Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
2013 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартының 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тізбесінің бекітілгені туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 932 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша
құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі