Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы N 294 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 583 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 14.11.2017 № 583 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берілiп отырған, концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Президентi



      Қазақстан Республикасы

      Президентiнiң

      2007 жылғы 5 наурыздағы

      N 294 Жарлығымен

      БЕКIТIЛГЕН

Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi

      1. Жер, су (концессия шартын iске асыру мақсатында жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiк әлемi және жануарлар дүниесi.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

      3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажеттi штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер.

      4. Магистральды темiр жол желiсі, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер.

      5. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):

      1) Астана;

      2) Алматы;

      3) Ақтау;

      4) Ақтөбе;

      5) Атырау;

      6) Қарағанды;

      7) Көкшетау;

      8) Қостанай;

      9) Қызылорда;

      10) Павлодар;

      11) Петропавл;

      12) Талдықорған;

      13) Тараз;

      14) Орал;

      15) Өскемен;

      16) Шымкент;

      17) Семей;

      18) Түркістан;

      19) Теміртау;

      20) Екібастұз;

      21) Рудный;

      22) Жезқазған;

      23) Кентау;

      24) Балқаш;

      25) Жаңаөзен;

      26) Сәтпаев;

      27) Ақсу;

      28) Риддер;

      29) Арыс;

      30) Степногорск;

      31) Шахтинск;

      32) Саран;

      33) Қапшағай;

      34) Арқалық;

      35) Лисаковск;

      36) Приозерск.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 866 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы, апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.06.28 № 348 Жарлығымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.06.28 № 348 Жарлығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.06.28 № 348 Жарлығымен.

      9. Мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектiлерi.