Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығы.

Жаңартылған

      Институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия

      (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) құрылсын.

      2. Ұлттық комиссия екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:

      1) Ұлттық комиссия туралы ереже жобасын;

      2) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын;

      3) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтары бойынша ұсыныстар енгізсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 6 Жарлығына
ҚОСЫМША

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.10.2016 № 355 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 02.06.2017 № 488; 20.10.2017 № 568 Жарлықтарымен.

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

-

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі, төраға

Нығматулин
Нұрлан Зайроллаұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, төрағаның орынбасары

Комиссия мүшелері:

Бекназаров
Бектас Әбдіханұлы

-

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары

Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

Донақов
Талғат Советбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Қожамжар
Қайрат Пернешұлы

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Шигео Катсу

-

"Назарбаев Университеті" ДББҰ президенті