ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 750 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011 ж., № 30, 366-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 41, 606-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.".
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комиссия қазақстандық тараптан алты өкілден және шетелдік тараптан алты өкілден тұрады.
Қазақстандық тараптан лауазымы бойынша: әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссия мүшелері болып табылады.".
2. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат; 2002 ж., № 6, 36-құжат; 2003 ж., № 34, 332-құжат; 2006 ж., № 48, 507-құжат; 2007 ж., № 10, 114-құжат; № 36, 402-құжат; 2009 ж., № 56, 530-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
Жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақыт Тұрлыханұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі
енгізілсін;
мына:
"Досмағамбетов - "Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу
Байыр Фарденұлы жобалау институты" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры",
"Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі",
Болат Бидахметұлы
"Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары - Қазақстан
Республикасының Өңірлік даму министрі"
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Досмағамбетов - "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау
Байыр Фарденұлы институты" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры" (келісім бойынша),
"Жәмішев - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Болат Бидахметұлы министрі",
"Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары".
3. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 52, 712-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:
Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және
Аслан Бәкенұлы ғылым министрі
енгізілсін;
мына:
"Оразалин - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
Нұрлан Мырқасымұлы төрағасы (келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оразалин - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
Нұрлан Мырқасымұлы төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаты (келісім бойынша)";
көрсетілген комиссияның құрамынан Б.Т. Жұмағұлов шығарылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат; 2004 ж., № 15, 183-құжат; 2005 ж., № 21, 247-құжат; 2006 ж., № 20, 195-құжат; 2007 ж., № 1, 1-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 77-78, 1131-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:
Әйтімова - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
Бірғаным Сарықызы депутаты (келісім бойынша),
Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
Тамара Босымбекқызы әлеуметтік қорғау министрі,
Маямеров - бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары Діни
Ержан Малғажыұлы басқармасының төрағасы (келісім бойынша),
Сейдуманов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Серік Тұрарұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),
енгізілсін;
мына:
"Әбдіхалықова - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы кеңесші - Қазақстан Республикасы
Президентінің Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы",
Ахметов - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
Әділ Құрманжанұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және
қауіпсіздік комитетінің хатшысы (келісім
бойынша)",
"Оңғарбаев - "Астана" университетінің ректоры (келісім
Еркін Әнуарұлы бойынша)"
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбдіхалықова - Қазақстан Республикасы Премьер-
Гүлшара Наушақызы Министрінің орынбасары",
Ахметов - қоғам қайраткері, Л.Н. Гумилев атындағы
Әділ Құрманжанұлы Еуразия ұлттық университетінің профессоры
(келісім бойынша)",
"Оңғарбаев - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Еркін Әнуарұлы университетінің заң факультетінің деканы
(келісім бойынша)";
көрсетілген комиссияның құрамынан С.С. Әбденов, Ж.Ә. Әлиев, Ә. Дербіселі шығарылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж, № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі";
"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы".
6. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 72-73, 1051-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 49, 678-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның дербес құрамына:
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы көмекшісі
енгізілсін;
мына:
"Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі",
Болат Бидахметұлы
"Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары - Қазақстан
Республикасының Өңірлік даму министрі",
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі
Бақыт Тұрлыханұлы Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары"
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Жәмішев - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Болат Бидахметұлы министрі",
"Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары",
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақыт Тұрлыханұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі";
көрсетілген комиссияның құрамынан Қ.Н. Келімбетов шығарылсын.
7. Күші жойылды - ҚР Президентінің 21.01.2015 № 993 Жарлығымен (01.01.2015 қолданысқа енгізіледі).
8. "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 434 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 477-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2010 ж., № 22-23, 165-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесінің құрамында:
мына:
"Досмағамбетов - "Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу
Байыр Фарденұлы жобалау институты" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры",
"Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары - Қазақстан
Республикасының Өңірлік даму министрі"
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Досмағамбетов - "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау
Байыр Фарденұлы институты" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры" (келісім бойынша),
"Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары".
9. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат; 2010 ж., № 45, 402-құжат; 2011 ж., № 47, 630-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі".
10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж. № 36, 476-құжат; № 44, 589-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына:
Ким - "Ұлттық еріктілер желісі" заңды тұлғалар
Вера Александровна бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша),
Хамидуллин - "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының
Рахат Мұхамедсәлімұлы республикалық штабы" жеке мекемесінің
басшысы (келісім бойынша) енгізілсін;
көрсетілген кеңестің құрамынан Ш.Ж. Бескемпіров, Т.Т. Ғиззатов, Ж.Қ. Досымова шығарылсын.
11. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж, № 43, 482-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 37, 440-құжат; № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 62; 832-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамына:
Құрықбаев - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Әділ Жамбасбайұлы судьясы
тағайындалсын;
көрсетілген Кеңестің құрамынан А.В. Линник шығарылсын.
12. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 310-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Төрағасы Кеңес төрағасы болып табылады.
Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші басшылары, Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы кіреді.".
13. "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 69, 997-құжат; 2013 ж., № 17, 294-құжат; № 31, 465-құжат):
аталған Жарлықпен құрылған Ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар бойынша геральдикалық комиссияның құрамында:
мына:
"Есім Ғарифолла - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаты (келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Есім Ғарифолла - философия ғылымдарының докторы, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
академигі, профессор (келісім бойынша)".
14. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:
мына:
"Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары",
"Макроэкономикалық және бюджеттік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары",
"Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, төрағаның орынбасары",
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары",
"Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі".
15. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі;".
16. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 59, 807-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі";
мына:
"Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары",
"Қазақстан Республикасының Қоршаған органы қорғау министрі" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, төрағаның орынбасары",
"Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі";
"Қазақстан Республикасының Өңірлік даму бірінші вице-министрі" деген жол алып тасталсын.
17. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат; № 54, 719-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 35, 509-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Гүлшара Наушақызы орынбасары
енгізілсін;
мына:
"Келімбетов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы орынбасары",
"Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары",
"Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі",
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі
Бақыт Тұрлыханұлы Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары"
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Келімбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Қайрат Нематұлы Төрағасы",
"Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы көмекшісі",
"Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары",
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақыт Тұрлыханұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі";
көрсетілген Кеңестің құрамынан Г.А. Марченко, Б.Б. Жәмішев шығарылсын.
18. "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 206-құжат; 2006 ж., № 10, 88-құжат; № 50, 529-құжат; 2007 ж., № 2, 22-құжат; № 13, 146-құжат; № 45, 528-құжат; 2008 ж., № 1, 1-құжат; № 28, 263-құжат; 2009 ж., № 21, 186-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 32, 295-құжат; 2010 ж., № 31, 235-құжат; 2011 ж., № 44, 575-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат; № 75-76, 1092-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 57-бабына сәйкес Республикалық бюджет комиссиясының мынадай құрамы белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрлері".
19. Күші жойылды - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.