өтінімді Кеңес Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

      19) Кеңестің органын қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;

      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді;

      21) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;

      22) Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған шараларды қолданады, Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      23) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындайды.

      Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес Аппараты жұмыскерлерінің біреуі жүзеге асырады.

4. Аппараттың мүлкі

      21. Заңнамада көзделген жағдайларда Аппараттың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

      22. Аппаратқа бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 137 Жарлығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – басшы

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі

      Ұйымдастыру бөлімі

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 137 Жарлығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      "

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты

25


       "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

13


       ".

      2. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

      "

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы


       "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы

Президент


Әкімшілік Басшысы


       ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      21-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, оның орынбасарлары.";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы.".

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат) ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).

      4. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 52-құжат):

      1-тармақтағы "369" цифрлары "368" цифрларымен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында:

      төртінші жол алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының (бұдан әрі – Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;";

      22-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Мемлекеттік хатшының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз етуді, олардың шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әкімшіліктің құрылымына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.".

      24-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) тұрақты негізде Әкімшіліктің Парламентпен, оның Палаталарымен, Парламент Палаталарының жұмыс органдарымен және аппараттарымен; Үкіметпен және Премьер-Министр Кеңсесімен; министрліктермен және өзге де орталық атқарушы органдармен; Конституциялық Кеңеспен; Жоғарғы Сотпен; Жоғары Сот Кеңесімен, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерімен, мәслихаттарымен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын қамтамасыз етеді;";

      32-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына кандидаттарды іріктеумен байланысты емес мәселелер бойынша;";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге: Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Президенттің көмекшілері, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің кеңесшілері ие болады.".

      6. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы:

      жоғарыда аталған Жарлықтың 2) тармақшасының 1-тармағында:

      мынадай жол:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері)

6233
 
 
6005


       "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері)

6221
 
 
5993


       ".