Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығы.

Жаңартылған

      Институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия

      (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) құрылсын.

      2. Ұлттық комиссия екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:

      1) Ұлттық комиссия туралы ереже жобасын;

      2) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын;

      3) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтары бойынша ұсыныстар енгізсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 6 Жарлығына
ҚОСЫМША

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.06.2018 № 701; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, төрағаның орынбасары

Комиссия мүшелері:



Смайылов
Әлихан Асханұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Рақышева
Әлия Ғалымжанқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Шпекбаев
Алик Жатқамбайұлы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі