Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 543-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі";
3-тармақтың 17) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы тізбенің 3-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.";
2) күші жойылды - ҚР Президентінің 14.11.2017 № 583 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 14.11.2017 № 583 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |