Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және "Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 866 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 543-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі»;
      3-тармақтың 17) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Осы тізбенің 3-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.»;
      2) «Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 80-құжат; 2012 ж., № 60, 819-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
      1) Астана;
      2) Алматы;
      3) Ақтау;
      4) Ақтөбе;
      5) Атырау;
      6) Қарағанды;
      7) Көкшетау;
      8) Қостанай;
      9) Қызылорда;
      10) Павлодар;
      11) Петропавл;
      12) Талдықорған;
      13) Тараз;
      14) Орал;
      15) Өскемен;
      16) Шымкент;
      17) Семей;
      18) Түркістан;
      19) Теміртау;
      20) Екібастұз;
      21) Рудный;
      22) Жезқазған;
      23) Кентау;
      24) Балқаш;
      25) Жаңаөзен;
      26) Сәтпаев;
      27) Ақсу;
      28) Риддер;
      29) Арыс;
      30) Степногорск;
      31) Шахтинск;
      32) Саран;
      33) Қапшағай;
      34) Арқалық;
      35) Лисаковск;
      36) Приозерск.».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев