Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттарына тексеру комиссиялары мен олардың аппараттарын тарату ұсынылсын.
2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдері:
1) мәслихаттардың таратылатын тексеру комиссияларының штат санын ескере отырып, осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді - тексеру комиссияларын құруды жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қамтамасыз етсін;
2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттарымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Мыналар:
1) құрылатын тексеру комиссияларының негізгі міндеті жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
2) барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарына бақылау объектілерін енгізуге ұсыныстар енгізу құқығы;
3) құрылатын тексеру комиссиялары жыл сайын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәслихаттарына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп ұсынады;
4) құрылатын тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындауды және босатуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін біліктілік талаптарын ескере отырып, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттары жүзеге асырады;
5) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылатын тексеру комиссияларының қызметін үйлестіреді (әдіснама, біліктілігін арттыру, қайта даярлау) деп белгіленсін.
4. Қоса беріліп отырған облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп:
1) осы Жарлықты іске асыруға және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетігі мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға бағытталған заң жобасын бір ай мерзімде әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2010 ж, № 51, 466-құжат):
3-тармақтың 6) тармақшасындағы «, тұрақты (тексеру) комиссияларының төрағалары» деген сөздер алып тасталсын;
аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары |
4,97 |
5,22 |
5,47 |
5,72 |
5,96 |
6,11 |
6,26 |
6,41 |
6,56 |
6,61 |
6,71 |
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының мүшелері |
3,52 |
3,77 |
4,02 |
4,27 |
4,52 |
4,77 |
5,02 |
5,27 |
5,52 |
5,57 |
5,67 |
»;
аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
мынадай:
«
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарының тұрақты (тексеру) комиссияларының төрағалары |
4,97 |
5,22 |
5,47 |
5,72 |
5,96 |
6,11 |
6,26 |
6,41 |
6,56 |
6,61 |
6,71 |
Қалалық, аудандық мәслихаттың тұрақты (тексеру) комиссиясының төрағасы |
1,62 |
1,70 |
1,78 |
1,86 |
1,94 |
1,99 |
2,04 |
2,09 |
2,14 |
2,15 |
2,19 |
»
деген жолдар алып тасталсын;
3) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
«D санаттарының тобы» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары»;
D-1 және D-2 санаттары мынадай редакцияда жазылсын:
«D-1 санаты
Облыс мәслихатының аппарат жетекшісі
D-2 санаты
Облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары
Облыс мәслихатының аппараты жетекшісінің орынбасары».
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
8. Осы Жарлық қажетті заңнамалық базаның қабылдануына қарай, бірақ 2011 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1, 2 және 6-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 67 Жарлығына
ҚОСЫМША
Құрылатын мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ
1. «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
3. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
6. «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
8. «Ақтебе облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
9. «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
10. «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
11. «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
12. «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
13. «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
14. «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
15. «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
16. «Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 67 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
тексеру комиссияларының штат саны
Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала |
Штат санының лимиті (оның ішінде тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі) |
Ақмола |
45 |
Ақтөбе |
39 |
Алматы |
52 |
Атырау |
30 |
Шығыс Қазақстан |
57 |
Жамбыл |
39 |
Батыс Қазақстан |
31 |
Қарағанды |
49 |
Қостанай |
46 |
Қызылорда |
33 |
Маңғыстау |
22 |
Павлодар |
35 |
Солтүстік Қазақстан |
39 |
Оңтүстік Қазақстан |
68 |
Алматы қаласы |
38 |
Астана қаласы |
31 |
ЖИЫНЫ: |
654 |