Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 932 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      2013 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартының 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тізбесінің бекітілгені туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы 21 қазандағы
№ 932 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша
құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі