Институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия
(бұдан әрі - Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Ұлттық комиссия екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже жобасын;
2) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын;
3) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтары бойынша ұсыныстар енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 6 Жарлығына
ҚОСЫМША
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі, төраға
Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігінің
Басшысы, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Бейсембаев Асқар Асанұлы - Қазақстан Республикасының
Парламенті Сенаты Төрағасының
орынбасары
Донақов Талғат Советбекұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігі
Басшысының орынбасары
Досаев Ерболат Әскербекұлы - Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігі
Басшысының орынбасары
Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы - Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісі
Төрағасының орынбасары
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасы
Президентінің көмекшісі
Шигео Катсу - «Назарбаев Университеті» ДББҰ
президенті